66. БҰҰ ЕЭК ережелері № 85 іштен жану қозғалтқыштарын және М және N санатындағы механикалық көлік құралдарын қозғалысқа келтіруге арналған электрлі тартқыш жүйелерді олардың пайдалы қуаты мен электрлі тартқыштың ең жоғары 30-минуттық қуатын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
67. БҰҰ ЕЭК ережелері № 8 Механикалық көлік құралдарының күндізгі жүріс оттарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
68. БҰҰ ЕЭК ережелері № 89 Мыналарды:
І. Көлік құралдарын олардың ең жоғары жылдамдығын немесе олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін функциясына байланысты
II. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын (ЖШҚ) орнатуға және олардың жылдамдығын шектеудің реттелетін қондырғысының ресми бекітілген үлгісіне байланысты көлік құралдарын
III. Жылдамдықты шектеу қондырғыларын {ЖШҚ) және жылдамдықты шектеудің реттелетін қондырғысын (ЖШРҚ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
69. БҰҰ ЕЭК ережелері № 90 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жинақталған ауыспалы тежеу бастырмаларын және барабанды тежеуіштердің бастырмаларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
70. БҰҰ ЕЭК ережелері № 91 Механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған бүйір габаритті фонарьларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
71. БҰҰ ЕЭК ережелері № 93 Мыналарды:
І. Алдыңғы сырғанауға қарсы қорғаныш қондырғыларын (АСҚҚҚ)
II. АСҚҚҚ-ның ресми бекітілген үлгісін орнатуға байланысты көлік құралдарын
III. Оларды алдыңғы сырғанауға қарсы қорғаныштарына (АСҚҚҚ) байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге байланысты біркелкі ұйғарымдар
72. БҰҰ ЕЭК ережелері № 94 қарсы соғылған жағдайда жүргізуші мен жолаушыны қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
73. БҰҰ ЕЭК ережелері № 95 бүйірден соққан жағдайда жүргізуші мен жолаушыны қорғауға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
74. БҰҰ ЕЭК ережелері № 97 Көлік құралдарының және механикалық көлік құралдарының сигнализация жүйелерін (КҚСЖ) олардың сигнализация жүйелеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
75. БҰҰ ЕЭК ережелері № 98 Механикалық көлік құралдарының газ сейілткіш жарық көздері бар шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
76. БҰҰ ЕЭК ережелері № 99 Механикалық көлік құралдарының ресми бекітілген газ сейілткіш оптикалық элементтерінде пайдалануға арналған газ сейілткіш жарық көздерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
77. БҰҰ ЕЭК ережелері № 100 Аккумуляторлы электромобильдерді конструкциясына, функциялық қауіпсіздігіне және сутегі шығарылымдарына қойылатын нақты талаптарға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
78. БҰҰ ЕЭК ережелері № 101 Іштен жанатын қозғалтқышпен жабдықталған жеңіл автомобильдерді екі көміртегі тотығы шығарындыларының көлемін және отынның жұмсалуын өлшеуге байланысты, сондай-ақ электр тоғысымен жабдықталған М1 және N1 санатындағы көлік құралдарын электр энергиясының жұмсалуын және жүріс қорын өлшеуге байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
79. БҰҰ ЕЭК ережелері № 102 Мыналарды:
І. Қысқартылған тіркеу қондырғысын (ҚТҚ)
II. Көлік құралдарын ҚТҚ-ның ресми бекітілген үлгісін орнатуға байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
80. БҰҰ ЕЭК ережелері № 103 Механикалық көлік құралдарына арналған ауыспалы каталиттік бейтараптандырғыштарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
81. БҰҰ ЕЭК ережелері № 104 Ұзындығы мен жүк көтерілімділігі үлкен көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған жарық қайтарғыш таңбаларды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
82. БҰҰ ЕЭК ережелері № 105 Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарын конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
83. БҰҰ ЕЭК ережелері № 107 Сыйымдылығы үлкен екі қабатты көлік құралдарын жалпы конструкциясына байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
84. БҰҰ ЕЭК ережелері № 108 Автокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған қалпына келтірілген сүйеуіші бар пневматикалық шиналардың өндірісіне байланысты ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
85. БҰҰ ЕЭК ережелері № 109 Жеке пайдаланылмайтын көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне арналған қалпына келтірілген сүйеуіші бар пневматикалық шиналардың өндірісін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
86. БҰҰ ЕЭК ережелері № 110 Мыналарды:
І. Қозғалтқыштары сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін механикалық көлік құралдарының арнайы жабдықтарының элементтерін (СТГ)
II. Қозғалтқыштарында сығылған газды (СТГ) пайдалануға арналған ресми бекітілген үлгідегі арнайы жабдықтың элементтерін орнатуға байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге арналған
87. БҰҰ ЕЭК ережелері № 111 Аунап кетуге тұрақтылығына байланысты N және О санаттағы автошамдарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
88. БҰҰ ЕЭК ережелері № 112 Қыздыру шамдарымен бірге пайдалануға арналған алыс және жақын жарықтардың асимметриялы оттары бар автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
89. БҰҰ ЕЭК ережелері № 113 Жақын немесе алыс жарықтың немесе қос жарықтың симметриялы сәулелерін шығаратын және қыздыру шамдарымен жарақталған автомобиль шамдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
90. БҰҰ ЕЭК ережелері № 114 Мыналарды:
І. Ауыспалы қауіпсіздік жастықтарына арналған қауіпсіздік жастықтарының модульдерін
II. Ресми бекітілген үлгідегі қауіпсіздік жастығының модулімен жарақталған ауыспалы рульдік дөңгелекті
III. Рульдік дөңгелектен тыс орнатылатын қауіпсіздік жастығының ауыспалы жүйесін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
91. БҰҰ ЕЭК ережелері № 115
І. Қозғалтқыштарында СМГ пайдаланылатын механикалық көлік құралдарына орнатуға арналған СМГ-ның (сұйытылған мұнай газдары) арнайы модификациялау жүйелерін
II. Қозғалтқыштарында СТГ пайдаланылатын механикалық көлік құралдарына орнатуға арналған СТГ-ның (сығымдалған табиғи газдары) арнайы модификациялау жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
92. БҰҰ ЕЭК ережелері № 116 Автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға қатысты біркелкі ұйғарымдар
93. БҰҰ ЕЭК ережелері № 117 Дөңгелеу кезінде олар шығаратын шуға байланысты шиналарды ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
94. БҰҰ ЕЭК ережелері № 118 Механикалық көлік құралдарының белгілі бір санаттарындағы ішкі элементтердің конструкциясында пайдаланылатын материалдардың жану сипатына қатысты біркелкі техникалық ұйғарымдар
95. БҰҰ ЕЭК ережелері № 119 Механикалық көлік құралдарының бүйір фонарьларын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
96. БҰҰ ЕЭК ережелері № 121 Қолмен басқару органдарының, бақылау сигналдарының және индикаторлардың орналасуына байланысты көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
97. БҰҰ ЕЭК ережелері № 122 Жылыту жүйелеріне байланысты М, N және О санатындағы көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
98. БҰҰ ЕЭК ережелері № 123 Механикалық көлік құралдарының алдыңғы жарықтандыруының бейімделген жүйелерін (АЖБЖ) ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
99. БҰҰ ЕЭК ережелері № 124 Жеңіл автомобильдер мен олардың тіркемелеріне арналған дөңгелектерді ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
100. БҰҰ ЕЭК ережелері № 125 Жүргізушінің алдыңғы шолу алаңына байланысты механикалық көлік құралдарын ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
101. БҰҰ ЕЭК ережелері № 126 Көлік құралының түпнұсқа емес жабдығы ретінде жеткізілетін багаж жылжыған кезде жолаушыларды қорғауға арналған қалқа жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі ұйғарымдар
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
3-қосымша
Ықтимал қауіп-қатерлерді»ескере отырып, оларға қатысты
қауіпсіздік талаптары қойылуы тиіс автокөлік құралдарының
сипаттамалары мен конструкциялық сипаттамаларының,
сондай-ақ құрамдас бөліктерінің тізбесі
Қауіп-қатер | Автокөлік құралдарының сипаттамалары мен конструкциялық сипаттамалары | Автокөлік құралдарының құрамдас бөліктері |
1 | 2 | 3 |
Автокөлік құралы конструкциясының жекелеген элементтерінің жетілдірілмеуі, болмауы немесе техникалық ақаулары салдарынан ЖКО жасау қаупі | 1. Тежеу жүйелерінің тиімділігі 2. Рульдік басқару тиімділігі 3. Жүргізуші үшін сыртқы кеңестіктің көрінуі 4. Автокөлік құралының жарық техникалық және дыбыс сигналдарын орнату және олардың әрекет етуі 5. Салмақтық және өлшемдік сипаттамалар | 1. Жарықтандырудың жарық аспаптары және сигнализациялар 2. Дыбыстық сигнал аспаптары 3. Артқы көрініс айналары 4. Пневматикалық шиналар, пневматикалық камераларға және шиналарға арналған вентильдер 5. Сүйреу-тіркеу құрылғысы 6. Ілу және рульдік жетек бөліктері 7. Рульдік тетік және рульдік басқаруды күшейту бөліктері 8. Дөңгелектер, дөңгелектерді бекіту элементтері 9. Тежеу қалыптары, түтіктерді және гидравликалық жетек шлангаларын қоса алғанда тежеу жүйесінің бөліктері 10. Фараларды және олардың бөліктерін тазалауға арналғандарды қоса алғанда әйнек тазалағыштар 11. Ілініспелер 12. Айқартопса біліктер 13. Ескерту үшбұрыштары (апаттық аялдау белгілері) |
2. Жүргізушінің автокөлік құралын басқару жөніндегі өзінің функцияларын тиісті түрде орындауға қабілетсіздігі салдарынан ЖКО жасау қаупі | 1. Жүргізушінің кабинасы мен жолаушылар бөлігінің микроклиматы 2. Автокөлік құралының қозғалыс параметрлерін өлшеу және тіркеу және олар туралы жүргізушіге хабарлау 3. Автокөлік құралын басқару органдары мен бақылау құралдарының орналасуы және сәйкестендіру | 1. Апаттық жай-күйді көрсеткіштер мен датчиктер |
3. ЖКО салдарынан ауыр зардаптардың болу қаупі | 1. ЖКО процесінде және одан кейін тікелей туындайтын жүргізушіні және жолаушыларды жарақаттайтын әсерін автокөлік құралы конструкциясының азайту қабілеті 2. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіні және жолаушыларды эвакуациялау мүмкіндігі 3. ЖКО кезінде конструкцияның жол қозғалысына басқа қатысушыларға физикалық әсер етуді азайту қабілеті 4. Өрт қауіпсіздігі 5. Белгіленген бағдарлар бойынша жолаушылар тасымалдайтын жалпы пайдаланудағы автокөлік құралдарының жабдықталуы және жарақталуы | 1. Қауіпсіздік жастығын қоса алғанда пассивті қауіпсіздіктің ұстап қалу жүйесі 2. Кабинаның және шанақтың әйнектері 3. Газбаллондық жабдық 4. Отын бактары және автокөлік құралының бортындағы отын сақтауға арналған өзге де жабдық және оны қозғалтқышқа беруді қамтамасыз ету 5. Орындықтар, бас сүйеуіштер және оларды бекіту бөлшектері 6. Бамперлер, қауіпсіздік доғалары, артқы қорғау құрылғылары |
4. Автокөлік құралдарын пайдалану және оны кейіннен кәдеге жарату кезінде денсаулыққа, қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі | 1. Отынның және оның жану өнімдерінің қоршаған ортаға зиянды шығарылымда- рының көлемі 2. Жүргізушінің кабинасы мен жолаушылар бөлігіндегі ауа көлеміндегі зиянды заттардың құрамы 3.Шу 4. Озонды бұзатын заттар мен материалдарды қолдану 5. Конструкцияда санитарлық-эпидемио- логиялық жағынан зиянды және қауіпті заттар мен материалдарды қолдану 6. Автокөлік құралы конструкциясының және ол дайындалған материалдардың тиімді және экологиялық қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз ету қабілеті | 1. Газбаллондық жабдық 2. Қозғалтқыштар мен олардың бөліктері 3. Отын бактары және автокөлік құралының бортындағы отын сақтауға арналған өзге де жабдық және оны қозғалтқышқа беруді қамтамасыз ету 4. Шуды тұншықтыру және пайдаланылған газдарды залалсыздандыру жүйелері 5. Аккумуляторлық стартерлік батареялар 6. Жылуалмастыр- ғыштар, радиаторлар 7. Гидравликалық цилиндрлер және өздігінен түсіру тетіктерін гидравликалық үйлестірушілер |
5. Автокөлік құралын пайдалану салдарынан радиоберу құрылғылары мен радиоэлектрондық аппаратураның жұмысында кедергілердің туындау қаупі | Конструкция бөліктерінің электормагниттік үйлесімділігі | |
6. Автокөлік құралын рұқсат етілмеген пайдалану қаупі | Автокөлік құралын рұқсат етілмеген пайдалануды болдырмау | Күзет сигнализациясы |
7. Электромобиль- дер мен троллейбустарды пайдалану кезінде электр тогымен зақымдану қаупі | Электромобильдер мен троллейбустардың электр қауіпсіздігі | |
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
4-қосымша
Автокөлік құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар
Автокөлік құралын пайдалану жөніндегі дайындаушының нұсқаулығында (басшылығында) осы нұсқаулық (басшылық) қоса беріліп отырған нақты көлік құралы үшін:
1. Дайындаушы автокөлік құралын қауіпсіз пайдалануға кепілдік беретін атмосфералық ауа температурасының диапазоны.
2. Автокөлік құралының ең төменгі пайдалану ресурсы (жүріп өткен қашықтығы немесе жұмысы бірлікпен).
3. Олардың пайдалану ресурсы автокөлік құралы үшін пайдаланушы белгілеген ең төмен пайдалану ресурсынан кем болмауы тиіс кепілдік берілген төзімділік компоненттері.
4. Автокөлік құралын автокөлік құралының пайдалану қауіпсіздігі оларға байланысты компоненттермен комплектациялау.
5. Пайдалану қауіпсіздігін сипаттайтын параметрлердің номиналды (бастапқы) және шекті мәндері және оларды тексеру тәртібі.
6. Номиналды (бастапқы) және шекті мәндері көрсетілген реттеу параметрлері.
7. Олардың мерзімділігі және орындау шарттары көрсетілген шығар алдындағы бақылау операциялары.
8. Автокөлік құралын қауіпсіз басқару жөніндегі шаралар.
9. Олардың туындауы жол-көлік оқиғасы қаупімен байланысты автокөлік құралының ерекше қауіпті ақаулары.
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық
регламентіне
5-қосымша
Дайындаушы табличкасының конструкциялық орындалуына қойылатын талаптар
1. Дайындаушының табличкасы тікбұрышты нысанда болуы және оның өлшемдері осы Техникалық регламенттің 9-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес ақпарат орналастыруға мүмкіндік беруі тиіс.
2. Дайындаушының табличкасы автокөлік құралының оны пайдалану процесінде ауыстыруға жатпайтын оқу үшін жеңіл қолжетімді жерінде орналасуы керек.
3. Дайындаушының табличкасындағы ақпарат нақты және өшірілуін болдырмайтын тәсілмен жазылуы керек.
4. Дайындаушының табличкасына жазба жазу үшін пайдаланылатын шрифтің көлемі кем дегенде 4 мм болуы тиіс.
6-қосымша ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
7-қосымша
Еуропа Одағы елдерінде көлік құралдарына қатысты қолданылатын
Еуропалық Одақ (ЕО) директиваларының тізбесі және олардың
БҰҰ ЕЭК ережелеріне баламалылығы жөніндегі мәліметтер
№ | Реттеу мәні | ЕО директи- васының нөмірі | БҰҰ ЕЭК балама ереже- лерінің нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сыртқы шу деңгейі | 70/157/ЕЕС | 51-02 59-00 |
2. | Сыртқы ауаны ластайтын шығарындылар | 70/220/ЕЕС | 83-03 103-00 |
3. | Отын бактары және артқы қорғаныш қондырғылары | 70/221/ЕЕС | 58-00 34-02 |
4. | Рульдік басқару/руль дөңгелегіне күш салу | 70/311/ЕЕС | 79-01 |
5. | Есіктің құлыптары және ілмектері | 70/387/ЕЕС | 11-02 |
6. | Дыбыс сигналдары | 70/388/ЕЕС | 28-00 |
7. | Артқа шолу | 71/127/ЕЕС | 46-01 |
8. | Тежеу қасиеттері | 71/320/ЕЕС | 13-09 13Н-00 90-01 |
9. | Радиоқабылдауға кедергілерді басу/ электромагнитті үйлесімділік | 72/245/ЕЕС | 10-02 |
10. | Дизельдердің түтінділігі | 72/306/ЕЕС | 24-03 |
11. | Ішкі жабдықтың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/60/ЕЕС | 21-01 |
12. | Айдап әкетуге қарсы қондырғылар және иммобилайзерлер | 74/61/ЕЕС | 18-02 97-00 |
13. | Рульдік басқарудың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/297/ЕЕС | 12-03 |
14. | Орындықтардың беріктігі | 74/408/ЕЕС | 17-06 80-01 |
15. | Сыртқы шығыңқылардың жарақаттау қауіпсіздігі | 74/483/ЕЕС | 26-02 |
16. | Спидометрлер | 75/443/ЕЕС | 39-00 |
17. | Қауіпсіздік белдіктерін бекіту орындары | 76/115/ЕЕС | 14-04 |
18. | Жарық техникалық қондырғыларын орнату | 76/756/ЕЕС | 48-01 |
19. | Жарық қайтарғыштар | 76/757/ЕЕС | 3-02 |
20. | Алдыңғы, артқы және бүйірдегі габаритті оттар, тежеу сигналдары, күндізгі жүріс оттары | 76/758/ЕЕС | 7-02 87-00 91-00 |
21. | Бұрылуды көрсеткіштер | 76/759/ЕЕС | 6-01 |
22. | Артқы тіркеу белгісін жарықтандыру фонарьлары | 76/760/ЕЕС | 4-00 |
23. | Шамдар | 76/761/ЕЕС | 1-01 5-02 8-04 20-02 31-02 37-03 98-00 99-00 |
24. | Тұманға қарсы алдыңғы шамдар | 76/762/ЕЕС | 19-02 |
25. | Тұманға қарсы артқы шамдар | 77/538/ЕЕС | 38-00 |
26. | Артқы жүріс шамдары | 77/539/ЕЕС | 23-00 |
27. | Тұру оттары | 77/540/ЕЕС | 77-00 |
28. | Қауіпсіздік белдіктері | 77/541/ЕЕС | 16-04 44-03 |
29. | Бас сүйеуіштер | 78/932/ЕЕС | 25-04 |
30. | СО2 шығарындылары/ Отынның жұмсалуы | 80/1268/ЕЕС | 101-00 |
31. | Қозғалтқыш қуаты | 80/1269/ЕЕС | 85-00 |
32. | Дизельдердің шығарындылары | 88/77/ЕЕС | 49-02 |
33. | Бүйірден қорғау | 89/297/ЕЕС | 73-00 |
34. | Қауіпсіз әйнектеу | 92/22/ЕЕС | 43-00 |
35. | Шиналар | 92/23/ЕЕС | 30-02 54-00 64-00 |
36. | Жылдамдықты шектеуіштер | 92/24/ЕЕС | 89-00 |
37. | Автобустар | 2001/85/ЕС | 36-03 52-01 66-00 |
38. | Фронтальды соққы кезінде жүргізуші мен жолаушыларды қорғау | 96/79/ЕС | 94-00 |
39. | Бүйірден соққан кезде жүргізуші мен жолаушыларды қорғау | 96/27/ЕС | 95-00 |
40. | Алдыңғы қорғаныш | 2000/40/ЕС | 93-00 |
41. | Тіркелу қондырғылары | 94/20/ЕС | 55-01 |
42. | Сыртқы шығыңқылардың жарақаттау қауіпсіздігі | 92/114/ЕЕС | 61-00 |
Ескертпе:
редакцияда, «БҰҰ ЕЭК балама ережелерінің нөмірі» бағанында көрсетілген түзетулер серияларынан бастап БҰҰ ЕЭК ережесі тиісті ЕО директиваларына балама болып табылады.