«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 Қаулысы
(2008.13.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 580 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер - 2722210114 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 2103413632 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 51805329 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8544482 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 558446671 мың теңге;
2) шығындар - 2768087899 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -45877785 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 50099351 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 56049423 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 5950072 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 238377064 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 239877064 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1500000 мың теңге;
6) тапшылық - -334354200 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,1 пайыз;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 334354200 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын.
3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға жіберілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
4. Мыналар:
1) 4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
2) 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
3) 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
4) 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
5) 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
7) 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
8) 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға;
өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға;
жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге;
мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға:
қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
9) 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
10) 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
жергілікті деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 10-1 тармақшамен толықтырылды
10-1) 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалақының ең төменгі мөлшерінің ұлғаюына байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарына өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу;
11) 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
12) 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
13) 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
14) 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу;
15) 18-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй салуға және сатып алуға нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі:
2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына кредиттік ресурстарды беру тәртібі;
2008 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын 2008 - 2009 жылдардың жылыту маусымында энергиямен тұрақты жабдықтау мақсатында энергия өндіретін ұйымдар үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарды өтеу тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
6. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2008 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысының 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде 3-қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға жіберілген инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімдерді бекітсін.
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 29 қаңтарға дейінгі мерзімде:
1) Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау;
2) бесінші абзацты қоспағанда, осы қаулының 4-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы ережелердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлінісінде 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 1) және 10) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын;
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері 2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу туралы шешім жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 580 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. 12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын;
2008 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға 2008 жылғы бірінші жарты жылдық үшін ай сайынғы өтемақыны төлеу тәртібі туралы шешімнің жобасын, сондай-ақ оларды тағайындау туралы шешімдердің нысандары мен көшірмелерін;
2008 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімде Қарағанды облысының облыстық бюджетінің «Қарметкомбинат» мемлекеттік акционерлік қоғамы қызметкерлерінің 1995 жылғы қарашаға дейін пайда болған жалақысы бойынша берешектің қалған бөлігін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
13. Жергілікті атқарушы органдар 2008 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде 3-қосымшада көзделген ауыз сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
14. Орталық атқарушы органдар 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.
15. Құпия.
16. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 (бұр.ред.қара); 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.26.05. № 498 (бұр.ред.қара); 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; 2008.13.06. № 580 қаулысымен жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1223 қаулысына
1-қосымша
2008 жылға арналған республикалық бюджет
Санаты | Сомасы, мың теңге |
| Сыныбы |
| Ішкі сыныбы |
| Ерекшелігі |
| Атауы | |
1 | 2 | 3 |
| | | | I. Кірістер | 2 722 210 114 |
1 | | | | Салықтық түсімдер | 2 103 413 632 |
| 01 | | | Табыс салығы | 944 700 421 |
| | 1 | | Корпорациялық табыс салығы | 944 700 421 |
| | | 01 | Резидент заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 613 096 538 |
| | | 02 | Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 197 038 127 |
| | | 03 | Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 17 150 700 |
| | | 04 | Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 102 994 537 |
| | | 08 | Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан алынатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 14 420 519 |
| 05 | | | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 830 260 318 |
| | 1 | | Қосылған құн салығы | 750 428 137 |
| | | 01 | Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы | 171 277 368 |
| | | 02 | Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы | 350 155 884 |
| | | 04 | Резидент емес үшін қосылған құн салығы | 34 584 853 |
| | | 05 | Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы | 194 410 032 |
| | 2 | | Акциздер | 24 228 277 |
| | | 14 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары | 944 |
| | | 29 | Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты | 652 324 |
| | | 41 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын спирттің барлық түрi | 73 946 |
| | | 42 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын арақ | 1 782 921 |
| | | 43 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 30-дан 60 процентке дейін күшті ликер-арақ бұйымдары | 216 150 |
| | | 44 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шараптар | 305 604 |
| | | 45 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын коньяк | 252 058 |
| | | 47 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сыра | 4 827 888 |
| | | 48 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары | 35 235 |
| | | 50 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын фильтрлі сигареттер | 2 271 880 |
| | | 55 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын жеңіл автомобильдер (мүгедектерге арнайы арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) | 7 451 805 |
| | | 60 | Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин (авиациялықты қоспағанда) | 6 357 522 |
| | 3 | | Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер | 54 451 549 |
| | | 01 | Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын көрсеткені үшін төлем | 3 877 287 |
| | | 02 | Үстеме пайда салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа | 10 800 000 |
| | | 05 | Бонустар, мұнай секторы кәсіпорында- рынан түсетін түсімдерден басқа | 15 782 433 |
| | | 06 | Роялти, мұнай секторы кәсіпорында- рынан түсетін түсімдерден басқа | 19 953 334 |
| | | 09 | Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем | 3 475 603 |
| | | 10 | Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем | 16 157 |
| | | 11 | Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем | 461 655 |
| | | 13 | Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем | 85 080 |
| | 4 | | Кәсіпкерлік және кәсіби қызметтi жүргізгені үшін алынатын алымдар | 1 152 355 |
| | | 06 | Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары мен автокөлік құралдарының өтуіне алымнан басқа, автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткені үшін алынатын алым | 887 057 |
| | | 12 | Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті қондырғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым | 128 092 |
| | | 13 | Телевизиялық және радио хабарын тарататын ұйымдарға радиожиілік өрісін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым | 10 000 |
| | | 16 | Дәрі-дәрмектерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым | 34 240 |
| | | 19 | Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем | 81 812 |
| | | 21 | Сабақтас құқық шығармаларын және объектілерін пайдалануға авторлық құқық және сабақтас құқық объектілерін, лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым | 6 874 |
| | | 23 | Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым | 4 280 |
| 06 | | | Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар | 317 259 551 |
| | 1 | | Кеден төлемдерi | 300 829 421 |
| | | 01 | Кеден бажының бірыңғай ставкасын қолданумен жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждарын қоспағанда, әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары | 116 053 032 |
| | | 02 | Әкетілетін тауарларға салынатын кеден баждары | 180 065 525 |
| | | 05 | Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы- ның кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелінетін тауарларға жиынтық кедендік төлем | 4 710 864 |
| | 2 | | Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар | 16 430 130 |
| | | 01 | Кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер | 16 430 130 |
| 07 | | | Басқа да салықтар | 10 000 |
| | 1 | | Басқа да салықтар | 10000 |
| | | 09 | Республикалық бюджетке түсетін басқа да салық түсімдері | 10 000 |
| 08 | | | Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 11 183 342 |
| | 1 | | Мемлекеттік баж | 11183342 |
| | | 01 | Консулдық алым | 1933798 |
| | | 03 | Мемлекеттік нотариалдық кеңселер нотариустарының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж | 41 730 |
| | | 11 | Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж | 2 644 319 |
| | | 13 | Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарда мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін алынатын мемлекеттік баж | 7 728 |
| | | 14 | Жүргізуші куәлігін, тракторшы-машинисттің куәлігін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж | 873 784 |
| | | 15 | Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бергені үшін алынатын мемлекеттік баж | 1816766 |
| | | 16 | Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж | 3858348 |
| | | 18 | Зияткерлік меншік саласында іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж | 6869 |
2 | | | | Салықтық емес түсімдер | 51 805 329 |
| 01 | | | Мемлекет меншіктен түсетін кірістер | 33 111 446 |
| | 1 | | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 1 250 793 |
| | | 01 | Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері | 1 250 793 |
| | 3 | | Мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер | 4 876 969 |
| | | 01 | Республика меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер | 4 876 969 |
| | 4 | | Мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер | 11 416 |
| | | 01 | Республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер | 11 416 |
| | 5 | | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 19 710 986 |
| | | 01 | Республика меншігіндегі мүлікті жалға алудан түсетін кірістер | 2 726 987 |
| | | 02 | Әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер | 3 011 499 |
| | | 03 | «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен түсетін түсімдер | 13 972 500 |
| | 6 | | Бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар (мүдделер) | 334 699 |
| | | 01 | Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі депозиттері бойынша сыйақылар (мүдделер) | 250 000 |
| | | 03 | Екінші деңгейдегі банктер шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатын орналастырғаны үшін сыйақылар (мүдделер) | 84 699 |
| | 7 | | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 1 141 760 |
| | | 01 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергіліктi атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 52 443 |
| | | 02 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергіліктi атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 304 632 |
| | | 04 | Қарыз алушы банктерге ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 233 087 |
| | | 05 | Қарыз алушы банктерге үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республика- лық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделep) | 96 768 |
| | | 10 | Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республика- лық бюджеттен 2005 жылға дейін берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 86 539 |
| | | 12 | Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 4 145 |
| | | 14 | Шетелдік мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) | 29 921 |
| | | 15 | Мемлекеттік кепілдіктер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі төлеген талаптар бойынша сыйақылар (мүдделер) | 334 225 |
| | 9 | | Мемлекеттік меншіктен түсетін басқа да кірістер | 5 784 823 |
| | | 01 | Ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылықтарын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алған кезде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің шығасыларын өтеуден түсетін түсімдер | 3 370 601 |
| | | 03 | Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға берілгені үшін ақы | 753 798 |
| | | 05 | Қару-жарақты және әскери техниканы сатудан түсетін кірістер | 710 000 |
| | | 06 | Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде кедендік бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түсетін түсімдер | 950 424 |
| 02 | | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырыла- тын мемлекеттік мекемелердің тауарлар- ды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 1 825 874 |
| | 1 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырыла- тын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 1 825 874 |
| | | 01 | Республикалық бюджеттен қаржыландыры- латын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер | 1 825 874 |
| | | 03 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыры- латын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдерi | 38 160 |
| | 1 | | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыры- латын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдерi | 38 160 |
| | | 01 | Республикалық бюджеттен қаржыландыры- латын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімi | 38 160 |
| | | 04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландыры- латын, сондай-ақ Қазақстан Республика- сы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 6 775 360 |
| | 1 | | Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 6 775 360 |
| | | 03 | Атқарушылық санкция | 498 462 |
| | | 07 | Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркеусіз қызметінен алынған кірістердің түсімі | 1 059 |
| | | 08 | Монополияға қарсы заңнаманы бұзу нәтижесінде алынған кірістердің түсімі | 2 820 000 |
| | | 09 | Заңсыз алынған мүлікті еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімi | 3 574 |
| | | 10 | Табиғатты пайдаланушылардан келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша алынған қаражат, аңшылықтың және балық аулаудың тәркіленген құралдарын, заңсыз олжаланған өнімдерді сатудан түскен қаражат | 3 452 265 |
| | | 05 | Гранттар | 1 194 822 |
| | 2 | | Қаржылық көмек | 1 194 822 |
| | | 01 | Орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттар | 1 194 822 |
| 06 | | | Басқа да салықтық емес түсімдер | 8 859 667 |
| | 1 | | Басқа да салықтық емес түсімдер | 8 859 667 |
| | | 02 | Қазақстан Республикасының қосымша және үстеме баждарды бөлу кезіндегі үлесi | 64 888 |
| | | 04 | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімдері | 191 030 |
| | | 06 | Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару | 2 120 617 |
| | | 08 | Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер | 6 483 132 |
3 | | | | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 8 544 482 |
| 01 | | | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 75 318 |
| | 1 | | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 75 318 |
| | | 01 | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүліктi сатудан түсетін түсімдер | 75 318 |
| 02 | | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 8 469 164 |
| | 1 | | Мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сату | 8 469 164 |
| | | 03 | Мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер | 6 208 382 |
| | | 04 | Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер | 2 260 782 |
4 | | | | Трансферттердің түсімдері | 558 446 671 |
| 01 | | | Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер | 91 921 885 |
| | 1 | | Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер | 91 921 885 |
| | | 02 | Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару | 10 169 751 |
| | | 04 | Атырау облысының облыстық бюджетінен алынатын бюджеттік алу | 15 467 703 |
| | | 05 | Маңғыстау облысының облыстық бюджетінен алынатын бюджеттік алу | 4 249 313 |
| | | 06 | Алматы қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу | 52 400 834 |
| | | 07 | Астана қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу | 9 634 284 |
| 04 | | | Ұлттық қордан трансферттер | 466 524 786 |
| | 1 | | Күрделі нысаналы трансферттер | 466 524 786 |
| | | 01 | Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілетін трансферттер | 461 430 640 |
| | | 02 | Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан өткен жылғы республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферт сомасы | 5 094 146 |