«Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын
пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және
(немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып
алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 Қаулысы
(2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 20 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2006.02.03. № 144 (бұр. ред. қара); 2006.07.09. № 848 (бұр.ред.қара); 2007.12.10. № 930 (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 385 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 29 шілдедегі
№ 789 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер
қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр
бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн
(акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы
мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Баталов Асқар Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары |
Қонақаев Саяхат Алпысұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры, хатшы |
Құсдәулетов Дулат Рашидұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрi |
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың президентi (келісім бойынша) |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрі Кеңсесінің Индустриялық- инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 29 шілдедегі
№ 789 қаулысымен
бекітілген
Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер
қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн)
және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып
алуы мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) сатып алуға мемлекеттiң басым құқығын iске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу үшiн құрылады.
3. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша жер қойнауын (оның бiр бөлiгiн) пайдалану құқығын иелiктен алу туралы өтiнiштерiн қарау;
2) жер қойнауын пайдалану құқығына не заңды тұлғадағы қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) иелiктен алу туралы өтiнiштердi қарау;
3) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
4) Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгін) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы туралы ұсыныстарды шешiм шығару үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу.
5. Өзiнiң мiндеттерiне сәйкес Комиссияның мыналарға:
1) орталық атқару және өзге мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасуға;
2) Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерiн (келісім бойынша) шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік және өзге ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияның Төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды. Төраға болмаған кездерде оның мiндеттерiн орынбасары атқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Комиссия жұмыс органының функциясын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жүзеге асырады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды және Комиссияның отырысына қажеттi өзге материалдарды әзiрлеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады, оларды ол отырыстан кем дегенде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi. Комиссия отырысының хаттамасын ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
9. Комиссияның отырыстары қажеттілiгiне қарай өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып есептеледi.
10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi және отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерi қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және Комиссияның хаттамасына тiркелуге тиiс.
11. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделi адамдарға қарау нәтижелерi туралы хабарлайды.
12. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.