"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң Шет ел тiлдері әскери
институты" мемлекеттік мекемесi туралы ереженi бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1153 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 29 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 12 шiлдедегi № 754 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттік мекемесi туралы ереже бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 5 қарашадағы № 1153 қаулысымен
бекітілген
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттік
мекемесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Шет ел тiлдерi әскери институты (бұдан әрi - Институт) жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң білім бағдарламаларын iске асыратын, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыратын әскери оқу орны болып табылады.
2. Институт өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Институттың мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында Жауынгерлiк Туы, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi, белгіленген үлгідегi мөртаңбалары мен бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Институт азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
4. Институт өзінің құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Институт бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Институттың құрылымын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi бекiтедi.
6. Институттың заңды мекен-жайы: 480094, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жандосов көшесi, 53.
7. Институттың толық атауы:
"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігiнің Шет ел тiлдерi әскери институты" мемлекеттік мекемесi.
8. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Институттың мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын iске асыратын орган (бұдан әрi уәкiлетті орган) болып табылады.
9. Институттың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi.
2. Институттың мақсаты, мiндеттерi және функциялары
10. Институттың мақсаты жоғары әскери кәсiптік білім берудiң білім бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердi жүзеге асыру болып табылады.
11. Институттың мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) жоғары әскери арнайы білімi бар офицер кадрларын даярлау, сондай-ақ шет мемлекеттердiң әскери оқу орындарында оқыту үшiн әскери қызметшiлердi даярлау;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiн және азаматтық персоналын қайта даярлау және жетiлдiру;
3) тәрбиелеу процесiн ұйымдастыру.
12. Институт халықаралық келісімдерге (шарттарға) сәйкес басқа мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың қарулы күштерi үшiн әскери қызметшiлер мен азаматтық персоналды даярлауды жүзеге асыруы мүмкiн.
13. Институт курсанттарды тiзбесi білім саласындағы орталық атқарушы органмен келісілетiн мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес азаматтық мамандықтарға оқытуды жүзеге асыруы мүмкiн.
14. Көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Институт мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жоғары және орта әскери кәсiптiк білім берудiң білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайды;
2) терең әскери арнайы білім, қатаң дағды мен машық қалыптастыруды қамтамасыз етедi, жоғары кәсiби қасиеттерiн пысықтайды;
3) патриоттық, әскери антқа адалдық сезiмiне тәрбиелейдi және адамның шығармашылық, рухани және табиғи мүмкiндiктерiн дамытады, адамгершілiктің, әскери этика нормаларының, тәртiптiлiк пен ұйымшылдықтың берiк негiздерiн қалыптастырады.
3. Институттың қызметiн ұйымдастыру
15. Институт:
1) жоғарғы оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес азаматтарды Институтқа қабылдауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік жалпыға мiндеттi білім стандарттарының негізiнде әзiрленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбие қызметiн жүзеге асырады;
3) білім алушыларды аралық аттестаттаудың нысанын, тәртібі мен мерзімін өздері таңдайды;
4) азаматты қабылдау кезiнде оны және (немесе) оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкiлдерiн осы Ережемен, білім беру қызметiн жүргізу құқығына лицензиямен және қабылдау тәртібі мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстырады;
5) жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды, оқу процесiнiң күнтiзбелiк кестелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
6) iшкi тәртіп ережесін әзiрлейдi және бекiтедi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен кадрлардың білiктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi.
16. Институтты басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Институтта басқарудың алқалық органы көзделедi, ол туралы ереже оны сайлау тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледi.
17. Уәкiлетті орган:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларының қажеттiлiктерiне сәйкес мамандықтарды және курсанттар қабылдаудың жыл сайынғы жоспарын белгiлейді;
2) Институтқа берiлген мүліктің тиiмдi пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18. Институт қызметкерлерінің штатын жасақтау тәртібі, еңбекақы төлеу шарттары, олардың құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Институтқа тiкелей басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi тағайындайтын және босататын Институттың бастығы жүзеге асырады.
20. Институт бастығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрiне бағынады.
21. Институт бастығы дара басшылық қағидатымен әрекет етедi және Институт қызметiнің мәселелерiн лауазымдық өкілеттiктерiне сәйкес дербес шешедi.
22. Институт бастығы басшылық жасауды жүзеге асыру кезiнде заңнамада белгiлеген тәртiппен:
1) барлық ұйымдарда Институттың мүддесiн бiлдiредi;
2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкiлетті орган тағайындағандардан басқа, Институт қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Институт қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жазалар қолданады;
5) өзiнiң орынбасарлары мен Институттың өзге де басшы қызметкерлерінің мiндеттерi мен өкiлеттiктерi аясын айқындайды;
6) Институттың қаржылық және шаруашылық қызметiне басшылық жасайды;
7) оған заңнамада, осы Ережеде жүктелген және уәкілеттi орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Институттың мүлкi
23. Институттың жедел басқару құқығында негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Институттың теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүлiктен тұратын оқшауланған мүлкi болады.
24. Институттың оған бекітіп берiлген мүлiктi және смета бойынша оған бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгінен иелiктен шығаруға немесе өзге әдiспен оған иелiк етуге құқығы жоқ.
5. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату
25. Институтты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.