Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 886 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта:
1-тармақтағы «және билік ету» деген сөздер алынып тасталсын;
14, 16, 17, 18, 37, 44, 45, 46, 47, 58 және 59-тармақтардағы «Үлгі» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта:
7) тармақшадағы «міндеттемелерді» деген сөзден кейін «орындамаған немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-тармақтың 10) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақта:
1) тармақшадағы «күшімен» деген сөзден кейінгі «Үлгі» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) және 19-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«19-1) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
19-2) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
«Объектіні пайдалану» деген 6-бөлімде:
40-тармақтағы «Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес көрсетілген іс-әрекеттерді Концедент жүзеге асырған жағдайды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
«40-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.»;
41 және 42-тармақтар алынып тасталсын;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Концессия объектілері кепілдік мәні болып әрекет ете алмайды.»;
«Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі» деген 7-бөлім мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Мемлекетттік меншікке концессия объектілерін қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.»;
«Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» деген 8-бөлім мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
«52-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартта:
«Негізгі ұғымдар мен анықтамалар» деген бөлім алынып тасталсын;
«Шарттың орындалуына кепілдіктер» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Концессионер қолданыстағы заңнамаға сәйкес концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін көрсетеді.»;
«Тараптардың құқықтары мен міндеттері» деген 5-бөлімде:
13-тармақтың 8) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
14-тармақтың 9) тармақшасындағы «құқығы бар» деген сөздер «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін көрсету;
13-2) «Концессиялар туралы» Қазақстан республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
13-3) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылатын қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге;
13-4) объектінің және/немесе мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін көтеруге
____________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе Тараптар олардың
____________________________________________________________________
басталуымен көрсетілген кезеңде міндеттемелердің туындауын
____________________________________________________________________
байланыстыратын оқиғаны көрсетумен - керегі көрсетілсін);»;
«Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі» деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Бақылаудың негізгі бағыттары:
1) концессия объектілерінің бейінін пайдалану мен сақтаудың тиімділігі;
2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемін арттыру және сапасын жақсарту;
3) өзіндік құнын төмендету және қызметтің кіріс бөлігін арттыру;
4) шартта анықталған барлық талаптар мен тәртіптерді сақтау;
5) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау болып табылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |