7-тарау. Шекара маңындағы аудандардың экономикалық
байланыстар режимі мен байланысы
27-бап
1. Тараптар шекара маңындағы аудандардың арасында экономикалық байланыстарға ықпал етеді және осы мақсаттарда өзара сапарлар мен тауар айналымы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
2. Тараптардың уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес шекара маңындағы аудандар арасында экономикалық байланыстарды дамыту жөніндегі уағдаластықтардың орындалуына ықпал етеді.
3. Шекара маңындағы аудандар арасындағы экономикалық байланыстар саласында Тараптардың уәкілетті органдары өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және Тараптар арасындағы тиісті Келісімдерге сәйкес трансшекаралық қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қолданады.
28-бап
1. Тараптар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстары мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы автономиялық ауданы арасындағы байланыстар жүйесін орнатуға ықпал етеді.
2. Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстары мен Қытай Халық Республикасының шекара маңындағы автономиялық ауданы шекара маңындағы аудандар арасындағы байланыстар жүйесін орнатуға ықпал етеді.
3. Тараптар шекаралық ведомстволардың, кеден органдарының, карантиндік - инспекциялық қызметтердің және Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында айқындалған басқа мемлекеттік бақылаушы органдардың тиісті басшылықтары арасында қызметтік байланыстардың жүзеге асырылуын ынталандыратын болады.
4. Екі елдің шекара маңы аудандары өзара ынтымақтастығының барлық мәселелері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және Тараптар арасындағы тиісті келісімдерге сәйкес немесе олардың уәкілетті органдары арқылы шешіледі.
5. Тараптар шекара маңындағы аудандардың әкімшілік аражігін ажырату тізбесін осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес айқындайды. Бір Тарап өзінің шекара маңындағы аудандарының әкімшілік аражігін ажыратуды қайта қарау себебі бойынша өзгерістер болған жағдайда бұл туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етеді.
29-бап
Тараптар шекаралық туризм мен шекаралық сауданы дамытуға ықпал етеді, шекаралық ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын көтермелейді.
8-тарау. Шекарадағы тосын оқиғаларды шешу
30-бап
Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары мынадай шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ оларды бірлесіп тексеру жөне шешу жөніндегі ынтымақтастықты жүзеге асырады:
1) шекаралық объектілердің бүлінуі, орнының ауысуы, бұзылуы немесе шекара белгілерінің жоғалуы;
2) шекара асыра оқ ату;
3) екінші Тарап мемлекетінің аумағында адам өлтіру, жарақаттау және Тараптар мемлекеттері азаматтарының денсаулығына қатер төндіретін басқа да іс-әрекеттердің шекара арқылы немесе шекараны бұза отырып жасалуы;
4) адамдардың, малдардың, үй құстарының және көлік құралдарының (әуе кемелерінің, автомашиналардың және жүзу құралдарының) және басқалардың шекараны бұзуы;
5) ағаштарды кесу, жерді өңдеу, балық аулау, аңға шығу, жеміс-жидек пен дәрілік шөптерді жинау немесе өзге де өндірістік қызметпен айналысу үшін шекарадан заңсыз өту;
6) жүктерді шекара арқылы заңсыз алып өту;
7) екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы мүлікті иеліктен алу, қарақшылық, қорқытып алу, ұрлық, бүлдіру немесе бұзу;
8) шекара арқылы өрттің таралуы;
9) шекара арқылы жұқпалы және паразиттік аурулар мен зиянкестердің енуі және таралуы;
10) шекара арқылы заңсыз байланыстар жасау;
11) өзге де шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу.
31-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары шекара мен оның режимін бұзудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі қажетті шараларды бірлесіп қолданады.
2. Шекара бұзушыны немесе оның шекараны бұзған іздерін анықтаған жағдайда мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары өз мемлекетінің аумағында іздестіруді, ұстауды және шекара бұзушының жеке басын анықтауды жүзеге асырады және бір-бірін жедел хабардар етеді.
32-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары қысқа мерзімде шекара бұзушыға қатысты тексеру жүргізеді, оның жеке басын, шекара бұзудың мән-жайы мен себебін анықтайды және ұстаған кезден бастап жеті күн ішінде оны екінші мемлекеттің шекара өкілдеріне немесе екінші Тараптың уәкілетті органдарына береді.
Шекара бұзушыны белгіленген мерзімде беру немесе қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, шекара бұзушы туралы және оны уақтылы берудің немесе қабылдаудың мүмкін еместігі себептері туралы мәліметтерді мемлекеттің шекара өкілдеріне немесе екінші Тараптың уәкілетті органдарына беру қажет.
2. Егер шекараны бұзушы оны ұстаған Тарап мемлекетінің азаматы болып табылса, онда ол, егер бір мезгілде Тараптар мемлекеттері қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, берілуге тиіс емес.
3. Егер адам шекараны бұзудан басқа, ұстап алған мемлекеттің аумағында басқа қылмыстық әрекеттер жасаса, онда ұстаған Тараптың уәкілетті органдары өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес оны тексеру үшін қажетті кезеңге қамауда ұстауы және жауапкершілікке тартуы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекеттердің шекара өкілдері немесе ұстаған Тараптың уәкілетті органдары шекара бұзушы, ол жасаған қылмыстарының жай-күйі, оған қатысты қабылданған шаралар мен тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді мемлекеттің шекара өкілдеріне және екінші Тараптың уәкілетті органдарына хабарлайды.
4. Шекара бұзушыны беру кезінде мемлекеттердің шекара өкілдері немесе ұстаған Тараптың уәкілетті органдары мемлекеттің шекара өкілдері немесе қабылдаған Тараптың уәкілетті органдарына адамның шекараны бұзу кезінде пайдаланған көлік құралдарын және қабылдаған Тараптың аумағынан алып өткен мүлкін дәлелдеме ретінде береді.
33-бап
1. Шекара бұзушылардың құқықтары мен мүдделері Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және бір мезгілде Тараптар мемлекеттері қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тараптардың уәкілетті органдары шекара бұзушыға қатысты адамгершілікке жатпайтын қимылдарға және дөрекі сөйлеуге жол бермейді.
2. Егер шекара бұзушы Тараптар мемлекеттері азаматтарының өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, оған қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
Шекара персоналы шекара бұзушыға қарсы қару қолданар алдында қару қолдану ниеті туралы оған анық ескерту жасайды және ескерту оғын атады.
Шекараны бұзушыға қатысты қаруды қолдануға, басқа қолданылған шаралар оң нәтижелер бермеген кезде, аса қажет болған жағдайда ғана жол беріледі. Қару қолдану шекара арқылы заңсыз іс-әрекеттердің тиімді түрде жолын кесу мақсатында ғана қолданылады.
Ұстау кезінде жарақат алған шекара бұзушыға жедел медициналық жәрдем көрсетіледі.
34-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары шекарадағы тосын оқиға барысында келтірілген залалдарға байланысты ұсынылатын барлық талап қоюлар мен талаптарды бірлесіп тексереді және шешеді.
2. Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары бір мезгілде шекарадағы тосын оқиғаны реттей отырып, екінші Тарап мемлекетінің аумағында қалған мүлікті қайтару мәселесін қарайды және шешеді.
35-бап
Мемлекеттердің шекара өкілдері мен Тараптардың уәкілетті органдары мемлекеттік шекараға жақын жерден белгісіз адамдардың мәйіттерін тауып алған кезде, олардың қай мемлекетке қатысы бар екенін анықтайды, қажет болған жағдайда бірлесіп тануды жүргізеді, оларды беру мәселелерін немесе реттеудің қажетті тәсілдерін келісіп шешеді.
Мемлекеттік шекараға жақын жерден белгісіз заттарды немесе малдардың өлексесін тауып алған кезде, олардың қай мемлекетке қатысы бар екенін анықтау шаралары қабылданады және оларды беру немесе жою жүзеге асырылады.
36-бап
1. Тараптар немесе оның уәкілетті органдары әуе кемесінің екінші Тарап мемлекетінің әуе кеңістігі арқылы олардың мемлекетінің шекарасынан заңсыз кесіп өткенін куәландырғаннан кейін шекара бұзушы әуе кемесінің ықтимал типі, сондай-ақ шекараны бұзу уақыты, жері (географиялық координаттары), биіктігі және ұшу бағыты (әуе жолы) туралы екінші Тарапқа немесе оның уәкілетті органдарына дереу хабарлайды.
Мемлекетінің әуе кеңістігінен әуе кемесі шекараны бұзған Тарап немесе оның уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өткені туралы хабарлама алғаннан кейін шекараны заңсыз бұзу фактісі бойынша дереу тексеру жүргізеді және екінші Тарапқа немесе оның уәкілетті органдарына шекараны заңсыз кесіп өту себептері туралы хабарлайды.
Егер әуе кемесі әуе кеңістігінен шекараны бұзған Тараптың немесе оның уәкілетті органдарының әуе кемесіне қатысты ақпараты болмаса, олар бұл туралы екінші Тарапқа немесе оның уәкілетті органдарына хабарлайды және оны іздеу шараларын қолданады.
Тараптар немесе олардың уәкілетті органдары әуе кемесінің шекарадан заңсыз өту себептерін бірлесіп тексереді.
2. Шекараны заңсыз кесіп өткен әуе кемесі туралы ақпарат алмасу тәртібі Тараптар немесе олардың уәкілетті органдарының арасындағы тиісті уағдаластықтарға сәйкес шешіледі.
9-тарау. Мемлекеттердің шекара өкілдері, олардың
құқықтары, міндеттері мен жұмыс тәртібі
37-бап
1. Мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешу, осы Келісімде көрсетілген шекарадағы тосын оқиғалардың дер кезінде алдын алу және оларды реттеу мүдделерінде Тараптар шекараның тиісті учаскелеріне мемлекеттің шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын дербес тағайындайды, сондай-ақ шекаралық кездесулер мен келіссөздерге арналған орындарды жасақтайды.
Тараптар мемлекеттердің шекара өкілдері мен олардың орынбасарларын тағайындау туралы бір-бірін хабардар етеді.
Тараптар мемлекеттері шекара өкілдерінің жауапты учаскелері мен кездесу орындары осы Келісімге 7-қосымшаға сәйкес айқындалады.
2. Мемлекеттердің шекара өкілдері жұмысты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына және осы Келісімге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттің шекара өкілі болмаған кезде оның міндеттерін орындау үшін оның орынбасарларының біреуіне уәкілеттік беріледі.
4. Мемлекеттердің шекара өкілдері жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін көмекшілерін және басқа да жұмыскерлерін (хатшыларды, аудармашыларды, сарапшыларды, байланыс жөніндегі уәкілдерді және тағы басқаларды) тағайындайды.
38-бап
1. Осы Келісімге сәйкес, 37-бапта көрсетілген адамдарға қызметтік міндеттерін екінші Тарап мемлекетінің аумағында жүзеге асыруы кезінде жеке басына тиіспеуге, сондай-ақ олардың қызметтік құжаттары мен мүлкіне қол сұқпауға кепілдік беріледі. Бұл ретте, шекараны кесіп өту кезінде олардың көлігі мен жеке заттары тексеру мен қарап тексеруге жатпайды.
2. Бір Тарап осы Келісімнің 37-бабында көрсетілген және осы Келісімде айқындалған тиісті міндеттерді орындау үшін осы Тарап мемлекетінің аумағындағы екінші Тараптың адамдарына қажетті жәрдем көрсетеді, оларды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.
3. Осы Келісімнің 37-бабында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында болған кезде сол елдің заңдарын сақтауға міндетті.
39-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдері осы Келісімде айқындалған құзыреттер шегінде шекара маңындағы аудандардың уәкілетті органдарымен және жергілікті атқарушы (әкімшілік) органдары өкілдерімен бірлесіп қызмет учаскелері шегінде мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлейді.
2. Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері екі мемлекеттің шекаралық ведомстволары арасындағы байланыстарға және ынтымақтастыққа ықпал етеді.
40-бап
Мемлекеттік шекара режимін, шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алуды және реттеуді қамтамасыз ету мүддесінде Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері мынадай:
1) мемлекеттік шекарадағы және шекара маңы аудандарындағы ахуал, сондай-ақ олардағы ықтимал және болған өзгерістер туралы;
2) мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету және шекарадағы тосын оқиғалардың алдын алу жөніндегі қолданылған шаралар туралы;
3) шекарадан заңсыз өтудің ықтималдығы, дайындық жасалуы және жүзеге асырылуы туралы;
4) шекараны бұзуға әрекет еткен немесе бұзған адамдар туралы ақпаратпен, сондай-ақ ұсталған шекара бұзушының жеке басы жөніндегі анық деректермен уақтылы алмасады.
41-бап
1. Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері, олардың орынбасарлары келіссөздер өткізу жолымен бірлескен жұмысты жүзеге асырады. Әдетте, келіссөздер Тараптар мемлекеттерінің аумағында кезектесіп жүргізіледі.
Жұмыс келіссөздерінің барлық нәтижелері хаттамалармен ресімделеді. Келіссөздер хаттамалары әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалады және оларға Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері қол қойып, мөрлермен куәландырылады. Келіссөздер хаттамаларында келіссөздер рәсімі, қабылданған шешімдер және олардың орындалу мерзімдері көрсетіледі.
Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері қажет болған кезде жекеленген мәселелерді хат жазысу арқылы немесе өзгедей нысанда шешуі мүмкін.
2. Шекара өкілдері көмекшілерінің кездесулері Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдерінің тапсырмалары бойынша ғана жүргізіледі. Мемлекеттердің шекара өкілдері көмекшілерінің кездесулер нәтижелері оларды Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері растағаннан кейін күшіне енетін актілермен ресімделеді.
42-бап
1. Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу жөніндегі бірлесіп қабылданған шешімдерді орындайды және шешімдерді орындау үшін қолданылған барлық шаралар туралы бір-бірін уақтылы хабардар етеді.
2. Егер мемлекеттердің шекара өкілдері шекарадағы тосын оқиғаларды реттеуге қатысты ортақ пікірге келмесе, онда олар бұл мәселені шешу үшін жоғары тұрған органдарға, оның ішінде дипломатиялық арналар арқылы береді.
43-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдерінің келіссөздері Тараптардың бірінің бастамасы бойынша, мүмкіндігінше, ұсынылған мерзімде жүргізіледі. Келіссөздер туралы ұсыныс олар басталғанға дейін 7 күннен кешіктірілмей жіберіледі және ол келіссөздердің уақытын, орнын және күн тәртібін қамтиды. Екінші Тарап ұсыныстарды алғаннан кейін үш күн ішінде өз жауабын береді. Егер келіссөздердің ұсынылған уақыты қолайсыз болса, онда жауапта басқа мерзім ұсынылады. Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері көмекшілерінің кездесулері де уақтылы өткізіледі.
2. Бір Тарап мемлекеті шекара өкілінің ұсынысы бойынша жүргізілген келіссөздерге екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілі жеке өзі келуге міндетті. Егер мемлекеттің шекара өкілінің қандай да бір орынды себептер (сырқат, іссапар, демалыс және сол сияқты) бойынша қатысу мүмкіндігі болмаса, онда оны мемлекеттің шекара өкілінің орынбасары ауыстырады. Бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкіліне міндетті түрде күні бұрын хабар беріледі.
Келіссөздер мен кездесулер жүргізуге дәлелді себептер болмаған кезде Тараптар мемлекеттерінің қандай да бір шекара өкілдері, шекара өкілдерінің орынбасарлары және шекара өкілдері көмекшілері оны кейінге қалдыра алмайды.
44-бап
1. Шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу мақсатында мемлекеттердің шекаралық өкілдері, олардың орынбасарлары мен көмекшілері келісім бойынша, оның ішінде жергілікті жерде бірлескен тексеру жүргізуі мүмкін. Қажет болған кезде, оларға сарапшылар, куәгерлер және жәбірленушілер қатыстырылуы мүмкін.
Тексеру нәтижелері бойынша хаттама немесе қажет болған кезде басқа да құжаттар жасалады. Мемлекеттердің шекара өкілдері осы құжаттардың үлгісін бірлесіп айқындайды.
2. Егер бірлескен тексеру процесінде Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері шекарадағы тосын оқиға және оқиғалар себептеріне, салдарына қатысты ортақ пікірге келмесе, онда бұл жөнінде хаттамада немесе тиісті құжаттарда көрсетіледі.
45-бап
1. Әдетте, келіссөздер мен кездесулер тәуліктің күндізгі уақытында өткізіледі. Шұғыл жағдайларда кездесулер түнгі уақытта да өткізілуі мүмкін.
2. Келіссөздерге немесе кездесулерге ұйымдастырушы Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері, олардың орынбасарлары немесе көмекшілері төрағалық етеді.
3. Келіссөздердің немесе кездесулердің уақыты, орны, күн тәртібі, қатысушылар құрамының өзара байланысу тәсілдері хат алмасу жолымен келісілуі мүмкін. Қажет болған жағдайда күн тәртібіне кірмеген мәселелер де қаралуы мүмкін.
46-бап
Тараптар өз аумағында осы Келісімді орындау барысында туындаған шығыстарды Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес дербес көтереді. Келіссөздер мен кездесулер кезінде ұйымдастырушы Тарап жұмыс істеу үшін орын бөледі.
47-бап
1. Мемлекеттердің шекара өкілдері мен олардың орынбасарлары өздерінің міндеттерін орындау үшін осы Келісімнің 8-қосымшасына сәйкес осы Келісімде белгіленген аккредиттеу құжаттары бойынша мемлекеттік шекарадан өтеді.
2. Мемлекеттердің шекара өкілдерінің көмекшілері, хатшылары, аудармашылары мен байланыс жөніндегі уәкілдері Келісімнің 9-қосымшасына сәйкес мемлекеттің шекара өкілдері берген куәлік бойынша осы мемлекеттік шекарадан өтеді.
3. Қажетті жекелеген мәселелерді айқындау үшін сарапшылар мен өзге адамдар мемлекеттің шекара өкілі осы Келісімнің 10-қосымшасына сәйкес берген мемлекеттік шекара арқылы бір рет өту және қайту куәлігі бойынша мемлекеттік шекарадан өтеді.
4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген адамдар тек күні бұрын келісілген жерлерде мемлекеттік шекарадан өтеді және шекарадан әрбір өтудің нақты күні мен уақыты туралы 24 сағаттан кешіктірмей екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдерін хабардар етеді.
48-бап
1. Хат-хабар алмасу, шекара бұзушыларды, малдарды, үй құстарын, адамдардың мәйіттерін және жануарлар өлекселерін, мүліктерді қабылдау және беру Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдерімен келісілген орындарда жүргізіледі. Байланыстың нақты нысаны Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері арасындағы уағдаластықтар арқылы айқындалады.
2. Шекара бұзушыларды және адам мәйіттерін беруді мемлекеттің шекара өкілдері, олардың орынбасарлары немесе көмекшілері жеке жүргізеді. Малдарды, үй құстарын, мүлік пен хат-хабарды беруді мемлекеттердің шекара өкілдерінің тапсырмасы бойынша басқа да жауапты қызметкерлер жүргізуі мүмкін.
3. Мемлекеттердің шекара өкілдерінің хат-хабарын, шекара бұзушыларды, малдар мен үй құстарын, адамдардың мәйіттері мен мүліктерді қабылдау-беру актілерінің үлгілері осы Келісімнің 11, 12, 13, 14 және 15-қосымшаларына сәйкес белгіленеді.
10-тарау. Іске асыру тетігі
49-бап
Осы Келісімнің іске асырылу барысын бақылау, сондай-ақ мемлекеттік шекара режимін ұстауға байланысты маңызды мәселелерді келісу және шешу мақсатында Тараптар Шекара жөніндегі бірлескен Қазақстан-Қытай комиссиясын құрады, ол өз қызметі туралы Ережені әзірлеуге жауапты болады.
11-тарау. Қорытынды ережелер
50-бап
Осы Келісімнің ережелері Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
51-бап
Осы Келісімнің барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.
52-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген Хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
53-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.
54-бап
Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен кейін отызыншы күні күшіне енеді.
Осы Келісім он жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың бірі тиісті он жылдық кезең аяқталғанға дейін 6 ай бұрын өзінің оның қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жібермесе, келесі он жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.
2006 жылғы 20 желтоқсан Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
| Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін | Қытай Халық Республикасының Үкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасының режимі
туралы келісімге
№ 1-қосымша
№ __________ шекара белгісін жөндеу,
қалпына келтіру немесе қайта орнату актісінің үлгісі
2006 жылғы «___» __________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 5-бабының 2-тармағына сәйкес ________________________________ бойынша ___________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы) (уәкілетті органдардың атауы)
шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)/ өкілі ____________________________________20___ жылғы «___» _____________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты) (елдің атауы) (учаскенің атауы)
бойынша __________________________________ шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)/ өкілі ________________________________
(уәкілетті органдардың атауы) (әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен № ____________ шекара белгісін _______________________________________________________ жүргізді.
(жөндеуді, қалпына келтіруді немесе қайта орнатуды)
№ шекара белгісі ____________________________________________________________________________________________________
(бұдан әрі шекара белгісін жөндеудің сипаты, қалпына келтіру немесе қайта орнату процесі және себебі жазылады)
Жоғарыда көрсетілген жұмыстар 20 жылғы «___» _____________ қол ______________________________________________________ қойылған сәйкес орындалды.
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру құжаттарының атауы)
Осы Акт әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
| __________________________ бойынша (учаскенің атауы) Қазақстан Республикасының шекара өкілі (шекара өкілінің өкілі орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі) ____________________________________ (қолы) | Қытай Халық Республикасының ______________________________________ ______________________________________ (уәкілетті органның атауы) _____________________________________ (қолы) |
Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қытай Халық
Республикасының Үкіметі
арасындағы Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасының режимі
туралы келісімге
№ 2-қосымша
№ ___________ шекара белгісін бүлінгеннен, орны ауысқаннан,
қирағаннан немесе жоғалғаннан кейін қалпына келтіру немесе
бастапқы орнына қайта орнату мүмкін еместігі туралы актінің
үлгісі
2006 жылғы «___» __________________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 5-бабының 3-тармағына сәйкес ________________________________ бойынша ____________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы) (уәкілетті органдардың атауы)
шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)/ өкілі ________________________________________ 20 жылғы «___» ______________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________ бойынша _______________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы) (уәкілетті органдардың атауы)
шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)/ өкілі ____________________________________ қатысуымен № ____ шекара белгісін
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________ анықтады және оны 20___ жылғы «___» қол
(бүлінгенін, орны ауысқанын, қирағанын немесе жоғалғанын)
қойылған ________________________________________________________________ ережелеріне сәйкес
(шегендеу немесе бірлескен тексеру құжаттарының атауы)