секьюрити тетіктерін қосу;
мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерін дамыту;
туынды қаржы құралдары нарығын дамыту жөнінде тиімді шаралар қабылдау және деривативтер нарығын дамыту жолындағы кедергілерді жою бөлігінде заңнаманы одан әрі жетілдіру.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамытуда техникалық инфрақұрылымды жетілдіруге ерекше назар аударылады.
Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамытуда бағалы қағаздарға құқықтарды есеп алудың бірыңғай базасын құру және олар бойынша меншік құқықтарын көшіру маңызды мәселе болып табылады, бұл тәуекелдерді төмендетуде жағымды көрініс табады, бұл бағалы қағаздардың меншік иелері құрылымының ашықтық деңгейін арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Бағалы қағаздар нарығында тәуекелдерді басқаруды жетілдіру мақсатында тәуекелдерді қадағалауға бағдарланған пруденциялық реттеудің халықаралық стандарттарына сәйкес бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру мен тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу көзделіп отыр.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі мақсаты қандай да бір тәуекелдерді қабылдау және оларды өлшеу мен басқару тәсілдерін белгілеу мүмкіндіктерін айқындау болып табылу тиіс.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында шынайы кірістілік ауытқымасын құру туынды қаржы құралдары нарығын дамытуға негіз болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банкаралық валюта нарығындағы негізгі маркет-мейкер ретінде ену туынды қаржы құралдары нарығын дамытудың алғашқы қадамы болады, бұл нарықтағы басқа қатысушыларды ынталандыруы және барынша күрделі туынды құралдардың (опциондардың) пайда болуына ықпал етуі тиіс.
Орта мерзімді перспективада жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
жинақтаушы зейнетақыны қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;
Қазақстанның барлық тұрғындары үшін зейнетақы қызметтеріне қол жетімділік пен сапаны арттыру;
зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қорларының мүмкіндіктерін ұлғайту;
зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету және салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін, зейнетақы төлемдері мен аударымдар жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Мақсаттар мен міндеттерді іске асыру жөніндегі негізгі шаралар:
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін бағалауды енгізу арқылы бәсекелестікті ынталандыру;
зейнетақы қорларының инвестициялық қоржындарының сапасын қолдау және салымшылардың инвестициялық қоржындардың түрлі нұсқаларын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында салымшылар үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жетілдіру мүмкіндігін қарастыру көзделіп отыр.
Бұдан басқа, инвестициялар қоржынының кірістілігі мен тәуекелі негізінде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін көрсететін көрсеткіштерді енгізу ұйғарылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігі мен кепілдемесі негізінде басым жобаларды, секьюрителендіру мәліметтерін қаржыландыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін пайдалану міндеттерін шешу, сондай-ақ қорлардың активтерін хеджирлеу үшін осы өнімдерді бағалау және есепке алу әдістемесі жөнінде нормативтік реттеуді, активтерді көрсетілген қаржы құралдарының түрлеріне инвестициялаудың және оларды пайдаланудың практикалық тетігін әзірлеу қажет.
Әлеуметтік шаралар ретінде көлеңкелі жұмыспен қамтуды дәйекті қысқарту мақсатында жауапкершілікті мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында оңтайлы қайта бөлуді көздейтін, формалды секторда жұмыспен қамтудағы уәждемені ынталандыратын әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру жоспарланып отыр.
Салымшы зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы жинақтарының жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында өз пайдасына да, үшінші тұлғалардың пайдасына да ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары үшін барынша қолайлы жағдай жасай отырып, кәсіптердің шектелген тізбесі бойынша ғана емес, барлық жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу шарттарын беруін қарау қажет.
Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары жүйесінің тартымдылығын арттыру мақсатында жинақтау мерзімдері бойынша ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын төлеуге жеңілдік беру мәселесін қарау қажет.
Халықты, әсіресе өмірі үшін жоғары деңгейлі қауіпі бар өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге қатысты әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын енгізу мүмкіндігін қарау ұйғарылып отыр.
Халықты хабардар етудің, сондай-ақ салымшылар үшін зейнетақы қорлары қызметінің ашықтық деңгейін арттыру саласында жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларын және оларды орындау нәтижелерін жариялау жөніндегі талаптарды енгізу орынды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде төлемдерді оңтайландыру салымшыға жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдау құқығын іске асыруға, салымшының, жұмыс беруші мен зейнетақы жүйесі кәсіби қатысушыларының жалпы шығындарын азайта отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақпараттық және қаржы ағындарының өтуін оңтайландыруға мүмкіндік береді; дербес зейнетақы шоттарының қайталануын болдырмау үшін жағдай жасайды; мемлекеттік зейнетақы төлеу орталықтарына салымшының зейнетақы жинақтарын қорға автоматты түрде аударуға; міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің міндетті зейнетақы жарналарының сомасын аудару рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Зейнетақы шартын жасасу, жинақтарды аудару және төлеу жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде салымшының электрондық бірегейлендіруін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы технологиялар негізінде халыққа қызмет көрсетудің электрондық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр (пилоттық жобалар түрінде электрондық карточкаларды енгізу).
Құралдардың тәуекелі мен кірістілігін салыстыру негізінде зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және инвестициялық қоржынды қалыптастыру мақсатында зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық объектілерді іріктеу өлшемдері ретінде бағалы қағаз эмитентінде немесе бағалы қағаздың өзінде ең төменгі рейтингтік бағалаудың болуын пайдалану және Қазақстан Республикасының немесе шетелдік мемлекеттің ұйымдастырылған нарығында міндетті айналымы мүмкіндігін қарау ұйғарылады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және басқарушы компаниялардың инвестициялық қоржындарында қамтылған құралдардың тәуекеліне қарай көрсетілген тәуекелдерге барабар капиталды қалыптастыру тәртібі енгізілетін болады. Жинақтаушы зейнетақы қорларын және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды зейнетақы активтерінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық қоржынының сапасына қарай қалыптастырылатын жеке капиталдың жеткілікті коэффициенті бөлігінде пруденциялық реттеуді одан әрі жетілдіру жоспарланады.
Бұдан әрі жинақтаушы зейнетақы қорларында және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарда менеджердің де, Директорлар кеңесінің мүшелері мен акционерлердің жауапкершілігін күшейте отырып, осы ұйымдардың міндеттеріне енетін инвестициялық және басқа да шешімдерді қабылдауға байланысты рәсімдерді белгілеу және регламенттеу бөлігінде тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіру ұйғарылады. Бұдан басқа, зейнетақы активтерін сақтандырудың жекелеген элементтерін енгізу мүмкіндігін қарау орынды болып отыр.
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың отандық жүйесін жетілдіру жөніндегі бағыттар мен шараларды іске асыру:
мемлекеттің инвестициялық саясатының басым бағыттарына қаржы ұйымдарының қатысуын ұлғайтуға;
қаржы қызметтерімен сауда-саттықты ырықтандыру арқылы отандық қаржы нарығының ашықтық, тұрақтылық және бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға;
бағалы қағаздар нарығын жандандыруға және көрсетілетін қаржы қызметтерінің аясын ұлғайтуға, тәуекелдерді әртараптандыруға;
халықаралық стандарттар мен қаржылық қадағалау қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді, бұл қаржы нарығының ішкі және сыртқы тұрақсыздандырғыш факторларға тұрақтылығы, сонымен бірге отандық қаржы қызметтерінің халықаралық экономикалық кеңістікке толық кіру деңгейін арттыруы тиіс;
қаржы қызметтерін отандық жеткізушілері үшін теріс салдарларды барынша азайта отырып, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жағдай жасауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Қазақстан Республикасының резидент емес қаржы ұйымдарының қатысуын кеңейту болжанады, бұл қаржы қызметтері нарығында бәсекелестік деңгейінің өсуіне және тиісінше, ұсынылатын қызметтер сапасы мен олардың құнының төмендеуіне алып келеді. Бұл ретте, халықтың, инвесторлардың, рейтингтік агентіктердің отандық қаржы жүйесіне сенімділігінің деңгейі артады.
Бұдан басқа, мыналар бойынша шаралар қабылданатын болады:
заңнаманы брокерліқ желіні дамытуды ынталандыру бөлігінде жетілдіру, сондай-ақ қор нарығына (зейнетақы қорларына) қатысушылардың да және кәсіби емес инвесторлардың да өтімді құралдарға сұраныстарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін өзге шаралар;
мемлекеттік бағалы қағаздарды арнаулы шығаруды, оның ішінде халықтың қалың жігіне арналған»«серпінді» жобаларды қаржыландыру үшін орналастыру мүмкіндігі.
Салық саясаты
2008-2010 жылдарға арналған салық саясатының негізгі бағыттары әділетті және өзін ақтаған аспап ретінде, экономиканың қажетті бағыттарының дамуын ынталандыратын және мыналардан көрініс табатын мемлекеттік функциялардың толық орындалуын қамтамасыз ететін салықтардың әлеуметтік-маңызды функцияларын бекіту қажеттілігін есепке ала отырып міндеттерді шешуге бағдарланады:
елдің бәсекеге жарамдылығын күшейтуге мүмкіндік беретін бәсекелі салық саясатын құру;
экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға ықпал етуі тиіс салық саясатын Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру;,
жеңілдіктерді оңтайландыру және тиісінше экономиканың шикізат емес секторына салықтық жүктемені азайту, заңды тұлғаларға салық салуды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
қосымша құн салығын ең үздік әлемдік практикаға сәйкес келтіру;
импортқа және ішкі өндіріске салынатын акциздердің ставкаларын біріздендіру;
жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау;
әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету, салықтық қызметтердің сапасы мен салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру, салықтық есеп беру мөлшерін азайту, салықтық тексертулерді ретке келтіру;
2009 жылдан бастап экономиканың шикізат емес секторындағы шағын және орта бизнес жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды алудың хабарландыратын жүйесін енгізу.
Жоғарыда көрсетілген салықтық заңнамаларды жетілдіру жөніндегі міндеттерді шешу қолайлы инвестициялық ахуал жасауға, экономиканың шикізат емес секторында бизнестің дамуын ынталандыруға халықаралық бәсекелестікті күшейту және елдер арасында капиталдың еркін ағысының болуы, бәсекелестікті дамыту, ІЖӨ-ді, бюджеттің кіріс бөлігін және халықтың экономикалық белсенділігін ұлғайту жағдайында әсер етуі тиіс.
Бюджет саясаты
2008-2010 жылға арналған бюджет саясатының негізгі мақсаты ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешуге бағытталған бюджет тетіктерін жетілдіру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
бюджеттік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджеттік тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың және Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруда қалыпты-қатаң саясат жүргізу;
мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге бюджет қаражатын тиімді жұмсауды қамтамасыз ету.
Макроэкономикалық тұрақтылық пен бюджет жүйесінің орнықтылығын қолдау үшін 2008-2010 жылдары бюджет саясатының негізгі бағыттары мыналар болады:
экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;
бюджеттің мұнай емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;
Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған оның қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:
стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;
бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;
бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту.
Бюджеттік процестерді жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау көзделеді.
Жүргізілген шаралардың нәтижесінде мыналарға қол жеткізіледі:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне көбірек дербестік беру және олардың іске асырылатын бағдарламалардың түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге жауапкершілігін күшейту;
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ағымдағы және күрделі шығыстарды қалыптастыру объективтілігі;
бюджетті әзірлеу мен атқару рәсімдерін ықпалдастыру;
мемлекеттік органның ішінде және олардың арасында бюджеттің атқарылу рәсімдерінде қайталанатын іс-қимылдарды алып тастау;
ақпараттық жүйені оңтайлы пайдалана отырып, бюджеттік жоспарлау сатысында еңбек өнімділігін арттыру.
Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты мемлекеттік басқаруға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толық ұсыну және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін олардың барлық деңгейін жеткілікті қаржылай қаражатпен қамтамасыз ету болып табылады.
Барлық өңірлер тұрғындарының бюджет қаражаты есебінен берілетін кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерге бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2008-2010 жылдары 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансфертті есептеудің жаңа әдістемесі және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жүзеге асырылады. Олардың басым бағыттары:
экономикалық дамуда өңірлерді ынталандыру, салық салынатын базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде Әкімдердің дербестігін арттыру;
өңірде қызметтер алушылардың санын, қандай да бір өңірдің ерекшелігіне қарай шығыстардың өзгеруіне әсер ететін факторларды есепке алу болып табылады.
Мемлекеттік, мемлекет кепілдік берген және жалпы сыртқы борышты басқару саласындағы саясат
2008-2010 жылдары мемлекеттік және жалпы сыртқы борыш саласындағы саясат Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру мақсатында іске асырылатын болады.
Қойылған мақсатты шешу үшін жоспарланатын кезеңде:
борыштық міндеттемелер бойынша есепке алуды жетілдіру, борыштың жағдайына жүйелі мониторинг және бақылауды жүргізу, оның ішінде корпоративтік және қаржы секторына, тәуекелдерді басқаруға, мемлекеттік органдармен мемлекет қатысатын ұйымдардың тиімді өзара қатынасына арналған арнаулы индикаторлар бойынша;
жалпы сыртқы борыш құрамын халықаралық әдістемелік стандарттарға жақындастыру;
орта мерзімді перспективада жалпы сыртқы борышқа қатысты күтілетін көрсеткіштерді анықтау;
сыртқы несие капиталы нарықтарында жеке секторлардың қарыз алу мәселелерін реттеу тетіктерін анықтау;
борыштық құралдардың ішкі нарығын дамыту үшін жағдай жасау.
Жалпы сыртқы борыш мониторингі жетілдіріледі, бұл үшін мүдделі мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жүйесін жолға қою қажет. Ол үшін орта мерзімді перспективада мемлекеттік органдардың пайдалануы үшін жалпы сыртқы борыш бойынша ықпалдасқан ақпараттық деректер базасын құру жұмыстары жүргізіледі.
Мыналар Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш саласындағы негізгі бағыттар болады:
мемлекеттік борышты басқару жөніндегі мемлекеттік жүйені жетілдіру;
бюджеттің қалыптасқан мұнай емес тапшылығының мөлшеріне негіздей отырып, жүргізіліп отырған жинақтар саясатын ескере отырып, республикалық бюджет пен үкіметтік борыш тапшылығының өлшемдерін айқындау;
үкіметтік борыш құрылымында сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайту.
Үкіметтік борыш құрылымындағы сыртқы борыштың үлесін біртіндеп азайтуға республикалық бюджет тапшылығын қаржыландырудың жалпы құрылымдағы сыртқы қарыз есебінен республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үлесін қысқарту арқылы қол жеткізілетін болады.
Үкіметтік қарыз алу қоры нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың жеткілікті көлемін қолдау мақсатында да пайдаланылатын болады. Орта мерзімді перспективада нақты жинақтамалар мақсатында үкіметтік қарыз алу саясаты Ұлттық қор активтерінің нарықтық құнына қарағанда кепілдік берілген борыш пен мемлекеттің кепілдемесін ескере отырып, үкіметтік қарыздың ара қатынасын 50-70%-ға жеткізуге бағдарланатын болады.
Мониторинг мемлекеттік борыш бойынша ғана емес, сонымен бірге мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың борыштық міндеттемелерін қамтитын барлық мемлекеттік сектордың борышы бойынша да жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелер бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында мониторингті күшейту және үшінші тұлғалар алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктер мен кепілдемелермен қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйіне мониторингті және бақылауды күшейту жөнінде, сондай-ақ, көрсетілген заңды тұлғалардың борыштарын басқарудағы кемшіліктерге уақтылы ден қою және жою жөнінде шаралар қабылданады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласында жүргізіліп отырған саясат шеңберінде 2008 - 2010 жылдары мынадай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
жинақтар саясаты шеңберінде үкіметтік борыштың оңтайлы мөлшерін айқындау;
ішкі қарыз алу бөлігінде:
нарықтағы ахуалға қарай индекстелген және купондық міндеттемелер арасында қарыз алудың жалпы көлеміндегі оңтайлы ара қатынасты белгілеу арқылы пайыздық тәуекелдерді азайту;
бағалы қағаздар нарығындағы бағдарларды («benchmark») белгілеу;
жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бөлігінде:
жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы лимиттерімен есеп айырысудың жаңа тәсілдерді әзірлеу;
сыртқы қарыз алу бөлігінде:
жаңа жобаларды іріктеуге және Қазақстанның Даму Банкінің қайтару негізде қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың банктік сараптамасын жүзеге асыруға талаптарды күшейту;
озық тәжірибе трансферті және сыртқы донорлардың жобаларды іске асыруын бақылау рәсімдері мақсатында экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін жеңілдік шарттарында сыртқы қарыздарды тарту;
республикалық инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілетін жобалардың дайындалу сапасы мен сараптамасын жақсарту арқылы қарыз қаражатын тиімді пайдалану;
теңгенің айырбас бағамы өзгерген жағдайда теріс салдарды азайту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздар портфелін қарыздардың валюталары бойынша әртараптандыру;
борышты өтеу және оған қызмет көрсету бөлігінде:
неғұрлым қымбат қызмет көрсетілетін үкіметтік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу жолымен үкіметтік борышты белсенді басқару;
жергілікті атқарушы органдардың мерзімі өткен борыштық міндеттемелерді өтеу және реттелмеген борыштық міндеттемелер проблемаларын жедел шешу жөнінде белсенді шаралар қабылдауы;
фискалдық тәуекелдерді болжау.
Сыртқы теріс факторларға уақтылы ден қою және сыртқы борыштың тәуекелдерін басқару мақсатында қайта қаржыландыру тәуекелдері, өтімділік, валюталық және пайыздық тәуекелдер мониторингі жүзеге асырылатын болады.
Екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдарының инвестицияларын әртараптандыру мақсатында тұтастай экономиканың нақты секторының жобаларын, оның ішінде «серпінді» және инфрақұрылымдық бағдарламаларды іске асыру схемалары пысықталатын болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы қарыз алу мәселелер бойынша салық заңнамасын жетілдіру жүзеге асырылатын болады.
Корпоративтік сектордың сыртқы міндеттемелерін үнемі бақылау және мониторинг жүргізу үшін пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге лицензиясы және келісім-шарты бар шетелдік қатысатын компаниялар тізбесі жасалады және жаңартылады. Нақты секторда жұмыс істейтін ұйымдардың сыртқы міндеттемелері бойынша отандық инвестицияларды серпінді жобаларға ынталандыру және корпоративтік сектордың жалпы сыртқы борыш құрылымындағы сыртқы қарызы мен ЖІӨ-ге қатысты тұрақты үйлесімдігін ұстап тұру үшін талдау жүргізілетін болады, жағдайлар жасалады.
Валюталық және баға ауытқуларының тәуекелдерін төмендету үшін елдің резидент компанияларына арналған несие капиталының нарығында хеджирлеу құралдарын дамыту үшін жағдай жасау қажет. Осыған байланысты елде өндірістік бағалы қағаздар нарығын дамыту қажет.
Елдің сыртқы борышын басқаруды жетілдіру елде қаржы нарығын дамыту мен тығыз байланысты болады.
Тұтастай алғанда, жалпы сыртқы борыш талдамасымен бірге орта мерзімді перспективада жалпы сыртқы борыштың ойдағыдай «дабылды» шекті мәндерін белгілеуден басқа сыртқы міндеттемелердің секторлар бойынша жеке «дабылды» шекті мәндерін белгілеу мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Бұдан басқа, орта мерзімді перспективада қабылданатын ынталандыру шараларының жеткіліксіздігінен ірі жобаларды іске асырған және экономиканы қаржыландырған кезде ішкі қаржы ресурстарын пайдалану үшін одан әрі де жағдай жасау қажет.
Мемлекеттік активтерді басқару саясаты
Мақсаты - корпоративті басқару қағидаттарын енгізу ахуалымен мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру.
Міндеті:
мемлекеттік меншікті оңтайландыру;
мемлекеттік қатысуымен акционерлік қоғамдарда корпоративті басқару қағидаттарын енгізу.
Қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсету және мемлекеттік қолдауды қажет ететін қызмет салалары үшін мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі ұйымдар жұмыс істеуге тиіс қызмет салаларын айқындау мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің салалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленетін болады.
Бұдан басқа, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың халықаралық стандарттарға негізделген корпоративтік басқару нысандары енгізілетін болады.
Мемлекеттік меншікті басқару ұғымын, оның мақсаттары мен міндеттерін, негізгі қағидаттарын, басқару нысандары мен әдістерін, басқару объектілері мен субъектілерін, есепке алу тәртібін және мемлекеттік меншікті тиімді пайдалануға бақылау жасауды көздейтін мемлекеттік активтерді басқару туралы заң жобасы әзірленетін болады.
Күтілетін нәтижелер
Мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру және мемлекетке тиесілі активтердің құнын ұлғайту.
Инвестициялық саясат
2008-2010 жылдары экономиканың басым секторларына отандық және тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру, мемлекеттік инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін ұтымды ету және арттыру саясаты мен ішкі жинақтарды жұмылдыру жалғасатын болады.
Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жалғасатын болады.
Басым өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберінде мемлекет іске асыратын одан арғы шаралар мыналарға бағытталады:
миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;
кәсіпорындарды тіркеудің оңайлатылған жүйесін енгізуге;
қызмет түрлерін лицензиялаудың ашық жүйесін құруға;
кәсіпорындардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өтуін жылдамдатуға;
Ұлттық инновациялық жүйенің экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесін дамыту жөнінде жұмыстың жалғасуына;
мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіруді күшейту жөніндегі іс-әрекетті, олардың қызметінің ашықтығын арттыруды жандандыруға;