1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі өндiрiстiк бақылау - бекітілiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) жануарлар дүниесiн күзету функциясын жүзеге асыратын аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi.
2. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне сәйкес қорықшылардың кейiннен жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға не уәкiлеттi органға мiндеттi түрде беру үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға құқығы бар.
3. Қорықшылар бекітілiп берiлген аңшылық алқаптарында және балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) жануарлар дүниесiн күзетудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
57-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.
11-тарау. Қорытынды ережелер
58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн
қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы дауларды шешу
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және
пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |