Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1223 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 618 Қаулысы
(2008.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
ҚР Үкіметінің 2008.31.07 № 727 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«2008 - 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
«Дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2008 - 2010 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген кестеде:
«Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген кіші бөлімде:
реттік нөмір 597-жолда:
7-бағанда «4025418» деген сандар «1847110» деген сандармен ауыстырылсын;
8-бағанда «3982850» деген сандар «6161158» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмір 598-жолда:
7-бағанда «1000000» деген сандар «3178308» деген сандармен ауыстырылсын;
10-бағанда «36238640» деген сандар «34060332» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» әкімшісі бойынша:
024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:
оның ішінде инвестициялық жобаларға:
Астана қаласының ЖЭО-2, жылу желілері мен энергожелі объектілерін кеңейту және қайта жаңарту «4025418» деген сандар «1847110» деген сандармен ауыстырылсын;
Астана қаласының № № 7, 8 ст. қазандыагрегаттарын, № № 5, 6 турбоагрегаттарын құруымен ЖЭС-2 және су жылыту қазандығын кеңейту және қайта жаңарту «1000000» деген сандар «3178308» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |