Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ 948 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. «Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары |
Әбілбекова Айгүл Әбілқадырқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры, хатшы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі |
Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Шоқаманов Юрий Қамарұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Ябров Владимир Викторович | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас инспекторы (келісім бойынша); |
мына:
«Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Экономика бөлімінің меңгерушісі |
Райымбеков Сайлаухан Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі |
Баймұхамбетова Кәмила Мақсұтқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени бөлімінің меңгерушісі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Котенко Наталья Леонидовна | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-экономика бөлімінің меңгерушісі |
Райымбеков Сайлаухан Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі |
Баймұхамбетова Кәмила Мақсұтқызы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі»; |
көрсетілген құрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Ахметжанова Гүлнәр Тұрдыбекқызы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Тортаев Бауыржан Қадырұлы, Сатқалиев Алмасадам Майданұлы шығарылсын.
2. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кұрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); |
мына:
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының атқарушы директоры» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі» |
көрсетілген құрамнан Аслан Есболайұлы Мусин шығарылсын.
3. «Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 275-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кұрамына мыналар енгізілсін:
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға |
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |
Хамзин Рүстем Назымбекұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Құрманғазиев Жәрдем Есламғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Наубетова Рашида Аронқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас инспекторы (келісім бойынша) |
Өтепов Болат Мағауияұлы | - Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры |
Хаолянь Шу | - Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы резидент-үйлестірушісі, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Могильный Валерий Валентинович, Цыганков Анатолий Григорьевич, Юрико Шоджи шығарылсын.
4. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссияның қүрамына:
Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі енгізілсін; |
мына:
«Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Жұмабаев Ермек Жианшаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы |
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы» |
деген жолдар мына редакцияда жазылсын:
«Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Балиева Зағипа Яхянқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Жұмабаев Ермек Жианшаұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану мәселелері комитетінің мүшесі (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің бірінші басшылары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.».
5. «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде:
жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
Шөкеев Өмірзақ Естайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші |
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, жетекшінің орынбасары |
Сапарбаев Бердібек Машбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Ақшолақов Болат Оралұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі |
Мырзабеков Жанат Ғайноллаұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамы Стратегиялық талдау департаментінің директоры (келісім бойынша); |
мына:
«Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша)» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Үртембаев Асқар Қалмұхаметұлы | - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басқарушы директоры, Заң департаментінің директоры (келісім бойынша)»; |
көрсетілген кұрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы шығарылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.»;
3-тармақтағы «- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке» деген сөздер «Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 15 қазандағы
№ 948 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. «Хьюстон бастамасы» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 1120 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 794 қаулысы.
4. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 764 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
6. «Қазақстан-американ кәсіпкерлікті дамыту әріптестігі жобасын (»Хьюстон бастамасы») іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 112-ө өкімі.