2. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Yкіметі бекітеді.
8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
2006.31.01. № 125-III (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді
44-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру реттері мен жағдайлары
1. Нормативтік құқықтық актілерде көмескіліктер мен әркелкі түсінушілік оларды қолдану тәжірибесінде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтік актіде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
3. Заң актілерінің нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестікте түсіндірілуге тиіс.
4. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мағынасы оларды түсіндірген кезде заң актілеріне толық сәйкестікте ашылуға тиіс.
5. Нормативтік құқтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады.
45-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді.
2. Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар береді.
9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге
келтіру мен есепке алу
46-бап. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
1. Нормативтік құқықтық актілерді қабылдайтын мемлекеттік органдар осы актілердің есебін жүргізеді және оларды жүйеге келтіреді, өздері қабылдаған актілердің бақылау даналарына жүргізіп, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтырулардың бәрін уақтылы енгізіп отырады.
2. Мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жинағын мезгіл-мезгіл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырма береді.
16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 81-III Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.29.06. № 271-III Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттік есебi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттік есебiн Қазақстан Республикасы әділет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгізуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң қағазға басылған және электронды түрдегi, мемлекеттік органның мөрiмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы әділет органдарына жiбередi.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі құқықтық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктер мен басқа да орталық мемлекеттік органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi.
48-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жариялылығы
Барлық уәкілетті органдар мүдделі адамдарға мемлекеттік құпиясы немесе заңмен қорғалатын құпиясы барларын қоспағанда, қабылданған нормативтік актілермен танысуға рұқсат беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының