Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы
жоқ адамдардың куәлiгiнiң үлгiлерiн (сипаттамасын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 23 қаңтардағы № 87 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң бланкiлерiн жасау, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 256 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 10, 124-бап) жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң ұсынылып отырған үлгiлерi (сипаттамасы) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасында шетел азаматының тұру ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiнiң бланкiлерiн жасауды олардың сипаттамасына сәйкес қамтамасыз етсiн. Бланкiлердi әзiрлеу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң шотына кейiннен ықтиярхат үшiн төлем жасап қаражатты қалпына келтiру жолымен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң бекітілген сметасы шегiнде жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
23 қаңтардағы
№ 87 қаулысымен
бекітілген
Шетел азаматы қоныстану ықтиярхатының үлгiсi (сипаттамасы)
1. Ықтиярхат - мөлдiр пластикалық қаптамасы бар, көлемi 70Х100 мм, баспаханалық жолмен жасалған, түрлi-түстi кәртiшке. Мұндағы жазулар мен сызықтар қара түстi бояумен түсiрiлген.
2. Оның бет жағында:
а) жоғарғы шетiнде:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
деп жазылған, бұлардың арасында диаметрi 20 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.
б) олардан төмен -
Шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты
Вид на жительство иностранного гражданина
деген жазулар бар;
в) елтаңбаның астында қоныстану ықтиярхатының нөмiрi көрсетiлген;
г) сол жағында мөлшерi 33х43 мм сурет кәртiшкесi жапсырылған.
3. Суретiнiң оң жағында төрт көлбеу сызық тартылған.
Олардың астында:
Тегi/Фамилия
Аты/Имя
Әкесiнiң аты/Отчество
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
4. Сырт жағында сегiз көлбеу сызық тартылған.
Олардың астында:
Туған жерi/Место рождения
Азаматтығы/Гражданство
Тұрғылықты жерi/Место жительства
Берген мекеме/Орган выдачи
Берiлген күнi қолданылу мерзiмi/Дата выдачи-срок действия
Қолы/Подпись
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы
23 қаңтардағы
№ 87 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 02.11.2001 № 1394 қаулысымен үлгі өзгертілді
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң үлгiсi (сипаттамасы)b
1. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi кiтапшасының көлемi 88х125 мм, оның iшiнде сутамғы белгiлерi бар арнаулы қағаздан жасалған 16 парақ орналастырылған. Жазулары мен беттеріндегі өрнегi қара түстi бояумен түсiрiлген.
2. Куәлiктiң мұқабасы қара-көк түстi, онда алтын түстi:
а) Қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
деген батырма жазулар бар;
б) ортасында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
в) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасынан төмен қазақ және ағылшын тiлдерiнде Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi Stateless person certificate
деген батырма жазулар бар.
Мұқабаның iшкi жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының түрлi-түстi бейнесi.
3. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бiрiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде
Куәлiк Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады
Удостоверение является собственностью Республики Казахстан
This certificate is the property of the Republic of Kazakhstan
деген жазулар жазылған;
4. Екiншi бетiнде қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Мәлiмет/Сведения/Observations
деп жазылған.
5. 3-беттен 24-бетке дейiн шетелге шыққан кезде қойылатын виза мен рұқсат ету белгiлерiне арналған. Беттерiнiң жоғарғы жағында: Визалар/Visas
деген жазулар бар.
Тақ санды беттерiнiң жоғарғы жағында куәлiктiң нөмiрi болады.
6. 25-беттен 30-бетке дейiн тұрғылықты жерi туралы белгiлерге арналған. Беттерiнiң жоғарғы жағында: Тұрғылықты жерi/Место жительства
деген жазу бар.
7. 31-беттiң төменгi жағында қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде:
Осы құжат нөмiрленген 32 беттен тұрады
Настоящий документ содержит 32 пронумерование страницы
This dokument contains 32 numbeder pages
деген жазу бар.
8. 32-бетте қазақ және ағылшын тiлдерiнде:
"Қазақстан Республикасы"/"Rerublic of Kazakhstan"
деп тiгiнен жазылған.
Одан төмен солдан оңға қарай:
Куәлiк/Certificate; Түрi/Type
Мемлекет коды/code of state
Куәлiктiң № /Certificate №
деген жазулар бар.
Сол жағында сурет кәртiшкесiне орын қалдырылған, суреттiң оң жағында мынадай жазу бар:
Тегi/Фамилия/Surname
Аты/Имя/Civen names
Туған күнi, айы, жылы/Дата рождения/Date of birth
Туған жерi/Место роджения/Place of birth
Жынысы/Пол/Sex
Берген мекеме/Орган выдачи/Authority
Берiлген күнi/Дата выдачи/Date of issue
Куәлiк мерзiмi/Действителен до/Date of expiry
Төменде мәшине шығаратын текске орын қалдырылған.
9. Мұқабаның iшкi жағында тiгiнен екi қатарда қазақ және орыс тiлдерiнде:
Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi
Удостоверение лица без гражданства
деп тiгiнен екi жолға жазылған жазу бар.
Төменгi жағында қазақ және орыс тiлдерiнде жазу үшiн орын қалдырылған:
Тегi/Фамилия
Аты/Имя
Әкесiнiң аты/Отчество
Ұлты/Национальность
Өз қолы/Подпись
Осы жазулардың сол жағына диаметрi 25 мм Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.