Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшiн жауапты болады.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары тиiстi (ведомстволық бағынысты) аумақтағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы есептерiн тыңдайды;
- төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға қатысты бөлігінде көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет құрамындағы резервінің көлемі туралы, сондай-ақ материалдық-техникалық, азық-түлік медициналық және басқа ресурстардың жергілікті қорларын құру туралы шешімдер қабылдайды;
- төтенше жағдайлар пайда болған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiнде мiндеттi ережелер қабылдауға құқылы, оларды бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделедi. Мiндеттi ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмеуге тиiс және дереу күшiне енедi.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергiлiктi ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тергеуге қатысады;
- халықты және ұйымдарды қажеттi қауiпсiздiк, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етедi;
- төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергiлiктi қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;
материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың жергiліктi қорларын құрады және пайдаланады;
- төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның өтелуiн, медициналық қызмет көрсетудi, төтенше жағдайлар аймақтарында тұрғаны және жұмыс iстегенi үшiн өтемақылар мен жеңiлдiктер алуды өз құзыретi шегiнде қамтамасыз етедi;
- төтенше жағдайлар жойылғаннан кейiн қоршаған ортаны сауықтыру, ұйымдар мен азаматтардың шаруашылық қызметiн қалпына келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
Судан құтқару қызметтерiн ұйымдастыру облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ерекше қарауына жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында жергiлiктi өзiн-өзi басқару орындарының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою iсiне қатысуына жол берiледi, бұл халықтың жергiлiктi мәнi бар мәселелердi дербес шешуiн қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметi тәртібін заңда белгiленген шектерде азаматтардың өздерi анықтайды.
4 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардың алдын алу
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
14-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шараларға мыналар жатады:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соғуы мүмкiн аварияны, зiлзала мен апатты болжау және олардың қаупi туралы хабарлау;
- төтенше жағдайлар саласындағы білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары.
-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы техникалық регламенттерге талдау жасау.
15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды болжау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулердiң негiзгi мiндеттерiне мониторинг әдiстерiн әзiрлеу мен төтенше жағдайлардың деректер банкiн жасау, төтенше жағдайларды болжау, алдын алу әдiстерiн, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу кiредi. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды болжау қызметi (сейсмологиялық қызмет, сел жүретiнiн хабарлау, радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жүйелерi және басқалар) арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесiне енгiзiледi.
16-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жариялылық пен ақпарат
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы мәлiметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.
Мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi құрылады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы білімдi насихаттау iсiн арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады. Бiлiмдi насихаттау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылуы мүмкiн.
Халықты оқытып-үйрету мектеп жасына дейiнгi мекемелер мен жалпы орта білім беретiн мекемелерде, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлердегi ұйымдарда, ал мамандарды оқытып-үйрету орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру, біліктiлiктi арттыру және кадрларды қайта даярлау ұйымдарында, төтенше жағдайдағы iс-қимылға дайындау және азаматтық қорғаныс орталықтарында, жұмыс орнындағы ұйымдарда жүргiзiледi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қорғану шаралары
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған кезде қатер төнуiн, шығындар мен залалды мүмкiн болғанынша барынша азайту үшiн мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиiс:
- сейсмикалық жағынан берiк құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық берiктiгiн күшейту;
- гидротехникалық және инженерлiк-геологиялық қорғану шаралары;
- көлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және көлiкте төтенше жағдайларды болғызбау үшiн коммуникациялар жүйелерiн жетiлдiру;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi қорғану шаралары;
- өрттерге (жарылыстарға), iндеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауылшаруашылық өсiмдiктерi мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;
- арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың мiндеттi күшi бар нұсқамаларында көздеген басқа да шаралар.
Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатерiне байланысты қызметi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандырылуға тиiс.
5 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы
төтенше жағдайларды жою
19-бап. 15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен 20-бап толықтырылды (бұр. ред. қара)
20-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiнде бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимыл
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес төтенше жағдай аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын тарта отырып жергiлiктi атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады.
Бiрiншi кезекте жасалатын iс-қимыл кезiнде халықты төтенше жағдай аймағынан уақытша көшiру, ұйымдардың қажеттi материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру iсi жүргiзiлуi мүмкiн, авария, зiлзала немесе апат болған объектiнiң жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимi өзгертiледi, адамдардың жүрiп-тұруы мен жүктердiң тасымалдануына шектеу (карантин) енгiзiледi, мүмкiн болатын құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртiп пен объектiлердi қорғау қамтамасыз етiледi.
Төтенше жағдайлар аймағының шекараларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған төтенше жағдайларды жою басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген төтенше жағдайларды сыныптау негiзiнде айқындайды.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл медициналық жәрдем көрсету
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық жәрдем қызметi дереу iске қосылады, ал ол жеткiлiксiз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштерi мен құралдары тартылды.
22-бап. Авариялық-құтқару қызметтерi
Авариялық-құтқару қызметтерi техникамен, арнаулы жабдықтармен, құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарына қажеттi құрал-саймандармен және аспаптармен жарақтандырылады.
Еңбек ету қаупi жоғары болуына байланысты құтқарушыларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ерекше мәртебе берiледi.
23-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимiн енгізу
Жағдайды тез арада тұрақтандыру, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге жағдай жасау мақсатында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарында төтенше жағдай режимi енгiзiлуi мүмкiн.
Төтенше жағдай режимi енгiзiлген кезде басқарудың ерекше түрлерiнiң белгiленуi, азаматтардың жекелеген құқықтары мен бостандықтарының шектелуi, Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген басқа да шаралардың қолданылуы мүмкiн.
24-бап. 15.06.04 ж. № 563-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 24-1-баппен толықтырылды
24-1-бап. Материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстар қорларын жасау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде көлiк құралдарымен қамтамасыз ету
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшiн алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резервi жасалады.
Төтенше жағдайларды жою үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстары және көлiк құралдары жұмылдырылады, ал шұғыл медициналық жәрдемнiң және авариялық-құтқару қызметтерінің күштерi мен құралдары төтенше жағдайлар аймақтарына алдын ала бекітілген жоспарларға сәйкес бiрiншi кезекте жеткiзiлiп, керi қайтарылады.
6 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы сараптама мен
мемлекеттік есеп
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
25-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптаманың мiндеттерi мен объектiлерi
Сараптаманың мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нормативтердi, стандарттар мен ережелердi, шаралардың толық және тиiмдi жүргiзiлуiн зерттеу болып табылады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы сараптамаға мыналар жатады:
- нормативтiк, техникалық құжаттама және жобалау құжаттамасы;
- егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп төндiрсе, оның қатерлiлiк және зияндылық деңгейiн анықтау;
- жағдайды қадағалау, бақылау және төтенше жағдайларға болжам жасау шараларын орындау;
- білімдi насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету;
- қорғану шараларын және төтенше жағдайларды жою жұмыстарын жүзеге асыру.
02.07.03 ж. № 454-II ҚР Заңымен 26-бап толықтырылды ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 26-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
26-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында сараптама және мемлекеттік есеп жүргiзу
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік сараптаманы арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар, ал қоғамдық сараптаманы өздерiнiң жарғыларына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүргiзедi.
Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бөлiгiнде мемлекеттік сараптама Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.
Меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан авария, зiлзала мен апат туралы есеп бередi, ал арнайы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебiн жүзеге асырады.
VII тарау. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
8 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы бақылау мен қадағалау
30-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы бақылау мен қадағалаудың мiндеттерi
Бақылау мен қадағалаудың мiндетi - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі жоспарлар мен шаралардың толық және тиiмдi орындалуын, белгiленген нормативтер, стандарттар мен ережелер талаптарының сақталуын, лауазымды адамдардың, күштер мен құралдардың дайындығын, олардың iс-қимылын тексеру.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы мен жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ведомстволық, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ведомстволық бақылауды орталық мемлекеттік органдар, өндiрiстiк бақылауды ұйымдар, қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары жүзеге асырады.
9 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғандық
үшiн жауапкершiлiк
33-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зiлзала мен апатты тексеру
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан авария, зiлзала мен апат Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен тексерiлуге тиiс.
Лауазымды адамдар мен азаматтардың құқыққа қарсы әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда тексеру материалдары кiнәлiлердi жауапқа тарту үшiн тиiстi органдарға берiлуге тиiс.
; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 34 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
34-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заң және өзге де нормативтiк актілерін бұзғандық үшiн жауапкершiлiк түрлерi
Белгiленген нормативтердiң, техникалық регламенттер мен ережелердiң орындалмауына немесе немқұрайды орындалуына, аварияның, зiлзала мен апаттың пайда болуына жағдайлар мен алғышарттар жасалуына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғау жөнiнде шаралар қолданылмауына және басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге кiнәлi лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшілiк, мүлiктiк және қылмыстық жауапқа, ал ұйымдар мүлiктiк жауапқа тартылады.
35-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан келтiрiлген залалды өтеу
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығына келтiрiлген залал зардап шегушiнiң еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесiн, оның емделуiне, денсаулығын қалпына келтiруiне, ауруды бағып-күтуге жұмсалған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалған бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыларды ескере отырып, залал келтiрушiнiң есебінен толық көлемiнде өтелуге тиiс.
Ұйымдар мен азаматтар залал келтiрушiлерден өздерiнiң денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген залалға, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтардың қызметi туғызған техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан адамның өлуiне байланысты шеккен мүлiктiк зияндарын және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, авариялық-құтқару жұмыстарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысушы жеке адамдардың шығындарын толық өтеудi талап етуге құқылы.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеледi.
Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуына кiнәлi ұйымдар мен азаматтар жерге, суға, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне (аумағына) келтiрiлген залалды, соның iшiнде жердi қайта түлету және жердiң табиғи құнарлылығын қалпына келтiру жөніндегі шығындарды өтеуге мiндеттi.
10 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы дауларды шешу
36-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы дауларды шешу
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы дауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен соттар шешедi.
11 тарау
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы халықаралық
ынтымақтастық пен халықаралық шарттар
37-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан Республикасы жалпыға бiрдей және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, шет мемлекеттердi қауiпсiздiк тұрғысынан олар үшiн маңызды болуы мүмкiн төтенше жағдайлар туралы дер кезiнде және толық хабардар ету, халыққа, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге ұлттық шекарадан тыс залал келтiрiлуiне жол бермеу, мемлекеттердiң өзара көмегi мен олардың арасында туындаған дауларды бейбiт жолмен шешу принциптерiн басшылыққа ала отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.
38-бап. Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметi
Шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қызметiне, егер ол Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе немесе Республика бекiткен халықаралық шарттармен реттелетiн болса, жол берiледi.
39-бап. Қазақстан Республикасының табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықаралық шарттары
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының