Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысы
(2007.05.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 6 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
Бекiтiлген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының
Зағипа Яхияқызы Әдiлет министрi, төрайым
Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Қасымов - Қазақстан Республикасының
Қалмұхамбет Ішкі істер вице-министрі,
Нұрмұхамбетұлы төрайымның орынбасары
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының
Ержан Жалбақұлы Мәдениет және ақпарат
вице-министрі
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы
Рәпіл Сейітханұлы Сыртқы істер министрінің
орынбасары
Құрманов - Қазақстан Республикасының
Алмас Мұхаметкәрімұлы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Мусин - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Нұрғалиұлы Туризм және спорт
вице-министрі
Омаров - Қазақстан Республикасының
Қадыр Тоқтамысұлы Денсаулық сақтау
вице-министрі
Абдулов - Қазақстан Республикасы Бас
Болат Қасымұлы прокуратурасы Тергеу және
анықтама заңдылығын қадағалау
департаментінің бастығы
(келісім бойынша)
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық
және мемлекеттің мүліктік
құқықтарын қорғау
департаментінің директоры
Калюжный - Адам құқықтары жөніндегі
Вячеслав Афанасьевич ұлттық орталықтың басшысы
(келісім бойынша)
Табжанов - Қазақстан Республикасы
Дәурен Жұмаханұлы Президентінің жанындағы
Ұлттық комиссия хатшылығының
әйелдерді саяси ілгерілету және
зорлық-зомбылықтан қорғау
секторының меңгерушісі
(келісім бойынша)
Бадикова - Қазақстандағы Көші-қон
Екатерина Викторовна жөніндегі халықаралық ұйымның
миссиясы басшысының міндетін
атқарушы (келісім бойынша)
Эуджения Бенини - ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері
бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында қалыптасқан жағдайды талдау;
2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында әрi қалыптасқан практикада қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру;
адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;
адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) тиiстi ұсыныстарды даярлай отырып, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметiн реттейтiн заңнама мен нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асыруға;
3) Комиссияның отырыстарына адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі ic-шараларды iске асыру мәселелерi жөнiнде мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарын шақыруға және тыңдауға;
4) тәуелсiз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
7. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
8. Комиссия отырысы қажеттiлiгiне қарай оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi болған кезде өткiзiледi.
9. Отырыстың күн тәртiбіндегі әр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
10. Комиссия шешiмi белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайтын хаттамалармен ресiмделедi, төраға қол қояды және барлық мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жiберiледi.
Комиссия мүшелерiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның хаттамасына немесе есеп-хатына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі болып табылады.
13. Комиссияның жұмыс органы мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар ұсынған құжаттардың негiзiнде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажеттi материалдарды дайындайды және белгiленген тәртiппен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.