әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, органдарындағы және кәсіпорындарындағы қызмет;
ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарына тапсырмаларды орындау уақыты.
4. Майдандағы армияның әскери бөлімдерінің, штабтары мен мекемелерінің әскери қызметшілеріне, ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңдерінде тұтқында болған әскери қызметшілерге, Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарға қатысқан және Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аудандарда қызмет атқарған немесе негізсіз қылмыстық жауаптылыққа тартылған не қуғын-сүргінге ұшыраған әскери қызметшілерге көзделген еңбек сіңірген жылдарына жеңілдікті жағдайда есептеуге жататын кезеңдерден басқа, міндетті қысқа мерзімді әскери қызметі күнтізбелік есептеу бойынша зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына қосылады.
5. Әскери қызметте келісім-шарт бойынша болған әскери қызметшілерге, әскери қызметке солдаттар, матростар, сержанттар және старшиналар қатарына ерікті түрде қабылданған әйелдерге осы Ереженің 3-тармағының 4-тармақшасының үшінші және төртінші абзацында көрсетілген қызмет кезеңдері тиісті жеңілдікпен зейнетақы тағайындау үшін олардың еңбек сіңірген жылдарына 1976 жылғы 5 тамызынан бастап қана қосылады.
6. Әскери қарсы барлау бөлімі офицерлерінің, прапорщиктерінің, мичмандарының және мерзімінен тыс қызмет әскери қызметшілерінің қызмет көрсететін әскери бөлімдер мен құрамалардың жеке құрамымен бірдей жағдайда қызмет атқарған қызметі зейнетақы тағайындау үшін осы әскери бөлімдер мен құрамалардың әскери қызметшілері секілді осындай жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
7. Қызметтің сол бір кезеңіне жеңілдікті жағдайларда зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарына есептеу үшін екі және одан көп негіздемелер болған кезде еңбек сіңірген жылдары неғұрлым көбірек жеңілдік беретін бір негіздеме бойынша есептеледі.
8. Осы Ереже қолданысқа енгізілгенге дейінгі, бұрынғы қолданылған заңдарға сәйкес есептелген зейнетақы тағайындауға арналған еңбек сіңірген жылдар қайта қарауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдарына олар запаста болған кезде, кезекті әскери және арнаулы атақ беру бұрынғы тағайындалған зейнетақыны қайта қарауға негіз болып саналмайды.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. Қызметтен босайтын әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарына, төмендегідей тәртіп пен көлемде біржолғы жәрдемақы төленеді;
- 10 жылдан аспайтын еңбек сіңірген жылдары және ауруы бойынша, денсаулығының нашарлауына және штаттың қысқаруына байланысты босағандарға - ақша түріндегі үш айлық;
- қызмет еткен жылдары 10 жылдан астам еңбек сіңірген жылдары барларға - "Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
Әскери қызметшінің немесе басшы және қатардағы құрамның абыройына нұқсан келтіретін қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты (оның ішінде шартты сотталуына байланысты) қызметінен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметі және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының әскери қызметшілеріне, басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейді. Сондай-ақ, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет және Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына қызметке ауысына байланысты міндетті әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет органдарының осы органдардан міндетті әскери қызметке не Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарына есепке алынған басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына міндетті әскери қызметке не ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет органдарына қызметке ауысуына байланысты есепке алынған Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейді.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді
11. Жасына, штаттың қысқаруына, науқастығына байланысты немесе денсаулық жағдайы зейнетақы алу құқығынсыз шектелуіне байланысты босаған (осы тармақтың екінші азатжолында көрсетілгеннен басқа) офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамы адамдарына босаған кезде төленетін біржолғы жәрдемақымен қоса, қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойында әскери немесе арнаулы атағына берілетін жалақы сақталады. Бұл ретте, егер көрсетілген мерзімнің ішінде қызметтегі әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшы құрамы адамдарының әскери немесе арнаулы атағы бойынша жалақысы өсірілсе, тиісінше қызметтен босағандарына бір жыл толғанша офицерлерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарына төленетін осы жалақылардың көлемі өседі.
Қызметтен босар алдында Қазақстан Республикасының өкілді және атқарушы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істеген және босағаннан соң бұрынғы жұмысында қалған офицерлерге, және ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамының адамдарына, сондай-ақ міндетті әскери қызметке 2-3 жылға қызметке шақырылған офицерлерге қызметтен босаған күннен бастап бір жыл бойына әскери немесе арнаулы атақ бойынша жалақы төленбейді.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 16.07.02 ж. № 789; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара); 03.08.04 ж. № 826 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді
12. Осы Ереженің 10-тармағында көзделген біржолғы жәрдемақы: офицерлер мен ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының орта, аға және жоғары басшы құрамдарының адамдарына соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы бойынша төленетін жалақыларынан;
мерзімінен тыс қызметтегі, келісім-шарт бойынша қызметтегі прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшілерге, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының кіші басшы және қатардағы құрамындағы адамдарына - соңғы штаттық лауазымы, қызметтен босаған күнгі әскери немесе арнаулы атағы бойынша төленген жалақысынан, ал әскери және арнаулы атағы бойынша жалақы алмайтындарға - қызметтен босаған күнгі атқарған лауазымы бойынша төленген лауазымдық жалақысынан есептелсін.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 13-тармақ өзгертілді
13. Әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және басшы құрамы адамдарының қатарынан қайтыс болған зейнеткерлердің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылуына байланысты тағайындалатын жәрдемақыға қарамастан: әйеліне (күйеуіне) - асыраушысының үш айлық зейнетақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке жарамсыз әрбір мүшесіне - оның қайтыс болған күніне дейінгі төленген асыраушының айлық зейнетақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.
Осы тармақта көзделген бір жолғы жәрдемақының мөлшерін белгілеу кезінде жәрдемақы алуға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); 18 жасқа толмаған немесе, егер олар 18 жасқа толғанға дейін асыраушысы қайтыс болған кезде мүгедек болған болса, немесе оқу орнында оқыса және 23 жасқа толмаса одан ересек балалары; қайтыс болған адамның асырауындағы, заңдарда белгіленген зейнетақылық жасқа жеткен не мүгедек болып табылатын ата-аналары кіреді.
№ 1 қосымша
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755; 05.03.04 ж. № 277 (бұр. ред. қара) қаулылаларымен тақырып өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 қаулысымен тақырып және мәтініндегі cөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Әскери қызметшілердің, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке
қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары
қызметкерлерінің қызметі зейнетақы тағайындау кезінде
жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына
есептелетін жерлердің
ТіЗБЕСі
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметтің бір айы екі айға - жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлер:
Куриль аралдарында және Беринг теңізі аралдарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен;
Охот теңізі аралдарында: әскери қызметшілер үшін - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Моржовец аралында: әскери қызметшілер және ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары басшы құрамындағы адамдар үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Солтүстік Мұзды мұхит аралдарында әскери қызметшілер үшін 1954 жылғы 30 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Архангельск облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ненецк автономиялы округінің жерлерінде: әскери қызметшілер және ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдары басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Коми Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарайғы жерлерде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Тюмень облысында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Ямал-ненецк автономиялы округінің жерлерінде, халық депутаттары Салехард Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Салехард қаласында: әскери қызметшілер, ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесінде - Таймыр (Долгано-Ненецк) автономиялы округінде, Поляр шеңберінен солтүстікке қарай Эвенк автономиялы округі және Турухан ауданының жерлерінде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Якутия Республикасында - Поляр шеңберінен солтүстікке қарайғы жерлерде: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Магадан облысында - Чукот автономиялық округінде және бұрын Камчатка облысының Краснояр автономиялы округінің құрамына кірген Солтүстік-Эвенк ауданының аумақтарында - 1945 жылғы 14 қыркүйектен, Магадан облысының қалған аумақтарында: әскери қызметшілер үшін 1949 жылғы 25 маусымнан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін - 1953 жылғы 17 желтоқсаннан;
Камчатка облысында - 1945 жылғы 14 қыркүйекте;
Хабаров өлкесінде - Охот, Аян-Майск және Тугур-Чумикан аудандарында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан.
ҚР Үкіметінің 28.12.01 ж. № 1755 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қызметтің бір айы бір жарым айға қызметті жеңілдікті жағдайларда еңбек сіңірген жылдарына есептелетін жерлер:
Қазақстан Республикасы
Ақмола облысында - Аршалы (бұрынғы Вишневка), Жарқайың (бұрынғы Державин), Есіл, Жақсы 1 аудандарында, Сілеті селолық округінде 2 және Степногор қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қорғалжын және Целиноград аудандарында (Астана қаласын қоспағанда) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- Ақтөбе облысында - Байғанин және Мұғалжар 3 аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Ескерту.
1 Державин, Есіл және Жақсы аудандары бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген
2 Сілеті селолық округі бұрынғы Сілеті ауданының аумағына кірген
3 Мұғаджар ауданы Мұғаджар ауданы болып қайта аталады.
Алматы облысында - Жамбыл, іле (бұрынғы Күрті селолық округін қоспағанда), Талғар, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ (Шелек округін қоспағанда), Райымбек 1, Алакөл (Үйгентас селолық округін қоспағанда) аудандарында, Кербұлақ ауданының Гвардейский қалалық үлгідегі поселкесінде, Көксу 2, Сарқант 3; Талдықорған (Талдықорған қаласын қоспағанда), Панфилов аудандарында, Текелі қаласында және Ақсу селосында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қапшағай, Қаскелең, Балқаш, Кербұлақ аудандарында, іле ауданының Күрті селолық округінде, Еңбекшіқазақ ауданының Шелек селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Атырау облысында - Махамбет ауданында 4 - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Шығыс Қазақстан облысында - Қатонқарағай, Күршім 5 аудандарында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Аягөз, Жарма 6, Зайсан, Тарбағатай 7 аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей, Таскескен аудандарында, Үржар ауданының Мақаншы селолық округінде, Семей қаласында және Курчатов қаласында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Жамбыл облысында - Қордай 8. Мойынқұм аудандарында және Жаңатас қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Талас, Байзақ 9 және Шу аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Батыс Қазақстан облысында - Жангелдин және Орда аудандарында, сондай-ақ Теректі 10 ауданының Тайпақ селолық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қарағанды облысында 11 - Абай ауданында 12, Шет ауданының Ағадыр селолық округінде, Ұлытау ауданының Жезді селолық округінде, қаражал қаласында және Жәйрем поселкесінде - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, Нұра 13, Шет, Ұлытау аудандарында (бұрынғы Жезқазған облысының Балқаш, Жаңаарқа, Қаражал, Жезқазған аудандарында), Сәтпаев және Жезқазған қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Қарқаралы 14 ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Ескерту.
1. Райымбек ауданының құрамына Кеген және Нарынқол аудандарының аумағы кіреді.
2. Бұрынғы Талдықорған облысының Киров және Гвардейский аудандары тиісінше Алматы облысының Көксу және Кербұлақ аудандары болып қайта аталады.
3 Сарқанд ауданының құрамына бұрынғы Бөрлітөбе ауданы аумағының бір бөлігі кіреді.
4. Махамбет ауданының құрамына Балықшы ауданының аумағы кіреді.
5. Күршім ауданының құрамына бұрынғы Марқакөл аумағының аумағы кіреді.
6 Жарма ауданының құрамына бұрынғы Шар ауданының аумағы кіреді.
7. Тарбағатай ауданының құрамына бұрынғы Ақсуат ауданының аумағы кіреді.
8. Қордай ауданының құрамына бұрынғы Красногор ауданының аумағы кіреді.
9. Свердлов ауданы Байзақ ауданы болып қайта аталған.
10. Теректі ауданының құрамына Ақжайық ауданының аумағы кіреді.
11. Қарағанды облысының құрамына бұрынғы Жезқазған облысы кіреді.
12. Мичурин ауданы Абай ауданы болып қайта аталды.
13. Нұра ауданының құрамына Ақмола облысының бұрынғы Қорғалжың және Теңіз аудандарының аумағы кіреді.
14. Қарқаралы ауданының құрамына бұрын Егіндібұлақ ауданы Болып Қазыбек би ауданының аумағы кіреді.
Қостанай облысында - Арқалық қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Қызылорда облысында - Шиелі ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал облыстың қалған аумағында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Маңғыстау облысында - Ерәлиев ауданында, Жаңа өзен, Форт-Шевченко және Ақтау қалаларында - 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал Бейнеу мен Маңғыстау аудандарында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Павлодар облысында - Май және Лебяжі ауданында - 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Солтүстік Қазақстан облысында - Айыртау ауданында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Оңтүстік Қазақстан облысында - Созақ, Сарыағаш (Келес селолық округінен басқа) аудандарында және Түркістан қаласында - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал Сарыағаш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Байқоңыр қаласында және "Байқоңыр" ғарыш айлағына іргелес аудандарда - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап.
Ресей Федерациясы
Мурманск облысында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал Мурманск қаласында - 1951 жылғы 30 сәуірден; милицияның жеке құрамы үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан;
Карелия Республикасында - Беломор, Калевала, Кемск, Костомуш 1, Лоух, Медвежьегорск, Муеаерск, Сегеш, Суояр аудандарында және Костомуш қаласында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Архангельск облысында - Виноградовск, Лешуконск, Мегенск, Новодвинск 2, Пинежск, Онежк, Плесецк, Приморск, Соловецкий 2 және Холмогор аудандарында, халық депутаттары Северодвинск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Архангельск, Новодвинск және Онега, Северодвинск қалаларында, Поляр шеңберінің оңтүстігіне қарай Ненец автономиялық округі жерлерінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап; Верхнетоемский және Ленский аудандарында - 1992 жылғы 1 шілдеден бастап;
Ескерту.
1. Костомушский ауданы Калеваль ауданының құрамынан бөлінген.
2. Новодвинский және Соловецкий аудандары Приморский ауданының құрамынан бөлініп шыққан.
Қалмақ Республикасында - Октябрь ауданында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Коми Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа) - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тюмень облысында - Ямал-Ненецк автономиялық округінде (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін 1970 жылғы 1 қаңтардан, Ханты-Мансийск автономиялық округінде - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Алтай өлкесінде - Таулы-Алтай автономиялық облысының Оңгудай, Улағанск, Усть-Канск, Усть-Коксинск және Шебалинскі аудандарында 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Томск облысында - Александровский, Бакчарский, Верхнекетский, Каргасокский, Колпашевский, Кривошейнский, Молчановский, Парабельский, Тегульдетский және Чайнский аудандарында, Колпашево және Стрежевой қалаларында, Томск ауданының Итатке поселкесінде 1988 жылғы 1 қаңтардан;
Краснояр өлкесінде - Поляр шеңберінің оңтүстігіне Эвенк автономиялы округі мен Турухан ауданы жерлерінде, Солтүстік-Енисей ауданында: әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, Богучанский, Енисейский, Кежемский және Мотыгинский аудандарында, халық депутаттарының Лесосибирск қалалық Кеңесінің әкімшілік бағынысындағы аумақ пен Енисей және Лесосибирск қалаларында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Тува Республикасында - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Иркутск облысында - Катанг ауданында: әскери қызметшілер үшін 1969 жылғы 7 тамыздан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан, облыстың қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін 1985 жылғы 1 қаңтардан, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Якутия Республикасында (осы тізбенің 1-ші бөлімінде көрсетілген жерлерден басқа): әскери қызметшілер үшін - 1969 жылғы 7 тамыздан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Бурятия Республикасында, Чита және Амур облыстарында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан; ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Приморск өлкесінде - Самарги өзенінен солтүстікке қарай Тернейск ауданының аумағында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап; өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;
Хабаровск өлкесінде - Ванинск, Николаевск, Советско-Гаван және Ульчск аудандарында, Амурдағы Николаевск және Советско-Гаваны қалаларында: әскери қызметшілер мен ішкі істер, қаржы полициясы, өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін (милициядан басқа) - 1949 жылғы 25 маусымнан, ал милицияның жеке құрамы үшін - 1970 жылғы 1 қаңтардан бастап, өлкенің қалған аумағында: әскери қызметшілер үшін - 1985 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамдағы адамдары үшін - 1988 жылғы 1 қаңтардан бастап;