Жоғары Сот Кеңесi мен Әдiлет біліктiлiк алқасының мәртебесi, құрылу тәртібі мен жұмысын ұйымдастыру заңмен анықталады.
37-бап. Судьялар қоғамдастығы мен оның органдары
1. Судьялар қоғамдастығының ортақ мүдделерiн iске асыру мен қорғау мақсатында судьялардың қоғамдық бiрлестiктер құруға құқығы бар.
2. Судьялық бiрлестiктер қажет болған жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiппен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiредi, қорғайды және сот төрелiгiнiң iске асырылуына ықпал етуге құқылы емес, сондай-ақ саяси мақсаттарды көздемеуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 38-бап өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
38-бап. Судьялардың тәртiптiк-біліктiлiк алқалары
Судьяларға біліктiлiк сыныптарын беру , судьяның орнынан түсу құқығын және оны тоқтатуды растау үшiн, сондай-ақ судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгi мәселелерiн шешу не судьяның өкiлеттiгiн тоқтату үшiн, осы Конституциялық заңмен көзделген жағдайларда, Республикалық және облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқалары құрылады.
Тәртiптiк-біліктiлiк алқаларын құру және оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ тәртiптiк iстердi қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен анықталады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
38-1-бап. Сот жюриi
Жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін жеті судьядан тұратын Сот жюриі құрылады.
Облыстық немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі Сот жюриінде судьяларға қатысты материалдарды қарау үшін негіз болып табылады.
Сот жюриінде материалдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Ережеде айқындалады.
2-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘРТIПТIК ЖАУАПКЕРШIЛIГI
39-бап. Судьялардың тәртiптiк жауапкершiлiгiнiң негiздерi
1. Судья:
1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн;
2) судья әдебiне қайшы келетiн терiс қылық жасағаны үшiн;
3) еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкін.
2. Сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
3. Сот актiсiнiң күшiн жою немесе өзгерту, егер бұл орайда заңды өрескел бұзуға жол берiлмеген және ол туралы жоғары тұрған сот орнының сот актiсiнде көрсетiлмеген болса, өздiгiнен судьялардың жауаптылығына әкеп соқпайды.
40-бап. Судьяларға қатысты қолданылатын жазалардың түрлерi
1. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) біліктiлiк сыныбын төмендету;
4) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;
5) осы Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судья қызметiнен босату.
2. Әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн тәртiптiк терiс қылықтың сипаты, судьяның жеке басы туралы деректер және оның кiнәсiнiң дәрежесi ескерiле отырып, тек бiр тәртiптiк жаза қолданылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 41-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
41-бап. Тәртіптік іс қозғау құқығы
Тәртіптік іс қозғау құқығы:
1) Республиканың кез келген судьясына қатысты - Республикалық тәртіптік-біліктілік алқасына;
2) облыстық соттың судьясына, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - облыстық тәртіптік-біліктілік алқаларына тиесілі болады.
42-бап. Тәртiптiк iс қозғау және қарау мерзiмдерi
1. Судьяға қатысты тәртiптiк iс қарау, қызметтiк тексеру мен судьяның дәлелдi себептермен жұмыста болмаған уақытын есепке алмағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап - үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей қозғалуы мүмкiн.
Жоғарғы тұрған сот инстанциясының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енгiзiлген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi болып есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi болып есептеледi.
2. Тәртiптiк iс қозғалған күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде қаралуға тиiс.
43-бап. Тәртiптiк iстердi қарау жөніндегі органдар
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасы Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьяларына, облыстық соттардың төрағалары мен алқа төрағаларына қатысты тәртіптік іс қозғау туралы мәселені, тәртiптiк iстердi, сондай-ақ облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқаларының шешiмдерiне қатысты шағымдарды қарайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқалары облыстық соттардың судьяларына, сондай-ақ аудандық соттардың төрағалары мен судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғау туралы мәселені, тәртiптiк iстердi қарайды.
3. Тәртiптiк iстердi қарау тәртібі және тәртiптiк алқалардың қызметi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен регламенттеледi.
44-бап. Тәртiптiк iстер бойынша қабылданатын шешiмдер
Тәртiптiк iс жөніндегі тәртiптiк-біліктiлiк алқа:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1) осы Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жаза қолдану туралы;
2) тәртiптiк iс жүргiзудi қысқарту туралы;
3) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
4) төменгi тұрған тәртiптiк-біліктiлiк алқаның шешiмiн өзгерту не оның күшiн жою және iстi жаңадан қарауға жiберу туралы не шешімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
45-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
1. Егер судья жаза қолданылған күннен бастап бiр жыл бойы жаңадан тәртiптiк жазаға тартылмаса, онда ол тәртiптiк жазаға тартылмаған деп есептеледi.
2. Судья мiнсiз тәртібімен өз мiндеттерiн адал атқарған жағдайда, тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн мерзiмiнен бұрын алынуы мүмкiн.
Тәртiптiк жазаны берген тәртiптiк-біліктiлiк алқасы оны мерзiмiнен бұрын алуы мүмкiн.
46-бап. Тәртiптiк-біліктiлiк алқаларының шешiмдерiне шағымдану
1. Облыстық тәртiптiк-біліктiлiк алқасының шешiмiне өзiне қатысты шешiм шығарылған судья, сондай-ақ тәртiптiк iс қозғаған тұлға Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасына шағымдануы мүмкiн.
2. Республикалық тәртiптiк-біліктiлiк алқасының шешiмi түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.
3-тарау. СУДЬЯЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТIК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ
47-бап. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету
1. Судьяларды материалдық қамтамасыз ету оның мәртебесiне сай болуға және сот төрелiгiн толық әрi тәуелсіз жүзеге асыру мүмкiндiгін қамтамасыз етуге тиiс және оны азайтуға болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Судьялардың еңбегiне ақы төлеудi Конституцияның 44-бабының 9) тармақшасына сәйкес судьяның мәртебесін, оны тағайындау және сайлау тәртібін, сондай-ақ ол жүзеге асыратын функцияларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
48-бап. Судьялардың біліктiлiк сыныптары
1. Судьяларға атқарып жүрген қызметiне, кәсiби даярлығының деңгейiне, еңбек сiңiрген жылдарына және өзге де мән-жайларға байланысты біліктiлiк сыныптары берiледi.
2. Судьяларға біліктiлiк сыныптарын беру мен олардан айыру тәртібі осы Конституциялық заңмен және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен белгiленедi.
49-бап. Судьялардың жыл сайынғы демалыстары
Судьяларға сауығуы үшiн лауазымдық екi айлықақы мөлшерiнде жәрдемақы төлене отырып, күнтiзбелiк отыз күнге жыл сайынғы демалыс берiледi.
50-бап. Ауысқан кездегi өтемақы
Қызметi бойынша Қазақстанның бiр аймағынан екiншi аймағына ауысқан судьяларға және олардың отбасы мүшелерiне көшуге байланысты шығыстары шыққан шығынының көлемiнде төленедi.
51-бап. Тұрғын үй жеңiлдiктерi
1. Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет есебiнен жүргiзiледi.
2. Судьяға және оның отбасы мүшелерiне кезектен тыс, бiрақ қызметiне кiрiскен күнiнен бастап алты айдан кешiктiрiлмей, нақты жер жағдайына қарай, мемлекеттік тұрғын үй қорынан, судьяны тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтардың санатына жатқызбайтын нормалар бойынша тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi. Лауазымында он жылдан астам уақыт жұмыс iстеген судьялардың тұрақты тұруға арналған қызметтiк тұрғын үйi оның қалауы бойынша қалдық құны бойынша сатып алынуы мүмкiн.
3. Судья қызметiнен босатылғанда оны және отбасы мүшелерiн басқа тұрғын үй бермей тұрып қызметтiк тұрғын үйден шығаруға болмайды.
52-бап. Судьяларды мантиямен қамтамасыз ету
Барлық соттардың судьялары республикалық бюджет қаражаты есебiнен судьялық мантиямен қамтамасыз етiледi.
53-бап. Судьяларға медициналық қызмет көрсету
1. Судьялар және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тиiстi мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық қызмет көрсетумен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi.
2. Судьяларға медициналық қызмет көрсетудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
54-бап. Судья мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия
алған, кәсіби ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайдағы өтемақы
1. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіксе (жарақаттанса, жараланса, контузия алса, кәсіби ауруға шалдықса), оған осы бапта белгіленген мөлшерде біржолғы өтемақы төленеді.
2. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда не қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіби ауруға шалдығу) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жылдың ішінде оны алуға құқығы бар адамдарға соңғы атқарған лауазымы бойынша алпыс айлық лауазымдық айлықақысы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
3. Судьяның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің (жарақаттануының, жаралануының, контузия алуының, кәсіби ауруға шалдығуының) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген жағдайда, оған:
1) І топтағы мүгедекке - отыз айлық лауазымдық айлықақы;
2) II топтағы мүгедекке - он сегіз айлық лауазымдық айлықақы;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Судья қызметтік міндеттерін атқару кезінде мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіби ауруға шалдыққан) жағдайда оған бір жарым айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, жеңіл мертіккен жағдайда - жарты айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
5. Біржолғы өтемақы төлеудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. Егер судьяның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес жағдайларда мертіккені (жарақаттанғаны, жараланғаны, контузия алғаны, кәсіби ауруға шалдыққаны) немесе қаза тапқаны (қайтыс болғаны) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
55-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстардың өтемақысы
Қайтыс болған немесе қаза тапқан судьялар мен судья қызметiнен зейнеткерлiкке шыққан зейнеткерлердi жерлеу үшiн судья қайтыс болған сәттегi тиiстi лауазымы бойынша судьяның үш айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
55-1-бап. Судьяны материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру
жөніндегі кепілдіктерден айыру
Судья өзінің қылмыс жасауына немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасауына, сот әдебі талаптарын сақтамауына және осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген өзге де талаптарды орындамауына байланысты судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі бойынша оның өкілеттіктері тоқтатылған кезде, сондай-ақ кәсіби жарамсыздығына байланысты Сот жюриінің қорытындысы бойынша:
1) орнынан түсу құқығынан және жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен;
2) осы Конституциялық заңның 51, 53, 54 және 55-баптарында көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктерден айырылады.
4-бөлiм. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
56-бап. Соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1- тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)( бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi , сондай-ақ сот статистикасын жүргізуді Жоғарғы Соттың Аппараты жүзеге асырады.
Жергiлiктi соттардың қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi , сондай-ақ соттарда сот статистикасын жүргізуді Қазақстан Республикасының Президентi құратын уәкiлеттi мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органдардың бiрыңғай жүйесiн тиiстi орталық мемлекеттік орган және облыстардағы, астана мен республикалық маңызы бар қалалардағы соттардың әкiмшiлерi құрайды.
3. Уәкiлеттi органның қызметi соттың тәуелсiздiгi мен судьялардың қызметiне араласпау принциптерiн сақтау жағдайында жүзеге асырылады.
4. Уәкiлеттi органның құзыретi мен қызметiнiң ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Ережемен айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5- тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)( бұр. ред. қара)
5. Соттарда сот кеңсесi құрылады, ол судьялардың сот төрелiгiн жүзеге асыру, сот тәжiрибесiн жинақтау, сондай-ақ соттың басқа да функцияларын орындау жөніндегі жұмысын қамтамасыз етедi.
6. Сот кеңсесi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы мен еңбегiне ақы төлеу мемлекеттік қызмет туралы заңдармен реттеледi.
7. Жоғарғы Сот Аппаратының құрылымы мен штат санын - оның Төрағасы, ал жергiлiктi соттар кеңселерiнiң құрылымы мен штат санын тиiстi сот төрағасының ұсынуы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн штат санының лимитi шегiнде бекiтедi.
57-бап. Соттарды қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын және жергiлiктi соттарын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
2. Жоғарғы Соттың және жергiлiктi соттардың бюджетi соттардың конституциялық өкiлеттiктерiн орындауын толық қамтамасыз етуге тиiс.
5-бөлiм. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
58-бап. Күшi жойылды деп танылған заң актілері
Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" 1990 жылғы 23 қарашадағы Қазақ ССР-ның Заңы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 443-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., № 8, 206-құжат; № 11-12, 293-құжат; 1993 ж., № 8, 161-құжат; 1995 ж., № 23, 140-құжат).
2. "Қазақ ССР-iнiң сот құрылысы туралы" Қазақ ССР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң 1990 жылғы 23 қарашадағы қаулысы (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 48, 444-құжат).
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы" 1994 жылғы 7 ақпандағы № 1545 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 6, 62-құжат).
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы соттары судьяларының материалдық және әлеуметтiк қамсыздандырылу деңгейiн арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 1670 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1994 ж., № 18, 182-құжат).
5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының төменгi соттарын құру тәртібі туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2125 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағы, 1995 ж., № 10, 113-құжат).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының соттары туралы" 1995 жылғы 20 қазандағы № 2581 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1995 ж., № 21, 128-құжат; № 22, 134-құжат).
7. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2694 конституциялық заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 147-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; № 11, 156-құжат; № 13-14, 194-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 23, 915-құжат; № 10, 231-құжат).
59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу және судьялар қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ 2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.
3. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке сайланған немесе тағайындалған сот төрағаларының бесжылдық өкiлеттiк мерзiмi қызметке сайланған немесе тағайындалған сәттен бастап есептеледi.
4. Қазақстан Республикасы облыстық, оларға теңестірілген соттарының және Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары осы Конституциялық заңмен көзделген Қазақстан Республикасы соттарының алқалары құрылғанға дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.
Қазақстан Республикасының