7) концессия шартында белгіленген мерзімде және концессия шартының қолданылуы кезеңінде сонда айқындалған көлемде концессионердің инвестициялық шығындардың белгілі бір көлеміне өтемақы төлеу.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде концессионер сатуға ұсынылатын концессиялық жобаның құнына қатысты кемінде жиырма процент көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығаруға міндетті.
Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемі, орналастыру талаптары тараптардың келісімімен концессия шартында айқындалады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «концессиялық жобаның өз» деген сөздер «концессия шарты шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (салынып жатқан) объектінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі
1. Объектілерді концессияға беру төрт кезеңде жүзеге асырылады:
іріктелген ұсыныстардың тізілімін дайындау;
тізбені қалыптастыру;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.
2. Концессионерге мемлекет кепілгерліктерін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.»;
12) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Ұсыныстар дайындау және іріктелген ұсыныстардың тізілімін қалыптастыру
1. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары мыналарды:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларда, республиканың немесе өңірдің даму жоспарларында белгіленген саланың даму басымдықтарына сәйкестігін, сондай-ақ салада орын алған проблемаларды шешуді;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілуін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, балама нұсқаларды;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді бағалауды қоса алғанда, салалық сараптаманы негізге ала отырып, жеке бастама тәртібімен жеке немесе заңды тұлғалар енгізген ұсыныстарды ескеріп қалыптастырады.
2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
3. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.
4. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады.
5. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның сараптамасы негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін іріктеліп алынған ұсыныстардың тізілімін қалыптастырады.
6. Тізбеге енгізілмеген концессия объектілері бойынша тиісті хабарламалар тиісті ұсыныстарды табыс еткен мемлекеттік органдарға оларды қабылдамаудың дәлелді негіздемесімен бірге жіберіледі.
Тізбеге енгізілген және концессияға берілмеген концессия объектілерін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган келесі орта мерзімді кезеңге арналып қалыптастырылатын тиісті тізбеге енгізеді.»;
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Тізбені қалыптастыру
1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.
2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:
1) жақсартылуы және пайдаланылуы концессия шарты негізінде жүзеге асырылатын қолда бар мемлекеттік меншік объектілері;
2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.
3. Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып және стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға, республиканың даму жоспарларына, орта мерзімді фискалдық саясатқа, республикалық бюджеттің инвестициялық мүмкіндіктеріне сәйкес жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге қалыптастырады.»;
14) 17-бапта:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «сипаттамасы мен» деген сөздер «техникалық-экономикалық негіздемесін, сипаттамасы мен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы концессия жобасы үшін мемлекеттік қолдаудың ықтимал түрлерін және жол берілетін көлемдерін;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) үлгілік шарт негізінде әзірленген концессия шартының жобасын;»;
14) тармақшадағы «қамтитын» деген сөзден кейін «, осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қайта конкурс өткізу кезінде ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктегі «жиырма күннен кешіктірмей» деген сөздерден кейін «, ал қайта конкурс өткізу кезінде күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «отыз күнге» деген сөздерден кейін «, ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 18-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы «болуға тиіс.» деген сөздер «болуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) іске асыруға ұсынылатын концессиялық жобаның құнына қатысты кемінде жиырма процентті құрайтын өз капиталы болуға;
5) өткен екі толық қаржы жылындағы аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі болуға;
6) егер концессионер бірнеше жеке немесе заңды тұлға концессиялық жобаны іске асыру мақсатында құрған жаңа заңды тұлға болса, онда заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарға сәйкес болуға тиіс.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, ықтимал концессионердің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс.»;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «әлеуетті» деген сөз «ықтимал» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 19-бапта:
2-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі «16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында» деген сөздер «16-бабының 2-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«талаптарды» деген сөзден кейін «, конкурсты өткізу орны, уақыты мен күні туралы мәліметті» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Конкурсты ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы ақпаратты конкурсты өткізу күніне дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайта конкурс өткізу кезінде - күнтізбелік отыз күн бұрын Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде міндетті түрде жариялайды.»;
6-тармақтағы «Объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс» деген сөздер «Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 20-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәуелсіз сарапшыларды» деген сөздер «концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі «ұйымдастырушы» деген сөзден кейін «концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымның қорытындысын ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «табыс етілген конкурстық өтінімдердің арасынан» деген сөздер «концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурсты өткізу жолымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы «отыз» деген сөз «тоқсан» деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 21-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) концессионердің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) және бағаларды белгілеу тәртібін;»;
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшадағы «мерзімдері» деген сөзден кейін «, көздері» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) концессионердің қабылданған міндеттемелерді орындауын бағалаудың өлшемін және олар орындалмаған жағдайда айыппұлдар салу тәртібін;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау ұсынылған жағдайда, оның түрлерін, көлемін, мерзімдері мен ұсыну шарттарын қамтуға тиіс.»;
19) 24-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын;
20) 26-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
7) осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған жағдайда концессиялық жобаны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы несиелік шот ашуға;
8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.».
2-бап. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 5-і.
№ 66-ІV ҚРЗ