«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау
комитетінің мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 Қаулысы
(2007.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Yкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген реттік нөмірі 12-жолда:
«Штат санының лимиті» деген бағанда «297» деген сандар «317» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті | 20». |
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен ереже алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
Балалар құқықтарын қорғау комитеті туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 984 Қаулысымен құрылым алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Балалар құқықтарын қорғау комитетінің
Құрылымы