Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман
және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көлсай көлдері»
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 88 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру мен оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарының аумағындағы мына санаттардағы жерден жалпы алаңы 161045 гектар жер учаскелері:
босалқы жерден - 96330 гектар;
орман қоры жерінен - Кеген мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен - 64715 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берілсін.
Көрсетілген жер учаскелері босалқы және орман қорының жері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» санатына жатқызылсын.
3. Алматы облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін.
4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін.
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен:
1) мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сома есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлімде:
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 106» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 126»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-2-жолмен толықтырылсын:
«21-2. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі»;
3) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесі:
«Алматы облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:
"21-1. "Көлсай көлдері" 161045 Райымбек Қазақстан
мемлекеттік және Талғар Республикасы
ұлттық табиғи аудандары Ауыл
паркі шаруашылығы
министрлігінің
Орман және
аңшылық
шаруашылығы
комитеті".
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 ақпандағы
№ 88 қаулысына
қосымша
Алматы облысының аумағында құрылатын «Көлсай көлдері»
мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға
берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Р/с № | Жердің санаты және ауыл шаруашылығы алқаптары | Алаңы, га |
1 | Райымбек ауданы: 1) босалқы жер (жайылымдар); 2) орман қоры жері (Кеген мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі); соның ішінде: Құрмет орманшылығы Қарабұлақ орманшылығы жиыны: | 96330 51908 36055 15853 148238 |
2 | Талғар ауданы: орман қоры жерлері (Кеген мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі), соның ішінде: Құрмет орманшылығы | 12807 12807 |
| Барлығы: | 161045 |