3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің агроөнеркәсіптік кешендері үшін жоғары білікті және бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін материалдық-техникалық жағынан жабдықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Ауыл шаруашылық саласындағы білім беру объектілерін дамыту | «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің техника факультетінің оқу корпусын салу» жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру (мемлекеттік сараптама 04.10.2006 ж. № 2-524/06). Инжинирингілік қызмет және авторлық қадағалау. | Ақпан- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің техникалық факультетінің оқу ғимаратының құрылыс-монтажды жұмыстарын жүргізу; инжинирингілік қызметті және авторлық қадағалауды жүргізу.
Түпкілікті нәтиже: 570 студент оқыту үшін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті техникалық факультетінің 5 қабатты оқу ғимаратының құрылысын жүргізуді аяқтау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2009 жылда күтіледі.
Уақыттылығы: жұмыстар кестесінің жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
108-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік мекемелердің инфрақұрылымын дамыту»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 283000 мың теңге (екі жүз сексен үш миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 34-бабы;»Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1692 қаулысы; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды күзету, қорғау, молайту әрі орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 53 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамы үшін кордондар, гараж, гараж бокстарын және қосымша құрылыстар салу, өртке қарсы шаралар үшін эксплуатациялық ұңғымалар бұрғылау, Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің Көкшетау аймақтың орман тұқымы станциясының зертханалық корпусын қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекеттік мекемелердің инфрақұрылымын дамыту | Белгіленген заңнама тәртібінде бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру: Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін екі пәтерлі кордондар салу (30.10.2007 жылғы № 20-560/2007 мемлекеттік сараптамасы); Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін кордондар салу (14.03.2007 жылғы № 16-167/07, 19.03.2007 жылғы № 16-185/07, № 16-186/07, № 16-187/07, № 16-188/07, № 16-189/07 мемлекеттік сараптамалары); Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы үшін кордондар салу (29.09.2006 жылғы № 18-495/2006, № 18-496/2006, № 18-497/2006 мемлекеттік сараптамалары); Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы үшін өндірістік база салу (09.06.2006 жылғы № 18-241/2006 мемлекеттік сараптамасы); Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы үшін гараж салу (27.08.2004 жылғы № 20-277/2004 мемлекеттік сараптамасы); Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы үшін гараж бокстарын және қосымша құрылыстар салу (10.01.2007 жылғы № 9-02/07 мемлекеттік сараптамасы); «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына өртке қарсы шаралар үшін эксплуатациялық ұңғымалар бұрғылау (24.05.2005 жылғы № 22-163/05 мемлекеттік сараптамасы). Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің Көкшетау аймақтық орман тұқымы станциясының зертханалық корпусын қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне екі пәтерлі кордондар - 4 бірлік, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кордондар - 6 бірлік, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына кордондар - 3 бірлік, Қаратау мемлекеттік табиғи қорығына өндірістік база - 1 бірлік, Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына гараж - 1 бірлік, Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығына гараждық бокстар - 5 бірлік және қосымша құрылыстар - 6 бірлік салынатын болады, «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватына өртке қарсы шаралар үшін эксплуатациялық ұңғымалар бұрғыланатын болады - 11 бірлік. Қазақ мемлекеттік республикалық орман тұқымы мекемесінің Көкшетау аймақтық орман тұқымы бекетінің лабораториялық корпусын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленетін болады.
Түпкілікті нәтиже: мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау және қалпына келтіру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 2009 жылда күтіледі.
Уақыттылығы: жұмыстар кестесінің жоспарына сәйкес.
Сапасы: генетикалық резервтің табиғи эталон, уникум және көнезамандық түрлері ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтарға ие мемлекеттік қорғауға алынған мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтаудың тиімділігі мен сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
109-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне
ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 21747462 мың теңге (жиырма бір миллиард жеті жүз қырық жеті миллион төрт жүз алпыс екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 135-бабы; «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3, 9 және 11-баптары; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Тоқыма өнеркәсібі» пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдары арқылы мемлекеттік қолдауды іске асыру жолымен отандық тауар өндірушілердің өндірген мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігін, пайдалылығын және тиімділігін көтеру, республиканың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін және өсімдік шаруашылығында өндірілетін өнімінің сапасын арттыру, бірінші ұрпақты будан мен элиталық тұқымды толық қажеттілікте өсіру үшін қажетті бірегей тұқымды санында және ассортиментте өндіру есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің гендік қорын сақтап қалу;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің асыл тұқымды өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы малдарының гендік қорын дамыту және сақтап қалу және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының тұқымдық базасын қалпына келтіру;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының, тыңайтқыштардың (органикалықтардан өзге) тұқым улағыштардың және гербицидтердің құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету;
жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз ету, отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының сапалы шикізатқа қажеттілігін, республиканың тұрғындарын - жаңа және қайта өңделген өніммен қанағаттандыру;
құрама жемнің, құнарлы азықты қоса алғандағы құнын арзандату арқылы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;
қазақстандық мақта талшығының сапасына міндетті түрде бума бойынша сараптама жасауды енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен субсидиялау арқылы облыстардың бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, сонымен бірге: жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің салынған көпжылдық екпелерінің аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды (100%) толық өтеу; жеміс дақылдарын және жүзімнің екпелерінің құнын (40% дейін) арзандату; бірегей тұқымдарды өндіруге жұмсалған шығындарды (40%-ға дейін) жартылай өтеу; отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымының құнын (40%-ға дейін) арзандату | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс Әкімдері |
3 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Облыстардың бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға берілетін ағымдағы мақсатты трансферттер, оған қоса: сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) соның ішінде: асыл тұқымды төлдердің - 8000-12000 тонна тірідей салмағын; асыл тұқымды жұмыртқаның -3000-5000 мың данасын; бұқа ұрықтарының - 600-1200 мың дозасын жартылай арзандату; мал тұқымын асылдандыру орталығына 20 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу мен 100-105 бас малды күтіп ұстау және олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды өтеу; мал тұқымын асылдандыру орталығына 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алу және 140-160 бас қошқарды күтіп ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөніндегі шығындарды өтеу; етті құс өсіру жөніндегі асыл түқымды шаруашылығына 11000-12000 бас асыл тұқымды құсты сатып алу және 21000-23000 бас құсты күтіп ұстау жөніндегі шығындарды өтеу; қостанай тұқымын өсіретін асыл тұқымды зауытта 280-300 асыл тұқымды жылқы өсіру, күтіп ұстау, жаттықтыру, аталық айғырлардың ұрығын алу, сақтау жөніндегі шығындарды өтеу; асылдандыру ісін дамыту үшін сатып алынатын арнайы технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алу және құрастыру, арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасының құнын өтеу. | Наурыз- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс Әкімдері |
4 | | 104 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар- жағар май және басқа да тауар материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдарын және тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандату, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеру | Қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касының Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, облыстар- дың және Астана қаласының әкімдері |
5 | | 105 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне су жеткізіп беру бойынша қызмет құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау. | Сәуір- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті |
6 | | 106 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімніңь көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте жеміс дақылдарының 2347 гектарға және жүзімнің 988 гектарға көп жылдық екпе ағаштарын егуге және өсіруге жіберген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара (40%) өтеу, сонымен қатар 450-550 гектар алаңда көп жылдық екпе ағаштарының бірінші жылғы өсімін өсіруге (қарауға), 650-750 гектар алаңда жүзімге кеткен шығындарды (40%) жартылай өтеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7 | | 107 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидия- лауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен мал шаруашылығының сапасын арттыруда арнайы мамандандырылған өндірістер мен шаруашылықтар сиыр етін, шошқа етін, құс етін және сүт өндіруде пайдаланатын құрама жемнің, сондай-ақ қой етін өндіруде құнарлы жемнің құнын (45% дейін) арзандату. | Наурыз- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әкімдері |
8 | | 108 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасын сараптауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері | 682,0 мың сынама көлемде мақта талшығы сапасын сараптамадан өткізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің жұмсаған шығындарын толық өтеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау:
Тікелей нәтиже: қажетті көлемде элиталық тұқым өндіруді қамтамасыз ету үшін дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, біржылдық және көпжылдық шөптердің, мақтаның 6500-8500 тонна бірегей тұқымдарын өндіруге жұмсалған шығындарды өтеу; жеміс-жидек дақылдарының, жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын 20,0 гектар алқапқа салуды және 19,7 гектар алқапта жеміс-жидек дақылдары мен жүзім аналықтарының аяқталмаған өндірісін ұстауды қолдауды қамтамасыз ету;
54000-58000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, мақтаның, біржылдық және көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдарының және 1100000-1300000 дана жеміс дақылдары мен жүзім көшеттерінің құнын арзандату арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық және будандық тұқымдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: егістіктердегі жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағы 87 %-ға дейін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын сату алқабы 45 гектарға дейін көбейту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің айналым қаражаты 1134415,0 мың теңгеге көбейеді, арзандатылған тұқымдардың орташа құны: дәнді-дақылдар шамамен 37000 теңгені, картоп - 79000 теңгені және мақта - 60000 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: себілетін тұқымның сапасын жақсарту: кондициялы тұқымның үлес салмағы 90 % құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:
Тікелей нәтиже: сатылатын асыл тұқымды төлдің салмағы: 8000-12000 тонна; асыл тұқымды жұмыртқа - 3000-5000 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 600-1200 мың доза;
мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 50 бас отандық және шет елдік - селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шетелдік селекциялық 20 дана эмбриондар мен 10000 доза бұқалардың ұрығы және 11000-12000 бас асыл тұқымды құстар сатып алынады;
мал тұқымын асылдандыру ісі үшін 76 данаға дейін арнайы технологиялық жабдықтар, арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасы сатып алынады;
асыл тұқымды мал шаруашылығының әрбір субъектісіне сатқан асыл тұқымды өнімі (материалы) үшін орташа есеппен 3775 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі.
Түпкілікті нәтиже: отандық тауар өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 30-35 асыл тұқымдық шаруашылықтар қалыптасады;
сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 280 мың басқа жеткізуге мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығы құрылымдардағы өнімділігі сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырларды қолдан ұрықтандыру әдісімен қамту 100%-ға жетеді;
қолдан ұрықтандыру үшін жоғары классты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 5-6 %-ға арттыруға мүмкіндік береді және тиісінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 4-5 %-ға ұлғаяды;
аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);
етті құс өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылық репродукторларға ата-аналық тұрпатты 670 мың дана асыл тұқымды жұмыртқа, сонымен қатар құс етінің өндірісі 50%-ға өседі;
құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 200-250-дей жұмыс орындары ашылады;
келешекте отандық салт мініс жылқының екі тұқымы шығарылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 15-18 мың теңге, қойдан - 3,5-5 мың теңге, шошқадан - 5-6 мың теңге табыс түседі.
Уақыттылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.
Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10% болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 30%-тен жоғары болады. Қазіргі уақытта республикада кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда малдың сүт өнімділігінің деңгейі 6000 килограмнан асып, еуропа елдерінің деңгейіне жетті. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың бағасын арзандатуға, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын жақсартуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер.
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 15,0-15,9 миллион гектар алаңда басымды дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу бағасын төмендету:
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін, азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің агротехнологиялық айналымын қамтамасыз ету;
республиканың экспорттық әлеуетін және ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу шығынын өтеу орта есеппен 11-12,4% құрайды.
Уақыттылығы: бағдарламада көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: тұқым улағыштарды, тыңайтқыштарды гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар көктемгі - дала және күзгі егін жинау жұмыстарының уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 8545,4 миллион текше метрге дейін суармалы су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату.
Түпкілікті нәтиже: суармалы жерлердің тиімділігін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: суармалы судың бір текше метрінің нақты құны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне сәйкес анықталады.
Уақыттылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: суарылатын жерді сумен қамтамасыз етудегі үлесі 90% кем болмауы.
Жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуді және өсіруді қамтамасыз ету:
Тікелей нәтиже: жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын тиісінше 2 347 гектарға дейінгі және 988 гектарға дейінгі алқапқа отырғызу және өсіру, сонымен қатар бірінші жылғы көпжылдық екпелерді өсіру (күту) жеміс дақылдары 450-550 гектар алаңда және жүзім 650-750 гектар алаңда.
Түпкілікті нәтиже: жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуге жұмсалатын шығындарды 40 % дейін субсидиялау 1 гектарға кететін шығындарды тиісінше 272,5 мың теңге және 364,0 мың теңгеге, жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші жылғы көпжылдық екпелерден күту құнын тиісінше 96,1 мың теңгеге және 198,2 мың теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді.