“Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының кейбір мәселелерi”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 мамырдағы № 475 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамның негiзгi мiндеттерi:
1) мемлекеттік меншiктi есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзу;
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру болып анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қоғамның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды мыналар:
қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi "Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының шаруашылық жүргiзу құқығында оған тиесілi мүлкi;
2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 33220000 (отыз үш миллион екi жүз жиырма мың) теңге мөлшерiндегi бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 19 мамырдағы
№ 475 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi" деген бөлiм және реттiк нөмiрi 474-жол алынып тасталсын.
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншiкте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектiлерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 392-жол алынып тасталсын.
3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-63-жолмен толықтырылсын:
"21-63 АЛА-002293 "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ".
4. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 57-жол толықтырылсын:
"57. Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (Астана қаласы) 100%".
5. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысында:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.".