Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1206 Қаулысы
(2009.26.02. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Елдің ипотекалық нарығында тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 20-жолдың 5-бағанында «сәуір-желтоқсан» деген сөздерден кейін «, 2009 жыл» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 348 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Астана қаласының әкіміне пәтерлер сатып алуға аудару үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы трансферттер түрінде «41000000000 (қырық бір миллиард) теңге, 2008 жылы - 21500000000 (жиырма бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін, 2009 жылы 19500000000 (он тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында қаражат бөлу көзделсін.»;
3) ҚР Үкіметінің 2009.26.02 № 220 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |