3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейіне кезең бойынша көшу үшін жағдайлар жасау, білім сапасын көтеру, білім беруді информатизациялауды дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің информациялық мәдениетін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: білім беру жүйесінің біртұтас ақпараттық ортасын құру, әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ақпараттандыру жүйесін жақсарту және білім беру сапасын арттыру; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарды Интернет желісіне қосылу арқылы ауқымды информациялық ресурстарға қол жеткізу құралдарын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 076 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру саласында мемлекеттік жүйенің жаңа технологияларын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім білім берудің мемлекеттік жүйесіне, интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес аудару. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуді қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
2008 жылы бағдарламалық қамтамасыз етілу мен құралдар алынады және оларды ары қарай жүргізу мен орнату бойынша жұмыстар жүргізіледі, сол сияқты абоненттік төлемдер өтелінеді:
1) кемінде 1000 мектеп (қорды толықтыру), оның ішінде:
Ақмола облысы - кем дегенде 30 мектеп, Ақтөбе облысы - кем дегенде 40 мектеп, Алматы облысы - кем дегенде 85 мектеп, Атырау облысы - кем дегенде 36 мектеп, Шығыс Қазақстан облысы - кем дегенде 78 мектеп, Жамбыл облысы - кем дегенде 80 мектеп, Батыс Қазақстан облысы - кем дегенде 40 мектеп, Қарағанды облысы - кем дегенде 84 мектеп, Қостанай облысы - кем дегенде 72 мектеп, Қызылорда облысы - кем дегенде 68 мектеп, Маңғыстау облысы - кем дегенде 18 мектеп, Павлодар облысы - кем дегенде 55 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 60 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 108 мектеп, Алматы қаласы - кем дегенде 113 мектеп, Астана қаласы - кем дегенде 33 мектеп;
2) кемінде 721 мектеп, оның ішінде:
Ақмола облысы - кем дегенде 22 мектеп, Ақтөбе облысы - кем дегенде 29 мектеп, Алматы облысы - кем дегенде 66 мектеп, Атырау облысы - кем дегенде 26 мектеп, Шығыс Қазақстан облысы - кем дегенде 61 мектеп, Жамбыл облысы - кем дегенде 58 мектеп, Батыс Қазақстан облысы - кем дегенде 29 мектеп, Қарағанды облысы - кем дегенде 77 мектеп, Қостанай облысы - кем дегенде 52 мектеп, Қызылорда облысы - кем дегенде 56 мектеп, Маңғыстау облысы - кем дегенде 13 мектеп, Павлодар облысы - кем дегенде 40 мектеп, Солтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 23 мектеп, Оңтүстік Қазақстан облысы - кем дегенде 107 мектеп, Алматы қаласы - кем дегенде 47 мектеп, Астана қаласы - кем дегенде 15 мектеп.
Соңғы нәтиже:
оқу процесіне көп функционалды жүйе енгізіледі.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
жоспарланатын орташа шығысы: қорды толықтыру 1 мектепке құралдарды алуға және бағдарламалық қамтамасыз етуге, сол сияқты оларды орнатуға 5987,9 мың теңге, жаңа 1 мектепке - 1219,4 мың теңге; 1 айға абоненттік төлемі 27,6 мың теңге; жылына 1 педагогты оқытуға төлем 1,676 мың теңгені құрайды.
Уақыттылығы:
жасалған шарттарға сәйкес, мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізу.
Сапасы:
білім беру ұйымдарының жоғары жылдамдықты ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
* Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру аясында іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 262-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
262-1-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындардың стипендияларын
төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
деген 077 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 192806 мың теңге (жүз тоқсан екі миллион сегіз жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңының 47-бабы; «Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушы оқушыларды әлеуметтік қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 077 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалалары- ның бюд- жеттеріне жергілік- ті атқа- рушы органдар- дың мем- лекеттік тапсырысы негізінде техника- лық және кәсіптік, орта бі- лімнен кейінгі білім орында- рында оқитын студент- тердің стипен- дияларын төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансфер- ттер | Республикалық бюджеттен облыстық бюд- жеттерге, Астана және Алматы қалалық бюджеттеріне жергілікті атқарушы орган- дардың мемле- кеттік тапсы- рыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін- гі білім алушы студенттерге стипендияларды 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін төлеуге арналған ныса- налы ағымдағы трансферттер аудару. Жергілікті атқарушы орган- дардың мемле- кеттік тапсырыс негізінде кә- сіптік орта оқу орындарында білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге қаржы- лай көмекті уақтылы төлеу. | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым министр- лігі Облыс- тардың, Астана, Алматы қалала- рының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: *
Тікелей нәтиже:
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушы студенттер стипендияларын төлеуге стипендия мөлшерін 5147 теңгеден 6000 теңгеге дейін жеткізу жолымен қаржылай көмек көрсету.
Облыстар бойынша ортажылдық стипендиаттардың контингенті - 55102, оның ішінде: Ақмола - 2545, Ақтөбе - 2868, Алматы облысы - 2521, Атырау - 1901, Шығыс Қазақстан - 4520, Жамбыл - 3428, Батыс Қазақстан - 2333, Қарағанды - 6250, Қостанай - 4078, Қызылорда - 2320, Маңғыстау - 2472, Павлодар - 2809, Солтүстік Қазақстан - 2494, Оңтүстік Қазақстан - 6200, сонымен қатар Алматы қаласы - 5220, Астана қаласы - 3143.
Соңғы нәтиже:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың оқу үлгерімдерінің көрсеткіштерін көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Стипендияның ай сайынғы төлеу айырмасы 1 оқушыға 853 теңгені құрайды.
Уақтылығы:
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың стипендиясының айырмасын уақытылы төлеу.
Сапасы:
барлық оқушылардың 70 пайызын стипендиямен қамтамасыз ету.
* Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді игеру шеңберінде іске асырылатын шаралардың тізбесі, күтілетін нәтижелерді сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламасының паспортында көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 262-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
262-2-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мннистрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу»
деген 080 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70000 мың теңге (жетпіс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:»Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2001 жылғы 9 шілдедегі, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 маусымдағы Заңы, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ету. Білім саласын және оның тиімді дамуын, өзекті зерттеулер жолы және бәсекелестікті жоғарылату механизмі негізінде анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушы- лар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 080 | | Білім саласын- дағы өзекті мәселелерді зерттеу | Білім секторын дамыту мәселе- лері бойынша өзекті зерт- теулер жүргізу. | Жыл бойы | Қазақс- тан Респуб- ликасы Білім және ғылым минист- рлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша аналитикалық зерттеу;
есептер жасалады және методикалық ұсыныстар құрылады.
Соңғы нәтиже:
Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша білім беру ұйымдарының және Қазақстан Республикасы азаматтарының ақпаратқа қол жетімділігін жоғарылату. Білімнің тиімді дамуын қамтамасыз етуге ұсыныстар мен әдістерін дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Білім саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге - 70 000,0 мың теңге.
Уақтылығы:
белгіленген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы:
Тапсырыс берушінің талабына сәйкес зерттеудің сапа деңгейін қамтамасыз ету. Білім саласындағы аса маңызды жеке мәселелерді қамту және оны тиімді шешуге әсер ететін ұсыныстарды жасау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
263-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7493 мың теңге (жеті миллион төрт жүз тоқсан үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 11-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1678 Жарлығы; «Қазақстан Республикасындағы нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің таратылуының алдын алу, мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі өзара іс-қимылын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы әлеуметтік емдеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру; салауатты өмір сүруді насихаттау, есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыруға және оңалтуға бағытталған іс-шаралар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 | | Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Үкіметтік емес ұйымдарды, оның ішінде есірткіге тәуелді адамдардың алдын алу, емдеу және оңалту саласында айналысатын жастар бірлестіктерін қолдау жөнінде іс-шаралар өткізу. Педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар үшін есірткіге қарсы күрес тақырыбы бойынша оқыту циклдерін өткізу. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында плакаттар конкурсын өткізу. Білім беру ұйымдарында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға мониторинг жүргізу. Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін гуманитарлық оқу орындары арасында нашақорлық және есірткі күресі бойынша семинар өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Балалардың жасөспірімдер мен жастардың салауатты өмір салты мен иммунитеттерін қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: Республикадағы білім беру мекемелері оқушыларының арасындағы есірткіге тәуелді адамдардың санын қысқарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатын тиімді қолдану.
Уақтылығы: Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: Оқушылардың, жастардың есірткі құралдарын пайдалану салдарынан келген нашақорлықтың залалын түсінуі. Есірткі заттарын заңсыз пайдалану деңгейін төмендету және Қазақстан Республикасының 45 % оқушылары мен студенттеріне салауатты өмір салты дағдыларын сіңіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
264-ҚОСЫМША
225 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 322487 мың теңге (үш жүз жиырма екі миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамының құрылуы» 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; 2007-2009 жылдарға арналған «Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: нормативтік құқықтық және әдістемелік базасын құру, тұрғындарға электрондық білім қызмет көрсетуді құру, қалыптастыру және дамыту, тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту нәтижелерін мониторлау, ақпараттық технология және менеджмент саласында қашықтықтан және күндізгі білім беру оқыту-консалтингті орталықтарын құру туралы жобаға дейін жұмыс жүргізу, ақпараттың, білімнің, қызмет көрсетудің, өнімнің бағдарламалық қамтамасыз етілуіне жаңа экспорттық мүмкіндіктерді енгізу; ақпараттық-коммуникациялық технология сервистерін ұсыну, тұрғындарды ақпараттық қоғамға, сондай-ақ қашықтан оқылуға, Интернетке қосылуға жалпы мүмкіндік алу мен тұрғындарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға жаппай үйрету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 116 | | Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығының жұмысын қамтамасыз ету. Тұрғындарға компьютерлік білім беру және сертификациялау үшін қашықтан оқыту және оқытушыларды даярлау орталығын негізінде тұрғындарға компьютерлік білім беруші тьюторларға тренингтік курстар өткізу. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік нұсқаулықтарын тираждау. Тұрғындарды компьютерлік білімге оқытуға арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық оқу бағдарламасын тираждау. Мектеп, лицей, профмектеп және колледж оқушыларын және ЖОО студенттерін тестілеу. Қазақстандық білім беру веб-порталын дамыту және актуализациялауды қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 500 000 дана оқулық-әдістемелік пособиясын және электрондық оқыту бағдарламасын басып шығару.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында тұрғындардың компьютерлік білім алу көрсеткіштерін жоғары деңгейге жеткізу.
Уақыттылығы: Іс-шаралардың орындалуы бекітілген мерзімдерге сай келісіммен жүзеге асырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздігін азайту және компьютерлік білім тұрғындардың санын алған 13,2%-ға дейін ұлғайту.
Сапасы: Тұрғындарды Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетуге ықпал ететін компьютерлік сауаттылыққа оқыту.