7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
49 академикке ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан 75 ғалым мен мамандарға
150 дарынды жас ғалымдарға стипендия төлеу;
мемлекеттік сыйлықақы төлеу - 24.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Академиктерге 70080 теңге мөлшерде стипендия; ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқаны үшін стипендия 11680 теңге мөлшерінде;
жас ғалымдарға - 8176 теңге;
200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төрт сыйлықақы - 233600 теңге; 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үш сыйлықақы - 175200 теңге; 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 сыйлықақы - 116800 теңге; 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алты сыйлықақы - 58400 теңге;
«Дарын» мемлекеттік 10 сыйлықақысы 200000 теңге мөлшерінде.
Уақтылығы: стипендияларды ай сайын төлеу, сыйлықақылар - 25 қазан, 16 желтоқсан.
Сапасы: Отандық ғылым мен техниканы сапалы дамыту үшін жаңа білімдер алуға ынталандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
237-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және
байқаудан өткізу, білім беру саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар
және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 151299 мың теңге (бір жүз елу бір миллион екі жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4, 18, 20, 30-баптары; «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау арқылы түзету туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 қыркүйектегі № 1173 қаулысы; «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 173 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оқушылар мен тәрбиеленушілерді, мұғалімдерді сапалы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауға ықпал ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу әдебиетіне қол жеткізуші оқушылар мен тәрбиеленушілердің, мұғалімдердің пайызын көтеру. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасымен қанағаттандырылған мұғалімдердің пайызын арттыру.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендердi әзірлеу және байқаудан өткізу, білім беру саласында қызмет көрсететін республикалық ұйымдар және шетелдегі қазақ диаспорасы үшін оқу әдебиетін шығару және жеткізу | Арнаулы (түзету) білім беру мекемелерi үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерін жасау және аудару. Электрондық оқулықтарды әзірлеу Білім беру саласында қызмет көрсетушi республикалық ұйымдар және шет елдегі қазақ диаспорасы үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді басып шығару, қайта басу және тасымалдау. 12-жылдық мектептерге оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып шығару, тәжірибеден өткізу және тасымалдау. Оқу әдебиеттеріне сараптама жасау. «Өзін өзі тану» пәнi бойынша оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. Арнаулы (түзету) білім беру ұйымдары үшін:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді - 4 атау;
2) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер аударылады - 8 атау.
2. 2 сыныптары үшін орысша және қазақша тілдерде электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді - 5 атау.
3. 2008-2009 оқу жылында 1 және 8 сынып оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету:
1) республикалық білім беру ұйымдары:
1-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 33 атау;
орыс тілінде - 33 атау;
8-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 57 атау;
орыс тілінде - 54 атау;
2) шетелдегі қазақ диаспорасы бойынша:
1-сынып бойынша:
қазақ тілінде - 10 атау.
4. 12-жылдық мектептер үшін:
1) 1) 6 сынып үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірленеді: қазақ тілінде - 70 атау; орыс тілінде - 70 атау.
2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 4) 6-сынып үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері басып шығарылған, тәжірибеден өткізілген және жеткізілген:
қазақ тілінде - 70 атау;
орыс тілінде - 70 атау.
5. 1164 дана оқу әдебиеттеріне сараптама жасалады.
6. «Өзін өзі тану» пәні бойынша 7, 8-сыныптар мен 3, 4-курстары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленеді - 17 атау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Жоспарланған оқу әдебиеттің орташа бағасы:
1. Арнаулы (түзету) ұйымдары үшін 1 баспа табағының орташа бағасы (шығыстарсыз):
1) оқулықтарды әзірлеу - 31800 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу - 23320 теңге;
3) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді аудару - 18375 теңге.
2. 2-сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу 1 оқу әдебиетінің бағасы - 1500000 теңге.
3. 2008-2009 оқу жылында республикалық білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасының 1 және 8 сынып оқушылары үшін оқу әдебиетін басып шығару (көлік шығындарын есептемегенде):
1) оқулықтар - 455 теңге;
2) оқу-әдістемелік кешендер - 212 теңге.
4. 12-жылдық мектептің 6-сыныбы үшін:
1) оқулықтың 1 баспа табағын әзірлеу - 21728 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 баспа табағын әзірлеу - 15000 теңге;
2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) оқулықтың 1 экземплярын басып шығару - 455 теңге, оқу-әдістемелік кешендердің 1 экземплярын басып шығару - 212 теңге.
5. Оқу әдебиетін 1 баспа табағын сараптау - 4448 теңге.
6. «Өзін өзі тану» пәні бойынша:
1) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің 1 баспа табағын әзірлеу (шығыстарсыз) - 16309 теңге.
Соңғы нәтиже:
білім деңгейін көтеру үшін оқушылар мен оқытушылардың оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сұраныстарын қамтамасыз ету.
Уақыттылығы:
республикалық жалпы орта білім беру ұйымдары және шетелдегі қазақ диаспорасын оқу жылының басына қарай оқу әдебиетімен қамтамасыз ету - 100 пайыз.
Сапасы:
Мемлекеттік сараптаманың болымды қорытындысымен оқу әдебиетін әзірлеу, аудару және басып шығару.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
238-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1990211 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз тоқсан миллион екі жүз он бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 31, 47, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі; «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 1168 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бүгінгі өркениеттің түбегейлі жаңару жағдайында ойлау мен іс-әрекетке қабілетті жан-жақты дамыған, үйлесімді адамды тәрбиелеу, дарынды балаларды әлеуметтік, құқықтық және парасаттық жағынан қорғау, парасаттық мүмкіндікті қалыптастыруға ықпал жасау, республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға халықты қанағаттандыру үшін оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруге себеп жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының әртүрлі облыстарынан келген дарынды және жетім балаларды оқыту. Оқушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламалар бойынша бейімдік пәндер арқылы тереңдете даярлау. Адамның жеке бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу. Дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдайлар жасау. Оқушыларды олимпиадаларға, жоғары оқу орындарына түсуге іріктеу және даярлау.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу | Оқу процесін бейімдік пәндерді тереңдете оқытатын Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес өткізу, мектеп-интернаттар бойынша басты құралдар сатып алу және күрделі жөндеу жүргізу: - әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; - музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту; - мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту және дамыту; - жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқыту; Балалардың сауықтандыру, демалыс кезінде жалпы білім бағдарламаларын жүргізу. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперимент жүргізумен жалпы білім беру бағдарламаларды өткізу. Дарынды балаларды интеллектуалдық мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқыту. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекіткен тізімге сәйкес «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына басты құралдар алуға күрделі трансферттер аудару. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына күрделі жөндеу өткізуге күрделі трансферттер аудару (сметалық құжаттама бойынша 2006 жылғы 27 желтоқсандағы № 7-710/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына сот шешімі бойынша берешекті өтеуге ағымдағы трансферттерді аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Я. Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп- интернаты, Б.Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп- интернаты Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп- интернаты Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Оқушылардың орташа саны: мемлекеттік мекемелерде - 3036, оның ішінде: әскери мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 1350, музыка мамандықтары бойынша кәсіптік білімге дейін тереңдете оқыту бойынша - 480, мемлекеттік тілі мен әдебиетін тереңдете оқыту бойынша - 370, жаратылыс-математика ғылымын тереңдетіп оқу бойынша - 836 әрқайсысы 900 орынға арналған 2 Интеллектуалдық мектеп құру. Оқушылардың орташа саны шамамен 1008 адамды құрайды.
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының оқушыларының саны - 560, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты - 330 құрайды.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бір кіруі - 288 құрайды.
2. Басты құралдар алу:
1) 6 республикалық мемлекеттік мекемелер үшін, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағын;
Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернатын 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернатына 1-ден кем емес интерактивті сынып жинағы;
2) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына 39-ден кем емес.
3. Күрделі жөндеу жүргізу:
1) 6 республикалық мектеп-интернаттарға күрделі жөндеу жүргізу, оның ішінде:
Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы республикалық Шымкент әскери мектеп-интернаты, Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Я.Бегелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты, Б. Момышұлы атындағы республикалық Алматы әскери мектеп-интернаты, Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты, Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты, О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты;
2) «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Соңғы нәтиже: оқушыларға тереңдетілген және жоғары деңгейдегі білім беруде халықты қанағаттандыру үшін республиканың интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру. Мектеп-интернаттарды басты құралдармен қамтамасыз етудің үлесі сұраныстың 50 пайызын құрайды, мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеуден өткізудің үлесі сұраныстың 94 пайызын құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір оқушыны оқыту мен тәрбиелеудің бір жылдық құны (күрделі шығындарды қоспағанда):
1) мемлекеттік мекемелерде - 352,9 мың теңге;
2) мемлекеттік кәсіпорындарында - 76,3 мың теңге;
3) «Интеллектуалдық мектептерінде - 466,4 мың теңге.
Уақыттылығы: оқу бітіруші оқушылардың іс жүзіндегі саны 800 адамнан кем емес.
Сапасы: Республикалық мемлекеттік мекемелерді «жақсы» және «өте жақсы» бағалармен аяқтаған оқушылардың үлесі 65 пайыздан кем емес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
239-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық
маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 369140 мың теңге (үш жүз алпыс тоғыз миллион бір жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14, 23, 31, 32, 33, 34, 47, 48-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: танымға және өркениетке тұлғаның дамуын дәлелдеу, дарынды балалар мен жастарды тани білудің, іріктеудің, қолдаудың, дамытудың және білімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің жүйесін жасау, қазіргі өркениетті түпкілікті өзгертудің жаңа жағдайында ойлауға және әрекет етуге қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру, дене тәрбиесі саласында практикалық жұмыстарды жүзеге асыру, мектеп жасындағы балалар, оқушы жастар арасында дене тәрбиесін жетілдіру; республикалық шараларды ұйымдастыру, жеке адамның дербес бейімділігін, шығармашылық қабілетін дамыту және азаматтыққа тәрбиелеу, халықаралық спорттық универсиадаларға қатысу, дарынды білім алушыларды тани білу, республикалық конкурстар, көрмелер, спорттық кешендік іс-шаралар өткізу, балалардың мәдени демалысын ұйымдастыру, дарынды балаларды іздестіру, тәрбиелеу, оқыту және қолдау жөніндегі практикалық қызметті дамыту үшін басқару жүйесін құру, дарынды балаларды тани білу үшін қажетті жағдайлар жасау, халықаралық олимпиадаларға, жарыстарға, конкурстарға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, әлеуметтік, құқықтық және дарынды балалар мен жастарды интеллектуалдық жағынан қорғау, интеллектуалдық әулиетін қалыптастыруға себеп жасау. Қазақстан Республикасында жеке адамның дарындылығын дамытудың инновациялық білім технологиялары саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру және оған қатысу. Елдің ауылдық жерлері мен алыс өңірлерінен келген дарынды балалардың мәдени демалыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің бұйрығына сәйкес жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Халықаралық республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конференцияларға, көрмелерге, семинарларға, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға, мәдени демалыстарға қатысушы оқушылардың саны - 40 мыңнан астам.
Соңғы нәтиже:
Балалардың өзін-өзі билеуінің кәсіби деңгейі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Халықаралық, республикалық олимпиадаларға, ғылыми жобалар жарыстарына, спорттық шараларға, универсиадаларға, спартакиадаларға, чемпионаттарға және тағы басқа іс-шараларға қатысушыларының 1 адамына арналған шығынның орташа есебі - 9,2 мың теңге.
Уақыттылығы: кесте бойынша жұмыс жүргізу.
Сапасы: халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалар жарыстарының, спорттық шаралардың, универсиадалар, спартакиадалар, чемпионаттардың жеңімпаздарының үлесі ағымдағы жылда қатысушылардың жалпы санының 0,7 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
240-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Білім беру және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа ркдакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 10 240 845 мың теңге (он миллиард екі жүз қырық миллион сегіз жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қазандағы № 1459 Жарлығы;
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту, экономиканың барлық саласына жоғары деңгейлі және бәсекелік мүмкіндігі бар кадрларды дайындау сапасын жоғарлату және жеке тұлғамен қауымның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім және ғылым объектілерін салу және қайта жаңғырту жолымен білім және ғылым мекемелерін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жеткізу, білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдарда оқушылардың білім алу жағдайын жақсарту, білім беру және ғылым ұйымдарының желісін дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Білім беру және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау | Берілген тәртіппен бекітілген жобалық- сметалық құжаттама шараларына сәйкес «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысына 3-қосымшаға сәйкес қаржы шегінде инвестициялық жобаларды іске асыру: Астана қаласының дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп интернатының құрылысын жалғастыру (жұмыс жобасы бойынша 2006 жылғы 29 шілдедегі № 2-405/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласындағы қазақ тілінде оқытатын жетім балаларға арналған білім беру орталығының құрылысын жалғастыруға капиталдық трансферттерді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2005 жылғы 5 наурыздағы № 7-94/05 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласындағы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің университет қалашығының екінші кезектегі нысандарын салу, соның ішінде: физикалық, географиялық, химия, механика-математикалық факультеттерінің, ғылыми зерттеу институтының корпустарының құрылысын жалғастыруға капиталдық трансферттерді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2006 жылғы 15 қарашадағы № 7-612/06 және 2007 жылғы 13 шілдедегі № 7-368/07 мемлекеттік сараптамалық қорытындысы); Қарағанды қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру (жұмыс жобасы бойынша 2006 жылғы 26 шілдедегі № 12-162/06 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында көру проблемалары бар балалар үшін 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру (технико- экономикалық негіздеме бойынша 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 2-208/04 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне жүзу бассейнін салуға капиталдық трансферттерді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2007 жылғы 19 қыркүйектегі № 17-608/27 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Атырау облысы Атырау қаласындағы мұнай-газ салаларында жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету кадрларын даярлайтын және қайта даярлайтын аумақаралық кәсіби орталықты салу (1-ші кезектегі құрылысқа жұмыс жобасы бойынша 2007 жылғы 28 маусымдағы № 2-366/07 сараптаманың мемлекеттік қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Халықаралық А. Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің бас оқу корпусын салуға капиталдық трансферттерді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2007 жылғы 23 мамырдағы № 7-251/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Биотехнология орталығын салуға капиталдық трансферттерді аудару (жұмыс жобасы бойынша 2007 жылғы 23 ақпандағы № 2-77/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Павлодар облысының Екібастұз қаласында отын және энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 оқушылық орынға арналған аймақаралық кәсіптік орталықтың жобалық сметалық құжаттамалар әзірлеуді бастау және мемлекеттік сараптамадан өткізу (технико-экономикалық негіздеме бойынша 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 2-533/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын дайындау және қайта даярлау бойынша 700 оқушылық орынға арналған аймақаралық кәсіптік орталықты салу (технико-экономикалық негіздеме бойынша 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 2-532/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында 700 орындық қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету кадрларын даярлайтын және қайта даярлайтын аумақаралық кәсіби орталықты салу; Алматы қаласындағы О. Жаутықов атындағы республикалық орта мектеп-интернатының кешенін үлкейту; Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің студенттер қалашығындағы инженерлік-техникалық институтының оқу корпусының ғимаратын салуға нысаналы трансферттер бөлу. 1, 2, 3, 4 корпустары. (жұмыс жобасы бойынша 2007 жылғы 15 маусымдағы № 7-314/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); Алматы қаласы Гоголь көшесі, 161 мекен-жайында орналасқан»Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты РМҚМ 450 орынды жатақхананы (студенттер үйін) салу (технико-экономикалық негіздеме бойынша 2007 жылғы 29 наурыздағы № 7-148/07 мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласындағы О. Жаутықов атындағы республикалық орта мектеп- интернаты |