13) жол-көлік оқиғасы процесінде және тікелей одан кейін туындайтын, автокөлік құралы конструкциясының жүргізушілерге және жолаушыларға жарақат әкелетін әсерлерін төмендететін қабілетіне, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейін техникалық құралдарды қолданбастан автокөлік жүргізушісі мен жолаушыларды эвакуациялау мүмкіндігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 12; 14; 16; 17; 21; 25; 29; 32; 33; 42-44; 58; 61; 66; 73; 80; 93; 94; 95; 114; 126);
14) автокөлік құралы конструкциясының жол-көлік оқиғасы кезінде басқа да жол қозғалысына қатысушыларға физикалық әсер етуін төмендету қабілетіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 26);
15) автокөлік құралының өртке қарсы қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 30; 34; 67; 110; 115; 118);
16) Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары үшін барлық бағыттағы сыртқы кеңістіктің жүргізуші орнынан көрінуіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 46; 125);
17) қажетті нақтылықпен және қажет жағдайларда автокөлік құралдарының қозғалыс параметрлерін тіркеу және олар туралы жүргізушіге хабарлау өлшемдеріне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 39; 68; 84; 85; 89);
18) белгіленген пайдалану ережелері сақталған кезде, олардың істен шығуы жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің сенімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 11; 30; 54; 55; 64; 108; 109; 124);
19) электромобильдер мен троллейбустердің электр қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 100);
20) автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қажетті қорғау деңгейіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 18; 97; 116);
21) автокөлік құралдарының қоршаған ортаны ластайтын заттары шығындыларының шекті мәніне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 15; 24; 49; 83; 101; 103);
22) автокөлік құралдарының сыртқы шуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 51; 59; 117);
23) автокөлік құралының конструкциясы бөліктерінің сыртқы электр магниті сәулелері көздеріне және олардың электр магниті үйлесімділігіне әсер ету тұрақтылығына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 10);
24) автокөлік құралдарының ішкі жабдықтарының және басқару органдарының орналасуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 21; 35; 121);
25) жолаушылар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты қосымша ұйғарымдардың үлкен сыйымдылығын орындауына;
26) қоңыржай-суық климат жағдайларында пайдалануға арналған автокөлік құралдарының ауа температурасы төмен жағдайларда пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қосымша ұйғарымдарды орындауына;
27) автокөлік құралдары конструкциясының және ол жасалған материалдардың тиімді және экологиялық қауіпсіз пайдаға асырылуын қамтамасыз ету қабілетіне;
28) автокөлік құралдарын эксплуатациялау материалдары ретінде озонды бұзатын заттарды қолдануды болдырмауға;
29) автокөлік құралдарының конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне қатысты белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Автокөлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі:
автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге уәкілетті лауазымды адамдардың тікелей жолдар мен көшелерде бақылау-диагностикалау жабдығын қолдана отырып, автокөлік құралдарының кезеңдік техникалық байқауы кезінде;
айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау кезінде сынақтар жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі:
Мерзімді техникалық байқаулар мынадай жалпы қағидаттарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс:
техникалық байқау көлік құралының ешқандай бөлігін бөлшектемей және алмай жүргізілуі тиіс;
бақылау-диагностикалау жабдығы мен өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы белгіленген құжаттары болуы тиіс;
техникалық байқау шектеулі уақыт шегінде жүргізілу керек. Техникалық байқау жүргізу үшін қажетті нақты уақыт тексерістен өтіп жатқан көлік құралының санаты мен жай-күйіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ 30 минуттан аспау керек.
Автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқау визуалды түрде, автокөлік құралы құрамдас бөліктерінің әрекеті мен жұмыс істеуін көру, сондай-ақ құрамдас бөліктерді аспапты бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Мерзімді техникалық байқау бағдарламасы жиынтығына қатысты тексеруден; пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін; жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді; жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді; оның ішінде:
1) тежеуді басқаруды:
жұмыс тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
қосымша тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
тұрақта тұру тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;
қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын;
блоктауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін;
2) рульді басқаруды:
руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль приводының, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;
жалпы люфті;
дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу;
3) көру:
көру аясы;
әйнектердің жай-күйі;
артқы көру айнасы және аспаптар;
әйнек тазалағыштар;
әйнек жуғыштар;
4) сыртқы жарық аспаптарының, шашыратқыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:
фаралар;
алдыңғы және артқы габариттік оттары, бүйір сигналдық шамдары;
тежеу сигналдары;
бұрылу көрсеткіштері;
алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;
артқа жүру шамдары;
артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру кіші лампалары;
жарық шашыратқыштар, бүйірлік шашыратқыштар, артқы тану белгілері;
бақылау сигналдары;
сүйреуіш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;
электр сымдары; міндетті емес оттар;
аккумуляторлар;
5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:
осьтердің механикалық жай-күйі;
дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары және тозуы;
аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, түтіктер, беруші айналмалы моменттің, итергіш штангалар мен аспа тетіктерінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі;
6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:
түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;
автокөлік құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;
отын багы мен түтіктердің (жылытуға және түтіктерге арналған отын багын қоса алғанда);
бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;
қосалқы дөңгелектің кронштейндерінің;
тіркеу құрылғысының;
трансмиссиялардың;
қуат агрегатын бекіткіштің;
аудару тетігінің;
кабина немесе шанақ қондырғыларының;
есіктер және есік құлыптарының;
еденнің;
жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;
басқару органдарының;
кабина мен шанақ басқыштарының;
өзге де ішкі және сыртқы фитингілердің;
шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі;
7) өзге де жабдықтың:
қауіпсіздік белдіктерінің, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекіту орындарының;
өрт сөндіру құралдарының;
құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;
апаттық тоқтау белгілерінің;
алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;
дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;
дыбыстық сигнализация жүйесінің;
спидометрдің;
тахографтың;
жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйі және жұмыс істеуі;
8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:
шу;
пайдаланылған газдар;
радиокедергілер деңгейі;
сұйықтықтардың ағуы;
9) М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар:
есіктер мен апаттық шығулардың;
терлеуге және мұздануға қарсы құрылғылардың;
желдету жүйесінің;
орындықтардың;
ішкі жарық құрылғылары және бағытты көрсететін тақтайшалардың;
түрегеп тұратын жолаушыларға арналған өтпелердің, жолдың, орындардың;
тұтқыштардың;
баспалдақтар мен басқыштардың;
жүргізушінің жолаушылармен байланыс жүйесінің;
жазулардың;
жүріп-тұруға қабілеті шектеулі жолаушыларды тасымалдауға қатысты М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарының конструкциясы және қосымша жабдығы;
арнайы жабдықты тексеруден тұрады.
Автокөлік құралдарын пайдалануға дайындау кезіндегі жұмыстарды жүргізу процестері қолданыстағы заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген биологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және кәдеге жарату, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану және оларға жақын аумақты қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келу керек.
Автокөлік құралдарын өткізу кезінде жұмыстарды жүргізу процестеріне сату алдындағы дайындық жөніндегі автокөлік құралдарын дайындаушының нұсқаулықтарға жазылған техникалық әсерлер кіруі тиіс.
Автокөлік құралдарын техникалық байқау шеңберінде бақылау-диагностикалық жұмыстарды жүргізу процесіне осы Техникалық регламентте белгіленген осы санаттағы автокөлік құралдарына қойылатын барлық талаптарды бақылау кіруі тиіс.
Автокөлік құралдары техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу аяқталғаннан кейін пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу процесіне:
автокөлік құралдарының, оның құрауыштарының, жүйелерінің ақаусыз жай-күйін автокөлік құралы иесінің өтініміне сәйкес қалпына келтіру жөніндегі қажетті техникалық әсер ету;
жалпы автокөлік құралдарына немесе оны құрамдас бөліктері мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жүргізгеннен кейін автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша жүргізілген техникалық әсер етулердің номенклатурасына қарай автокөлік құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылау кіруі тиіс.
Автокөлік құралдарының және оның құрамдас бөліктерінің ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша техникалық әсер ету автокөлік құралдарын дайындаушылар әзірлеген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
Автокөлік құралдарын өткізу және техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу кезінде жұмыстар жүргізу процесін жүзеге асыруда:
сәйкес келуін құжаттық растауы бар қосалқы бөлшектер мен материалдар;
техникалық реттеу және өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған жабдық (бақылау-диагностикалық жабдық, көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары) қолданылуы тиіс.
Мамандандырылған жабдықтың сипаттамасы олар үшін осы жабдық қолданылатын автокөлік құралдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің типіне, салмақ және габариттік параметрлеріне сәйкес болуы тиіс.
Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарға автокөлік құралдарының сәйкес келуін бақылау үшін қолданылатын мамандандырылған жабдық қажетті дәлдікпен белгілі бір диапазонда автокөлік құралдарының қажетті параметрлерін өлшеуге мүмкіндік беруі тиіс.
7. Автокөлік құралдарын сақтау процесіне қойылатын талаптар:
1) қауіпті жүктерді, улайтын немесе улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және сол үшін пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары олар үшін арнайы бөлінген алаңдарда басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталуы тиіс;
2) автокөлік құралдарын сақтау орындарына орналастыру олардың және ғимараттар мен имараттардың элементтері арасындағы ара-қашықтық қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сақтау аймағында автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға жол берілмейді;
3) сұйықтандырылған мұнай газымен жұмыс істейтін газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау өртке қарсы сигнализациямен және өртке қарсы бекеттермен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиіс. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды конструкциясы оларда орнатылған газ баллондарын қызу мүмкіндігін болдырмайтын жылыту жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі;
4) сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды автокөлік құралдарын сақтау ашық тұрақтарда да, сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда да жүзеге асырылуы мүмкін;
5) автокөлік құралдарын сақтау инфрақұрылымдарының объектілері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
8. Автокөлік құралдарын пайдаланудан шығару және кәдеге жарату
1) автокөлік құралдарын пайдалану аяқталғаннан кейін кәдеге жарату тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс;
2) кәдеге жаратылатын автокөлік құралдарының қайта қолдану үшін пайдаланылатын құрамдас бөліктері пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс;
3) кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар кәдеге жаратылған автокөлік құралдарының меншік иелеріне немесе олардың уәкілетті өкілдеріне кәдеге жарату туралы анықтама береді.
ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1001 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Автокөлік құралдарын маркалау кезінде қойылатын талаптар
1) дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған әрбір көлік құралына мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылған мыналар қоса берілуі тиіс:
дайындаушының кепілдік міндеттемелері және автокөлік құралын пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде оны пайдаланушы сақтауға міндетті ережелер;
пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды сипаттауды қамтитын пайдалану бойынша нұсқаулық (басшылық). Пайдалану бойынша нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар осы техникалық регламентке 4-қосымшада келтіріледі;
автокөлік құралын пайдалану процесінде ауыстыратын оның кәдеге жаратылатын пайдалану материалдары мен құрамдас бөліктері бойынша мәліметтерді қамтитын құжат;
2) әрбір автокөлік құралына (шасси) көлік құралының бірегей сәйкестендіру VIN нөмірі берілуі тиіс;
3) әрбір автокөлік құралында оқу үшін қолайлы жерде орналасқан және арнайы құралды қолданбай алынбайтын, мемлекеттік, орыс және (немесе) ағылшын тілінде кемінде мынадай:
дайындаушының атауы;
көлік құралының сәйкестендіру VIN нөмірі;
автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
егер автокөлік құралы тіркемені (жартылай тіркемені) сүйреп тарту үшін пайдаланылуы мүмкін болса, автопоездың рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
алдыңғы осінен бастап автокөлік құралының әрбір осіне келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы;
отыру-тіркеу құрылымына (бар болса) келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы туралы ақпаратты қамтитын дайындаушының тақтайшасы болуы тиіс.
Дайындаушының тақтайшасын конструкциялық орындауға қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 5-қосымшада келтіріледі.
Егер дайындаушының тақтайшасындағы ақпарат ағылшын тілінде берілсе, оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (басшылықта) келтірілуі тиіс.
Сонымен қатар дайындаушының тақтайшасында мына ақпарат болмаса, ол қосымша тақтайшаларда (жапсырмаларда) орналасады:
дайындалған жылы немесе модельдік жылы;
экологиялық класс;
тасымалданатын жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдары үшін);
4) автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін олардың конструкциялық ерекшеліктері туралы тұтынушыларды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында автокөлік құралының сыртқы немесе ішкі жағына дайындаушы жазған ағылшын тіліндегі мәтін мемлекеттік және орыс тілдеріне қайталанған болуы тиіс;
5) автокөлік құралдары борттық электрондық автокөлік құралын сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған жағдайда ол дайындаушының тақтайшасы деректерінің, автокөлік құралының жиынтығы, автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі параметрлерінің шекті мәндері және оларды тексеру режімі туралы мәліметтердің көрінуін қамтамасыз етуі тиіс;
6) ауыстыратын (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің таңбасында дайындаушының атауы немесе сауда белгісі болуы керек;
7) техникалық регламент талаптарына сәйкес келуі белгіленген тәртіппен бекітілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктері осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына автокөлік құралдарының сәйкес келуін растайтын сәйкестік белгісімен маркаланады.
Автокөлік құралдарын маркалау кезінде сәйкестік белгісі дайындаушының тақтайшасында немесе жеке тақтайшада {жапсырмада) орналасады. Сәйкестік белгісінің астында автокөлік құралына ресімделген «көлік құралының типін мақұлдау» немесе «шасси типін мақұлдау» нөмір көрсетіледі.
Тақтайшалардың орналасу орны «көлік құралының типін мақұлдауда» («шасси типін мақұлдауда») көрсетіледі.
Құрамдас бөліктерді маркалау кезінде сәйкестік белгісі өнім бірлігіне және/немесе затбелгіге, сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға тікелей жазылады.
Маркалау айқын көрінуін қамтамасыз ететін және өшірілуін болдырмайтын кез келген қолайлы тәсілмен жүзеге асырылады.
3. ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 қаулысымен 8-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сәйкестікті растау
ҚР Үкіметінің 2013.25.12. № 1396 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.29.04. № 413 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандыру жүйесі болуы тиіс және олар сәйкестікті растауға жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын МІ санатындағы жаңа автокөлік құралдарында тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе, фронтальді қауіпсіздік жастығы, ISOFIX бекіту жүйелері, күндізгі жүріс шамдары және иммобилайзер (иммоболизатор) болған кезде сәйкестікті растауға жол беріледі.
Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаттарын беру арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдарын қоспағанда, осы талаптар 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1001 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.29.04. № 413 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім (1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды растайтын құжаты бар автокөлік құралдары «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.
Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, үлгіні мақұлдау туралы құжаты жоқ, сондай-ақ пайдалану мерзімі 3 жылдан артық автокөлік құралдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентке 4-қосымшаны (бұдан әрі - Техникалық регламентке 4-қосымша) ескере отырып, сәйкестікті растауға рұқсат етіледі және «Пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар өткізіле отырып, «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 7-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.
Техникалық регламентке 4-қосымшада шығарылған жері көзделмеген автокөлік құралдары үшін Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау 7-схеманы қолдана отырып, міндетті түрде пайдаланылған газдарды бейтараптандыру жүйесі болған кезде жүзеге асырылады.
Автокөлік құралының шығарылған елін айқындауды өтінім беруші ұсынған VIN-код бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган жүзеге асырады.
Пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері бойынша сынақтар осы Техникалық регламенттің 6-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Осы Техникалық регламенттің 4-тарауында айқындалған сертификаттау схемаларын қолдана отырып сәйкестікті растау «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау)
Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
6. ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
«Автокөлік құралдарының
қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» техникалық регламентіне
1-қосымша
Техникалық регламенттің әрекетіне түсетін механикалық көлік
құралдары мен тіркемелерді жіктеу және анықтамасы
Атауы | СЭҚ ТН кодтары |
1 | 2 |
1. М санаты - кемінде төрт дөңгелегі бар және жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын механикалық көлік құралдары | |
1) М1 санаты (жеңіл автомобильдер): жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған кемінде сегіз орындығы бар көлік құралы (сондай-ақ төмендегі тармақты қараңыз); | 8703 |
2) М2 санаты (автобустар, троллейбустар): жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған сегізден артық орындығы бар және ең жоғары салмағы 5 тоннадан аспайтын көлік құралдары | 8702 |
3) М3 санаты (автобустар, троллейбустар): жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізушінің орындығынан басқа отыруға арналған сегізден артық орындығы бар және ең жоғары салмағы 5 тоннадан асатын көлік құралдары; М2 және М3 санаттарының көлік құралдарына: № 36 және № 107 Ережеге сәйкес үш кластан біріне немесе одан көбіне (І класқа, II класқа, III класқа); № 52 Ережеге сәйкес екі кластан біріне (А класына, В класына). І класс: жолаушылардың салон ішінде ұдайы жүріп-тұруы үшін конструкциясында түрегеп тұратын жолаушыларға арналған орындар көзделген көлік құралдары. II класс: Негізінен отырған жолаушыларды тасымалдау үшін құрастырылған және екі қосарлы орындықтар үшін бөлінген кеңістіктің шегінен тыс шықпайтын өтпелердегі және/немесе орындардағы түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін көлік құралдары. III класс: Тек отырған жолаушыларды ғана тасымалдау үшін құрастырылған көлік құралдары А класы: | 8702 |
Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары; бұл кластағы көлік құралы орындықтармен жабдықталған және онда түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін. В класы: Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналмаған көлік құралдары, бұл кластағы көлік құралында түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін емес. Ескертпелер «Біріктірілген автобус немесе қалааралық автобус» бір-біріне біріктірілген, екі немесе одан да көп қатты секциялардан тұратын көлік құралын білдіреді; әр секцияның жолаушылар салоны жолаушылар бір секциядан екіншісіне еркін өте алатындай етіп біріктірілген; қатты секциялар өзара оларды тек шеберханада болатын құралдардың көмегімен ғана ажыратуға болатындай етіп біріктіріледі; Бөлінбейтін, бірақ біріктірілген екі немесе одан көп элементтерден тұратын біріктірілген автобустар немесе қалааралық автобустар бір көлік құралы ретінде қарастырылады; Егер жартылай тіркемені сүйреп тарту үшін сүйреуіш (жартылай тіркемеге арналған сүйреуіш) көзделген болса, көлік құралын жіктеу кезінде есепке алынуы тиіс салмақ ретінде жарақталған күйдегі сүйреуіштің салмағына қосылған сүйреуішке жартылай тіркеме салатын ең жоғары татикалық тік жүктемеге сәйкес келетін салмақ, сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйреуіштің өзінің ең жоғары жүк салмағы пайдаланылады; «Жарақталған күйдегі көлік құралының салмағы» егер дайындаушы зауыт салқындататын сұйықтықты, майды, 90 % отынды, 100 % басқа сұйықтықтарды қоса алғанда шанақты және/немесе тіркеу құрылғысын белгілемесе, пайдаланылған суды, құралдарды, қосалқы дөңгелекті, жүргізушінің салмағын (75 кг) және қалалық және қалааралық автобустар үшін - егер көлік құралында экипаж мүшесі үшін орындық көзделсе, оның салмағын (75 кг) қоспағанда, сүйреген жағдайда шанағы мен тіркеу құрылғысы бар бос көлік құралының салмағы не болмаса кабинасы бар жүріс бөлігінің салмағы кабинамен бірге жүру бөлігінің салмағын білдіреді. | |