Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1326 Қаулысы
(2013.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 829 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарты осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен үлгі шарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1326 қаулысымен
бекітілген
Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның
үлгі шарты
___________________________ (қол қойылатын қала) | 20_____ жылғы «_____» _______________ (жасалған күні) |
Бұдан әрі Концедент деп аталатын __________________________________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік орган)
____________________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі Концессионер деп аталатын ________________________________________________________________ атынан
(заңды, жеке тұлға және т.б.)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттіктерін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
негізінде әрекет ететін ______________________________________________________________________________________ екінші тараптан
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.)
бұдан әрі бірлесіп Тараптар, жеке алғанда Тарап, деп аталатындар
Концессиялар жөніндегі комиссияның ______________________________________________________________________________________
(комиссияның толық атауын көрсету)
20__ жылғы «___» ___________________ № ____ шешіміне сәйкес концессия объектілерін салуға немесе реконструкциялауға және пайдалануға арналған үлгі шартты жасасты.
1. Анықтамалар
Осы бөлімде түсініктеме берілмеген анықтамалар мен терминдердің «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде қамтылған анықтамалар мен терминдерге сәйкес келетін мәні болады:
1) Үлгі шарт - осы Үлгі шартты, Үлгі шартта көрсетілген және Үлгі шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын Үлгі шарттың барлық қосымшалары (егер олар болса, оған қоса берілетін құжаттар);
2) концессия объектісі - концессия объектісінің атауы;
3) концессиялық жоба - Үлгі шарттың қолданылу мерзімі ішінде
іске асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия объектісін құруды (реконструкциялауды) және пайдалануды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
4) концессиялық жобаны басқару - жобаны басқару рәсімдерінің орындалуы: жобаның шарттарын айқындау, тұжырымдау, өзгерту, жобаны жоспарлау, жобаны техникалық орындау (жоспарлау мен бақылауды қоспағанда), жобаның орындалуын бақылау;
5) баланс ұстаушы - балансына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін бекіту болжанатын мемлекеттік заңды тұлға;
6) концессия объектісін пайдалану - Концессионердің концессия объектісін Үлгі шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда концессия объектісінің тағайындауына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және/немесе жұмыстарды орындау және/немесе қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;
7) концессия объектісін басқару - концессия объектісін сенімгерлік басқару;
8) жобалау құжаттамасы - концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленуі мен бекітілуі талап етілетін құжаттама;
9) кадрлар - Концессионердің сол немесе өзге қызмет саласындағы даярланған, білікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы;
10) тәуекелдер - пайда болған жағдайда оң немесе теріс әсері болатын, ақша түріндегі сатып алуларға немесе шығындарға алып келетін оқиға немесе шарт;
11) кадрлардағы жергілікті қамту - жұмысшылар мен қызметшілерді әрбір санат бойынша бөлумен, келісімшартты орындау кезінде тартылған персоналдың жалпы санына қатысты пайызбен алынған қазақстандық кадрлардың саны;
12) жұмыстағы (көрсетілетін қызметтегі) жергілікті қамту - жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарларда, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлердің еңбекақысын төлеу құнында, жұмысты орындау кезінде пайдаланылатын тауарлар құнын және қосымша мердігерлер шарттарының бағаларын шегерумен, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмысты (көрсетілетін қызметті) өндірушінің еңбекақысын төлеу қорында жергілікті қамту құнының жалпы жиынтық үлесі;
13) тауардағы жергілікті қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды өндірушінің тауарды өңдеуге пайдаланылатын жергілікті материалдар мен шығындар құнының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;
14) арнайы қаржы компаниясы - «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Концессионер құратын компания.
2. Үлгі шарттың нысанасы және концессия объектісі
1. Үлгі шарттың нысанасы Тараптардың _________________________________________________________________________________
(керегін көрсету)
қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатында концессия объектісін салуға және/немесе реконструкциялауға және пайдалануға, концессия объектісін сенімгерлік басқаруға немесе концессионерге мүліктік жалға алуға (жалдауға) немесе концедентке немесе оның уәкілетті тұлғасына мүліктік жалға алуға (жалдауға) беруге бағытталған қызметін жүзеге асыру кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
2. Салынатын және/немесе реконструкцияланатын концессия объектісін сипаттау, мүлік құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, концессия объектісінің болжанған бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктер Үлгі шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
3. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концедент Үлгі шартта көрсетілген қызметті Концессионер жүзеге асыру
үшін _______________________________________________________________________________________________________________
(концессия объектісімен біртұтас болады және/немесе концессия объектісімен
___________________________________________________________________________________________________________________
жалпы тағайындау бойынша пайдалануға
___________________________________________________________________________________________________________________
арналған - керегін көрсету)
мүлікті (бұдан әрі - өзге мүлік) Концессионерге беруге құқылы.
Өзге мүліктің құрамы және оның сипаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, берілетін мүліктің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтерді қоса алғанда, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілер тізбесі, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі Үлгі шартқа 2-қосымшада келтірілген.
Концедент иелену және пайдалану құқығы Үлгі шартқа сәйкес Концессионерге берілетін өзге мүліктің меншік иесі екендігіне кепілдік береді.
4. (Егер қажет болса, енгізіледі) Концессия объектісі және өзге мүлік осы
Үлгі шарт жасалған кезде, _____________________________________________________________________________________________
(құқық белгілеуші құжаттардың және/немесе өзге мүлікке қатысты
___________________________________________________________________________________________________________________
Концеденттің меншік құқықтарын
___________________________________________________________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың атауы мен деректемелері негізінде меншік құқығында Концедентке тиесілі.
Концеденттің меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және/немесе түпнұсқалары Үлгі шартқа қоса беріледі.
5. Концессия объектісінде мынадай ауыртпалықтар мен пайдалану шектеулері бар және/немесе тіркелген _________________________.
(керегін көрсету)
6. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделген болса, енгізіледі) Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметін жүзеге асырған кезде пайдалануға арналған концессия объектісінің құрамына кірмейтін, жылжымайтын мүлік объектілерін құрады, олардың сипаттамасы, мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет ету мерзімі, мүліктің болжамды бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны, технология мен технологиялық жабдықтар туралы мәліметтерді қоса алғанда, техникалық-экономикалық ерекшеліктері Үлгі шартқа 3-қосымшада көрсетілген.
7. Концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесі осы Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген.
8. Концессиялық жобаның өнімі, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері және оларды өткізу нарығы ____________________________.
(керегін көрсету)
9. Концессиялық жобаның өндірістік бағдарламасы концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - ТЭН) қаржылық-экономикалық бөлімінде көрсетілген (Үлгі шартқа 5-қосымша).
10. Концессиялық жобаны іске асырудың негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері концессиялық жобаның басты негіздемелері мен базалық шарттары көрсетілетін, сондай-ақ:
1) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес рұқсаттар мен лицензиялар алу үшін көзделген болжамды мерзімдерді;
2) концессиялық жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес жұмыстарды орындау үшін көзделген мерзімдерді;
3) мемлекеттік қолдау шараларының төлемдері мен мемлекеттік бюджет қаражатынан өзге де төлемдердің сомасы мен кестесін;
4) концессия объектісін пайдалану кезіндегі коммерциялық табыс пен таза пайданың сомаларын;
5) концессиялық жобаға арналған жылжымайтын мүлікті және жер учаскелерін иеліктен айыру бойынша өтемақыларды төлеуге арналған жалпы соманы;
6) концессиялық жобаны іске асыруға кедергі болатын жағдайларды жоюға арналған шығындардың жалпы сомасын;
7) концессия объектісін пайдалану кезеңінде өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамалары мен мәнін (табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асырған жағдайда енгізіледі);
8) тарифтерді қалыптастыру тәртібін және мыналардың:
тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілген шығындар көлемдерінің және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тарифті қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстардың;
тарифте ескерілетін негізгі құралдар мен материалдық емес активтер тозуының жыл сайынғы сомаларының;
реттелетін қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) түрлері бойынша реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) болжамды көлемінің;
инвестицияланған капиталды қайтарудың жыл сайынғы сомаларының;
инвестицияланған жеке қаражатқа жыл сайынғы пайданың есептеулерін қамтитын тарифке (баға, алым мөлшерлемесі) енгізілетін жыл сайынғы пайда болжамын;
9) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозуын есептеу әдістерін, негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізу мерзімдерін және амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарын;
10) нормативтік техникалық шығындар болжамы мен шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының болжамды техникалық және технологиялық нормаларын;
11) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталатын шығындардың жыл сайынғы болжамды сметасын;
12) штаттық кестені және еңбекақы төлеудің шекті деңгейін;
13) инвестицияланған капиталды тартудың болжамды шекті мөлшері мен алдын ала шарттарын (пайыздық мәнінде инвестицияланған капитал құрылымындағы қарыздық және меншікті қаражаттың арақатынасы, қарыз капиталының сыйақы мөлшерлемесі және меншікті қаражат пайдасының мөлшерлемесі, нысаналы пайдалану, игеру кестесі, инвестицияланған капиталды қайтару шарттары) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-де бекітіледі (Үлгі шартқа 5-қосымша).
11. Концессиялық жобаның өніміне, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне баға белгілеу жүйесі осы Үлгі шартқа 6-қосымшада көрсетілген.
Табиғи монополиялар салаларында концессиялық жобаны іске асыру кезінде осы Үлгі шартқа 6-қосымшада тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тәртібі (формулалар), болжамды тарифтік сметалар және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелген болжамды тарифтер келтірілген.
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне (бұдан әрі - тіркелім) енгізілген концессионерлер уәкілетті органның оны тіркелімге енгізу туралы хабарламасын алған сәттен бастап он күн мерзімінде уәкілетті органға тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаны оңайлатылған тәртіппен бекіту жөніндегі өтінімді ұсынады.
12. Үлгі шарттан туындайтын немесе Үлгі шартқа сәйкес ұсынылған Концессионердің барлық құқықтары, өкілеттіктері мен міндеттері Үлгі шарттың қолданылу кезеңі ішінде Концессионер үшін айрықша болып табылады және Концедент Концессионердің осы құқықтары мен міндеттемелерінің ешбіреуін Үлгі шарттың қолданылу кезеңі ішінде Концессионердің жазбаша келісімінсіз кез келген өзге тұлғаға бермеуге міндеттенеді.
3. Концессионерге жер учаскелерін беру тәртібі
13. Концессионерге осы Үлгі шартты орындау мақсатында жер учаскелеріне құқық беру оны жасау, бұзу және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын тиісті шарт негізінде іске асырылады.
14. Концессия объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесін сипаттау, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 7-қосымшада келтірілген.
15. (Егер концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүлікті салуға және пайдалануға қажетті жер учаскесін сипаттау, оның ішінде кадастрлық нөмірі, құны, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 8-қосымшада келтірілген.
16. Жер учаскелері концессия объектісін салу кезеңінде уақытша өтеусіз пайдалану шартымен беріледі.
17. Егер Жер учаскесі шартында __________________________________________________________________________________________
(жалдау, қосалқы жалдау - керегін көрсету)
өзгеше көзделмесе, Концессионердің жер учаскесіне өзінің құқықтарын өзге тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға беруге құқығы жоқ.
18. Үлгі шартты тоқтату Концессионердің жер учаскесіне құқықтарын тоқтау үшін негіз болып табылады.
4. Концессиялық жобаның инвестициялары
19. Концессиялық жобаны қаржыландыру көздері, құрылымы, мерзімдері, кестесі және шарттары, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялар, сыртқы қаржыландыру шарттары, қаржыландыру схемасы мен оны ұйымдастыру Үлгі шартқа 9-қосымшада көрсетілген.
Табиғи монополиялар салаларындағы концессиялық жобаны іске асырған кезде табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген концессиялық жобаның инвестициялық бағдарламасы осы Үлгі шартқа 9-қосымша болып табылады.
20. (Егер көрсетілген ереже осы Үлгі шартты жасау туралы Концедент шешімімен көзделген жағдайда, шарт мәтініне енгізуге жатады) Концедент Концессионерге Үлгі шартқа 9-қосымшада көрсетілген шарттарда, көлемдерде, нысандар мен мерзімде концессия объектісінің
_____________________________________________________________________________________________________________________
(құруға, құруға және реконструкциялауға, реконструкциялауға - керегін көрсету)
шығыстарын қаржыландыруға қаражат жіберуге міндетті.
21. Инвестициялар, оның ішінде концессия объектісін жасау және/немесе реконструкциялау бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру Үлгі шарттың 12-бөлімінде көрсетілген шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері есебінен өтеуге жатады.
22. Концессионер концессия объектісін пайдалануға байланысты қызмет бойынша есеп айырысулар үшін жеке банктік есепшот ашады.
23. Бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есепке алудың үлгі есепшоттары жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктерін негізге ала отырып, Концессионер есепке алу саясатын қабылдауға міндетті.
Концессионер бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, есепке алу саясатының сақталуын қамтамасыз ету, активтерді сақтау, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде жымқыру және қателік жағдайларының алдын алу және оларды анықтау жөніндегі шараларды қоса алғанда, операцияларды тиімді жүргізу мақсатында Концедент өкілдері қосыла алатын ішкі бақылау қызметін ұйымдастыруға құқылы.
(Егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын болса, енгізіледі)
Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Концессионер мыналарға:
реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрi бойынша және жалпы өзге қызмет бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізуге, осыған байланысты табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша кірістердің, шығындар мен тартылған активтердің бөлек есебін жүргізу әдістемелерін келісуге;
табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган көздеген тәртіппен есепке алу саясатын келісуге міндетті.
5. Концессиялық жобаны басқаруды ұйымдастыру
24. Концессиялық жобаны басқарудың институционалдық схемасы Үлгі шартқа 10-қосымшада көрсетілген.
25. Мемлекеттік меншікке берілетін немесе мемлекеттік меншіктегі концессия объектісінің баланс ұстаушы
____________________________________________________________________________________________________________ болып табылады.
(заңды тұлғаның деректемелерін көрсету)
26. Баланс ұстаушы Үлгі шарт бойынша Концедент мүддесіне орай концессия объектісіне қатысты мынадай құқықтар мен міндеттерге ие:
__________________________________________________________________________________________________________________________.
(керегін көрсету)
27. Концессия объектісінің техникалық жай-күйін бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
__________________________________________________________________________________________________________________________
(тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану сатысында оны басқару
__________________________________________________________________________________________________________________________
жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ, құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және
__________________________________________________________________________________________________________________________
басқалары) көрсету
28. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны мен сапасын бақылау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады
__________________________________________________________________________________________________________________________
(тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану
__________________________________________________________________________________________________________________________
сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ,
___________________________________________________________________________________________________________________________
құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету
29. Концессиялық жоба бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен бағаларын бақылау мынадай
тәртіппен жүзеге асырылады _________________________________________________________________________________________________
(тұлғаларды және олардың жобаны жасау және/немесе пайдалану
___________________________________________________________________________________________________________________________
сатысында оны басқару жөніндегі құзыреттерін, сондай-ақ,
___________________________________________________________________________________________________________________________
құзыретінің негіздемелерін (шарт, сенімхат және басқалары) көрсету
6. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялауды ұйымдастыру
30. Концессия объектісін құру және/немесе реконструкциялау оның материалдары, күші және қаражатын пайдалану арқылы Концессионер тартатын қаражат есебінен жүзеге асырылады. Концессия объектісін құру және реконструкциялау кезеңінде пайда болатын тәуекелдер
Концессионерге жүктеледі.
Салынып жатқан, реконструкцияланатын концессия объектісінің техникалық құрамына, ұсынылған материалдар мен жабдықтардың тиісті емес сапасына, сондай-ақ үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығымен ұсынылған материалдар мен жабдықтарды ұсынуға жауапты болады.
31. Концессионер Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін құрады және (немесе) реконструкциялайды, Үлгі шартқа 1, 3-қосымшаларда және жобалау құжаттамасында көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес объектілерге қажетті жақсартулар жүргізеді.
32. Концедент Концессионерге және оның уәкілеттік берген тұлғаларына концессия объектісіне еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
33. Концессионер осы Үлгі шарттың 27-тармағында көрсетілген тұлғамен келісу бойынша, оның іс-қимылына жеке өзінікі секілді жауап беретін үшінші тұлғаларды (қажет болған жағдайда нақты тартылатын тұлғаларды көрсетуге болады) ___________________________________________________________________________
(құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау - керегін көрсету)
концессия объектісі бойынша жұмысты орындауға тартуға құқылы.
34. ________________________________________________________________________________________________________________________
(Концессионер, Концедент - керегін көрсету)
20__ жылғы «___» _____________ дейінгі Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген концессия объектісін және жылжымайтын мүлік объектілерін
___________________________________________________________________________________________________________________________
(құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау - керегін көрсету)
қажетті жобалау құжаттамасын ________________________________________________________________________________________________
(әзірлеуге және Концедентпен келісуге,
___________________________________________________________________________________________________________________ міндетті.
әзірлеуге және Концессионерге беруге - керегін көрсету)
Жобалау құжаттамасы Үлгі шартқа 1 , 3-қосымшаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылатын талаптарға
сәйкес келуі қажет.
35. Концессионер Концеденттің келісімінсіз әзірленетін жобалау құжаттамасын беруге немесе өзге тәсілмен пайдалануға, сондай-ақ жобалау құжаттамасын немесе оның бір бөлігін үшінші тұлғаларға иеліктен шығарып беруге құқығы жоқ.
36. Концедент концессия объектісін __________________________________________________________________________________________
(құру, құру және
_________________________________________________________________________________________________________________________
реконструкциялау, реконструкциялау - керегін көрсету)
бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру кезінде Концессионерге
мынадай іс-қимылдарды: ___________________________________________________________________________________________________
(нақты іс-қимылдарды көрсету)
жүзеге асыру жолымен жәрдемдесуге міндетті.
37. Концессионер жобалау құжаттамасының осы Үлгі шартта белгіленген талаптарға, техникалық регламенттердің және Қазақстан Республикасының өзге да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмеуін анықтаған жағдайда Концессионер бұл туралы Концедентті дереу ескертуге және Концедент шешімінің негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізгенге дейін концессия объектісін
_________________________________________________________________________________________________________________________
(құру, құру және реконструкциялау, реконструкциялау - керегін көрсету)
бойынша жұмысты тоқтата тұруға міндетті.
Жобалау құжаттамасының осы Үлгі шартта белгіленген талаптарға сәйкес келмеуін анықтаған кезде жобалау құжаттамасын
___________________________________________________________________________________________ әзірлеген жағдайда осы Үлгі шартта
(Концессионер, Концедент - керегін көрсету)
көрсетілген тәртіппен және мөлшерде _________________________________________________________________________________________
(Концессионер, Концедент - керегін көрсету)
алдында жауапкершілікте болады.
38. Концессионер объектілерді сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және Үлгі шартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге сәйкес пайдалануға береді.