мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 7 665 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 25 274 млн. теңге, оның ішінде, жалпы және әкімшілік шығыстар - 746,3 млн. теңге.
Еншілес және бірлесіп-бақылаушы ұйымдардың қаржы нәтижелерінің есебімен Корпорацияның таза кірісі 357 млн. теңгені құрады.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Корпорация 452,8 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алды, оның ішінде мемлекеттік ресурстар жөніндегі қызметтен - 12 млн. теңге, жеке қызметтен 440,8 млн. теңге мөлшерінде.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Корпорация мемлекеттік белгіленген тәртіпте акциялар пакетіне 220,4 млн. теңге мөлшерінде дивидендтер аударды. 2005 жылы Корпорацияның таза кірісі 2004 жылмен салыстырғанда 19%-ға төмендеді, ол астық нарығының қалыптасқан конъюнктурасына байланысты.
Бұдан басқа, Корпорация 2004-2005 жылдары тартылған қаражаттардың есебімен 2 млн. тоннаға дейін астық сатып алды, тиісінше, сыйақы төлеу түріндегі шығыстар өсті.
2005 жылы бюджетке 594,65 млн. теңге сомасында барлық салықтар мен өзге де міндеттемелер аударылды.
2006 жылы Корпорацияның жалпы кірісі 24 769,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 10 665,5 млн. теңге;
жеке қызмет бойынша - 14 103,7 млн. теңге.
2006 жылы жалпы шығыстар 24 515,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 10 654,2 млн. теңге;
жеке қызмет бойынша шығыстар - 13 861,2 млн. теңге.
2006 жылы таза кіріс 253,8 млн. теңге сомасын құрады, оның ішінде, жеке қызметтен түсетін кіріс 242,5 млн. теңгені, мемлекеттік ресурстармен басқарудан түсетін кіріс 11,3 млн. теңгені құрайды.
2006 жылы акциялар пакетіне дивидендтер сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Корпорацияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде айқындалатын болады.
2007 жылға Корпорацияның жалпы кірісі 36 268,8 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түсетін кіріс - 8 474,1 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша кіріс - 27 794,7 млн. теңге.
2007 жылға арналған жалпы шығыстар 35 993,1 млн. теңге мөлшерінде жоспарланған, оның ішінде:
мемлекеттік астық ресурстарын басқару шығыстары - 8 459,29 млн. теңге;
жеке қаржы-шаруашылық қызмет бойынша шығыстар - 27 533,8 млн. теңге.
2007 жылы Корпорация 275,7 млн. теңге мөлшерінде таза кіріс алуды жоспарлап отыр, оның ішінде, жеке қызметтен түсетін таза кіріс 260,9 млн. теңгені, мемлекеттік астық ресурстары операцияларынан түсетін таза кіріс 14,8 млн. теңгені құрайды.
2007 жылы акциялар пакетіне дивидендтер сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Корпорацияның жалғыз акционерінің шешімі негізінде айқындалатын болады.
2007 жылы Корпорация бюджетке барлық салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді 400 млн. теңге сомасында аударуды жоспарлап отыр.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (бұдан әрі - Компания) "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және»"ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысына сәйкес құрылды.
2005 жылғы қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі жоспарланған 678,6 млн. теңгенің орнына 602,9 млн. теңгені (88,8 %) құрады. Кірістің нақты мөлшері 2004 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9,9 %-ға жоғары, бұл ақша түрінде 54,5 млн. теңгені құрайды.
2005 жылы Компанияның негізгі қызметінен түскен кіріс 594,8 млн. теңгені (2004 жылғы деңгейден 9,8 %-ға жоғары) құрады, оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 279 млн. теңге (2,2%-ға өсті);
ақпараттық бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу жөнінде қызмет көрсетулерден - 287,6 млн. теңге (25,8 %-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 22,8 млн. теңге (34,3 %-ға төмендеген);
басқалар - 5,4 млн. теңге.
Негізгі қызметтен емес түсімдер жоспарланған 5 млн. теңгенің орнына 8,1 млн. теңгені құрады (162 %-ға өсті).
2006 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 867,2 млн. теңге сомасын құрады (2005 жылдың деңгейінен 45,8 %-ға жоғары), оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 555,1 млн. теңге (99%-ға өсті);
ақпараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтерден - 294,5 млн. теңге (2,4%-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 16,5 млн. теңге (27,7%-ға төмендеген);
басқа да жұмыстар мен қызметтерден - 1,1 млн. теңге.
Негізгі қызметтен емес түсімдер жоспарланған 7,6 млн. теңге сомасын құрады.
2007 жылы Компанияның негізгі қызметтен түскен кірістері 1 575,6 млн. теңге сомасында бағаланып отыр (2006 жылдың деңгейінен 82%-ға жоғары), оның ішінде:
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде орындалған жұмыстар бойынша - 226,5 млн. теңге (121%-ға өсті);
ақпараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелі-техникалық қызмет көрсетуі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтерден - 339 млн. теңге (15 %-ға өсті);
телекоммуникациялық қызмет көрсетулерден - 10 млн. теңге (39%-ға төмендеген);
Негізгі қызметтен емес түсімдер 12 млн. теңге сомасын құрайды, бұл 2006 жылдың көрсеткіштерінен 57,9 %-ға жоғары.
2005 жылға Компанияның шығыстары жоспарланған 626,8 млн. теңгенің ("үнемдеу" шығыстары 58,4 млн. теңгені құрады) орнына 568,3 млн. теңгені (90,7 %) құрады. Нақты көрсеткіш 2004 жылғы ұқсас көрсеткіштен 15% -ға артық, бұл ақшалай баламада 75 млн. теңгені құрайды.
Көрсетілген жылы Компанияның негізгі қызметтері бойынша шығыстары 565,8 млн. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2004 жылғы шығындар сомасынан 13,8 %-ға жоғары. Негізгі қызметтер бойынша шығыстар сомасының өсуі негізінен мынадай факторларға негізделген:
еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың 69 млн. теңгеге ұлғаюынан;
өндірістік үй-жайларды жалға алуға арналған шығыстардың 6,1 млн. теңгеге ұлғаюынан;
кадрларды даярлауға арналған шығыстардың 5 млн. теңгеге ұлғаюынан;
еңбек демалыстарын төлеуге 24,6 млн. теңге сомасында резерв сомасын және ҚЕХС талаптарына сәйкес 4,5 млн. теңге сомасында негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуіне арналған резерв сомасын құруға байланысты.
Бұл шығыстардың сомалары ұлғаюының себебі өндірістік персонал санының 2004 жылмен салыстырғанда 74 адамға өсуі болып табылады.
Негізгі қызметтен емес шығыстар - 2,5 млн. теңге.
2006 жылы Компанияның жалпы шығыстары 843,6 млн теңге сомасын құрады.
Көрсетілген жылы Компанияның негізгі қызметінің шығыстары 840 млн. теңге сомасын құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткішінен 48,6%-ға жоғары. Шығыстың өсуі негізделген еңбекақы төлеу қорының 46,1%-ға өсуіне негізделген. Бұл өсім Компания қызметкерлерінің 2006 жылғы сәуірден бастап еңбекақыларының 30%-ға артуына, сондай-ақ өндірістік персонал санының 64 адамға ұлғаюына байланысты.
2007 жылға Компанияның жалпы шығыстары 1 549,2 млн. теңге сомасында бағаланып отыр, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 84%-ға жоғары.
Компанияның негізгі қызметтерінен шығыстар 1 546,2 млн. теңге сомасында күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден 83,9 %-ға жоғары. Шығыстың өсуі негізінен еңбекақы төлеу қорының 94%-ға өсуіне негізделген. Бұл өсім 2007 жылғы қаңтардан бастап қызметкерлер еңбекақыларының 30%-ға артуына, сондай-ақ өндірістік персонал санының 198 адамға ұлғаюына байланысты.
2005 жылы таза кіріс сомасы 34,5 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткіштерінен 31,5%-ға төмен. Таза кірістің төмендеуі бюджеттік бағдарламалар бойынша шарттардың бұрын жоспарланған сомадан аз сомаға жасалуына байланысты.
Акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша 4,9 млн. теңге сомасындағы таза кірістің бір бөлігі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге бағытталған.
2006 жылы Компанияның таза кірісі жоспарланған 26,8 млн. теңгенің орнына 31,2 млн. теңге сомасын құрады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 550 қаулысымен бекітілген Компанияның 2006-2008 жылдарға арналған даму жоспарында көрсетілген таза кірістен мемлекеттік акциялар пакетіне аударымдар нормативіне сәйкес Қоғамының таза кірісінің 30% мемлекеттің акциялар пакетіне жіберілген.
2007 жылы Қоғамның таза кірісі 32,3 млн. теңге сомасында бағаланады. Таза кірістен мемлекеттің акциялар пакетіне аударымдар нормативіне сәйкес Компанияның таза кірісінің 30% мемлекеттің акциялар пакетіне дивидендтер төлеуге жіберіледі.
2005 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың және өзге де міндетті төлемдердің төленген сомасы 178,2 млн. теңгені құрады.
2006 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтың және өзге де міндетті төлемдердің төленген сомасы 234 млн. теңгені құрады.
2007 жылғы қорытындылар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтың және өзге де міндетті төлемдердің сомасы 382 млн. теңге мөлшерінде жоспарланып отыр.
"Қазпочта" АҚ
"Қазпочта" АҚ (бұдан әрі - Қоғам) "Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорнын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.
Компанияның миссиясы Қазақстанның бүкіл аумағында жоғары сапалы деңгейдегі почта-жинақтау қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз етуден тұрады.
2005 жылы жазба хат-хабарларының 41,6 млн. бірлігі қабылданды, бұл өткен жылдың деңгейінен 26,8%-ға жоғары. Қабылданған сәлемдемелер саны - 1.8 млн. бірлікті, бұл өткен жылдың деңгейінен 20,0%-ға жоғары, жеткізілген мерзімді басылымдар - 162,3 млн. бірлікті құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,4%-ға жоғары. Ақшалай төлемдердің көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 26,7%-ға ұлғайды және 198,1 млрд. теңгені құрады.
2006 жылдың қорытындылары бойынша 44,6 млн. бірлік жазба хат-хабарлар өңделді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 7,2%-ды құрады. Сәлемдемелер 2,13 млн. бірлікте қабылданды және өңделді, бұл өткен жылдың көлемінен 20,3%-ға жоғары. Мерзімді басылымдар 171,3 млн. бірлік санында немесе 2005 жылмен салыстырғанда 5,5% өсумен жеткізілді. Ақшалай төлемдердің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға ұлғайды және 253,0 млрд. теңгені құрады.
2007 жылы шығыс ақылы айналым көлемінің 2006 жылдың деңгейіне қарағанда 5,2 %-ға, ақшалай төлемдердің көлемі 18,0 %-ға ұлғаюы күтілуде.
Ақылы алмасу көлемінің құрылымы былай сипатталады: мерзімді басылымдарға жазылу және сату - 78,5%, жазба хат-хабарлар - 20,4%, сәлемдемелер - 1,0%, жедел почта қызметтері - 0,1%.
Ақшалай төлемдердің көлемінде зейнетақылар және жәрдемақылар 73,1%-ды, еңбекақы - 23,8%-ды, ақшалай аударымдар - 3,1%-ды құрайды.
2006 жылы агенттікте қызметтердің мынадай түрлерін енгізу жалғасты: екінші деңгейдегі банктердің агенті ретінде тұтынушылық несиелеу және ұялы байланыс қызметіне төлемдер қабылдау.
2005-2006 жылдар кезеңінде жалпы көлемі 51,0 млрд. теңге сомасында тұтынушылық несие берілді, несие алушылар саны 40,2 мың адамға жетті; ұялы байланысқа төлемдер 24,0 млн. теңгеден сомасында қабылданды.
Қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары бойынша 2005 жылы Қоғамның кірісі 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 26,6%-ға өсіп, 9 087,9 млн. теңгені құрады. 2005 жылы шығыстар 8 768,6 млн. теңгені құрады, нәтижесінде 2005 жылы Қоғамның таза кірісі 94,7 млн. теңге деңгейіне жетті.
2006 жылы кірістер 12 748 млн. теңгені, шығыстар - 12 329,9 млн. теңгені, таза кіріс - 275,7 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылдың көрсеткіштерінен 2.9 есеге немесе 181 млн. теңгеге жоғары.
2007 жылы кірістер 13 680,9 млн. теңге, шығыстар - 13 244,1 млн. теңге, таза кіріс - 230,6 млн. теңге деңгейінде күтілуде.
"Қазақтелеком" АҚ
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясын (бұдан әрі - "Қазақтелеком" ҰАҚ) құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс қызметтерінің көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен құрылды. 1996 жылы наурызда мөлшері 12,1 млрд. теңгені құрайтын жарғылық қордың көлеміне акцияның алғашқы эмиссиясы тіркелген.
Мемлекеттік акцияларының пакеті, бұрын 50%-ды және шығарудағы бағалы қағаздардың жалпы санының 1 акциясын құрайтын, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 142 бұйрығымен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Самұрық) берілген.
2006 жылы "Қазақтелеком" АҚ-ның 4,6% жай атаулы акциялары Холдингке тиесілі Қазақстан Республикасының ішкі қор нарығына орналастырылды. Осы орналастырудың нәтижесінде Холдингтің жай акцияларының пакеті Қоғамның барлық жай дауыс беруші акцияларының 51%-ын құрайды.
Тұтастай алғанда, телекомуникациялық қызметтер нарығы өсудің жаңа қарқынын сақтайды: 2006 жылы оның көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 27,5 %-ға өсті және 261 млрд. теңгені құрады.
Бұл өсім негізінен, Қазақстандағы ұялы телефондардың барынша дамуымен айқындалады, ондағы нарықтың үлесі - 44,0 %. Сондай-ақ өсудің жоғарғы қарқыны ақылы теледидар (3,0%), интернет (4,4 %), жеке желілер (2,4%), ІР-телефондарының 1,8 % қызметтері бойынша тіркелген.
Бұл үрдістер нарық құрылымының белсенді шегін айқындайды.
Ең тез дамушылардың бірі қазіргі күннің өзінде нарықтың 8 %-ын айқындайтын Деректер беру мен интернет қызметтерінің нарығы болып табылады. 2006 жылы интернет желісіне кең жолақты қол жетімділік қызметі нарығының үлесі интернет желісіне коммутаторлық қол жетімділік нарығының жалпы көлеміндегі үлес пен өсу қарқынының анық азаюымен 2005 жылғы 40 %-дан 2006 жылы 69%-ға дейін ұлғаюы байқалып отырғанын айта кету қажет.
"Қазақтелеком" АҚ 2006 жылы ұялы операторлардың өте қатты дамуына қарамастан, нарықтың ең жоғарғы 41,4 % үлесін иеленіп, нарықта көшбасшылық ахуалын сақтады. "Алтел" АҚ мен»"Нұрсат" АҚ еншілес компаниялардың ескере отырып,»"Қазақтелеком" АҚ-ның шоғырландырылған нарығының үлесі 2006 жылы 44,2 %-ды құрайды.
Бұдан басқа, 2006 жылы Компания "Мобайл телеком-Сервис", "Нұрсат", "Алтел" және "РадиоТелл" компанияларының акциялары мен үлестерін сатып алу жөніндегі жұмыстарды жүргізді, соның нәтижесінде республиканың телекоммуникация нарығындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі жүзеге асырылды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Қоғам бойынша көрсетілген қызметтерден (негізгі қызметтен) түскен кірістердің көлемі 99 558,3 млн. теңгені, 2006 жылы - 113 912,6 млн. теңгені құрады, 2007 жылы бұл көрсеткіш 127 804,2 млн. теңге мөлшерінде бағаланады.
Негізгі қызметтер бойынша шығыстар 2005 жылы - 73 563 млн. теңгені, 2006 жылы - 88 573 млн. теңгені құрады. 2007 жылы шығыстар 109 145 млн. теңге сомасында бағаланады. 2005 жылы бюджетке төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 23 149, 97 млн. теңгені, 2006 жылы - 24 585,6 млн. теңгені құрады. 2007 жылы бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің мөлшері 24 694 млн. теңге мөлшерінде күтілуде.
2006 жылы Компанияның таза кірісі 35 259,19 млн. теңгені құрады. 2007 жылғы таза пайданың мөлшері 28 409,1 млн. теңге деңгейінде бағаланады.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың (бұдан әрі - Компания) тасымалдау процесінде темір жол саласының функционалдық тұтастығын және ыңғайлы басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген холдингтік құрылымы бар. Қазақстанда темір жол саласын реформалау 1997 жылы құрылған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамында қазақстандық үш темір жолды біріктірумен және оның құрамында бір мезгілде алты жол басқармасын құрумен басталды.
Тасымалдауға ұсынылатын негізгі тауар өнімдері астық, мұнай, кен, минералдық тыңайтқыштар және т.б. сияқты жаппай үйме және құймалы жүктер болып табылады.
2006 жылы жүк айналымы 191 189 млн. т-км құрады және 2005 жылғы деңгейді 19 334 млн. т-км немесе 11,2%-ға арттырды. Алдын ала бағалау бойынша 2007 жылы жүк айналымы 198 230 млн. т-км көлемінде орындалатын болады, 2006 жылға өсім - 3,7 % немесе 17 041 млн. км.
2006 жылы 17,3 млн. жолаушы тасымалданған, бұл 2005 жылғы деңгейден 5,3 %-ға артты. 2006 жылы жолаушылар айналымы 13 613 млн. жол-км құрады, 2005 жылға өсім - 12,2 %-ды немесе 1 484 млн. жол-км. 2007 жылы жолаушылар айналымы 14 160 млн. жол-км. деңгейінде күтілуде (өсуі 4%).
2006 жылғы жүк айналымы құрылымының едәуір үлес салмағын массалық жүктер алады: тас көмір - 26 %, түрлі түсті және темір рудасы - 18,9 %, мұнай жүктері - 17 %, құрылыс жүктері - 10 %, қара металдар - 7%.
Компанияның негізгі қызметінен түсетін кірістер 2005 жылы 285,9 млрд. теңгені, 2006 жылы - 382,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейді 34%-ға арттырды. Белгіленген жоспардың аса орындалуы (376,9 млрд. теңге) 5,7 млрд. теңгені немесе 2%-ды құрады. Оның ішінде мемлекеттік субсидиялар 9,48 млрд. теңге көлемінде алынды, бұл 2005 жылғы деңгейден 4,2%-ға және көзделген жоспардан 1,9%-ға төмен.
Сатылған өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 246,3 млрд. теңгені, 2006 жылы - 281,45 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейден 14 %-ға артық және жоспардағыдан 6 % төмен.
Жиынтық пайда 2006 жылы 22,45 млрд. теңге мөлшерінде алынды, бұл 2005 жылғы деңгейден (-17,2 млрд. теңге) 39,7 млрд. теңгеге жоғары.
2007 жылы өнімдерді сатудан түсетін кірістер 417,7 млрд. теңге сомасында күтілуде, 2006 жылға қарағанда өсім 9,2 %-ды құрайды. Сатылған өнімнің өзіндік құны 333,1 млрд. теңгені құрайды, жиынтық пайда 18,9 млрд. теңге сомасында күтілуде.
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ
Машина жасау саласындағы қызметті жүзеге асыратын "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - компания) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысының негізінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылды.
Қазіргі уақытта Компанияның кәсіпорындары елдің отын-энергетика, көлік, ақпараттық-телекоммуникация секторлары үшін өнім шығаруды игерді. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтер номенклатурасы өндіріс құрылысы елеулі дәрежеде бұрынғы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінен мұраға қалған болып табылады және қосалқы бөлшектер мен жинақтауыштар өндірісі, техникалар мен жабдықтарды ағымдағы және күрделі жөндеу басым еліміздің дамып келе жатқан экономикасының қажеттіліктеріне сай келмейді.
Есепті 2005 жылды Компания 107 млн. теңге мөлшерінде оң қаржы нәтижелерімен аяқтады. 2004 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда Компанияның таза кірісі 244 млн. теңгеге қысқарды, бұл Компанияның құрамына "Семей инжиниринг" АҚ, "КИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" АҚ, "КИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" АҚ-ны кіргізуге байланысты олардың қызметінің жылдық қорытындысы залалды болды.
2005 жылдың қорытындылары бойынша Компанияның жалпы кірісі 10 174 млн. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштерді (7 817,49 млн. теңге) 2 356,59 млн. теңгеге арттырды. Осылайша, кірістердің өсу қарқыны көрсетілген мерзімге 30%-ды құрады.
Кірістердің едәуір өсуі негізінен дайын өнімді (қызметтерді) сату көлемінің өсуімен негізделген.
Компанияның жалпы шығыстары 10 067 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың көрсеткішінен (7 466,48 млн. теңге) 2 600,52 мың теңгеге немесе 35 % асып түседі, Шығыстар өсімі негізінен өнімді өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты.
2005 жылғы салықтар мен басқа да міндетті төлемдер сомасы 1 572,77 млн. теңгені құрады.
Компанияның 2006 жылғы есептік деректеріне сәйкес кәсіпорындар шығарған өнім 8 360,5 млн. теңгені құрайды, бұл алдындағы жылмен салыстырғанда 29 % өсім құрайтын болады. Бұл өсім шығарылатын өнім номенклатурасының кеңеюіне және осы өнімдерге тұтынушылар тарапынан тапсырыстардың ұлғаюына байланысты. "КАМАЗ-Инжиниринг" ЖШС-та жинау өндірісін ұйымдастыруға байланысты болды. Мысалы, "С.М. Киров атындағы машзавод" АҚ РВ-1.1М, УП КЛУБы радиостанцияларының өндірісін оның негізгі тұтынушысы "Локомотив" АҚ үшін игерді.
Сонымен бірге, тұтастай алғанда Компанияның 2006 жылғы кірістері 9 458,72 млн. теңгені құрады. Алдындағы жылмен салыстырғанда осы көрсеткіштің төмендеуі 8 %-ды құрайды. Кіріс базасы төмендеуінің негізгі себептері Компанияның бірқатар кәсіпорындарының тендерлерден ұтылуы, Қазақстан Республикасының әлеуетті құрылымдары үшін өнімдер шығаруға мамандандырылатын кәсіпорындар үшін тапсырыстардың жеткіліксіз көлемі болып табылады.
Таза кіріс 151,86 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы деңгейден (107 млн. теңге) 42%-ға артық. Сатудан түскен кірісті төмендету кезінде Компанияның таза кірісі көрсеткішінің едәуір артуы Компанияның негізгі емес қызметтен 932,3 млн. теңге сомасында кіріс алуына негізделген: Бұл кіріс Компанияның жүргізген өндірістік алаңдарды және станоктық парктерді оңтайландыру жөніндегі нысаналы бағытталған жұмыстары нәтижесінде алынды.
Компанияның шығыстары 9 306,88 млн. теңгені құрайды, бұл 2005 жылғы өлшемдерден 8%-ға төмен. Компания шығыстарының төмендеуі Компания кәсіпорындарының жылдың ішінде жасалған шарттарының жеткіліксіз санының шығыстарын оңтайландыруға байланысты.
2006 жылы Компания бюджетке 1 349,33 млн. теңге мөлшерінде салықтар мен басқа да төлемдерді төледі.
2007 жылы өндірілген өнімдердің көлемі тұтастай Компания кәсіпорындары бойынша 11 157,84 млн. теңге мөлшерінде күтілуде, бұл 2005 жылдың осындай көрсеткішін (6 725,61 млн. теңге) 66 %-ға және 2006 жылдың көрсеткішін (8 360,5 млн. теңге) 33,45 %-ға арттырады.
Бұл ретте, Компания кәсіпорындары бойынша жалпы кіріс базасы 13 195 млн. теңгені құрайды деп күтілуде.
Компания қойылған өндірістік міндеттерді іске асыру үшін 2007 жылға 12 513,58 млн. теңге мөлшерінде шығыстарды жоспарлап отыр, бұл 2006 жылғы өлшемдерден (9 306,88 млн. теңге) 34,5%-ға жоғары.
2007 жылы Компанияның таза кірісі 681,05 млн. теңге (өсу 2006 жылға қарағанда 529,19 млн. теңге) мөлшерінде күтілуде.
2007 жылы Компания бюджетке салық пен басқа да міндетті төлемдерді 1 761,87 млн. теңге мөлшерінде аударуды жоспарлап отыр.
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Компания) "Қазақстан Республикасының энергетика жүйесін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды.
Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының бірыңғай энергетика жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі заманғы техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға сай келетін Ұлттық энергетика желісін (бұдан әрі - ҰЭЖ) сенімді басқаруды жүзеге асыру.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес компания өңіраралық деңгейдегі тораптар бойынша электр энергиясын беру және Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу мен электр қуатын тұтыну жөніндегі қызметтерді жеткізуші ретінде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
2005 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 31,40 млрд. кВт. құрады, бұл 2004 жылдың көрсеткішінен 4,3%-ға төмен және негізінен, Екібастұз МАЭС-2-ден электр энергиясын экспорттық жеткізу көлемінің азаюына байланысты.
2006 жылы Компанияның желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 180 млн. кВт ұлғайды және 31,58 млрд. кВт. с. құрады. Бұл ретте, ұсынылған жеңілдіктерді ескере отырып электр қуатын беру жөніндегі қызметтер көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 8,7 %-ға ұлғаяды, бұл жеңілдіктерсіз төлейтін тұтынушылар үшін беру көлемінің өсуіне байланысты.