Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік
және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 552 Қаулысы
(2007.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 552 қаулысымен
бекітілген
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес
туралы ереже
Осы Ереже Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері, экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің экспортын сыртқы нарықтарға жылжыту жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің қызметі елдің экономикасын әртараптандыруға және ырықтандыруға, оның шикізаттық бағытын жеңуге, адами капитал мен техникалық инфрақұрылымды дамытуға кедергі келтіретін түйінді проблемаларды жеңіп шығу мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, сондай-ақ көрсетілген салаларда ұлттық (жалпымемлекеттік) саясат жүргізу жөнінде нақты ұсынымдар дайындауға бағытталған.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
Қазақстанның экономикалық жүйесін реформалау;
Қазақстан Республикасы экономикасының 2015 жылға дейінгі бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерінің сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу;
инновациялар мен тиімділіктің базалық факторлар көрсеткіштерін жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтауды, білім беруді, нарықпен технологиялық прогрестің тиімділігін дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және монополиялық қызметті шектеу;
экономиканың басым секторларына инвестициялар тарту;
Қазақстанның экономикасын әлемдік сауда үдерістеріне кіріктіру;
қазақстандық бизнестің шетелдік нарықтарға шығу үдерісін нысаналы жүйелік қолдауды ұйымдастыру;
шет елдерде қазақстандық инвесторларды қолдау;
мақсаттарды, басымдықтарды айқындау және экспорт саласында қолайлы жағдайлар жасау, шекаралас ынтымақтастық пен сыртқы инвестицияларды дамыту;
шикізат және шикізаттық емес сектор кәсіпорындары шығаратын қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
әлемдік сауда үдерісі мен өңірлік бірлестіктерге кірігу мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
арнайы экономикалық, сауда-экономикалық, сондай-ақ шекаралас ынтымақтастық аймақтарын құру;
мемлекеттік органдар мен экспорт және инвестициялар саласындағы жеке сектор ұйымдарының іс-әрекетін үйлестіру;
қазақстандық кәсіпорындардың сыртқы нарықтарға бәсекелестік ұстанымдарын нығайту;
теріс пиғылды бәсекелестік фактілерінің, бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеу, нарықты аумақтық қағидат бойынша бөлу және басқа да әлеуетті бәсекелестердің нарыққа шығуын шектеу жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісімдердің алдын алу.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі болып табылатын төраға басқарады.
Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
9. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысына қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Кеңес отырысының хаттамасын (бұдан әрі - хаттама) ресімдейді.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
10. Жұмыс органы Кеңес қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
11. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Кеңестің құрамына ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мамандар және олардың келісімі бойынша өзге де адамдар енгізілуі мүмкін.
Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
15. Кеңес отырыстары күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңестің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
16. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді, оған міндетті түрде барлық Кеңес мүшелері қол қояды.
5. Кеңестің жұмыс топтары
17. Қызметін қамтамасыз ету үшін Кеңес жанынан жұмыс топтары құрылады, олардың құрамы, міндеттері және қызметінің тәртібі Кеңестің отырысында анықталады.
18. Жұмыс топтары белгіленген салада қажетті талдау өткізеді, ол үшін сарапшылар мен мамандарды тартады.
19. Төрағаның орынбасары жұмыс топтарының құрамына кіретін лауазымды адамдардың жұмысын үйлестіреді.
6. Кеңестің қызметін тоқтату
20. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 552 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1006 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бәсекеге қабілеттілік және экспорт жөніндегі ұлттық
кеңестің құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Құлсейітов Айдын Жеңісұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің хатшылығы Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаментінің директоры, хатшы |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Дерновой Анатолий Григорьевич | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі |
Ертісбаев Ермұхамет Кабиденұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы | - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметті реттеу агенттігінің төрағасы |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы |
Қалмырзаев Сарыбай Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы |
Мешімбаева Анар Ертелеуқызы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрайымы |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы |
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы |
Алғазиев Ақылбек Майкөтұлы | - «Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Архипкин Сергей Владимирович | - Қазақстандық сауда компаниялары мен тұрмыстық электр, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер тауар өндірушілері қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Аханов Серік Ахметжанұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Гамарник Геннадий Николаевич | - Халықаралық бизнес университетінің ректоры (келісім бойынша) |
Ган Евгений Альбертович | - «Қазақстанның астық өңдеушілер және нан пісірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Глухов Михаил Николаевич | - Қазақстан Республикасы жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Жанықұлов Жұмабек Есілбекұлы | - Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Исин Нұрлан Құрманғалиұлы | - Қазақстандық ІТ-компаниялары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Қожасбай Ерлан Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті (келісім бойынша) |
Құлыбаев Тимур Асқарұлы | - «Kazenergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) |
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Попелюшко Анатолий Висханович | - Қазақстан тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілері одағының президенті (келісім бойынша) |
Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы | - Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Раева Роза Әбдіхамитқызы | - Қазақстан туристік қауымдастығының президенті (келісім бойынша) |
Рау Альберт Павлович | - «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Смайылов Әлихан Асханұлы | - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Спанов Рустанбек Уарызбекұлы | - Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Тілеубаев Нұрлан Сақтапбергенұлы | - «Қазақстанның астық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Худова Любовь Николаевна | - «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Шалқаров Сатыбалды Ихсанұлы | - Қазақстанның автокөлік және автожол кешені қауымдастығының атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша); |