8. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат, 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., №13-14, 55-құжат):
3-баптың 3-тармағында:
1-2) тармақша алып тасталсын;
1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-3) мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;».
9. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат):
1) 1-бапта:
2-2, 2-3 және 2-5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген функциялар мен өкілеттіктерге негізделген, бюджет қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерін қорғауға және қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет.
2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамаларын қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.»;
«2-5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімі - мемлекеттік қызметтер көрсетуді алушыларды, олардың көрсетілуін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үнемі жаңартылып отыратын тізбесін және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтік құқықтық акт.»;
2-4-тармақ алып тасталсын;
2) 9-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Регламент және стандарт»;
2-тармақтағы «стандарты мен регламентін» деген сөздер «стандартын» деген сөзбен ауыстырылып, 3-тармақтағы «мен регламенті» деген сөздер алып тасталсын;
3) 15-1-бапта:
тақырыптағы «көрсетуді жүзеге асыру» деген сөздер «көрсету» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында қызметтер ұсынатын мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «стандарты мен регламентінің» деген сөздер «стандартының» деген сөзбен ауыстырылсын.
10 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
10. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001, № 3, 17-құжат, № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «әзірлейді» деген сөзден кейін «және әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің болжамын мақұлдайды» деген сөздермен толықтырылсын;
1-1) тармақша алып тасталсын;
1-2) тармақшадағы «тиісті қаржы жылына арналған» деген сөздер алып тасталсын;
1-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-5) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;»;
1-6) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өз құзыреті шегінде ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады, табиғат пайдаланушыларға ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, табиғат қорғау іс-шараларын жүргізеді, табиғат пайдалануды реттейді;»;
14-1) тармақшадағы «халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және», «басқа да» деген сөздер алып тасталсын;
22) 31-баптың 1-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;»;
1-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын бекітеді;»;
1-5) тармақша алып тасталсын.
11. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат, 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат):
64-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «мемлекеттік инвестициялар», «мемлекеттік инвестициялардың» деген сөздер тиісінше «бюджеттік инвестициялар», «бюджеттік инвестициялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12 тармақ 2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
12. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
«28) халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және оларды жою шаралары туралы хабардар етеді.»;
2) 9-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
13 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
13. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағында:
1) тармақшадағы «және көліктегі» деген сөздер «, көліктегі және тиісті аумақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
2) 6-баптың 2) тармақшасындағы «және жергілікті» деген сөздер алып тасталсын;
3) 7-2-бапта:
тақырыптағы және бірінші абзацтағы «және көліктегі» деген сөздер «, көліктегі және тиісті аумақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;»;
4) тармақша «темір жол» деген сөздердің алдынан «автомобиль, теңіз,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақшадағы «іске асыруға қатысады» деген сөздер «іске асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды және тиісті аумақта олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
17) тиісті аумақта жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады;
18) өнімге, тауарларға, процестерге және көрсетілетін қызметтерге өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тиісті аумақта міндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қорытындылар береді;
19) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, есепке алудың және есептілік нысандарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
20) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды жүргізеді;
21) тиісті аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
22) тиісті аумақта профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.»;
4) 8-бап алып тасталсын.
5) 10-бапта:
1-тармақта:
төртінші абзацтағы «көліктегі» деген сөз «Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші, алтыншы абзацтар алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.».
6) 25-баптың 2-тармағындағы «мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары» деген сөздер алып тасталып, «санитарлық-карантиндік бақылауды» деген сөздерден кейін «тиісті аумақтарда» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат, № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
34-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Ұлттық холдингтердің және ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталын ұлғайту кезінде акциялардың қосымша эмиссиясын төлеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік органдар жүргізуі мүмкін.».
15. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы, 2008 жылғы 25 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
18-1-баптың 3-тармағы «не құрылымдық облигацияларды ұстаушылардың барлығының немесе олардың өкілінің келісімімен жол беріледі» деген сөздермен толықтырылсын.
16 тармақ 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді
16. «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат):
1) 8-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацындағы «сатып алуды жүзеге асырады» деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды сатып алуды жүзеге асырады;»;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар сатып алатын профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның қоймаларында жүзеге асырылады.».
17. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат):
1) 9-бапта:
1) тармақшада:
екінші абзацтағы «талдау мен» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы «бағалау мен» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші абзацтағы «жобаларды» деген сөз «өтінімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды.»;
3) 14-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі «концессиялық жобаның» деген сөздер «концессия объектісінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-баптың 1-тармағында:
5) тармақшада:
«жеңіп шыққан концессия жобасын» деген сөздер «жеңіп шыққан концессия өтінімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жобаларды» деген сөз «өтінімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «конкурстық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобалар мен концессия шартын» деген сөздер «концессиялық өтінімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «болуға;» деген сөз «болуға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер концессионер концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі «ықтимал концессионердің» деген сөздердің алдынан «концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға ықтимал концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 19-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «жобаларды» деген сөз «өтінімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 20-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «жобаларды» деген сөз «өтінімдерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «концессиялық жобасы» деген сөздер «концессиялық өтінімі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың үшінші бөлігіндегі «концессиялық жобаның» деген сөздер «концессиялық өтінімнің» деген сөздермен ауыстырылсын.
18 тармақ 2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
18. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 жылғы 24 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің көлемі, оны жасау нысандары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.»;
2) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.».
19. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; 2008 жылғы 22 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
37-баптың 5-тармағында:
2) тармақшадағы «тауарларды» деген сөз «активтер мен басқа да тауарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда,» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 3, 4-тармақтарын, 5-тармағының 2) тармақшасының үшінші абзацын, 6, 7, 10, 13, 16-тармақтарын, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының екінші абзацын, 12-тармағын және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 18-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 4-і
№ 97-ІV ҚРЗ