3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік объектілердің таралуының алдын алу мен оған жол бермеу және қолайлы фитосанитарлық жағдайды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: карантиндік объектілердің бар ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою, олардың бұдан әрі таралуының алдын алу және оны болдырмау, карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындау, себілетін және отырғызылатын материалдағы жасырын залалдануды анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Өсімдіктер карантині | | | |
2 | | 100 | Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік мекемелер | Республикалық карантиндік зертхана: 35 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; карантинге жатқызылған өнімге және үлгілерге зертханалық фитосанитарлық сараптама жүргізу, оның ішінде биологиялық объектілердің болуын анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау; лабораториялық ғимараттар, лабораториялық құрылғылар мен жабдықтарды сатып алу; Республикалық жеміс-жидек дақылдарының интродукциялық-карантиндік көшеттігі: 12 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; жеміс-жидек дақылдарындағы зиянкестерді, өсімдік ауруларын және арамшөптерді анықтауға сараптамалар мен талдау жүргізу, өсімдіктердің жетілу кезеңінде карантинге жеткізілген (қалемшелер, көшеттер, тұқымдар, түйнек, жуашық, тамыртүйнек жеміс) материалды зерттеу; жеміс-жидек және басқа да дақылдардың тірі өсімдіктерін өсіру, тексерілген карантинге жатқызылған материалдарды күту жөніндегі агротехникалық іс-шаралар жүргізу; тексеруге келіп түскен материалдар үшін сәйкес теліту үшін өсіру; келіп түскен материалдарды ұластыру, отырғызу және себу; шырпу, суару, үстеп қоректендіру, қопсыту, химиялық өңдеу, жүргізу; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін отырғызу, ұластыру немесе тұқымдық материал шығару; ұйымдастыру техникасын сатып алу. Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі: 18 штат бірлігі бар мемлекеттік мекемені ұстау; дәнді, дәнді-бұршақты дақылдардың, жүгерінің және басқа да дақылдардың келіп түскен импорттық сорт үлгілерінің карантиндік объектілермен жасырын залалдануына сараптамалар мен талдау жүргізу; дәнді, дәнді-бұршақты, жүгері және басқа дақылдардың импорттық сорт үлгілерін өсіру және сараптама; карантиндік тексеру аяқталғаннан кейін таза тұқым материалын шығару; ауыл шаруашылығы техникасын, лабораториялық жабдықтар және аспаптар сатып алу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Респу- бликасы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Агронөр- кәсіп кешенін- дегі мемле- кеттік инспекция комитеті |
3 | | 101 | Карантиндік зиянкес- тердің, өсімдік аурула- рының және арамшөп- тердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою | Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тізбе бойынша карантиндік объектілердің таралу ошақтарын айқындау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, соның ішінде: карантиндік объектілердің болуына 1800,0-2000,0 мың гектар аумағында зерттеулер жүргізу; химиялық препараттар сатып алу: 100,0-130,0 мың гектар алаңда карантиндік зиянкестерге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде қорды жаңарту және толықтыру үшін инсектицидтер; 120,0-150,0 мың гектар алаңда карантиндік арамшөптерге қарсы күрес жүргізу үшін, оның ішінде қорды жаңарту және толықтыру үшін гербицидтер; химиялық препараттарды, оның ішінде қорды сақтау; химиялық препараттарды, оның ішінде қорын белгіленген жеткізу; 220,0-240,0 мың гектар карантиндік зиянкестер арамшөптерге қарсы химиялық күрес. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнөркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 1800,0-2000,0 мың гектар алаңда және 100 кәсіпорында карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшалау және жою; 220,0-240,0 мың гектар алаңда анықталған карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
Карантиндік объектілердің болуына жүргізілген шамамен 35 мың лабораториялық сараптама нәтижесінде деректер алу; Республикалық карантиндік зертхананың материалдық-техникалық жарақтау: Ақтөбе, Тараз, Семей, және Достық станцияларында қосымша 4 лабораториялық ғимараттар мен лабораториялық құрылыстарды сатып алу; үстелге қоятын бактерицидті камера - 2 бірлік, цифрлы видеокамера - 1 бірлік, диопроектор - 1 бірлік;
шамамен 245 сорт үлгілеріне және 4 000 дана әртүрлі жеміс-жидек дақылдарына және өсірілген тірі өсімдіктерге, басқа дақылдарға жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантинге жатқызылған материалдардың шамамен 80 сорт үлгілеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық жеміс-жидек дақылдарын жерсіндіру-карантиндік көшеттігін материалдық-техникалық жарақтау: 2 бірлік - жылжымалы компьютер, 1 бірлік - факсимильді аппарат сатып алу;
Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігін материалдық-техникалық жарақтау: 1 бірлік бүркігіш, 10 бірлік зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже: Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес шараларына жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 3 285,8 теңгені құрайды;
ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптердің ошақтарын анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 54,0 теңгені құрайды;
1 кәсіпорынды зерттеуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 17 486,8 теңгені құрайды;
карантиндік объектілердің болуына 1 лабораториялық сараптама жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын шамамен 838 теңгені құрайды;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантиндік материалдардың 1 сорт үлгісіне тексеру жүргізуге жалпы шығын шамамен 202,2 мың теңгені құрайды;
1 сорт үлгісіне және 1 дана жеміс-жидектер және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне зерттеу жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын шамамен 1 176,0 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімдерде жүргізілген химиялық өңдеу - 100%.
Сапасы: карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеулердің уақытылы және сапалы жүргізілуімен қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер - 90 % астам.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
105-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу
сапаларын анықтау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 216000 мың теңге (екі жүз он алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы;»«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 454 бұйрығымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3082).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыру, өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бүкіл алқапқа тұқым сапасына тексерілген тұқымдар себуді қамтамасыз ету, барлық отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының сапасына дер кезінде және білікті сараптама жүргізу, олардың қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу сапаларын анықтау | Тиісті мемлекеттік стандарттармен көзделген барлық сапа көрсеткіштері бойынша (өнгіштігі немесе өмірге бейімділігі), ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, зиянкестердің қоқыстануы, аурулармен дерттенуі) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, элиталық және бірегей тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқым өндірушілер, мемлекеттік сорт сынау учаскелері мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымына және отырғызылатын материалдарға сорттық және себу сапасына 300,0 мың зерттеу жүргізу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 2,0-2,1 миллион тонна көлемінде тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу сапасының жай-күйінің шынайы нәтижелерін алу.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пайдаланатын ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымының сапасын 100% дейін тексеруді қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер пайдаланған сапалы тұқымды себуді (шамамен 90%) жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұқым сапасын сараптау бойынша 1 зерттеудің құны 720 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының сапасына дер кезінде сараптама жасау: жазғы дақылдарды - көктемгі егіске дейін, ал күздік дақылдарды - күзгі егіске дейін.
Сапасы: егілетін тұқымдардың сапасын жақсарту: сапалы тұқымдардың үлесі - шамамен 90% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
106-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1292201 мың теңге (бір миллиард екі жүз тоқсан екі миллион екі жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 9 және 12-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 9 , 11-баптары;»«Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 997 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін қаржыны игерудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру және қолдау; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу салаларын дамытуды ынталандыру және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі отандық кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру кепілділігін арттыру арқылы өнімнің толық немесе ішінара жойылуына әкеп соққан қолайсыз табиғат құбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету; отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін және қайта өңделген өнімнің ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындардың халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнімнің қауіпсіздігі жүйесіне жедел көшуіне жәрдем беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: лизинг алушылар төлейтін және кейіннен республикалық бюджетке қайтарылатын сыйақы бөлігінің сомасына ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің шығыстарын арзандату; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың лизингісіне берілетін құрал-жабдықтың құнын лизинг алушылар төлеуіне жататын және бюджетке кейіннен қайтарылатын тиісті сыйақы (мүдде) сомасына төмендету; міндетті сақтандырушыға төленген сақтандыру төлемінің бөлігін өтеу жолымен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау; өндірістік мақсаттар үшін айналымдағы қаражатты толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары төлейтін төлемдердің сомасын ішінара арзандату; халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау бойынша агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының шығындарын арзандату жолымен ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау | | | |
2 | | 103 | Ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етуге 2003 жылға кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесімен анықталған тәртіппен қарыз алушыға сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу. | Желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
3 | | 105 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға арналған жабдық- тардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекіткен Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жабдықтармен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесіне сәйкес қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу. | Желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
4 | | 106 | Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау | Қолайсыз табиғат құбылыстарынан өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдауға арналған қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен бөлу; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агенттің қызметіне ақы төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
5 | | 107 | Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толық- тыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы мүдде ставкасын субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттері бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесіне сәйкес екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үшін толықтыруға беретін кредиттер бойынша банктік сыйақыны ішінара өтеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
6 | | 111 | Ауылшаруашылық өнімдері өндірісі жүйесін дамытуды субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау ережесіне сәйкес халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын ішінара (50 % дейін) өтеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша шығындарды 118646 мың теңгеге арзандату;
қайта өңдейтін кәсіпорындардың технологиялық жабдықтар лизингі бойынша шығындарын 3 555,0 мың теңгеге арзандату;
сақтандырушылар (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер) алдындағы сақтандыру жағдайлары бойынша өзінің міндеттемелерін жүзеге асыратын сақтандыру компанияларының сақтандыру төлемдері кепілділігінің 50 пайызын қамтамасыз ету, 2008 жылы сақтандыру төлемдерін алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күтілетін саны 764 бірлікті құрайды;
салаға жеке инвестициялар тарту - шамамен 12,0 миллиард теңге;
агроөнеркәсіптік кешен салаларында - шамамен 50-70 кәсіпорынның халықаралық стандарттар базасында сапа менеджменті мен өнім қауіпсіздігі жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау.
Түпкілікті нәтиже: лизингтік негізде алынатын ауыл шаруашылығы техникасы мен техникалық жабдықтардың арзандауы есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және қайта өңдеу кәсіпорындарының табыстылығын арттыру; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындары үшін шикізат өндіруді және сатып алуды дамыту; отандық ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін көбейту, шығарылатын өнім түрлерін кеңейту; ішкі нарықты ауыл шаруашылығы шикізаттарынан қайта өңделген жоғары сапалы өнімдермен толтыру, ішкі нарықтан импортты біртіндеп ығыстыру, еліміздің ДСҰ-ға кіруі қарсаңында отандық кәсіпорындардың жұмыс істеуі мен тиімділігін сапалы деңгейге шығару және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру қызметінің нарығын дамыту және қалыптастыру, өсімдік шаруашылығы өнімін өсіру кепілдігін арттыру. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің 100% сақтандырылумен қамтылуы және осы негізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші деңгейдегі банктердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін шикізат өндіру мен сатып алуды дамыту; отандық өндірілген ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің үлесін көбейту, шығарылатын өнім түрлерін кеңейту; ішкі нарықты ауыл шаруашылығы шикізаттарынан қайта өңделген жоғары сапалы өніммен толтыру, қайта өңдеуші салалардың өнімдерінің жекелеген түрлері импортын ығыстыру; ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша екінші деңгейлі банктерге төленетін төлемдердің сомасын төмендету жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың табыстылығын арттыру;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, ішкі және сыртқы нарықтарда өткізу нарығы үшін бәсекелестік күреске қатысу, өнімнің экспорттық әлеуетін, сапасын арттыру; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бюджетке түсетін салықты және жұмыс орнын көбейту (әлеуметтік салық, жеке тұлғадан алынатын салық); өнімнің «өмірлік циклы» кезеңіндегі шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімінің жоғары сапасын қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қаражаттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сыйақы ставкасын өтеу сомасына арттыру;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту;
2008 жылда сақтандыру төлемдерінің күтілетін саны - 764 бірлік (соның ішінде агенттің сақтандыру сомасын 50% өтеген кезде 419 637 мың теңге, орташа есеппен 1 бірлікке 549 мың теңге болады);
технологиялық құрал-жабдықтар лизингіне төлем сомасын төмендету арқылы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуші кәсіпорындардың табыстылығын арттыру;
айналым қаражатын толықтыруға алынған банктік кредиттер бойынша қызмет көрсетуге төлем сомаларын арзандатумен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының табыстылығын арттыру, нарықта барынша талап етілетін және тұтынушылар сеніміне ие болған, сенімділік пен қауіпсіздік талаптарына сәйкес халықаралық деңгейде стандартталған өндірісті жетілдіру және өнімді өндіру үшін кәсіпорындардың айналым қаражаттарын босату;
отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру нарықта талап етілетін және тұтынушылардың сеніміне ие болған, қауіпсіздік және сенімділік талабына сәйкес, халықаралық деңгейге стандартталған өнім өндіру үшін, сапа менеджменті және өнім қауіпсіздігі жүйесін әзірлеу, енгізу, және сертификаттау бойынша көрсетілетін қызметтерге агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындардың шығынын 50% дейін төмендету жолымен агроөнеркәсіп кешені саласындағы 50-70 кәсіпорындардың өндірістік емес шығындарын азайту болжанады.
Уақыттылығы: іс-шараларды бекітілген мерзімде орындау.
Сапасы:
сыйақы ставкасын өтеу есебінен аграрлық сектордың машина-трактор паркін жаңартуға қажетті қаржылық қызметтердің қолайлығын арттыру;
сыйақы ставкасын өтеу есебінен қайта өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық құрал-жабдықтарын жаңарту үшін қажетті кредиттік ресурстардың қол жетімділігін арттыру;
импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу өнімдерінің өндіріс кезеңдерін жетілдіру және дамыту, өндіру мен бағаларды төмендету есебінен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру;
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру қызметтерінің нарығын қалыптастыру және дамыту, өсімдік шаруашылығы өнімін өсіру кепілділігін арттыру;
аграрлық сектордағы сақтандыру мәдениетін арттыру, сақтандыру бизнесінің аграрлық секторға мүдделілігін өсіру;
агроөнеркәсіптік кешен салалары өнім өндіру мәдениетін арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласының 50-70 кәсіпорындары өнімдерінің сапасы мен тиімділігін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
107-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
007 «Ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру объектілерін дамыту»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 207490 мың теңге (екі жүз жеті миллион төрт жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 300 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысы.