Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 1130 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр)» деген бағандағы «357» деген сандар «500» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |