әртүрлі бағыттар бойынша әзірленетін мемлекеттік және салалық бағдарламалар ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу мен пайдалануды ынталандыру жөніндегі жоспарлардың есепке алынбауы (не толық көлемде ескерілмеуі);
ақпараттық технологиялар саласында толық және сапалы заңнамалық базаның болмауы;
электрондық сауда жүйесі тиісті дамуға ие болмай отыр;
базалық элемент ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, дамыған ақпараттық инфрақұрылымның болмауы;
кластерлік бастаманы іске асыру жөніндегі қазақстандық экономикадағы белсенді шараларға қарамастан мықты және дамыған кластерлер жоқ. Белгілі бір кластер шеңберінде түпкі өнім шығару үшін қажетті өндірістік және мамандандырылған жабдық жиі импортталады.
3. Инфрақұрылымдық даму саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде автокөлік жолдарының даму деңгейі алынады.
Порт қызметтері мен ішкі су жолдарының бәсеке қабілеттіктері де төмен.
Әуе көлігінің тиімділігі жеткіліксіз.
Теміржол саласында реформалар жүргізуді жалғастыру талап етіледі.
Электрмен жабдықтауда кернеудің іркілістері мен ауытқуы байқалады.
Халық үшін жылу энергия- және сумен жабдықтау жүйесінің шекті жоғары тозуы орын алуда.
4. Бизнес жүргізу саласында. Бұл блоктың дамуын барынша тежейтін басты себептер ретінде, әсіресе мыналар бөлініп тұрады.
Халықаралық нарықта қазақстандық кәсіпорындардың бәсекелі басымдықтары әдетте, табиғи ресурстар құнының төмендігіне байланысты - негізінен бірегей өнімдер мен өндірістік процестер жоқ. Бұл ретте, экспорттаушы компаниялар аздаған шетелдік нарықтарда ғана сатуды жүзеге асырады.
Елде жүзеге асырылатын бизнес үшін қазақстандық жеткізушілердің сапасы едәуір жақсартуды жиі талап етеді, өйткені олар тиімсіз және технологиялық дамымаған.
Компаниялар лицензияларды сатып алу немесе шетелдік, әдеттегідей ескірген технологияларды қарапайым көшіру арқылы ғана технологияларды енгізеді. Бұл отандық кәсіпкерлерде мәдениет пен өзіндік зерттеулерді, жаңа өнімдердің озық әзірлемелерін және өндірістік процестерді жүзеге асыру қажеттілігі қалыптаспағандығын айқын көрсетеді. Осының салдарынан әдетте, еңбекті қажет ететін әдістер мен алдыңғы және бұрынғы буынның өндірістік процестері қолданылады, маркетинг деңгейі тиісінше қарапайым және әдетте тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің өзіндік арналары жоқ.
Кәсіпорындардың бизнес-процестерінің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі проблемасы менеджменттің, әсіресе күшті басқарушылардың болмауы кезінде корпоративтік деңгейдің жеткіліксіз дамуымен, сондай-ақ кәсіпорындардың мамандарды даярлауға болмашы шығындарымен қоса жүреді. Компанияларды басқаруда жетекші ұстанымдар көбіне жоғары білікті кәсіпқойлық белгілері бойынша емес, жеке берілгендік белгілері бойынша беріледі.
Әдетте компаниялардың корпоративтік этикасы дамымаған. Компаниялар басшыларының назары ішкі асыра сілтеушілік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жүйелі шараларға негізделмеген.
Компаниялардың қаржы аудиті мен есептілік стандарттар жүйесі жетілдірілмеген.
Қазақстандағы ірі корпорациялардың қызметі кәсіпкерлердің басым саны арасында емес, негізінен бірнеше кәсіпкерлік топтардың шеңберінде шоғырланған.
Doing business әдістемесі бойынша бизнесті жүргізу жеңілдігінің рейтингі бойынша Дүниежүзілік банктің бағалауынша шағын және орта бизнестің дамуына келеңсіз әсер ететін факторлардың қатарына Қазақстан 178 елдің ішінде 71-орынды иеленіп отыр. Неғұрлым әлсіз көрсеткіштер: лицензиялау - 173-орын, меншікті тіркеу - 72-орын, халықаралық сауданы жүргізу - 178-орын, компанияны жабу - 100-орын және көптеген басқа көрсеткіштер бойынша байқалуда.
Жалпы алғанда, бұл шағын және орта бизнес әлеуеті әлі де болса толықтай іске асырылмай отырғандығын көрсетеді.
Тұтастай алғанда, Қазақстан орнықты дамуға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі озық шараларға мұқтаж. Осы уақытқа дейін ресурстарды өндіру мен тұтынуда айтарлықтай теңгерімсіздік сақталуда. Экономика жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерінің зор әлеуетін тек шамалы деңгейде ғана пайдаланып отыр. Өндірілетін өнімдердің энергияны қажетсінуі мен өндірістің экологиялық шығындары жоғары. Бизнестің экологиялық жауапкершілігінің төмен деңгейі мен экологиялық проблемаларды шешу процесіне халық пен әлеуметтің әлсіз қатысулары байқалуда. Халықтың тұрмыс сапасы қазіргі заманғы стандарттардан артта қалуда. Мүлде жоғары әлеуметтік тәуекелдер орын алып отыр, өндірістік, тұрмыстық және жол жарақатының деңгейі де жоғары. Әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдықтың деңгейі, ана мен бала өлімінің деңгейі жоғары болып отыр. Халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтылығының төмен деңгейі орын алып отыр.
Әлемдік орташа көрсеткіштермен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеумен қамтудың төмен көрсеткіші сақталуда. Осы күнге дейін шағын мектептер саны көп, мектептерде үш ауысымда оқыту сақталып отыр, орта мектептерге арналған сапалы оқулықтардың болмауы жағдайында бірқатар оқу бағдарламаларының жаңартылмауы орын алуда. Сонымен қатар, еңбек нарығы мен халықаралық талаптардың қажеттіліктеріне кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жүйесінің даму деңгейінің төмендігі де жоқ емес, егде және жасы үлкен адамдарды, оның ішінде зейнеткерлерді қайта оқыту жүйесі іс жүзінде жоқ дерлік. Менеджмент пен бизнес мектептерінің жеткіліксіз деңгейі байқалуда. Жас білікті жұмысшылар, инженерлер мен зерттеушілер жетіспейді.
Анықталған проблемалардың ерекшелігі Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің мынадай формуласын анықтайды.
Бірінші. Қазақстан халқының басым көпшілігі тарапынан бәсеке қабілетті болуға жалпы талпыныс пен мүмкіндіктерді арттыруды шоғырландыру қажет.
Екінші. Қазақстанның, оның экономикасын және халқының сапалы өсуге ашықтығы мен бейімділігіне ықпал ететін қолайлы орта мен жағдай қалыптасуы тиіс.
Үшінші. Елдің инновациялық және технологиялық сипаттарын жылдам дамыту талап етіледі.
Төртінші. Еңбек өнімділігі өсуінің жедел қарқынын, басым салалардың серпінді дамуын, тиімді кеңістікті ұйымдастыруды, «өсу нүктелерін» ынталандыруды және инфрақұрылымдық дамытуды ұйымдастыруға жаңа әдістерді қамтамасыз ету маңызды.
Бесінші. Қазақстандық бизнестің Қазақстанның әлемдік нарыққа кіруі мен орнықты қатысуын бекітудің мүмкіндігі мен кепілі ретінде халықаралық талаптарға жауап беретін сипаттары мен сапаларын саналы және мақсатты ие болуының қағидатты мәні бар.
Алтыншы. Елдің тұрақты дамуға көшуін, халықтың өмір сүру сапасын, қауіпсіздік деңгейін арттыруды, денсаулық сақтау және оқу-ағарту жүйелерін жаңғыртуды, қоғамның экологиялық жауапкершілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуді жеделдету керек.
2. Миссия, көкжиек, мақсат пен басымдықтар
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі мен оның экономикасының экспорттық мүмкіндіктері әсер етуші және (немесе) әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар мен жағдайлардың ағымдағы және болжамды жай-күйін талдауды назарға ала отырып, осы Тұжырымдама ел үшін 2016 жылға дейінгі миссия, көкжиек, мақсаттар мен басымдықтардың мынадай қойылымын айқындайды.
Миссия. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне шығуына мүмкіндік туғызатын бағыттарды, тетіктерді және құралдарды дамыту.
Көкжиек. Қазақстан - әлемде өзінің өмірлік мүдделерін табысты іске асыруға мүмкіндік беретін, халықтың тұрмыстық сапасының жоғары деңгейімен тұрақты даму қағидаларын ұстанатын адам, қаржы, табиғи, техникалық, технологиялық және ақпараттық ресурстары бар қарқынды дамушы мемлекет.
Мақсат. Белсенді экспорттық саясатты жүргізу, тұрақты дамуға, білімге негізделген экономикаға кезең-кезеңмен көшу, сондай-ақ елдің озық дамуына кедергі болатын қолда бар және келешектегі қауіптерді болдырмау, бейтараптандыру не жою есебінен қазақстандықтардың әл-ауқаты мен игілігінің өсуі.
Басымдықтар:
1. Бәсекеге қабілетті ментальділік.
2. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта.
3. Инновациялық және технологиялық.
4. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері.
5. Тиімді бизнес.
6. Тұрақты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы
білім беру жүйесі.
Тұжырымдама құрылымының іске асыру бөлігінің мазмұны |
|
\/
|
\/
|
\/
/ | \ \ \ \
1-басымдық Бәсекеге қабілетті ментальділік 1.1. Даму моделі 1.2. Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы | 2-басымдық Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта 2.1. Даму моделі 2.2. Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы | 3-басымдық Инновациялық және технологиялық 3.1. Даму моделі 3.2. Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы | 4-басымдық Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілері 4.1. Даму моделі 4.2. Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы | 5-басымдық Тиімді бизнес 5.1. Даму моделі 5.2. Негіздеме және іс- қимылдар страте- гиясы | 6-басымдық Тұрақты даму, халық тұрмысының жоғары сапасы, қазіргі заманғы білім беру жүйесі 6.1. Даму моделі 6.2. Негіздеме және іс- қимылдар стратегиясы | |
Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері | Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері | Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері | Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері | Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері | Басымдықты іске асыру құралдары | Басымдықты іске асыру параметрлері |
| | | | | | | | | | | | | |
Бірінші басымдық. Бәсекеге қабілетті ментальділік
Даму моделі
Қазақстан халқының басым бөлігін бәсекеге қабілеттілік проблемасына түсінікті қарым-қатынасын қалыптастыру. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы - бәсекеге қабілетті болу, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарда жұмыс істеу және бәсекеге қабілетті елде өмір сүруі. Бәсекеге қабілетті ментальділікті білім беру жүйесі, мемлекеттік басқару жүйесі, бұқаралық ақпараттық құралдар, үкіметтік емес сектор арқылы, отандық кәсіпкерліктің қазіргі заманғы мәдениетін қалыптастыру арқылы дамыту.
Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
Бәсекеге қабілетті ментальділік - бұл бір мезгілде және дағдарысты серпілістердің базалық шарты және бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізу құралы және де белгілі бір деңгейде осы Тұжырымдаманың мақсаты.
Қандай да бір әлеуметтік жігіне қарамастан ел халқының ұйымшылдығы, патриоттығы ғана кез келген тегеурінді талаптарды келісіп, тиімді еңсеруге және серпіліс жасауға қабілетті екендігі фактісі бұрыннан анық.
Қазақстан азаматтарында патриоттыққа негізделген бәсекеге қабілеттілік проблемасына түсінікті қарым-қатынас қалыптасуы тиіс. Атап айтқанда, ұзақ уақыттан жойылмай келетін қатер - жемқорлыққа төзбеушілік ахуал қалыптастырған жағдайда ғана қоғам оны тұншықтыра алады.
Барлық елдерде мемлекет осы немесе басқа жолдармен жемқорлық сияқты құбылыспен күресіп келеді. Қазақстанда тиісті заңдар қабылданған, осы құбылыспен күрес жөнінде мемлекеттік құрылымдар бар. Бәсекеге қабілетті ментальділік іске асыру және қамтамасыз ету бөлігінде екпінді көңіл қатардағы қазақстандықтың санасын өзгертуге және жемқорлықты қабылдамауды мәдениетке айналдыруға бағытталуы тиіс, өйткені тек тыйым салу және күштеу әдістерімен осы құбылысты құрту тіптен мүмкін емес. Осы аспектіде мемлекет, бизнес-қоғамдастық және «үшінші сектордың» бірлескен күш-жігері маңызды рөл атқаруы тиіс.
Қазақстанның принципті жаңа бәсекелі артықшылығы инновациялық әлеуетті арттыру және инновацияларды өмірге кенінен енгізе отырып жасалуы мүмкін. Алайда, жаңа технологияларды, бірегей процестер мен өнімдерді әзірлеу, енгізу, егер олар қазақстандықтардың инновациялық ойын өзгертумен жалғаспаса, күтілетін нәтижелер алуға мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты Қазақстанның ұлттық идеясын көп жылдық ізденуіне байланысты «мөлдірленуі» және көптеген қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті болуға, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарда жұмыс істеуге және бәсекеге қабілетті елде өмір сүруге деген нақты, түсінікті және белгілі бір патриоттық ұмтылыстары түрінде материалдануы тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік идеясы ойдан шығарылмаған және салмақты базиске ие, өйткені бұл елдің бәсеке қабілеттігінің ерекше мәдениетін қалыптастыру үшін ұлтына, дініне және саяси көзқарасына қарамастан азаматтық мақтаныш үшін нағыз себеп.
Бірінші кезекте бәсекеге қабілетті ментальділікті қалыптастыру мәселесі білім беру жүйесіне тіреледі. Отандық бизнестің келешектегі бәсекеге қабілеттілігі және жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыру білім беру жүйесін жаңғырту тиімділігіне тікелей байланысты және қазақстандық азаматтар алатын сол бір құндылықтардың, білімнің, дағдылардың және біліктердің нәтижелері болып табылады. Сондықтан, Қазақстанның білім беру жүйесіне бәсекеге қабілеттіліктің парадигмаларын енгізу жандандырылады.
Бәсекеге қабілеттіліктің парадигмасы мемлекеттік басқарудың барлық буындары мен деңгейлерінде толығымен енгізілуі тиіс. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметкерлерді даярлау мен біліктілігін арттыру, сыртқы ортаға да ішкі ортаға да бағдарланған мемлекеттік органдардың тиісті бағдарламалық және жоспарлы құжаттары арқылы мемлекеттік сектордың менеджерлерін даярлау үшін жаңа ұлттық басқарушылық мектеп жасалады.
Бәсекеге қабілетті ментальділікті қалыптастыру процесінде ел халқының бәсекелік психологиясын, әсіресе ментальдігін қалыптастырудың тиімді құралы бола алатын бұқаралық ақпараттық құралдарының рөлі аз емес.
Қазіргі уақытта, отандық үкіметтік емес сектордың қуатты әлеуеті әлі де толығымен іске аспай отыр. Атап айтқанда, ҮЕҰ ғана қазақстандық азаматтардың барлық санатын өз елінің бәсекеге қабілеттілігі үшін күресте белсенді түрде шоғырландыруды жүзеге асыра алады. Олардың нысаналы бизнес топтары мен халықтың бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің және үдерістерінің маңыздылығы туралы бағаларынан бастап шешімдер қабылдауға және тұтынушы ұстанымына қоғамдық бақылаудың мықты тетігін қалыптастыруға дейінгі жұмыс ауқымы өте кең. Бұл үшін үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылының арқасында әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстың бағыттары, параметрлері мен тетіктері қайтадан қаралатын болады.
Ағымдағы жағдай мынадай, яғни отандық кәсіпкерлердің тұжырымдамасы толығымен осы тіптен өткен шақты қамтиды. Олардың басымдығы тек қана табыс табуда, бұл түбегейлі дұрыс емес, ең бастысы - қауіпті.
Қазіргі кәсіпкер және оның үстіне болашақ кәсіпкер - бұл әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орын алып отырған және болатын өзгерістерді көре білетін, және осыған орай жетілуге әрі ең бәсекеге қабілетті, үздік болу және айрықша әлеуметтік-мәнді болу құқығы үшін күресе алатын және соған дайын адам.
Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес (Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес) арнайы шаралар пакетін әзірлейтін болады, ол кенінен талқыланады және оны одан әрі күнделікті өмірге енгізу үшін бизнес қоғамдастықпен келісілетін болады.
Өңірлік деңгейде инновация мен тиімділіктің базалық факторларын жақсарту, бизнесті, инфрақұрылымды, денсаулық сақтау, білім беру, нарық пен технологиялық прогрессті дамыту арқылы бәсекеге қабілеттіліктің идеяларын енгізумен консультативтік-кеңес органдар ретінде құрылған облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктері жанындағы бәсекеге қабілеттік жөніндегі кеңестер (бұдан әрі - бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестер) айналысатын болады.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың негізгі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының құралдарының 2003 - 2015 жылдарға арналған үлгі* тізбесі стратегиясы; - Қазақстан Республикасында Азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы; - Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі; - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық рухта тәрбиелеудің 2006 - 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - «Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің» 2009 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы; - Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасының Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдірудің 2008 - 2010 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары; - Қазақстан Республикасында Халықтың инвестициялық мәдениетін және қаржы сауаттылығын арттырудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы; - мемлекеттік органдардың стратегиялық даму жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу бойынша). |
Іске асыру параметрлері | - 2009 жылдың қорытындысы бойынша -бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар бойынша елдің бәсекеге қабілеттігінің қолда бар ұстанымын орнықты ұстап қалу**; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар бойынша елдің бәсекелі ұстанымдарын қағидатты түрде жақсарту**; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - бірқатар беделді рейтингтік ұйымдар бойынша елдің бәсекелі ұстанымдарын жақсартудың орнықты қарқынының болуы*. |
____________________________
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
** осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» деген тарауда келтірілген.
Екінші басымдық. Макроэкономикалық, институционалдық және құқықтық орта
Даму моделі
Теңгермелі макроэкономикалық саясат. Әкімшілік реформаның шеңберінде мемлекеттік институттардың ашық және тиімді қызметтерін қамтамасыз ету. Сот ісін жетілдіру. Жемқорлықпен күрестің жаңа, аса жетілген нысандарын іздеу және енгізу. Ішкі бәсекелестікті дамыту. Жоғары бәсекеге қабілеттіліктің талабына жауап беретін құқықтық ортаны қалыптастыру.
Негіздеме және іс-қимыл стратегиясы
Мемлекет жаһандық экономика шеңберінде бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін қолайлы ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге міндетті. Яғни, бәсекеге қабілетті болу үшін кәсіпорындар мен халықтың тұрақты макроэкономикалық саясатты, меншік құқығын кепілдендіруді, инвестициялау мен салымдардың жоғары деңгейін, жемқорлықтың әсерін болдырмауды, сондай-ақ еліміздің халықаралық саудада сенімді және мықты ұстанымдармен қатысуына мүмкіндік беретін экспорттың осындай құрылымын қалыптастыруды Қазақстан қамтамасыз етуі тиіс.
Сөйтіп, елдегі билік сапасы еліміздің бәсекеге қабілеттігінің болашақтағы сөзсіз шартына айналып отыр.
Макроэкономикалық жағдай - Қазақстан дамуының қолайлы перспективасының маңызды көрсеткіші. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуін, бағалардың тұрақтылығын, халықтың табысын арттыру және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз етуге бағытталған теңгермелі макроэкономикалық саясат жүргізілетін болады.
Іскерлік белсенділікті арттыруды және жер қойнауын пайдаланумен байланысты емес экономиканың жекелеген секторларына салық жүктемесін оңтайландыру, сондай-ақ салық және кеден әкімшіліктендіру жүйесін одан әрі жетілдіруді ынталандыруға бағытталған қайта құрылымдар жалғасын табады.
Билік институттары тегеурінді талаптар мен сыртқы қатерлер және толқуларға барабар ден қою тетіктерін қалыптастыруы тиіс, сондай-ақ ЖІӨ-гі жалпы сыртқы қарыздың үлесін төмендетуге мүлтіксіз бағам жүргізілетін болады.
Әзірге Қазақстанда «институционалдық қабылдағыштар» деп аталатын тиімді мемлекеттік және бұқаралық институттар жеткіліксіз, жоғары технология мен білімді адам капиталына емес, керісінше тек қана арзан шикізат пен еңбек ресурстарына бағдарланған инвесторлар тартылып отыр. Осыдан келіп, жүргізіліп жатқан әкімшілік реформалар шеңберінде мемлекеттік институттардың, сондай-ақ акция пакеттері (қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі ұлттық холдингтер мен мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдардың ашық және тиімді қызметтерін қамтамасыз етуге басым көңіл бөлінетін болады. Бюджет жүйесінің ашықтығы арттырылады. Одан басқа, нәтижеге бағытталған бюджетті жоспарлау мен орындау, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктерді ажырату, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелі ортаға беру, кәсіби мамандарды тарту жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жалғасады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің салалық стандарттары, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар енгізілетін болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік аппаратты жетілдіру, оның сандық құрамы мен қаржылық қамтамасыз етілуін мемлекеттік қызметтің тиісті халықаралық деңгейіне келтіру жөнінде жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс.
Сот ісін жүргізудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін және соңғы конституциялық өзгерістерді іске асыру мақсатында сот құрылысының кейбір мәселелері, судьяларға кандидаттарды іріктеу, сот коллегиясы төрағаларына өкілеттіктер беру, іс жүргізу заңнамаларын қолдану бойынша тиісті нормативтік актілер қабылданатын болады. Сонымен қатар, баспасөз-қызметтері және облыстық соттардың оқу орталықтарының қызметі жандандырылады, сондай-ақ сот ісін жүргізудің жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған басқа шараларды іске асыру жалғасады.
Көрсетілген шаралар кешенді және жүйелі тәсілдерді талап етеді, осыған байланысты Сот жүйесін жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі мәселе пысықталатын болады.
Жемқорлыққа қарсы күрестің, әсіресе салық әкімшіліктері мен сыртқы сауда операциялары мәселелерінің жетілген нысандарын іздеу және енгізу қажет болады.
Ішкі бәсекені дамыту мәселелеріне аса назар аударылуы тиіс. Атап айтқанда, бағалық бәтуаласу мен жосықсыз бәсеке фактілерін анықтау және бұлтартпау жөніндегі әдістер саясаты мен сапасы жаңа деңгейге шығуы қажет. Сондай-ақ ДСҰ-ға кіруге жәрдемдесу жолында тауарлар нарығына шығу үшін және салалық реттегіштерді құруға ықпал ететін бәсекелестікте оларды ашық етуге арпылған кедергілерді анықтау және болдырмау қажет.
Сонымен қатар, ЖІӨ "білім-қажетсінуін" арттыруға тиісті білімге негізделген экономиканы құру және елімізді тұрақты дамытуды құқықтық қамтамасыз ету саласында артта қалушылықты жою бойынша кешенді жұмыстарды жүргізу қажет.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің жұмысы шеңберінде мемлекеттік инвестицияларды бәсекеге қабілеттікті арттырудан тәуелділікті және әсер етуді анықтайтын білім беруге, инфрақұрылым мен ҒЗТКЖ-ға талдамалық мониторинг жүргізу жүйесі бойынша ұсыныстар әзірленуі тиіс.
Қазақстанға еңсеру тәртібімен бизнесті шын мәнінде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және өзінің барлық процестерінің өнімділігін арттыруға ынталандыратын құқықтық орта құру қажет. Сондықтан, қолданыстағы құқықтық ортаны жоғары бәсекеге қабілеттік қажеттіліктеріне жауап беретін деңгейге келтіру бойынша жұмыстар атқарылатын болады.
Бірінші кезекте кәсіпкерліктің ілгерінді түрде дамуын аса дәлелдейтін артық әкімшілік рәсімдер мен басқа да нормалардың проблемалары шешілетін болады. Атап айтқанда, заңдарды тиімді орындау тетіктері енгізілуі тиіс және шаруашылық субъектілерімен кері байланыстың нәтижесінде проблемаларды анықтау мен ұсыныстарды қарастыруға негізделген экономикалық заңнамада құқықты қолдану тәжірибесіне тұрақты мониторинг жүргізу жүйесі жасалады.