2007 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтің көлемі 33,3 млрд. кВт. с. көлемінде күтілуде.
Компанияның негізгі қызметінің кірістері 2005 жылы 18 904,9 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштерден 12,3 %-ға жоғары. Компанияның 2005 жылғы кірістерінің өсімі 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қызметтердің реттелетін түрлеріне жаңа тарифтер енгізілуіне, электр қуатын жеткізудің орташа ұзақтығының ұлғаюына және электр қуатын реттеу жөніндегі қызметтер көлемінің көбеюіне байланысты.
2006 жылы Компанияның негізгі қызметінен түсетін кірістер 22 033,6 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 16,5%-ға жоғары. 2007 жылы Компанияның кірістері 24 395 млн. теңге мөлшерінде күтілуде.
2005 жылы Компанияның негізгі қызмет бойынша шығыстары 17 250,7 млн. теңгені құрады немесе 2004 жылғы көрсеткіштен 15,3 %-ға жоғары, ал 2006 жылы - 18 602,1 млн. теңге (2005 жылғыдан 7,5 %-ға жоғары). Негізгі қызмет бойынша шығыстардың өсуі, негізінен, негізгі құралдардың қолданысқа енгізілуімен негізделген амортизациялық аударымдардың және мүлік салығының ұлғаюына, ағымдағы шығыстарға жатқызылатын кредиттер бойынша пайыздардың ұлғаюына байланысты, бұл да Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту жобасы бойынша негізгі құралдардың енгізілуіне байланысты. Бұдан басқа, 2005 жылы Қоғам комиссияларды, сондай-ақ кредиттік шарттарға қол қоюға байланысты басқа да шығыстарды соған сәйкес төлейтін "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру шеңберінде Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі - ХҚКДБ), Еуропа Қайта Құру және Даму Банкісімен (бұдан әрі -ЕҚҚДБ) және Қазақстанның Даму Банкімен (бұдан әрі - ҚДБ) кредиттік келісімдер жасалды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның таза кірісі 22,9 млн. теңгені құрады. 2006 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның таза кірісі 818 млн. теңгені құрады. 2007 жылға күтілетін таза кіріс 761 млн. теңгеге тең. 2004 жылмен салыстырғанда 2005 және 2006 жылдары таза кірістің төмендеуі ағымдағы шығыстарға жатқызылатын жобалар бойынша тартылған кредиттерге қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ компанияның Астана қаласына көшірілген қызметкерлеріне тұрғын үй сатумен байланысты шығындардың едәуір ұлғаюына байланысты. Бұдан басқа, 2005 жыл қорытындылары бойынша компанияның қаржылық нәтижесіне бағамдық айырмадан зиянды есептеу әсер етті.
Қазақстанның бүкіл энергия жүйесінің жұмыс істеуінің сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында Компания ХҚДБ мен ЕҚДБ-ның қарыз қаражатын тарта отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық энергия желісін жаңғырту" жобасын іске асыруда. Жобаның жалпы құны 43,8 млрд. теңге. Жобаның іске асырылуы кезеңінде жаңа буын жоғары вольтті коммутациялық аппараттар мен әлемдік жетекші өндірушілердің басқа электр техникалық жабдықтарын енгізу базасында ұлттық электр желісін техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 77,7 % қаражат игерілді.
2004 жылы Компания "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты бастады, жобаның жалпы құны шамамен 43,7 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асырудан бастап жоба құнынан шамамен 7 % игерілді.
Құрылыс шамамен 326 млн. АҚШ доллары сомасына дейін халықаралық және қазақстандық даму институттарының қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылады:
мемлекеттік кепілдікпен берілген ХҚДБ қарызы 100 АҚШ доллары;
ЕҚДБ синдикатталған қарызы - 147,8 млн. АҚШ доллары;
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қарызы - 21 млн. АҚШ доллары және 6,97 млрд. теңге.
Сондай-ақ Компания "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" өңіраралық ЭБЖ салу" Жобасын іске асыруға қатысады.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және "Батыс Транзит" АҚ арасында мемлекеттік-жеке серіктестіктер базасында концессиялық келісім жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 1008 қаулысына сәйкес Компания "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің бірі бола отырып (жарғылық капиталдың 20% мөлшерінде), жобаны іске асыруға қатысады.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 2006 жылғы сәуірде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес концессиялық келісімдер негізінде салынған кернеуі 220 кВ және одан жоғары өңіраралық электр беру желілері, шағын станциялар мен тарату құрылғылары осы келісімдердің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық электр желісі құрамына беріледі.
"Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" АҚ
"Қазақпарат" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Қазақ ақпарат агенттігі" (ҚазААГ) республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның 2005-2006 жылдар кезеңіндегі өндірістік-қаржылық
қызметінің нәтижелері бойынша, кірістер серпіні мынадай болып қалыптасты.
2005-2006 жылдардағы кірістер құрылымы
(мың теңге)
Көрсеткіштер | Өшем бірлігі | 2005 жыл есебі | 2006 жыл есебі | 2005 жылға қараған- да 2006 жылғы кіріс- тердің өсу қарқыны % |
Барлық кірістер, оның ішінде: | мың теңге | 207554 | 216688 | 104.4 |
Негізгі қызметтен кірістер (ақпараттық қызмет көрсету) | мың теңге | 207498 | 216202 | 104,2 |
кірістен %, барлығы: | % | 99,9 | 99,8 | |
өзге де кірістер | мың теңге | 56 | 486 | 867,9 |
кірістен %, барлығы: | % | 0,1 | 0,2 | |
Кестеде көрсетілгендей 2005-2006 жылдары Компанияның негізгі қызмет түрі, меншікті көрсеткіште 99 % құраған, ақпараттық қызмет көрсету болды.
2005 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2006 жылы кірістердің 216,7 млн. теңгеге дейін, яғни 9,1 млн. теңгеге немесе 4,4 %-ға, соның ішінде негізгі қызмет түрі бойынша 8,7 млн. теңгеге немесе 4,2 %-ға ұлғаюы байқалды. Бұл өсу, бірінші кезекте, мемлекеттік тапсырыс көлемінің ұлғаюымен және оның сапасының жоғарылауымен, өткізу нарықтарының кеңеюімен, өнім желісінің жаңғыруымен негізделген. Бұдан басқа, жасалған ақпараттық өнімді коммерциялық пайдалану Компанияға белгілі бір өндірістік, сондай-ақ қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Алайда осы кезең ішінде Компанияның шығыстары абсолюттік мәнде 23 155 мың теңгеге немесе 11,1 % өскенін атап көрсету керек.
Шығыстар құрылымында өндірілетін өнімнің 2005 жылы 156064 млн. теңге және 2006 жылы 169180 млн. теңге құраған өзіндік құны басым. Сатылған қызметтердің өзіндік құнының үлес салмағы 70 %-дан астамды құрайды.
Кезеңінің шығыстары тиісінше 46 940 мың теңгені және 56 979 мың теңгені құрады.
2005 жылы өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде Компания 4 550 мың теңге мөлшерінде таза пайда алды. 2006 жылы шығыс 9 471 мың теңгені құрады.
Соңғы үш жылда Компания белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді: негізгі құралдарды жаңарту және сатып алу есебінен материалдық-техникалық база күшейтілді, шығарылатын өнім көлемі ұлғайды, ұсынылатын өнімнің ассортименті жақсарды.
2005 және 2006 жылдардың нәтижелері бойынша Компания республикалық бюджетке жылдар бойынша сәйкес түрде 30 439 мың теңге және 23 395 мың теңге мөлшерінде салықтар және басқа да міндетті төлемдер төледі.
Нақтыланған деректер бойынша Компанияның 2007 жылғы кірісі бағдармен 251 300 мың теңгені құрайды. Бұл ретте мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің web-сайтын ақпараттық сүйемелдеу шеңберіндегі республикалық бюджет қаражаты кірістердің негізгі көзі болып табылатынын атап көрсету керек.
Компанияның шығыстары да жоспарлы шеңберде - 230 861 мың теңге шегінде қалады. Қызметкерлердің жалақысына, байланыс қызметіне, үй-жайды жалдауға және т.б. шығыстар Компанияның шығыстарының негізгі баптары болып табылады.
2007 жылдың қорытындысы бойынша 20 439 мың теңге мөлшерінде таза пайда алу көзделіп отыр. 2007 жылдың нәтижелері бойынша Компания мемлекеттік акциялар пакетіне 715 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді жоспарлап отыр.
2007 жылдың нәтижелері бойынша 51 087 мың теңге мөлшерінде бюджетке салықтар және басқа да төлемдер төлеуді жоспарлап отыр.
"Қазғарыш" АҚ
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы мен "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысына сәйкес құрылды.
Компания өзінің қызметін жүзеге асыруды 2005 жылы бастады. Көрсетілген кезеңде Компания орындаған жұмыстар көлемінің динамикасы "Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамытудың" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен ғана айқындалды.
2006 жылы 9 ғылыми-зерттеу жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржы қаражаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын 101 "Қолданбалы ғылыми зерттеулер" кіші бағдарламасы бойынша, 002 "Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер" бюджеттік бағдарламасы бойынша және 044 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2 359 100 мың теңгені құрады. 2006 жылы негізгі емес қызметтен кіріс 226 739 мың теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылғы жалпы кірістері 1 282 миллион теңгені құрады. 2006 жылдың жалпы шығыстары 911 миллион теңгені құрады.
2006 жылы Компанияның негізгі қызмет кірістерінің есебінен 150 270 мың теңге мөлшерінде, сондай-ақ негізгі емес қызмет есебінен, атап айтқанда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер және Қазақстандық қор биржасындағы РЕПО операциясы кірістерінен 26 673 мың теңге мөлшерінде қалыптастырылған таза пайдасы 176 943 мың теңгені құрады. 2005 жылдың нәтижесі бойынша Компания 2006 жылы 8 627 мың теңге мөлшерінде дивидендтер төледі.
2006 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне 132 792 мың теңге мөлшерінде салықтар және басқа да төлемдер төленді.
2007 жылдың нәтижелері бойынша:
1 550 миллион теңге - жалпы кірістер;
1313 миллион теңге - барлық шығыстар;
238 миллион теңге - таза кіріс алу жоспарланып отыр.
"Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Kazsatnet" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысына сәйкес құрылды.
2006 жылы компания Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік желісінің (бұдан әрі - ЕТС ГО) жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын жасау бойынша жұмыстар жүргізді.
Осы жұмыстар шеңберінде мынадай жұмыстар жүргізілді:
1) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік желісінің жерсеріктік сегментінің пилотты аймақ жобасын жасау;
2) ЕТС ГО жерсеріктік сегментіне жобалау-жоспарлау құжаттамаларын әзірлеу, оны бекітілген тәртіппен келісу;
3) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында ЕТС ГО жерсеріктік сегментін құру үшін жабдықтар сатып алу;
4) Астана, Алматы қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін даярлық жұмыстарын жүргізу;
5) Алматы, Өскемен, Семей қалаларында өңірлік бөлімшелерді ұйымдастыру;
6) Компанияға Астана қаласында ЕТС ГО пилотты аймағына жүйелік техникалық қызмет көрсету және әкімшілендіру бойынша функцияларды беру.
2006 жылы Компания мемлекеттік органдарға деректер беру қызметін көрсеткен жоқ және тиісінше кірістер алынған жоқ.
2006 жылы компанияның шығындары 7 811 мың теңгені құрады. Жылдың нәтижелері бойынша Компания бюджетке 1 466 мың теңге сомасында салықтар және басқа да міндетті төлемдер төледі.
"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы" АҚ
Пилоттық жоба ретінде жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын және оның орналасу орны Астана қаласы деп айқындалған "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 212 "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Компанияның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге республикалық меншіктен тоғыз ұйым берілді.
Компанияның жарғылық капиталын қалыптастыруға Республикалық бюджеттен 8 000 000 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, олар былай таратылды:
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ офисін және облыс орталықтарында 2 департаментті ашуға, ұстауға - 501 509 мың теңге;
мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрылымдау, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға, кәсіпорындарда халықаралық стандарттарға негізделген жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізуге - 640 000 мың теңге;
жеке меншік отандық және шет елдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды жасау және іске асыру бойынша ұйымдастыруға және іс-шараларды жүргізуге - 858 491 мың теңге;
индустриалдық парктердің инженерлік инфрақұрылымын салу жобаларын жүзеге асыруға - 6 000 000 мың теңге;
Үй-жайды жалға алу, Компания қызметкерлеріне жалақы төлеу, байланыс қызметіне, Интернетке, ұйымдастыру техникаларын, офис жиһаздарын, кеңсе тауарларын сатып алуға, автокөлік жалдауға және басқа да төлемдер бойынша 501 509 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құрылымдау, оңалту бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге және олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер мен технологияларды дамытуға, кәсіпорындарда халықаралық стандарттарға негізделген жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізуге кәсіпорындарды технологиялық қайта жарақтандыруға, Қазақстан Республикасы әділет органдарында қайта тіркеуге бағытталған шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға 640 000 мың теңге мөлшерінде шығыстар болжанып отыр.
Жеке меншік отандық және шет елдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды жасау және іске асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге көзделген 858 491 мың теңге сомасындағы шығыстар Компанияның бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталының үлесіне, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды дамытуға, мониторингіне және басқаруға бағытталған құқықтық, консультациялық, ұйымдастыру және қаржылық іс-шараларына қатысуды көздейді.
Индустриялық парктердің инженерлік инфрақұрылымдарын салу жобасын жүзеге асыру екі жобаны іске асыруды қамтиды:
Қарағанды қаласында құны 6 000 миллион теңге Индустриялық парктің құрылысын салу (осы жобаға республикалық бюджеттен қаражат бөлінді);
Астана қаласында құны 5 000 миллион теңге Индустриялық парктің құрылысын салу (ұсыныстар Республикалық бюджет комиссиясына енгізілді).
2007 жылдың қорытындысы бойынша Компания 154,07 мың теңге мөлшерінде пайда алуды жоспарлап отыр, бұл ретте Компанияның шығыстары 335,95 мың теңгені құрайды. Компанияның 2007 жылы ғана құрылғанын ескере отырып жыл нәтижелері бойынша шығын 181,88 мың теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
2007 жылдың нәтижелері бойынша Компания 4,1 млн. теңге мөлшерінде бюджетке салықтар және басқа да төлемдер төлеуді жоспарлап отыр.
2008-2010 жылдарға арналған перспективалар
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) компания өз қызметінің негізгі 3 бағытын айқындап отыр:
компанияның құнын ұлғайту жолымен акционердің экономикалық пайдасын барынша ұлғайту;
мемлекеттің стратегиялық пайдасын (мүддесін) қамтамасыз ету;
тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясын құру.
Компанияның пайым көкжиегіне қол жеткізу оның негізгі элементтерін жетілдіру арқылы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша стратегиялық міндетті шешу жолымен жүзеге асырылатын болады:
стратегиялық жоспарлау жүйесін;
басқаруды есепке алу жүйесін;
бизнес-жоспарлау жүйесін;
инвестициялық жоспарлау жүйесін;
еншілес кәсіпорындар үшін мақсаттар қою және олардың қызметінің нәтижелерін бағалау жүйесін;
персоналдың дәлелдеу және даму жүйесін.
2008-2010 жылдар кезеңінде Компанияның мұнай өндіруші кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын дамыту жер үсті объектілерін салуға, қайта жаңартуға және жаңғыртуға, сенімді әрі өнімділігі жоғары жер асты жабдығын қолдануға, компьютерлік геологиялық модельдер негізінде кен орындарын игеруді бақылаудың тиімділігі жоғары жүйесін құруға саяды.
Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 19,6 млн. тонна, 2009 жылы - 20,2 млн. тонна, 2010 жылы - 20,27 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр. 2008 - 2010 жылдар кезеңінде мұнай өндірудің есепті өсу қарқыны геологиялық-кәсіпшілік зерттеу деректері мен Өзен кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйіне негізделеді.
Мұнайды магистральды мұнай құбырлары арқылы тасымалдау шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы 46 млн. тонна көлемінде, 2009 жылы 46,7 млн. тонна, 2010 жылы 47,68 млн. тонна көлемінде жоспарланып отыр. Мұнай тасымалдаудың жоспарланып отырған көлемі нарықтық жағдайлар конъюнктурасы мен көлік жүйелерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, Республикада мұнай өндірудің болжамды деңгейі негізінде айқындалған.
Шоғырландырылған деректер бойынша 2008 жылы - 4,4 млн. тонна, 2009 жылы - 4,5 млн. тонна, 2010 жылы - 4,2 млн. тонна мұнайды теңіз арқылы тасымалдау жоспарланып отыр.
Магистральдық газ құбырлары арқылы шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы - 131 млрд. текше м., 2009 жылы - 133 млрд. текше м., 2010 жылы - 130,89 млрд. текше м. деңгейінде табиғи газ тасымалдау жоспарланып отыр.
Газ сату көлемі шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 4,34 млрд. текше м., 2009 жылы - 4,41 млрд. текше м., 2010 жылы - 3,95 млрд. текше м. деңгейінде жоспарланып отыр.
Көмірсутегі шикізатын өңдеу шоғырландырылған көрсеткіштер бойынша 2008 жылы 5,9 млн. тонна, 2009 жылы - 6,1 млн. тонна, 2010 жылы - 6,23 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр.
Компания кірістерінің шоғырландырылған болжамды көрсеткіштері 2008 жылы 1 086,87 млрд. теңге, 2009 жылы - 1 124,19 млрд. теңге, 2010 жылы - 1 124,19 млрд. теңге деңгейінде жоспарланып отыр.
2008-2010 жылдар кезеңінде шығыстардың шоғырландырылған көрсеткіштері мынадай деңгейде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 731,93 млрд. теңге, 2009 жылы - 760,93 млрд. теңге, 2010 жылы - 760,93 млрд. теңге.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша Компания 2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерде шоғырландырылған таза кіріс алуды жоспарлап отыр: 2008 жылы - 163,81 млрд. теңге, 2009 жылы - 164,26 млрд. теңге және 2010 жылы - 158,3 млрд. теңге.
2008-2010 жылдар ішінде Компания мемлекеттік бюджетке ірі салық төлеушінің позициясын сақтайды. 2008-2010 жылдар кезеңінде бюджетке болжамды төлемдер 546,34 млн. теңге көлемінде жоспарланып отыр: 2008 жылы - 175,32 млн. теңге, 2009 жылы - 185,51 млн. теңге, 2010 жылы - 160,50 млн. теңге.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ
Инвестициялық басымдықтары мен даму бағыты отын-ядролық циклдың барлық сатыларына қатысатын тігінен интеграцияланған компанияны құруға бағдарланған.
2008-2010 жылдарға арналған жоспарланып отырған кезеңде жаңа өндірістерді құру, негізгі құралдарды одан әрі жаңалау және әлемдік нарықтарда ұстанымын бекіту есебінен жұмыстың тұрақты және серпінді режиміне шығу басым міндет болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған өндірістік мүмкіндіктер мен әлемдік нарықтарда әрбір өнім бойынша сұранысын сараптай келе, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (бұдан әрі - Компания) дамудың мынадай басымдықтарын айқындайды:
Табиғи уран өндірісінде:
1) қолданыстағы кен орындарында уран өндіру көлемдерін өрістету:
"Шығыс Мыңқұдық" жылына 1000 тоннаға дейін;
- Қанжуған кен орнының жылдық өнімділігі жылына 300 тонна, 2010 жылы жобалық қуатына шығуымен;
2) кен орындарында жаңа кеніштерді салу және кеңейту:
"Ыңғай" КАМЕКО компаниясымен (Канада) бірлесіп;
"Мойынқұм" және "Төртқұдық" Кожема-Аревамен (Франция) бірлесіп;
"Заречное" Ресей Федерациясы Атомминімен және КГРК-мен бірлесіп;
"Иіркөл" қуаты жылына 750 тонна;
"Хорасан 1,2" Marubeni корпорациясы құрылтайшысы болып табылатын UrAsia London Limited және Energy Asia бірлесіп, Tokoy Elektrik Power Company (ТЕРСО) және Chubu Elektrik Power Co., Ink, (Chubu) энергетикалық компанияларымен бірлесіп 2014 жылға қарай толық көлеміне шығуымен - жылына 5000 тонна уран;
"Орталық Мыңқұдық" - қуаты жылына 2000 тонна;
"Оңтүстік Ыңғай" - қуаты жылына 2000 тонна;
"Батыс Мыңқұдық" - жапонияның "Сумитомо" және "Кансай Электрик Пауэр Ко., Инк." компанияларымен бірлесіп қуаты жылына 1000 тоннаға дейін 2010 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығумен кеніш құрылысын салу;
"Буденовское" - Ресей Федерациясының Атомминімен бірлесіп жиынтық қуаты жылына 4 000 тонна 2009 жылға қарай толық өндірістік қуатына шығуымен;
"Семізбай" қуаты жылына 500 тонна;
3) табиғи уранның химиялық концентратын тотықша-тотыққа дейін қайта өңдеу жөніндегі қуаттарды дамыту.
"ҮМЗ" АҚ уран өнімін өндіруде:
1) уран диоксидінің ұнтақтарымен (табиғи байытылған және төмен байытылған) және PWR BWR CANDU реакторларына және Ресейден тыс жерлердегі ресейлік дизайндағы реакторларға арналған отын таблеткаларымен сыртқы нарықтарға (Жапония, Қытай, Еуропа, Оңтүстік Корея, Украина, Канада, АҚШ) шығу;
2) құрамында уран бар материалдар мен қалпына келтірілген уранды ресейлік дизайндағы реакторларға арналған таблеткаларға дейін қайта өңдеу қызметтері УГФ бар ресейлік уран нарығында өз позициясын сақтау;
3) құрамында уран бар ашылуы қиын қайталама балқымаларды қайта өңдеудің әлемдік нарығындағы монополист позициясын сақтау;
4) ХКПУ қайта өңдеу бойынша уранның тотықша-тотыққа дейін тікелей фторлауға жарамды қызмет көрсету рыногында өз позициясын сақтау;
5) Cameco (Канада) Компаниясының технологиясы бойынша "ҮМЗ" АҚ-да уран гексофторидін конверсиялау бойынша зауыт салу.
Уран өнімін өндіруде жаңа бағыт Ресей Федерациясының аумағында уранды байыту бойынша зауыт құрылысын салуға қатысумен іске асырылатын болады.
Бериллий өнімін өндіруде:
1) Қытай нарығына бастапқы бериллий өнімдерін жеткізуде жетекші позицияларға шығу;
2) АҚШ нарығында "ҮМЗ" АҚ үлесін ұлғайту;
3) дәстүрлі нарықта (Ресей, Еуропа) қол жеткен позицияларды нығайту;
Тантал-ниобий өнімін өндіруде:
1) өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету;
2) жоғары технологиялық өнімдерді шығару бойынша өндірістерді ұйымдастыру есебінен тантал өндірісі өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру:
сыйымдылығы жоғары тантал конденсаторлық ұнтақтарын;
танталдан жасалған өнімнің жетілдірілген түрлерін шығару.
Энергия ресурстарын өндіруде:
1) Маңғыстау облысының дамуымен негізделген өңірдің энергия ресурстарына арта түсіп отырған сұранысын қамтамасыз ету;
2) Энергия ресурстарын өткізудің жаңа рыноктарын жеңіп алу, компанияның коммуналдық қызмет көрсету нарығында позициясын дамыту;
3) Энергия ресурстарын өндіру және газды тасымалдау бойынша негізгі бизнестің технологиялық, құрылымдық және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету;
4) Инновациялық үдерістерді белсендіру, қызмет көрсетудің және ИСО сапа стандарттарының жүйесіне көшуді қоса отырып газ тарату желілерін авариясыз пайдаланудың сапасын жақсартуға бағытталған ғылыми әзірленімдерді пайдалану және жаңа технологияларды енгізу:
5) өндірісті техникалық қайта жарақтандыруға, негізгі энергетикалық жабдықтарды жаңалауға және жаңғыртуға, сондай-ақ технологияларды жетілдіруге бағытталған инвестициялық бағдарламаны орындау жолымен "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС орнықты дамуын қамтамасыз ету.
2008-2010 жылдар кезеңінде мынадай мөлшерлерде: