540. Еңбек жөніндегі орталық уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
541. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау үдерісінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) анықтайды;
4) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
542. Әділет органы мемлекеттік кепілдіктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргізеді.
543. Қазақстан Даму Банкі:
1) банк сараптамасын жүзеге асырады;
2) инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізілген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындайды.
544. Республикалық бюджет комиссиясы:
1) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін анықтайды;
2) инвестициялық жобалардың тізбесін анықтайды;
3) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті шегінде әрбір инвестициялық жоба үшін мемлекеттік кепілдіктің мөлшерін анықтайды.
545. Мемлекеттік кепілдіктер беру үдерісінде өз құзыретінің бөлігінде заңнамаға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргізуге өкілеттік берілген уәкілетті басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
63-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздар қаражатының есебінен қаржыландыру үшін инвестициялық жобаларды іріктеу
546. Мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
TЭH;
салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын қоса бере отырып, тиісті жылдың 1 наурызынан кешіктірілмеген мерзімде экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға өтінімді ұсынады.
547. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтінімдерді экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарамайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінімдер тиісті жылы мемлекеттік кепілдіктер беру мәніне қаралмайды.
548. Осы Ереженің 550-тармағына сәйкес өтінімді ұсынғаннан кейін экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде экономикалық сараптаманың қорытындысын әзірлейді.
549. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба TЭH әзірлеу шеңберінде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негізінде жүргізілген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау, ол мыналарды:
жоба мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестігін бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жоба іске асырылған жағдайда республикалық және жергілікті бюджеттерге салық түсімдерінің ағынын талдауды қамтиды.
550. Осы тарауда көрсетілген сараптамаларды жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесін тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар анықтайды.
551. Осы Ереженің 546-тармағында көрсетілген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесіне инвестициялық жобаны енгізу yшін шарт болып табылады.
64-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту
552. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитін анықтайды.
553. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 20 шілдесінен кешіктірмеген мерзімде инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жобалар бойынша экономикалық сараптамалардың қорытындыларын қоса бере отырып, мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
554. Республикалық бюджет комиссиясы экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қарау кезінде тиісті жылға арналған мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитіне енетін, бір жылға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін анықтайды.
555. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен бірлесе отырып, республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша инвестициялық жобалардың тізбесін пысықтайды және әрбір инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік кепілдіктердің сомасын қайта қарайды.
556. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке шешімімен бекітіледі және жариялануға тиіс.
65-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру рәсімi
557. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкімен мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады.
558. Қарыз алушылар TЭH жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде тиісті қорытындыны әзірлейді.
559. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:
мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекеттік кепілдіктерді алғаны туралы өтініш білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;
қарыз алушы беретін мемлекеттік кепілдіктер бойынша қамтамасыз етуді;
қаржылық және техникалық тәуекелдерді;
мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.
560. Мемлекеттік кепілдік кредит берушіге қарыз шартын, мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісімді жасасқаннан, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепілдікті бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегенінен кейін беріледі.
561. Мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісім мыналарды:
1) қарыз алушыға қойылатын талаптарды:
а) қарыз бойынша ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті алдағы төлемдер мөлшерінде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргізуді;
б) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Даму Банкіне бар, оның ішінде ҚР ҰБ-дағы, екінші деңгейдегі банктердегі, шетелдік банктер мен заңнамада белгіленген тәртіппен банктік операциялардың жекелеген тyрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банктік шоттар туралы мәліметтерді ұсынуды;
в) қарыз толық өтелгенге дейін сенім білдірілген өкілге жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсынуды;
г) ай сайын қаржылық есептіліктің үлгілік нысанын (бухгалтерлік балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепті) және қаржылық жай-күйді анықтайтын басқа да қажетті құжаттарды Қазақстан Даму Банкіне ұсынуды;
д) банк кепілдігінің не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздарды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуын;
Бұл ретте банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартының және банк кепілдігіне және/немесе қарызды қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына талаптарды беру мерзімі мен талаптарын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісімде белгілейді.
2) шартты салымның арнайы шотындағы қаражаттың есебін жүзеге асыруды, сондай-ақ акт жасай отырып ұсынылатын құжаттамаларға кезең-кезеңде салыстыру жүргізуді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан талап етуді;
3) Қазақстанның Даму Банкіне:
а) қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйін талдауды және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті талдау нәтижелері туралы ақпаратты ұсынуды;
б) шартты салымның арнайы шотында ақшаны мерзімді шоғырландыруды;
4) қарыз алушымен және сенім білдірілгенмен бірлесе отырып бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган анықтайтын шартты салымның арнайы шотына ақша аударудың нормасы мен кезеңділігін (кестесін) жүзеге асыру жөнінде қойылатын талаптарды қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін келісімге сай тиісті соманы тұрақты аудару жолымен аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтіру мерзімдерін бұзған жағдайда қарыз алушы әрбір жолсыздық жағдайы үшін алдағы төлемдер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін нөл бүтін оннан бір пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді.
562. Мемлекеттік кепілдіктер алуға үміткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сай болуы тиіс.
Мемлекеттік кепілдіктер әрбір инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.
563. Кепілдікті міндеттемелер нысанында берілген мемлекеттік кепілдіктер бір данада мемлекеттік кепілдіктердің арнайы бланкаларында ресімделеді.
Мемлекеттік кепілдіктердің бланкасы қатаң есептілік бланкасы болып табылады.
564. Кепілдіктер туралы шарт нысанындағы мемлекеттік кепілдіктер екі данада ресімделеді.
565. Банк кепілдігін беру және/немесе сақтандыру шартын беру мерзімі мен шарттарын және банк кепілдігіне және/немесе сақтандыру шартына қойылатын талаптарды мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздың шарттарына байланысты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
566. Банк кепілдігінің және сақтандыру шартының нысаны мен мазмұнын (ҚК) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша банк-кепілгер және/немесе сақтандыру ұйымы анықтайды.
567. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредит берушінің келісімі бойынша мемлекеттік кепілдіктің мазмұны мен нысанын анықтайды.
568. Мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар қарыз алушылардың міндеттемелерін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен реттеледі.
569. Кредит берушінің талабы бойынша әділет органы Қазақстан Республикасының кепілдіктермен жасалатын қарыз шарттарының заң қорытындысын ұсынады.
66-тарау. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу тәртібi
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 570-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
570. Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығару түрінде жүзеге асырылады, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы облыстың жергілікті атқарушы органынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
571. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиісті қаржы жылына арналған борыш лимитінің шегінде қарыз алуды шектеуді белгілеу;
2) қарыз алудың басым инвестициялық бағыттарын анықтау;
3) басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 571-1-тармақпен толықтырылды
571-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, Орта мерзімді жоспар негізінде тиісті бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ішкі нарықта айналысқа қосу үшін шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, тиісті жылдарға көзделетін қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамды көлемін айқындайды.
Тиісті бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті қаржы жылына арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын белгіленген тәртіппен жасайды.
572. Тиісті қаржы жылына арналып бекітілген борыш лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар мыналарды:
бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін;
тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Yкіметінің арнайы резервінің есебінен қолма-қол ақша тапшылығын жабуға Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз қаражатын тартуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.02.04. № 313 Қаулысымен 573-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
573. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығаруы нысанында жүзеге асырылады.
574. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып жергілікті атқарушы органдардың жоспарланған бюджет тапшылығын, жоспарланып отырған жылға арналған жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін қаржыландырудың болжамдық есептемелерін жүзеге асырады және бұл ұсыныстарды Жергілікті атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясына жібереді.
575. Орта мерзімді жоспар негізінде бюджет комиссиясы үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің негізгі болжамдық көрсеткіштерін айқындайды, сондай-ақ тиісті қаржы жылының соңына арналған жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін айқындайды.
576. Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып жергілікті атқарушы органдардың жоспарланған бюджеттік тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерін жүзеге асырады және оларды қарау үшін тиісті Бюджет комиссиясына жібереді.
577. Бюджет комиссиясының шешімі және бекітілген жергілікті бюджеттер тапшылығы өлшемдерінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қарыз алудың көлемі мен шарттарын, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналып жергілікті бюджеттерде бекітілетін борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің мөлшерін анықтайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келіседі.
578. Ресімделген қарыз шартына қол қою Бюджет кодексінің 180-бабына сай қабылданатын кредит берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
579. Қол қойылған қарыз шарттары өтеу, сыйақыларды (мүддені) төлеу кестесімен және басқа да қосымшалармен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тіркеуіне жатады. Бұл ретте қарыз алу шарты тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.
580. Жергілікті атқарушы органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға кредит қаражаты бойынша борыштарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есепті осы Ережеге 63, 64-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне дейін табыс етеді.
67-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарызды алған қарыз алушының қаржылық жай-күйі мониторингінің тәртібi
581. Осы тарау мемлекеттік кепілдіктермен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйі мониторингінің рәсімдерін анықтайды, мемлекеттік кепілдіктермен қарыз алған заңды тұлғаның ақпараттық қамтамасыз ету мониторингін және қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
582. Қаржылық коэффициенттерді агент мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есебінің негізінде екі жылда бір рет есептейді. Мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушы Банкке қаржылық есептілікті, ал қажет болған кезде тиісті қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
583. Мониторингке мемлекет кепілдігімен қарыз алған және кредит беруші не республикалық бюджет алдында борышы бар заңды тұлғалар жатады.
584. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшылығы, қызметінің, саласының түрлері, бәсекелестері мен нарықтары, нормативтік құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептіліктің, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын қарыз алушылардың қаржылық жай-күйін талдауды қамтиды.
585. Мониторингті жүзеге асыру кезінде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтімділік коэффициенті - ақша қаражаты мен қысқа мерзімді дебиторлық берешектердің қысқа мерзімді міндеттемелердің мөлшеріне қатынасы;
жабу коэффициенті - ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы;
қарыз және меншік қаражатының ара қатынасы - ағымдағы міндеттемелердің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
тарту коэффициенті - міндеттемелердің ағымдағы және ұзақ мерзімді активтерге қатынасы;
пайда нормасы - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің сату көлеміне қатынасы;
меншік капиталының пайдалылық коэффициенті - салық салғанға дейінгі жиынтық кірістің меншік капиталының мөлшеріне қатынасы;
кредиттік берешектің айналымдылық коэффициенті - іске асыру көлемінің кредиттік берешекке қатынасы қолданылады.
Мониторингті жүргізу үшін Банк мемлекет кепілдік берген қарыздың және инвестициялық жобалар тәуекелінің шарттарына байланысты басқа да қаржы коэффициенттерін пайдалануы мүмкін.
586. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын мониторингке жататын қарыз алушылардың тізімін Банкке жібереді.
587. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен мемлекет кепілдік берген қарыздар алған қарыз алушылардан олардың қаржылық көрсеткіштері туралы қосымша ақпаратты сұратуы мүмкін.
588. Банк осы ұсынылған көрсеткіштер негізінде анықталған қаржылық коэффициенттерді, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегі ұқсас коэффициентімен мемлекет кепілдік берген қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас қызметінің ұқсас бейінімен және осы коэффициенттердің жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізеді.
589. Ықтимал төлем қабілеті дәрменсіз қарыз алушы анықталған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бұл туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне хабарлайды және мемлекет кепілдік берген қарызды өтеу үшін көзделген республикалық бюджет қаражатын оқшаулаудың алдын алу үшін шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгізеді.
590. Мемлекет кепілдік берген қарызға қызмет көрсету жөніндегі Банк болмаған жағдайда қарыз алушының қаржылық жай-күйі туралы есепті қарыз алушының өзі жүзеге асырады.
68-тарау. Yкіметтік қарыздарды, жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын және мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі төлемдерді, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алуды, сондай-ақ мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу, оларға қызмет көрсету, жоспарлау тәртібi
591. Осы тарау Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - үкіметтік қарыздар), Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қарыздары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдардың қарыздары) мен республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды (бұдан әрі - мемлекет кепілдік берген қарыздар), сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу және қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдерді жүзеге асыру рәсімдерін белгілейді.
592. Үкіметтік қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдерді жүзеге асыру рәсімдері қарыз шарттарын жасасу нысанында несие капиталының сыртқы және ішкі нарықтарындағы қарыз алу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру арқылы тартылған қарыздар үшін ортақ.
593. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет қаражатының есебінен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негізінде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырады.
594. Yкіметтік ішкі қарыздарды, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді алдағы өтеу және оларға қызмет көрсету көлемін жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді, ал үкіметтік сыртқы қарыздарды, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеуді және оларға қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган үкіметтік қарыздарды алдағы өтеу және қызмет көрсету көлемінің болжамдық есептері негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу шеңберінде жыл сайын жүргізеді.
595. Жүргізілетін есептеулер тоқсанның алдағы есептеулерінің соңындағы жағдай бойынша үкіметтік борыш мониторингінің деректеріне, үкіметтік қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражаттың игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына негізделеді.
596. Үкіметтік қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражатын игеру болжамын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган инвестициялық жобаларды іске асыру кестесіне негіздей отырып, үкіметтік ішкі қарыздардың түсу болжамын жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемін болжауға негіздей отырып бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
597. Республикалық бюджет тапшылығының көлемі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық валюта бағамы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының өлшемдерімен анықталады.
598. Жоспарланып отырған жылы үкіметтік ішкі қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету көлемдерін есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді, жоспарланып отырған жылы үкіметтік сыртқы қарыздарды өтеу мен оларға қызмет көрсету көлемдерін есептеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мынадай түрде жүргізеді:
1) әрбір қолданыстағы үкіметтік қарыз бойынша қарыз қаражатының игерілмеген көлемдерін жылдар бойынша болжамдық бөлуді жүргізеді;
2) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негізінде үкіметтік қарыз бойынша борышты өтеу мерзімі мен көлемі анықталады;
3) үкіметтік қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру серпінінің есептемесі жүргізіледі;
4) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негізінде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдерді төлеу бойынша төлемдердің мерзімдері мен көлемінің есептемелері жүргізіледі. Егер, қаржы шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген есептеулер қарыз беру валютасында жүзеге асырылады;
5) шетелдік валютада тартылған үкіметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету теңгелік баламада қайта есептеледі. Бұл ретте жоспарланған жылға арналған теңгеге тоқсанның алдындағы есептемелердің соңында және АҚШ долларының болжамды орташа жылдық бағамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамдары пайдаланылады;