Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1024 Қаулысы
(2007.22.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыртқы және ішкі саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттауды күшейту мақсатында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ережеде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар.»;
2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі | 349 |
ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты | 321 |
Халықаралық ақпарат комитеті бұдан басқа: | 28 |
басқа елдердегі органдар аппараты (елшіліктер, өкілдіктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар) | 585». |
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1024 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
Халықаралық ақпарат комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құзыреті шегінде арнайы атқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының оң имиджін нығайту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық үйлестіруді және шет елдерде оның жетістіктері туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
2. Комитет өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Yкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Егер заңнамаға сәйкес оған өкілеттік берілсе, Комитет мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті күші бар бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, № 1 көше, 35 ғимарат.
7. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті» мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке заңнамалық кесімдермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру жөнінде құқық берілген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мынадай саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін:
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды іске асыру;
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыру, арттыру және нығайту саласындағы басқа да мүдделі уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру және бағыт беру;
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты таратудың негізгі мақсаттарын шешуге деген салааралық көзқарасты жүзеге асыру;
мемлекетіміздің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
мемлекетіміздің оң имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты тарату мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, беделді және ықпалды бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлемнің талдамалық орталықтарымен, рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау;
оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
өз құзыретінің шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін функциялар:
халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру, арттыру және нығайту;
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетістіктері туралы ақпаратты тарату.
11. Комитеттің негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін:
1) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетуге;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;
4) сараптамалық жұмыстар мен консультацияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шетелдік мамандары мен сарапшыларын тартуға;
5) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
6) өз құзыреті шегінде халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданысын тоқтата тұру және күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
7) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен кеңестерде Қазақстан Республикасын білдіруге және олардың жұмысына қатысуға;
8) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
12. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
13. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
14. Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
15. Комитетті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
16. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді.
17. Осы мақсатта Комитеттің төрағасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өзінің орынбасары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығына Комитет персоналын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшылығына Комитет персоналын көтермелеу және оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
4) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қазандағы
№ 1024 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Халықаралық ақпарат комитетінің
Құрылымы
1. Басшылық
2. Ақпарат басқармасы
3. Имидждік жұмыс басқармасы