Ескерту:
Алымды есептеу кезiнде таратқыш құрал орнатылатын елдi мекеннiң халқы басымдық болып табылады.
Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрін пайдалануға арналған рұқсаттың телнұсқасын бергенi үшiн алынатын алым ставкасы екi айлық есептiк көрсеткiшке тең.
* Астана қаласын қоса алғанда
ҚР Үкіметінің 2008.11.11. № 1042 Қаулысымен алым ставкалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысымен
бекітілген
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиiлiктi құрылғыларды
мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым ставкалары
Р/с N | Түрлерi | Алым ставкалары (айлақ есептiк көрсеткiш) |
1 | 2 | 3 |
1 | Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн | |
1) | сәуле тарату қуаты 10 мВт-қа (қоса есептегенде) дейiнгі, сымсыз телефон аппараттары (радиотелефондар), ұялы және транктiк байланыстың жылжымалы абоненттiк терминалдары , CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоға қол жеткізу жүйелерінің абоненттік терминалдары | 0 |
2) | жылжымалы радиобайланыстың абоненттік терминалдары (радиоұзартқыштар, әуесқойлық радиостанциялар, ғаламдық дербес жылжымалы спутниктiк байланыс) | 2 |
3) | осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлмеген басқа да радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар | 10 |
2 | Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың мемлекеттік тiркелуiн куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергенi үшiн | тиісті радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн белгiленген алым ставкасының 20% |