«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақсатан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 296-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомствалық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 296-ө өкімімен бекітілген
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан
Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Олар бойынша мәмілелер мониторингке жататын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2009 жылғы қаңтар |
2. | Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2009 жылғы қаңтар |
3. | Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2009 жылғы қаңтар |
4. | Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2009 жылғы қаңтар |
5. | Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібі туралы ереже | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині | 2009 жылғы қаңтар |
Ескертпе:
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.