Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендiру комитетiнiң мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1114 қаулысы
(2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже;
2) Комитеттiң құрылымы;
3) Комитеттiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Комитеттiң төрағасына үш орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шілдедегi № 930 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат) 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | | Д. К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1114 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендiру комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар:
республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқарудың мемлекеттік саясатын iске асыру;
республикалық меншiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру; заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiк объектілерiнiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау;
республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру және республикалық меншiктi сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi болып табылады.
2. Комитеттiң өзiнiң мынадай аумақтық органдары бар:
мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитеттерi;
мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру аймақтық комитеттерi.
3. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетiнiң органдарында шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынасқа өз атынан түседi.
Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ жеке қолданылатын құқықтық кесiмдердi шығарады.
6. Комитеттiң құрылымын, сондай-ақ штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 2005.22.10. № 1063 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы,11.
8. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi" мемлекеттік мекемесi.
9. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
10. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары және құқықтары
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқару саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар: республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк (уәкiлеттi орган) құқығының субъектiсiн;
мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарында Комитеттiң және мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз етудi;
республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөніндегі комиссияның қызметiн ұйымдастыруды және қамтамасыз етудi;
республикалық меншiк объектілерiн сату алдындағы дайындықты ұйымдастыруды;
республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiрудiң түрлерiн және әдiстерiн анықтауды;
республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру жөнiндегі саудаластықты ұйымдастыру мен жүргiзудi, республикалық меншiк объектілерiн сатып алу-сату шарттарын дайындауды және оның қорытындысын;
республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негiзгi қаражатты қабылдау-беру және есептен шығару мәселелерiн келiсудi;
республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерiмдерiн, сондай-ақ беру кесiмдерiн бекiтудi;
республикалық меншiк және жекешелендiру объектілерiн басқару мәселелерi жөніндегі заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдауды және қорытындылауды;
республикалық меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттің мүдделерiн бiлдiру және оның мүлiктiк құқықтарын қорғауды;
2) бақылау-қадағалау функциялары:
республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығында бекiтілген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлiктi мүлiктiк жалға (жалдау) беру мониторингін ұйымдастыруды және жүргiзудi;
меншiк объектілерiн, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердi басқару тиiмдiлiгi мониторингiн ұйымдастыруды және жүргiзуді;
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзудi және мониторинг субъектiлерiнiң және қатысушыларының әрекеттерiн үйлестiрудi; меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң бiрыңғай электрондық деректер қорын енгiзудi және мемлекеттік органдардың оған қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi;
мемлекеттік органдарға иелену және пайдалануға берiлген акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және мемлекеттік қатысу үлестерiн тиiмдi басқарылуын бақылауды жүргiзудi және ұйымдастыруды;
сатып алушылардың республикалық меншiк объектiлерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес мiндеттемелердi орындауын, сондай-ақ өзге де шарттық мiндеттемелердiң орындалуын бақылауды;
республикалық меншiк объектiлерiн сенiмдi басқару (концессиялар) шарттарына сәйкес олардың мiндеттемелердi орындау мәселесi бойынша бақылау, оның iшiнде сенiмдi басқарушыларына (концессионерлерге) тыңдау жүргiзудi;
республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар қызметiнiң тиiмдiлігін талдауды жүзеге асырады.
12. Комитеттiң:
республикалық меншiк объектiлерiне иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге;
заңнамаға сәйкес оларға берiлген республикалық меншiктi мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ұйымдардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;
мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
қатысуға және (немесе) мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарының қызметiнде мемлекеттік органдар өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз етуге;
республикалық меншiкке иелiк ету, пайдалану және билiк ету, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу, республикалық меншiк объектiлерiн басқаруды талдау және бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;
республикалық меншiкке иелiк ету, пайдалану және билiк ету, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингін жүргізу, республикалық меншiк объектiлерiн басқаруды талдау және бақылау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және қарауға;
мемлекеттiң қатысуымен орталық және жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдардан, заңды тұлғалардан қажеттi қаржылық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ республикалық меншiктi пайдалануға байланысты мәселелер бойынша бухгалтерлiк құжаттарды және өзге құжаттарды, қаржы және өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;
заңнамаға сәйкес республикалық меншiктi жекешелендiру жөнiнде сауда-саттық жүргiзуге;
жеке және заңды тұлғалармен сатып алу-сату, кепiлдiкке беру, сенiмдi басқару, республикалық меншiк объектiлерiн жалға беру шарттарын жасасуға; сатып алу-сату, мүлiктiк жалдау (жалға беру), сенiмдi басқару шарттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын тексеруге;
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктiң мемлекеттік мониторингiн, мемлекеттік меншiктiң объектiлерiн, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлерiн басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингiн жүргiзуге;
меншiктің мемлекеттік мониторингiн жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк қамтамасыз етудi жүзеге асыруға және жұмысты үйлестiруге;
меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргізу жоспарын және бағдарламасын әзiрлеуге және экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектiлерiнiң тiзбесiн қалыптастыруға, оған қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрауға және алуға;
тәуелсiз сарапшылардың, аудиторлардың және кеңесшiлердiң қызметiн мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру және жүргiзу;
Қазақстан Республикасының соттарында республикалық меншiкке иелiк ету, пайдалану және билiк ету мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiруге;
тексеру органдарына айқындалған бұзушылықтар, республикалық меншiкті ұрлау және оның пайдаланылуына байланысты өзге де құқық бұзушылық фактiлерi бойынша материалдарды жiберуге құқығы бар.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi бар.
14. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiгiнен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдардың басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауаптылықта болады.
18. Осы мақсаттарда төраға:
өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттері мен өкілеттiктерiн белгiлейдi;
заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және аумақтық органдардың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
заңнамада белгіленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды;
Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен құрылым мен штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн бекiтедi;
заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн Комитеттiң қызметiн үйлестiретiн, өзiне төраға жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асыратын орынбасарларының бiрi атқарады.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1114 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң
Құрылымы
Басшылық
Республикалық меншiк объектілерін сату басқармасы
Мониторинг және жекешелендiруден кейiнгi бақылау басқармасы
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы
Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметін талдау басқармасы
Заң басқармасы
Республикалық бюджет қаражатының түсуiн және жұмсалуын бақылау басқармасы
Ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1114 қаулысымен
бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 475 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.