3) сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беретiн нормативтiк қаулылар қабылдайды және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3-1) заңға сәйкес сот істерін қадағалау тәртібімен қарайды;
4) Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының хабарламасын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
6) облыстық сот төрағасы мен облыстық сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиiсiнше қорытындылар бередi;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыс Хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестiң құрамын бекiтедi , сондай-ақ жасырын дауыспен Сот жюриін сайлайды;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7-1) сот төрелігін іске асыру бойынша төмен көрсеткіштері немесе сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін екі және одан да көп тәртіптік жазалары бар судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Жоғарғы Сот жалпы отырысының жұмыс тәртібі өзi бекiтетiн регламентпен белгiленедi.
3-бөлiм. СУДЬЯЛАР МӘРТЕБЕСI
1-тарау. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
23-бап. Судья мәртебесi
1. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi.
Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөніндегі өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады.
Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.
2. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайды.
24-бап. Судьялардың ауыстырылмайтындығы
1. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негiзде өкiлеттiктерге ие болады.
2. Судьяның өкiлеттiгi тек қана осы Конституциялық заңда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкiн.
25-бап. Судьяның тәуелсiздiгi
1. Судьяның тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады.
Судьялар сот төрелiгiн жүзеге асыруы кезiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
2. Ешкiмнiң сот төрелiгiн жүзеге асыру iсiне араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
3. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот iстерiнiң мәнi жөнiнде қандай да бiр түсiнiк беруге мiндеттi емес. Кеңесу бөлмесiнiң құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етiлуге тиiс.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
4. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi.
26-бап. Судья тәуелсiздiгiнiң кепiлдiктерi
1. Судьяның тәуелсiздiгi:
1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен;
2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен;
3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен;
4) Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкiлеттiгiн тоқтату және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады.
Егер судьядан тиісті өтініш түссе, ішкі істер органдары судья мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін, оларға тиесілі мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкілікті шаралар қабылдауға міндетті.
Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
27-бап. Судьяларға ешкiмнiң тиiспеуi
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Судьяны, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келісімiнсiз оны қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Судьяға қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға қатысты арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен ғана жүргізілуі мүмкін.
3. Судьяға Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.
28-бап. Судьяға қойылатын талаптар
1. Судья:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға , судьяның антына адал болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2) сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебi талаптарын сақтауға және судьяның беделi мен қадiр-қасиетiн түсiретiн немесе оның адалдығына, әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот төрелiгiн iске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу әрекеттерiне қарсы тұруға;
4) судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
2. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсiптiк одақтарға кiре алмайды, қандай да бiр саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуiне болмайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 - бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
29-бап. Судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар
1. Аудандық соттың судьясы болып:
жиырма бес жасқа толған;
жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар;
Әділет біліктілік алқасында немесе мамандандырылған магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған;
медициналық куәландырудан өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растаған;
сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалуы мүмкін. Мамандандырылған магистратураны оқып бітірген адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде бес жыл судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алады.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптарына сай келетін, заң мамандығы бойынша кемінде он бес жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде, әдетте, кемінде он жыл судья болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.
4. Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 29 -1- баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
29-1-бап. Судья лауазымына кандидатты медициналық куәландыру
1. Судья лауазымына кандидаттың судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі.
2. Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың тізбесі жергілікті соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
30-бап. Судья лауазымына кандидаттарды iрiктеу
1. Судья қызметiне кандидаттарға тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси көзқарасына, дiни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз етiледi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
2. Аудандық соттың судьясы қызметiнiң бос орнына кандидат iрiктеудi осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетiн адамдар, сондай-ақ судья қызметiнiң бос орнына орналасуға өтiнiш берген, қызмет iстеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негiзде Әдiлет біліктiлiк алқасы жүзеге асырады.
Аудандық сот төрағасы лауазымының бос орнына кандидатураларды Жоғарғы Сот Төрағасы тиiстi облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Әдiлет біліктiлiк алқасы қарайды.
Әдiлет біліктiлiк алқасы аудандық сот төрағасы немесе судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатты Әдiлет министрiне ұсынады, ол заңда белгiленген тәртiппен оны қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
3. Облыстық сот судьясы қызметiне кандидат iрiктеудi бос қызмет орнында жұмыс iстеуге өтiнiш берген және осы Конституциялық заңның
29-бабының 2-тармағының талаптарына сай келетiн адамдар арасынан конкурстық негiзде Жоғары Сот Кеңесi жүзеге асырады.
Жоғары Сот Кеңесi конкурстың қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
4. Облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Жоғарғы Сот Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
Жоғары Сот Кеңесi облыстық сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметiнiң бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
5. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы және судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Жоғарғы Соттың Төрағасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгiзген ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
Жоғарғы Сот Төрағасы қызметiне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесi қарайды.
Жоғары Сот Кеңесi Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағасы және судьясы қызметiнiң бос орнына кандидатураны Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсынуы үшiн Қазақстан Республикасының Президентiне ұсынады.
31-бап. Судьяға өкiлеттiктер беру тәртібі
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Сенат сайлайды.
2. Облыстық соттың судьясын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
3. Аудандық соттың судьясын Әдiлет министрiнiң Әдiлет біліктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды.
4. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен осы соттың алқаларының төрағаларын Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша тиiстi қызметтерге бес жыл мерзiмге Сенат сайлайды.
5. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.
6. Аудандық соттардың төрағаларын Әдiлет біліктiлiк алқасының кепiлдемесiне негiзделген Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 7 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7. Жоғарғы Соттың Төрағасы мен алқаларының төрағалары, облыстық соттың төрағасы мен алқаларының төрағалары, аудандық соттың төрағасы өкiлеттiк мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн, егер олар бұрынғы қызметтерiне немесе басқа соттағы осындай қызметке тиiсiнше қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған болса, тиiстi соттың судьясы өкiлеттiгiн жүзеге асыруды жалғастырады.
Тиісті сотта судьялардың бос орны болмаған жағдайда осындай лауазымға қайтадан сайланбаған немесе тағайындалмаған төраға мен алқа төрағасы олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауға ұсынылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8 тармақпен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Сот қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде осы соттың судьялары олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған соттың судьясы лауазымына тағайындауға конкурссыз ұсынылуы мүмкін.
32-бап. Судьяның ант беруi
1. Судья лауазымына алғаш рет сайланған немесе тағайындалған адам мынадай мазмұнда ант бередi:
"Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн".
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот алқаларының төрағалары мен судьялары Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының отырысында ант бередi.
3. Облыстық соттардың төрағалары Жоғарғы Соттың жалпы отырысында ант бередi.
4. Облыстық соттар алқаларының төрағалары мен судьялары, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары тиiстi облыстық соттардың жалпы отырысында ант бередi.
33-бап. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келісім берiлсе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтату қажеттігі туралы судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының шешімі болса;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
34-бап. Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату
1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1) судья орнынан түскенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) судья өз тілегі бойынша қызметінен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшiне енгенде;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда ;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімiн бермесе;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Сот жюриінің қорытындысы бойынша;
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
10) зейнеткерлік жасқа толғанда тоқтатылады.
2. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-біліктiлiк алқасының судьяны тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
3. Сот төрағасының не алқа төрағасының өкiлеттiктерi олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданады.
5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиiстi соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 6 тармақ өзгертілді (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
6. Осы баптың 1-тармағының 3) - 7) , 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, судьялық қызметтен босатуға және судьяның өкiлеттiгiн тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесiнiң немесе Әдiлет біліктiлiк алқасының ұсыныстары талап етiлмейдi.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
35-бап. Судьяның орнынан түсуi
1. Еңбек жолы мінсіз және кемінде он бес жыл судьялық жұмыс стажы бар судьяның өзінің судья атағын, судьялар қоғамдастығында болуын, жеке басына тиіспеушілік кепілдігін және осы Конституциялық заңда көзделген өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтай отырып, судьялық өкілеттіктерін тоқтатуының ерекше нысаны орнынан түсу деп танылады.
Судьяны орнынан түсу нысанында қызметінен босату осы Конституциялық заңның 34-бабы 1-тармағының 1-1), 2), 8) және 10) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
2. Судья орнынан түскен кезде судьялық жұмыс стажы жиырма және одан да көп жыл болса, жиырма төрт айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде, судьялық жұмыс стажы он бестен жиырма жылға дейін болса, он сегіз айлық лауазымдық айлықақы мөлшерінде оның соңғы лауазымы бойынша біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.
3. Судьяның орнынан түсуі:
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіргенде, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;
ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;
өз тілегі бойынша;
Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;
ол қайтыс болғанда немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде тоқтатылады.
4. Судья орнынан түсуі тоқтатылған жағдайда жеке басына тиіспеушілік кепілдігінен және осы Конституциялық заңның 51, 53 және 55-баптарында көзделген кепілдіктерден айырылады.
2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
35-1-бап. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру
1. Судьяны зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
2. Судья үшін Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді.
Судья теріс себептер бойынша қызметінен босатылған кезде аталған жарналар республикалық бюджетке алынады.
36-бап. Жоғары Сот Кеңесi және Әдiлет біліктiлiк алқасы
1. Жоғары Сот Кеңесiне Республика Президентi қызметке тағайындайтын Төраға басшылық жасайды және Конституциялық Кеңестiң Төрағасынан, Жоғарғы Соттың Төрағасынан, Бас Прокурордан, Әдiлет министрiнен, Парламент Сенатының депутаттарынан, судьялардан және Республика Президентi тағайындайтын басқа да адамдардан тұрады.
2. Әдiлет біліктiлiк алқасы Парламент Мәжілісiнiң депутаттарынан, судьялардан, прокурорлардан, құқық пәнiнiң оқытушыларынан және заңгер ғалымдардан, әдiлет органдарының қызметкерлерiнен құрылатын дербес, тәуелсiз мекеме болып табылады. Әдiлет біліктiлiк алқасының төрағасын Республика Президентi тағайындайды.