«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту»
бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 954 Қаулысы
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған «2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) жыл сайын 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы А.А. Тілеубердинге жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қыркүйектегi
№ 954 қаулысымен
бекітілген
«2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің
инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы "2007-2009 жылдарға арналған "Байқоңыр"
кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасы.
Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасының Президентi
Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы"
атты Қазақстан халқына Жолдауы;
Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму
стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегi
шаралар туралы" 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80
Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003
жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы;
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын
іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы
ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасын орындаудың желілік кестесi
туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2005 жылғы 12 қарашадағы № 24-5/007-335 және
2006 жылғы 31 наурыздағы № 24-5/007-385
тапсырмасы;
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр"
кешенін жалға беру шарты;
"Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлкін
сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 11
шілдедегі № 946 қаулысы;
"Инфракос" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27
қаулысы;
Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық
жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр"
кешені бойынша кіші комиссиясының 2005 жылғы
8 сәуірдегі сегізінші отырысының Хаттамасы.
Әзірлеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігi
Мақсаты "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту.
Міндеттері "Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық
жағдайын және пайдалану перспективаларын
кешенді бағалау;
Қазақстан Республикасының меншігі болып
табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен
мүліктерінің құнын қайта бағалау;
ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп
саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес
"Байқоңыр" кешенінің активтерін жүйелі есепке
алу және тиімді басқару;
"Байқоңыр" кешенін ғарыш индустриясы
орталығы ретінде дамытуға бағытталған ірi
индустриялық-инновациялық жоба әзірлеу;
ғарыш индустриясы кластерін қалыптастыру
және дамыту;
Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға
кірмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"
кешені объектілерін сақтауды және тиімдi
пайдалануды қамтамасыз ету;
"Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық
мамандардың әлеуметтік және коммуналдық-
тұрмыстық проблемаларын шешу.
Icкe асыру мерзімі 2007 - 2009 жылдар
Қаржыландыру көлемі 2007-2009 жылдары Бағдарламаны іске
мен көздері асыруға республикалық бюджеттен қаражат
жұмсалатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты
қаржылық шығындар 1220,0 млн. теңгені құрайды,
оның ішінде: 2007 жылы - 1220,0 млн. теңге,
одан:
"Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық
жағдайы мен пайдалану перспективаларын кешендi
бағалау жөніндегі зерттеу жұмыстарын аяқтауға
арналған қаржылай қаражат 420,0 млн. теңгенi
құрайды, оның ішінде 2007 жылы - 420,0 млн.
теңге;
Қазақстан Республикасының меншігі болып
табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен
мүліктеріне түгендеу мен қайта бағалау
жүргізуге жұмсалатын қаржылай қаражат 2007
жылы 800 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар
көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы Заңға сәйкес
нақтыланатын болады.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
"Байқоңыр" кешені объектілерінің техникалық
жағдайы мен одан әрі пайдалану перспективалары
анықталады және оның дамуының техникалық
саясаты әзірленеді;
нарықтық экономика жағдайында "Байқоңыр"
кешенінің негізгі құралдарының құны
анықталады;
"Байқоңыр" кешеніндегі кәсіпорындар
ресурстарын (ЕRР) есепке алу мен жоспарлаудың
ақпараттық жүйесі құрылады;
"Байқоңыр" кешенінде арнайы экономикалық
аймақ мәртебесі бар Ғарыш индустриясы
орталығын құру тұжырымдамасының жобасы мен
оның TЭH-і дайындалады (2007 жыл);
Ресей Федерациясы жалға алатын құрамға
кірмеген және құрамнан шығарылатын "Байқоңыр"
кешені объектілерін сақтау мен тиімдi
пайдалануды қамтамасыз етудің шарттары
қалыптастырылады;
ғарыш кешені инфрақұрылымын дамыту мен
пайдалану жұмыстарына 2000-ға дейін
қазақстандық мамандар тартылады;
Байқоңыр қаласында қазақстандық мамандар
үшін екі тұрғын үй және 200 нөмірлі қонақ үй
кешені салынатын болады (2008 жыл)
2. Кіріспе
Бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болып табылатындар:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы (42.5 т.);
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 12 қарашадағы № 24-5/007-335 және 2006 жылғы 31 наурыздағы № 24-5/007-385 тапсырмасы;
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шарты;
«Байқоңыр» кешені объектілерінің мүлкін сақтауды қамтамасыз ету мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1995 жылғы 11 шілдедегі № 946 қаулысы;
«Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы № 27 қаулысы;
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» кешені бойынша кіші комиссиясының 2005 жылғы 8 сәуірдегі сегізінші отырысының Хаттамасы.
«Байқоңыр» кешені 1991 жылғы тамызға дейін КСРО ғарыштық инфрақұрылымының негізгі буыны болып табылады.
КСРО құлағаннан кейін кешен объектілері Қазақстан Республикасының меншігіне айналып, бұл одан әрі пайдалану мәселелеріне байланысты мемлекетаралық деңгейде заңды сипаттағы проблемаларды тудырды.
1994 жылы 28 наурызда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімге қол қойылып, соған сәйкес «Байқоңыр» кешені Ресей Федерациясына жалға берілді.
Қазақстан және Ресей Президенттерінің күш-жігерімен екі елдің үкіметтері ортақ мүдделері үшін "Байқоңыр" кешенін сақтау және тиімді пайдалану үшін барлық ықтимал шараларды қабылдады, бұл кешеннің әлемдік пайдалану үшін барлық ғарыш айлағы мәртебесін қайтадан иеленуіне мүмкіндік жасады. «Байқоңыр» кешенінің арқасында Қазақстан ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану мен зерттеу жөніндегі халықаралық жобалардың толыққанды қатысушысы атанды.
Ғарыш - жоғары технологиялық саланың бірі, көптеген ғылыми бағыттардың біріктіргіші және қосылған құны жоғары өнім игеру мен өндіру саласы болғандықтан, «Байқоңыр» кешені Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде таяу арада және алыстағы болашақта ғарыш индустриясын құру және дамыту үшін негіз болған және болып табылады да.
Бұл ретте, «Байқоңыр» кешені базасында жерүсті инфрақұрылымынан бастап әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарына, оның ішінде орбиталық станцияларды және Күн жүйесі планеталарын зерделеуге арналған аппараттарға дейін ғарыш технологияларын игеру мен дамытуға, ғарыш техникасын жасау мен пайдалануға, ғарыш саласының кластерін жасауға жағдай жасалатын болады.
Ғарыш индустриясын құру үдерісі ілеспе міндеттермен бірге жүруі мүмкін, оларды шешу және іске асыру «Байқоңыр» кешенінде жүк терминалы бар «секіріс» әуежайын құру, халықаралық ғылыми-техникалық немесе өндірістік кооперациялар құру сияқты қызметтердің жаңа бағыттарының дамуына мүмкіндік береді.
Осы Бағдарлама еліміздің Индустриалық-инновациялық даму стратегиясын одан әрі іске асыруға, ғарыш индустриясы кластерін қалыптастыру мен дамытуға, халықаралық маңызы бар «серпілістік» жобаларды іске асыруға және еліміздің әлемдік экономикаға кірігуіне бағытталып отыр.
3. Проблемалардың қазіргі жағдайын талдау
Қазіргі уақытта «Байқоңыр» кешені ұшырудың көп мөлшері жүзеге асырылатын әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы болып табылады. 2000 жылдан 2005 жылға дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 109 ұшыру жүзеге асырылды.
2005 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 19, Кеннеди атындағы Ғарыш орталығы мен Канаверал мүйісінен - 7, «Куру» ғарыш айлағынан - 5 және «Плесецк» ғарыш айлағынан - 6 ұшыру жүзеге асырылған болатын;
Сол уақытта коммерциялық ұшырудың саны жағынан «Байқоңыр» ғарыш айлағы 2000 жыл - 2005 жыл кезеңінде жүзеге асырылған 30 ұшырумен 40 ұшыруды жүзеге асырып, әлемде тек «Куру» ғарыш айлағынан кейінгі екінші орында тұр. Жоғарыда атап көрсетілген американдық ғарыш айлақтары 20 жіберуді жүзеге асырды.
Басқаша сөзбен айтқанда, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырудың едәуір бөлігі коммерциялық негізде жүзеге асырылады және Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігінің тапсырысы бойынша қаржыландырылады, бұл ретте коммерциялық ұшырулар үлесі тек 28 % құрайды.
Мұндай ахуал 30%-ды құрайтын коммерциялық ұшырулар үлесі бар жерде бүкіл әлемдегі ғарыштық ұшырулар нарығының жағдайын бейнелейді және әлемнің алдыңғы қатарлы державаларының ғарыш айлақтары үшін дұрыс болып табылады.
Қалай болғанда да, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы үшін Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі мен Федералдық ғарыш агенттігінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын ұшырулардың коммерциялық ұшырудан басым болуы ғарыш айлағының болашағына қатысты мазасыздануға белгілі бір себеп туғызады.
Біріншіден Ресей қорғаныс және қауіпсіздік мүддесінде жүзеге асырылатын барлық ұшыруларды 2015 жылға дейін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Плесецк" ғарыш айлағына ауыстыруды Ресейдің жоспарлап отырғанын ескеру қажет.
Екіншіден ұшыру қызметтерін көрсететін компаниялар арасындағы бәсекелестіктің үнемі өсуі кезіндегі коммерциялық ұшырулар нарығындағы ұзақ мерзімді тұралауды назарға алу қажет.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы космонавтиканы басқарып ұшудың әлемдік орталығының бірі болды және болып қала беретіндігін атап өту қажет. Ғарыш айлағының мұндай бағыт алуы космонавтиканы басқарып ұшудың жаңа даму кезеңіне арналған елеулі артықшылыққа жеткізуі мүмкін.
Қазіргі уақытта әлемдік космонавтиканы басқарып ұшудың дамуы XҒС-ның дамуымен және ұзақ мерзімді перспективада - Айға және Марсқа халықаралық кооперация негізінде басқарып ұшумен түйіндес екендігі белгілі.
Бұдан басқа, бүгінгі таңда қазақстандық мамандар «Байқоңыр» кешені сияқты стратегиялық маңызды объектінің бар ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін жеткілікті мөлшерде зерттемеген. «Байқоңыр» кешені объектілерінің жағдайына, арналымына және мүмкін болатын бағыттарына жүргізілген талдау жаһандық халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен жобаларға Қазақстанның кеңінен қатысуына мүмкіндік жасайтын ғарыш саласын дамыту үшін ең маңызды инфрақұрылымдық элемент ретінде «Байқоңыр» кешенін қарауға негіз береді.