Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 және 2002
жылғы 26 желтоқсандағы № 1375 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1181 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шартын мемлекеттік тiркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 мамырдағы № 597 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 16, 211-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жылжымалы мүлiктiң қаржылық лизинг шартын мемлекеттік тiркеу ережесінде:
32-тармақ алынып тасталсын;
2) "2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1375 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2002 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде:
2-тармақта "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен" деген сөздер "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2001 жылғы 15 желтоқсандағы және "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |