«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 маусымдағы № 603 Қаулысы
(2009.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 152 Қаулысымен күші жойылды
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 451 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.12.03. № 294 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.23.07. № 1120 қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 21 маусымдағы
№ 603 қаулысына
қосымша
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының
директорлар кеңесінің құрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, орынбасар |
Біртанов - Елжан Амантайұлы | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Шарман Алмаз Төрегелдіұлы | - «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Хьюберт Блум | - тәуелсіз директор |
Грегори Паппас | - тәуелсіз директор |
Сұлтанов Серік Егелұлы | - тәуелсіз директор |