Осымен қатарлас Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ұйымдастыру мен іске асыру бойынша халықаралық келіссөздер жасасу туралы бастамалық ұсыныстар жасалуы қажет.
Он нәтижелер алған жағдайда жобаның институционалдық негізін қалыптастыруға кірісу керек, - мәселен, жобаға қатысушылар - елдердің Үкімет басшыларының шешімімен құрылатын мегажобаны іске асыру бойынша Халықаралық жұмыс комиссиясы, мүдделі мемлекеттік органдар, даму институттары, ұлттық және өзге компаниялардың қатысуларымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Үйлестіруші кеңесі, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі ірі инжинирингтік компаниялардың қатысуыларымен Бас жобалық инжинирингтік компаниялар.
Жалпы алғанда, «30 корпоративтік көшбасшы» бастамаларын іске асыру шеңберінде шикізаттық емес сектордың артып отырған қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін концессиялық тетіктер негізінде инфрақұрылым объектілерін дамытуға мемлекет басты көңіл бөлетін болады.
Салалық бәсекеге қабілеттіктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу үшін мыналарға екпін жасалуы қажет.
Агроөнеркәсіптік кешеннің шешуші бәсекелі артықшылығы ретінде оның өнімдерінің экологиялық және биологиялық тазалығы алынуы тиіс. Осы бағытты дәйекті түрде басымды дамумен қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге өндірісті жеделдетіп дамыту және негізінен ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін мәнді арттыруды және биоқайта өңдеу кластерінің негізін салуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін биоотынды сыртқы нарықтарға шығару мәселелері басты назарды аудару талап етіледі. Елдің алдында ірі биоотынды өндірушілердің ондық санына кіру өршіл міндеті тұр.
Тоқыма өнеркәсібі Қазақстанның барлық жеңіл өнеркәсібін дамытудың айнасы болуы тиіс. Сондықтан, тоқыма өнеркәсібін жеделдетіп қайта құру мен жаңғыртуды жүргізу, өнімнің бәсекеге қабілеттігін сапа мен ассортиментті жақсарту есебімен арттыру, өндіріс шығындарын азайту, әлемдік бренділерді тарту қажет.
Қазіргі кезде, мұнай-химия кешені параметрлері бойынша нақты көрсеткіштер, оларды үздіксіз қайта өңдеу үшін көмірсутекті шикізат ресурстарының қажетті қайнар кездері мен көлемдері алынды. Этан фракциясының 13 және одан жоғары пайызынан табиғи және жолай газдардан алынатын этилен мұнай-химиялық өнімдердің кең көлемін өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін. Қазақстан үшін төмен және жоғары тығызды полиэтилен, әр түрлі маркадағы полипропилен, стирол мен полистирол, этиленгликоль мен бензол, метанол және 20-дан артық атаулары бар басқа өнімдер шығару барынша экономикалық тиімді. Атап айтқанда, әлемдік деңгейдегі алғашқы кіріккен мұнай-химия кешенін салу жылына 1.2 млн. тоннадан асатын көлемге шығуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін бұл нефтехимия саласында серпінді дамуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгей мен ауқымдағы бірінші объект болады.
Сонымен бірге, өндірістен оған қызмет көрсету мен жөндеуге дейінгі толық оралымды қамтитын нефтегаздық машина жасау басты назарды аудартады. Осы бағыт қуатты бәсекеге қабілетті әлеуетке ие.
Атом өнеркәсібі саласында барынша қосымша күнмен аса жоғары технологиялық қайта бөлінетін өнімді әлемдік нарыққа шығаруды бастау қажет. Оның ішінде жоғары технологиялық тантал өнімін өндіруді қолға алу мен бериллий өндірісін одан әрі дамыту мәселелері пысықталатын болады.
Атом энергетикасы аясында атом энергетикасы саласын жасау кезінде инновациялық дамуды қамтамасыз ететін ең аз мультипликативтік әсерге қол жеткізу, мәнді технологиялық ілгерілеу және өнеркәсіптің қайта өңдеу секторының бәсекеге қабілеттілігін экспорттық технология мен өнімдердің продуценті деңгейіне дейін арттыру бойынша тиісті халықаралық тәжірибені есепке алу мен қолдану қажет.
Қазіргі таңда, Қазақстанның әлемдік туристік қоғамдастыққа кірігуге және халықаралық туристік нарықтағы позициясын күшейтуге нақты мүмкіндігі бар. «Озық өсу аймақтарын» қалыптастыруға қосымша серпін беру және экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту үшін «Бурабай», «Жаңа Іле», «Кендірлі» туристік орталықтарының құрылысы басталады. Саланың алдында 2011 жылдың аяғында Қазақстанды Орталық-Азия өңіріндегі туризм орталығына айналдырумен байланысты жаһандық міндет тұр.
Жаңа сапалы деңгейге қазақстандық қызмет көрсету саласы шығарылуы тиіс, нақтырақ айтқанда жоғары дамыған сауда орталығын қалыптастыруды бастау қажет. Бұл Қазақстан үшін жаңа бәсекелі артықшылық болады.
Халықты жайғастыру мен өндірістік күштерді шоғырландыру жүйесін ескере отырып Қазақстанның аумақтарын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеуді ұйымдастыру басталды. Бас схеманы әзірлеу барысында елімізді функционалдық аймақтандыру жүргізілетін болады, жайғастыру мен орналастыру, инженерлік, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, сондай-ақ функционалдық құрылым мен аумақтық даму бағыттары жүйесін өзара байланыста дамытудың негізгі бағыттары анықталады.
Стратегиялық даму осьтерін ескере отырып Бас схемаға перспективада салалар мен инженерлік инфрақұрылымдарды дамытудың, сондай-ақ басымды кластерлерді орналастыру, аумақтарды қазіргі заманғы пайдалану, қала агломерацияларының схемалары кіретін болады.
Еліміздің «тірек өңірлерден» жаңа кеңістік қаңқасын жасау және полярлық дамытуға өтуді қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы сияқты ірі қалалар-мегаполистер және бәсекелі артықшылықтарын арттыра отырып, оларда өнеркәсіптік аймақтарды орналастыру көзделген серіктес қалалардың бой көтеруі, сондай-ақ «Қорғас», «Достық», «Тасқала-Озинки» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталықтары қызметтерін және «Ақтау» жағалауын дамыту жұмыстары жалғасады.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың негізгі құралдарының үлгі* тізбесі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Аумақтарын дамыту стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасында Туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- «Қазақстан Республикасында ядролық-энергетикалық саланы дамытудың 2008 - 2030 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы; |
- Артылатын ресурстарды және баламалы энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы; |
- «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар тұжырымдамасы; |
- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасы Көші-қон саясаты; |
- Қазақстан Республикасының Автожол саласын дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Темір-жол саласын одан әрі дамыту мен реформалаудың 2007 - 2010 жылдарға арналған кешенді шараларының Жоспары; |
- Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Теңіз көлігін дамытудың 2006 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Кеме жолдарын дамыту мен ішкі су жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2007 - 2012 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Электрэнергетиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Атом энергетикасын дамытудың 2008 - 2030 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын одан әрі дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Достық станциясын және Ақтоғай-Достық учаскесін дамыту жөнінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2006 - 2011 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары; |
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Достық халықаралық шекара өтпелі мен Достық поселкесінің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі 2006 - 2011 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары; |
- «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын дамытудың 2007 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Мемлекеттік органдар дамуының стратегиялық жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде) |
Іске асыру параметрлері | - ЖІӨ энергия сыйымдылығы деңгей, ЖІӨ миллион теңгесіне мұнай баламасының тонналары. | - 2009 жылдың аяғына қарай 15-ке жуық; - 2012 жылдың аяғына 10-ға жуық; - 2009 жылдың аяғына қарай 9-ға жуық. |
- ЖІӨ құрылымында қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі. | - 2009 жылдың аяғына қарай 10 %-дан кем емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 11 %-дан кем емес; - 2015 жылдың аяғына қарай 12 %-дан кем емес. |
- өнеркәсіп құрылымында қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесі. | - 2009 жылдың аяғына қарай 37 %-дан кем емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 40 %-дан кем емес; - 2015 жылдың аяғына қарай 42 %-дан кем емес. |
| - ІЖӨ құрылымындағы қызметтердің үлесі. | - 2009 жылдың аяғына қарай 55 %-дан кем емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 57 %-дан кемемес; - 2015 жылдың аяғына қарай 60 %-дан кем емес. |
| - инфрақұрылымның даму деңгейін сипаттайтын ұстанымдар бойынша жетекші рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан дәрежесінің позициясы.* | - 2009 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 65 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 63 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 60 елдің қатарына. |
______________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
*осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осыдан параметрлердің түрін қолдану ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» тарауында келтірілген.
Бесінші басымдық. Тиімді бизнес
Даму моделі
Экономикалық серпінмен күрестегі мемлекет және бизнес қоғамдастықтың альянсы, яғни жаңа саясаты. Елімізде тауарлар мен қызметтердің өңірлік және әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілетті корпорацияларды құру. Елдің ішкі қажеттіктері бөлігінде ұлттық мүддені бірінші кезекте қанағаттандырудың басымдығы саясаты кезінде экспортқа ықпал ету мен қолдау жөніндегі мемлекеттің жұмыстары жандандырылады. Отандық кәсіпкерліктің қазіргі заманғы мәдениетін қазіргі заманғы менеджменттің, тиімді және ашық басқарудың, ақпараттық менеджменттің сапалы артуы, инновациялық және ресурс үнемдеуші технологиялардың есебімен шығындардың өсуін азайту қағидаларын енгізе отырып, қалыптастыру мен жасауды ынталандыру.
Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
Әлемде бәсеке процесіне қатысушылардың саны күннен-күнге артып отыр, олардың "салмақты дәрежесі", тұжырымдамалары өзгеріп, бәсекенің жаңа нысандары мен тәсілдері пайда болып жатыр.
Қазақстандық бизнестің алдында күрделі міндеттер тұр. Оған қысқа мерзімде басқа елдердің компаниялары он жылдап жүріп өткен деңгейіне қол жеткізуі керек.
Оның үстіне, қазақстандық бизнестің халықаралық нарыққа кіру мен қалыптасу кезеңінде ол барынша қиыншылықты орта мен жағдайларда болатындығын болжау қажет. Басқаша айтқанда, отандық бизнесмендер тек жай бәсекемен, тіптен қатаң бәсекемен ғана емес, мәдениеттердің, тұтынушылар мен заңдардың сан алуан жағдайындағы гипербәсекемен бетпе-бет келетін болады.
Сондықтан, елімізде дәстүрлі, өте жиі тиімсіз мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының нысандарынан бас тартумен қоса жүретін экономикалық серпінмен күрестегі мемлекет пен бизнестің альянсы, яғни жаңа саясат күшке ие болады.
Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасының жаңа идеологиясы құрылатын маңызды қағидалар ашық, серіктестік, тең қол жеткізу, Қазақстан Республикасында табыстар орталығын ұйымдастыру, трансферттік (тарату әсері), орнын басушылық, тәуекелдерді бөлу және ұзақ мерзімділік болып табылады. Дәл осы мақсатта, қазіргі кезде, өңірлерде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын дамыту, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Егер, жобалар жоғары бәсекеге қабілеттігі мен инвестициялық сипатымен ерекшеленетін жағдайда іске асыруға бизнес ұсынатын инвестициялық жобаларға осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған тауарлар мен қызметтерді анықтау жөнінде жеке сектор мен мемлекеттің бірлескен жұмыстары атқарылатын болады, оның нәтижесінде қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа шығуы үшін серпінді шоғырланған әсерді қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының басымды шикізаттық емес экспортқа бағдарланған экономика секторларында кіріккен, өзара байланысты және қосалқы өндірістерді жасау бойынша жобаларды іске асыру басталады.
Осы бағдарламаны іске асыру өңірлік және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердің корпорацияларын елімізде құруға ықпал етуі тиіс. Бұл өз кезегінде ІЖӨ құрылымындағы еңбек өнімділігі мен шикізаттық емес сектордың үлесін арттырады, сондай-ақ ғылымды көп қажет ететін және энергия тиімді өндірістерді дамытуға, халықаралық талаптарға сәйкес инфрақұрылымды дамытуға, шикізаттық емес экспорттың жағрапиясы көлемін арттыру мен ұлғайтуға және қазақстандық бренділерді қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Осындай бастаманы іске асыру биржалық сауда жүйесін дамытудың, компаниялардың әлемдік қаржы және тауар биржаларына шығуына жаңа қарқын беруге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Сонымен қатар корпоративтік көшбасшыларға үнемі өзінің бағытын арттыру және кеудемсоқтық мақсатқа ие болу қажет. Атап айтқанда, ДЭФ ғаламдық өсіп отырған компаниялардың қауымдастығын құрады. Құрамына әр түрлі салалардан жылдам өсетін компаниялар кіретін осындай қоғамдастықты құрудың басты мақсаты жақын арадағы 5-10 жылдардың ішінде трансұлттық корпорация болатын аса қиын анықталатын компания топтарын анықтау болып табылады. Еліміздің аса табысты компаниялары осы қоғамдастыққа кіруге ұмтылысты бастаса, мақсатқа лайықты болар еді.
Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту тек қана осы аталған бағдарламаның шеңберінде жүзеге аспайды. Мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуетін барынша тиімді ашу, оның оң ұлғаюы мемлекеттік саясаттың басқа да салаларында жүзеге асырылатын болады.
Қазақстанда орталық атқарушы органдар деңгейінде ұлттық компаниялар мен даму институттарына мемлекеттік меншік пен нарықтық тетіктерді имитациялау функцияларын беру жүзеге асырылды. Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) меншік пен функцияларды іспеттес беру жүзеге асырылады. Сөйтіп, ӘКК-ті құрумен коммерциялық жобаларды іске асыру кезінде жергілікті атқарушы органдармен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей байланыстарын төмендетуге бағытталған және осындай байланыстардың қажеттілігін болдырмайтын тұрақты нарықтық тетіктердің қоса қалыптасуымен жергілікті деңгейде мемлекеттік институттарды реформалау кезеңі аяқталады.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын белсендендіруге түбегейлі және барынша ықпал ету қамтамасыз етілуі тиіс.
Бірқатар сарапшылардың пікірлерінше, осы және басқа елдің бәсекеге қабілеттігі ұлттық экспортерлардың халықаралық бәсекеге қабілеттігінің «сомасы» ретінде қарастыруға болады. Одан басқа, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай бір жылдың ішінде экспортқа шығаруға қайта бағдарланған кәсіпорындар өзіндік өнімділігінің үшінші бөлігін жақсартады, сондай-ақ банкроттық бойынша аса төмен көрсеткіштерге ие. Сөйтіп, негізінен экспортшылар аса табысты, аса өнімділігі жоғары және аса орнықты компаниялар болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекет тарапынан экспортқа ықпал ету мен жылжыту жөніндегі жұмыстар жандандырылады. Бұл ретте, елдің ішкі қажеттіктері бөлігінде еліміздің ұлттық мүдделерін бірінші кезекте қанағаттандыру мәселесі басымды болуы тиіс.
Экспортқа жәрдемдесу мен жылжыту жөніндегі жұмыстар отандық өндірушілердің экспорттық бағдарын ынталандыратын, экспортшылардың операциялық шығындарын төмендететін жағдайларды қамтамасыз етуде ішкі, шекаралық және сыртқы векторларда жүзеге асырылатын болады.
Атап айтқанда, шетелдерде орналасқан экспорттық хабтарды құрудың мақсаттылығы мен тетіктері пысықталатын болады. Экспорттық хабтар Қазақстан үшін басымды өңірлік және әлемдік нарықтарға кіру үшін қажетті қазақстандық компаниялардың іс-қимылдарын ресурстық қамтамасыз ету, перспективалық жобаларға қол жеткізу, кеңестер беру, рұқсаттар, лицензиялар алу, тіркеулер, визалық және басқа қолдаулар саласында кешенді қызмет көрсете алар еді.
Сондай-ақ, қазақстандық операторлардың көлік қызметтерінің халықаралық нарығындағы ұстанымдарға қолайлы жағдай жасау мен нығайту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру маңызды міндеттердің бірі болып қалып отыр.
Жалпы алғанда, барлық қазақстандық бизнеске өзіндік менеджмент пен бизнес-процестерде ең үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу мақсатты түрде қажет, олар мыналарды қамтиды:
Біріншіден, бұл қазіргі заманғы менеджменттің, тиімді және ашық басқарудың қағидаларын енгізу.
Атап айтқанда, мемлекет отандық кәсіпорындардың сапаны басқарудың халықаралық жүйесіне, халықаралық стандарттарға жедел көшуіне ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржы есебінің халықаралық стандарттарына көшу қажет. Қазіргі заманғы қаржы есебі, бірінші кезекте бизнеске пайдалы, оның тұнықтылығы - өндірістік процестерге мемлекеттік бақылаушылық және қадағалаушылық органдарының араласпаушылығының негізі.
Екіншіден, бұл ақпараттық менеджменттің сапалы түрде артуы.
Тиімді ақпараттық менеджмент талдау және шешімдер қабылдау үшін қажетті сапалы ақпаратқа қазіргі заманғы қол жеткізудің кепілі болып табылады. Осы міндетті шешу - кез-келген бизнесменнің егер ол табысты болғысы келсе тікелей міндетті екені сөзсіз.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы технологияларды енгізу және пайдалануға шағын және орта бизнестің қабілеттілігін арттыра отырып, осы орталарды ынталандыруды қалыптастыру үшін қағаздан электронды басқару және бизнесті жүргізу тәсіліне көшуге шағын және орта бизнеске көмек көрсететін және ықпал ететін ұлттық оқыту жобаларын іске асырудың мүмкіндіктері мен мақсаттылығы туралы мәселені Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес пысықтайтын болады.
Үшіншіден, бұл инновациялық және ресурсты жинақтайтын технологиялар есебінен шығындардың артуын қысқарту. Осы бағытқа мемлекет көпарынды ықпалын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, «Инновациялық ынтымақтастық» жобасын енгізу туралы мәселе пысықталатын болады: әрбір отандық кәсіпкер мүмкіндігінше өзіндік инвестициялық саясатта инновация, білім беру, ҒЗТКЖ бағыттарының үнемді басымдылығын, технологиялық және ақпараттық инфрақұрылымды қамтамасыз ету есебімен білім экономикасының негізін жасауға тікелей қатысуға және үлес қосуға ұмтылуы тиіс.
Жалпы алғанда, отандық кәсіпкерлікті қазіргі заманғы мәдениетін кешенді қалыптастыруда Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес кәсіпкерлердің озат қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып Қазақстан бизнесмендерінің Кодексін әзірлеудің мақсаттылығы, оған қосылу тетіктері және оның нормаларын еліміздің прогрессивтік бизнесі арасында тарату туралы мәселе пысықтайтын болады.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың негізгі құралдарының үлгі* тізбесі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасында Ғылымды дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында Техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Жаңартылатын ресурстарды және энергияның балама көздерін тиімді және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы; |
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруды 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесін жаңғырту мен дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында Техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесудің 2007 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының технологиялық дамуының 2015 жылға дейінгі бағдарламасы; |
- Қаржы институттарын ұлттық және өңірлік деңгейдегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға тарту жөніндегі бағдарлама; |
- Қазақстан Республикасының Телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде) |
Іске асыру параметрлері | - Менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындардың саны. | - 2009 жылдың аяғына қарай 1500 бірліктен кем емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 1750 бірліктен кем емес; - 2015 жылдың аяғына қарай 2000 бірліктен кем емес. |
- ЖІӨ құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі. | - 2009 жылдың аяғына қарай шамамен 35 %-ға жуық; - 2012 жылдың аяғына шамамен 39 %-ға жуық; - 2015 жылдың аяғына қарай шамамен 43 %-ға жуық. |
- Бизнестің тиімділігін сипаттайтын ұстанымдар бойынша жетекші рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан дәрежесінің позициясы**. | - 2009 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 65 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 60 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына. |
___________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
** осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» деген тарауда келтірілген.
Алтыншы басымдық.Орнықты даму, халықтың тұрмысының
Жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі
Даму моделі
Елдің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімін қамтамасыз ету. Халықтың тұрмыс сапасын игілік, денсаулық сақтау және қоршаған орта жағдайының бәсекеге қабілетті стандарттарына қол жеткізу жолымен арттыру. Денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Ана мен баланың денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру. Өмір сүрудің күтілетін ұзақтылық деңгейін арттыру және өлім-жітімді қысқарту. «Серпінді», экологиялық таза, қалдықсыз технологияларды басымды түрде енгізу. Экологиялық қауіпсіз өнімдердің халықаралық нарығында қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіктерін қамтамасыз ету. Орнықты өсу мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстанның атқаратын рөлін жандандыру. Білім берудің барлық деңгейлерінде оқу процестеріндегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен білім беру бағдарламалары. Білім беруді іргелі ету. Дарындарды басқарудың үздік тәжірибесін енгізу. Білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін қалыптастыру және дамыту. Қазақстан еңбек нарығының қарапайым және жедел жетілдіру жүйесін құру.
Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
Халық тұрмысының жоғары сапасы еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің барынша маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл ретте, әлемдік тәжірибеге сәйкес халықтың тұрмыс сапасы материалдық әл-ауқатының, денсаулық сақтау деңгейі мен қоршаған ортаны қорғау жағдайының жиынтығы ретінде құралады.