Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.
Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы (жауапты хатшы) кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдар орындаған кезде қатарында»"(шақыру)" белгісі қойылған атауы бар орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.
Белгіленген орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныстар қайтадан енгізілген кезде мемлекеттік органдардың басшылары (жауапты хатшылар) бір уақытта жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
138. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.
139. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;
3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің
актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.
140. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
141. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
142. Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның ішінде Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын енгізуді көздейтін хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін тиісті қаулы немесе өкім қабылдау негіз болып табылады.
143. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
144. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.
145. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсенің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
146. Кеңсе Басшысы Кеңсенің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет тапсырмаларының орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға
тапсырма беруге құқылы.
147. Кеңсе Басшысы оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/ с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздеме- сі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажетті- гі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | |
9. | Өзге де мәліметтер | |
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
күні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
Р/ с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақта- ғандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүше- лерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.