Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 тамыздағы № 754 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 25 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 16 тамыздағы
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар
және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін
жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы
(мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша пайыздар төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеуге республикалық бюджет қаражатынан субсидиялар ұсынудың тәртібін айқындайды, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) 102000,0 мың (бір жүз екі миллион) теңге сомасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) лизинг беруші - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар лизингтік компаниялар, екінші деңгейдегі банктер;
2) лизинг алушы - агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;
3) субсидиялау әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
4) арнайы техника - ауыл шаруашылығы өнімін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және бастапқы өңдеуге, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларын механикаландыруға, азық дайындауға, су себетін және суару машиналарына, жылыжайларға арналған жабдықтар мен машиналар;
5) уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
4. Субсидиялау сомасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80 %-ынан аспайды.
Субсидиялау әкімшісінің төлеуі тиіс қайта өңдейтін жабдықтар және/немесе арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау сомасы лизинг беруші жабдықтарды лизинг алушыға нақты берген күнінен бастап он екі айға тең кезеңге есептеледі.
1. Лизинг берушілердің сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау тәртібі
5. Лизинг берушілерді іріктеуді жүргізу үшін субсидиялау әкімшісі:
1) лизинг берушілерді іріктеуді жүргізудің орны мен күні туралы хабарландыруды республикалық баспа басылымдарында және субсидиялау әкімшісінің веб-сайтында орналастырады;
2) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемінде бес адамнан болуы тиіс. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды.
6. Субсидиялау әкімшісі лизинг берушілерді іріктеуді мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
1) лизинг алушылар беретін лизинг бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейі жылдық 18 (он сегіз) пайыздан аспауға тиіс;
2) лизинг алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын, лизинг алушылар өтінімдерінің және лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы қаржы лизингі шарттарының қалыптасқан портфелінің болуы;
3) лизинг берушілердің іріктеу жүргізілетін күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтерді сақтауы;
4) тиісті лицензиясының болуы;
5) салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.
7. Лизинг берушілер әлеуетті лизинг алушылардың қаржылық жағдайын, оның лизинг беруші алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау қабілеттілігін, лизинг бойынша жобаның өтелуін, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің мынадай:
1) ет, құс етін ендіру және жұмыртқа шығару, ет өңдеу;
2) сүт өндіру және өңдеу;
3) жеміс-жидектерді, көкөністерді өсіру және қайта өңдеу, жеміс-көкөніс консервілерін, балалар тағамдарын шығару;
4) майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсімдік майын шығару;
5) дәнді дақылдарды қайта өңдеу;
6) қант шығару кіші салаларын дамыту басымдылығын негізге ала отырып, лизинг алушылар өтінімдерінің қалыптасқан портфелін ұсынады.
8. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген лизинг берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтінім ұсынады.
9. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
1) банктік қызметтердің жекелеген түрлерін ұсынуға лизинг берушінің құқығын растайтын лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күні алдындағы үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
4) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг алушының сипаттамасы;
5) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қысқаша сипаттамасы;
6) қоса берілген төлемдер кестесімен бірге алдын ала лизинг шарттары, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында жасалған лизинг шарттары;
7) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес қайта өңдейтін жабдықтарды және/немесе арнайы техникаларды жеткізу күнінен бастап сыйақы есептеудің алдын ала кестесі;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күні алдында үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының әрбір лизинг алушы бойынша белгіленген нысандағы бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрі басылған анықтамасының көшірмесі;
9) лизинг берушілерді іріктеуді жүргізу қорытындылары туралы комиссия отырысының Хаттамасына қол қойылған күннен бастап 25 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған алдын ала қаржы лизингі шарттарына сәйкес қаржы лизингі шарттарын бекіту туралы лизинг берушінің жазбаша міндеттемесі;
10) өтінімге бірінші басшы қол қоймаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат.
10. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арт жағындағы жіптің ұшы «____» парақ тігілген және нөмірленген. Күні 2008 жылғы «___» _________ деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделіп, лизинг берушінің лауазымды адамының қолы қойылуы және лизинг берушінің мөрімен бекітілуі тиіс.
11. Лизинг берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашуды жүргізу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конверттерді ашу хаттамасы жасалады және оған комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
12. Комиссия конверттерді ашу хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жеке отырысында лизинг берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы және осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
13. Қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үлесі лизинг берушілердің өтінімдерінде ұсынылған сыйақы есептеудің алдын ала кестелеріне сәйкес лизинг жобалары бойынша сыйақының жалпы сомасына субсидиялауға ұсынылатын қаражаттың (102000,0 мың теңге) арақатынасымен анықталады.
14. Лизинг берушілерді іріктеуді жүргізу және субсидияларды бөлу қорытындылары туралы хаттамаға лизинг берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы және осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне түпкілікті қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
15. Іріктеуден өткен лизинг берушілер 25 (жиырма бес) күнтізбелік күн ішінде ұсынылған алдын ала қаржы лизингі шарттарына сәйкес лизинг алушылармен қаржы лизингі шарттарына қол қояды.
16. Іріктеу нәтижелері бойынша субсидиялау әкімшісі мен лизинг беруші арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, жасалған қаржы лизингі шарттарын және басқа да талаптарды көздейтін субсидиялауға арналған шарттар жасалады.
17. Субсидиялау әкімшісі осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен лизинг берушінің есеп шотына аударуға лизинг беруші берген өтінімдерді және осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті қарайды және оларды қарағаннан кейін осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лизинг бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауға арналған ведомость қалыптастырады.
18. Субсидиялау әкімшісі субсидиялардың сомасын лизинг берушілерге тоқсан сайын аванстық төлеммен аударады. Аударылатын қаражат сомасы лизинг берушілер мен лизинг алушылар арасында жасалған қаржы лизингі шарттарының төлем кестелері негізінде есептеледі. Субсидиялар лизинг шарты бойынша беріледі, олар бойынша лизинг алушылар өтеу кестелеріне сәйкес төлемдерді уақтылы және толық жүргізеді.
19. Келесі қаржы жылына өтетін және субсидиялауға арналған шартқа сәйкес төлеуге жататын субсидиялау сомасының қалдығын ағымдағы қаржы жылының соңында біржолғы аванстық төлеммен субсидиялау әкімшісі аударады.
Лизинг берушілерге субсидияны төлеу үшін субсидиялау әкімшісі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне екі дана төлеуге жататын шоттар тізілімін және төлеуге жататын шотты ұсынады.
20. Лизинг берушілер алынған қаражат бойынша субсидиялау әкімшісіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лизинг бойынша сыйақы ставкасын нақты есептеу және өтеу туралы есеп және келесі тоқсанда субсидиялар алуға белгіленген нысандағы өтінімді беруі тиіс.
3. Қорытынды ережелер
21. Лизинг алушы лизинг беруші алдындағы міндеттемелерді мерзімінен бұрын тоқтатқан және (немесе) лизинг алушының міндеттемелерді бұзғаны үшін қаржы лизингі шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда лизинг беруші 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде субсидиялау әкімшісін бұл туралы хабардар етуі және субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын республикалық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. Мұндай жағдайда қаржы лизингінің шартын бұзған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады.
22. Лизинг алушылар міндеттемелерді уақтылы және толық орындау бойынша лизинг берушілер алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
23. Лизинг берушілер субсидиялау ретінде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
24. Субсидиялау әкімшісі өз құзыреті шегінде субсидияларды аударуға ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін, лизинг берушілер лизинг алушыларға ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге субсидиялар ретінде бөлінген қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 1-қосымша
ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін қарап, оны алғанын
___________________________________________________________________
(лизингтік компанияларын, банктің атауы)
осымен куәландырады және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау» бағдарламасын іске асыруға қатысуға тілек білдіреді.
1. Лизинг беруші туралы мәліметтер
Толық атауы _________________________________________________
Заңды мекен-жайы ____________________________________________
Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық
мекен-жайы ________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нөмірі, берілген күні)* _________
___________________________________________________________________
Лицензия (нөмірі, берілген күні және лицензия берген органның
атауы)* ___________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лизинг берушінің бірінші басшының Т.А.Ә. __________________________
2. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер
Бір лизинг алушыға қауіптің ең жоғары мөлшері (_________________)
Өтімділік коэффиценті (_________________________________________)
Ашық валюталық ұстанымның лимиттері (___________________________)
Банктің негізгі қаражатқа және басқа да қаржылық емес активтерге
инвестициялары ең жоғары мөлшерінің коэффиценті (_______________)
3. Лизинг алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер
Р/с № | Заңды тұлғаның, кәсіпорынның толық атауы | Мекен- жайы | Негізгі қызмет түрі | Лизинг мақсаты | Лизинг сомасы, млн. теңге | Лизинг бойынша сыйақы сомасы**, теңге |
| | | | | | |
Ескертпе:
* нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;
** сыйақы сомасы лизинг беруші жабдықтарды және/немесе арнайы техникаларды лизинг алушыға нақты берген күнінен бастап он екі ай көлемі бойынша есептелуі тиіс
Лизинг берушінің бірінші басшысы ________________________
(қолы, Т.А.Ә)
М.О.
Күні
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 2-қосымша
Лизинг алушының сипаттамасы:
1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны ___________________________
___________________________________________________________________
2. Меншік нысаны __________________________________________________
3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекен-жайы, телефондары,
факсы. ____________________________________________________________
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (нөмірі, берілген күні) ______
___________________________________________________________________
5. Жарғылық капиталының мөлшері ___________________________________
6. Құрылтайшылары _________________________________________________
7. Банктік деректемелері __________________________________________
8. Салықтық есепке алу үшін тіркеу орны, СТН № ____________________
9. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары _________
___________________________________________________________________
10. Негізгі қызмет түрі ___________________________________________
11. Жылдық айналымы, сомасы _______________________________________
12. Соңғы есепті күнгі пайдасы немесе шығыны, сомасы ______________
___________________________________________________________________
13. Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны _____________________________
14. Бюджетке төленетін төлемдер, салықтар және басқа да алымдар
бойынша берешегі (қай түрі бойынша және сомасы) ___________________
___________________________________________________________________
15. Кредиттер бойынша берешегі (кімге және сомасы) ________________
___________________________________________________________________
16. Болжамды өткізу нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы
___________________________________________________________________
Лизинг берушінің бірінші басшысы ____________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
________________________________________туралы мәліметтер **
(лизинг алушының атауы)
растаймын ___________________________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
Ескертпе:
* әрбір лизинг алушы бойынша жеке толтырылады;
** мәліметтер лизингтік компанияның немесе банк басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 3-қосымша
Жобаның қысқаша сипаттамасы*
1. Кәсіпорынның атауы _______________________________________
2. Сомасы ___________________________________________________
3. Мерзімі __________________________________________________
4. Сыйақы ставкасы __________________________________________
5. Жобаның мақсаты __________________________________________
___________________________________________________________________
Р/с № | Сатып алынатын жабдықтың, арнайы техниканың атауы | Саны | құны | Жалпы сомасы |
| | | | |
Жобаны іске асырудан жоспарланып отырған нәтижелер __________
___________________________________________________________________
Лизинг берушінің бірінші басшысы ____________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
_________________________________________туралы мәліметтер **
(лизинг алушының атауы)
растаймын____________________________________________________
(лауазымы, қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
Ескертпе:
* әрбір лизинг алушы бойынша жеке толтырылады;
** мәліметтер лизингтік компаниямен немесе банк басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 4-қосымша
Лизинг бойынша сыйақыны есептеудің алдын ала кестесі
Айы | Қайта өңдейтін жабдықтар жеткізілген күннен бастап лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасы, теңге | Арнаулы техникаларды жеткізген күннен бастап лизинг бойынша есептелген сыйақы сомасы, теңге |
Бірінші | | |
Екінші | | |
Үшінші | | |
Төртінші | | |
Бесінші | | |
Алтыншы | | |
Жетінші | | |
Сегізінші | | |
Тоғызыншы | | |
Оныншы | | |
Он бірінші | | |
Он екінші | | |
Барлығы | | |
Лизинг берушінің бірінші басшысы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
Лизинг алушының бірінші басшысы____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
күні
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 5-қосымша
Лизингтік компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер
лизинг алушыларға беретін қайта өңдейтін жабдықтарды
мен арнаулы техникаларды лизингілеу жөніндегі сыйақы
(мүдде) ставкасын субсидиялау үшін республикалық
бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Күні 20_ж. _______ __________
Осымен ____________________________ лизингтік компаниясы (банкі) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20__жылғы ___ ___________ №_______ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау» бағдарламасы бойынша ашылған лизинг берушінің №___ есеп шотына________ кезеңіне________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
Лизингтік компанияның
(банктің) бірінші басшысы _________________________________
(қолы, Т.А.Ә)
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 6-қосымша
Лизинг бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу
мен өтеу туралы есеп және 20_ жылдың __ тоқсанына
арналған өтінім
р/с № | Агроөнер- кәсіптік кешен субъек- тісінің (лизинг алушының) атауы | Барлық көзделген субсидия- лар, теңге | Есепті кезеңдегі барлық аударылған субсидиялар, теңге | Іс жүзінде есептелген субсидиялар, теңге | Ауытқуы (+, -) (+) артық төленгені, (-) кемі |
бар- лығы | оның ішінде есепті кезеңде | бар- лығы | оның ішінде есепті кезеңде | 5-бағ.- 7-бағ. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы
Лизинг алушыға іс жүзінде есептелген* сыйақы, теңге | Лизинг алушы төлеген сыйақы, теңге | 20__жылдың______тоқсанына лизингтік компанияның (банктің) өтінімі, теңге |
бар- лығы | оның ішінде есепті кезеңде | бар- лығы | оның ішінде есепті кезеңде | жалпы сомасы | лизинг алушының өтегені | бюджеттен субсидия- ланғаны** |
% | сомасы | % | сомасы | % | сомасы |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
| | | | | | | | | |
Лизингтік компанияның (банктің) басшысы ___________________________
МО (қолы, Т.А.Ә.)
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі субсидияларының сомасын есептемегенде
** 8-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып
Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілеріне лизингтік
компаниялар және екінші
деңгейдегі банктер ұсынатын
қайта өңдейтін жабдықтар мен
арнайы техникалар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау
ережесіне 7-қосымша
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы вице-министрі
20__жылғы «____» ________ №___
20__жылғы № ___ субсидиялауға арналған шартқа сәйкес
109 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға
арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы
бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік
компаниялар мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын қайта
өңдейтін жабдықтар мен арнаулы техникалар лизингі бойынша
сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость
Ли- зинг- тік ком- пания- ның (банк- тің) атауы | Субси- диялауға арналған шарттың нөмірі мен жасалған күні | Кредит беру шарты | Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі субсидияларының іс жүзінде аударылған сомасы | Қалдықтың барлығы (5-бағ.- 6-бағ.) |
лизинг сомасы | сыйақы став- касын өтеу- дің жылдық сомасы | субси- диялай- тын жылдық сома |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
кестенің жалғасы
20__жылдың____тоқсанына лизингтік компанияның (банктің) өтінімі | Субсидиялау |
жалпы сомасы | лизинг алушының өтегені | бюджеттен субсидия- ланғаны | өткен кезеңдерде есептелгені | банк өтінімін ескере отырып, есептелгендердің жиыны (10-бағ.+ 11-бағ) | аударуға жататыны (12-бағ.- 6-бағ.) |
сомасы | сомасы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| | | | | |
Жауапты департаменттердің директорлары __________________________
(қолы, Т.А.Ә.)