«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 300 Қаулысын қара (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитет (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комитет туралы ереже;
2) Комитеттің құрылымы бекітілсін.
3. Комитет төрағасына екі орынбасары болуына рұқсат етілсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацында "Құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті" деген сөздер "Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті, Діни істер комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"азаматтардың діни сенім және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуді;";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
1-тармақтың бірінші және екінші абзацтарында "жасалатын мәмілелерді," деген сөздерден кейін "діни бірлестіктерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың 1) тармақшасының екінші, бесінші абзацтарында, 2) тармақшасының екінші абзацында "заңды тұлғаларды," және "мемлекеттік тіркеуді," деген сөздердің алдынан тиісінше ", діни бірлестіктерді қоспағанда,", "діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
11-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" деген жолдағы "483" деген сандар "505" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Діни істер комитеті 22";
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлері штат санының лимиттерінде:
8-бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі" деген жолдағы "3876" деген сандар "3956" деген сандармен ауыстырылсын;
"ведомстволарды қоспағанда, министрліктің аумақтық органдары" деген жолдағы "2821" деген сандар "2901" деген сандармен ауыстырылсын.
5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1319 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Діни істер комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті (бұдан әрі - Комитет) өз құзыретінің шегінде азаматтардың діни сенім және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеті азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды, әр түрлі діни сенімдегі діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайтуды, олардың мемлекетпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Комитеттің заңды мекен-жайы:
010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45.
7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті" мемлекеттік мекемесі.
8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен оның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесімдермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыстар республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің функциялары мен құқықтары
10. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды жүзеге асырады:
1) азаматтардың діни сенім және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін функцияларды:
республика аумағында құрылған діни бірлестіктердің, діни оқу орындарының, миссионерлер мен заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың қызметтерін зерделеу және талдау;
діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу, діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу;
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімін, филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу үшін тіркелген діни бірлестіктердің және жүргізілген діни бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы ақпаратты Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетіне жіберу;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының діни бірлестіктермен қарым-қатынасты реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
діни ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар өкілдерінің, дінтанушылардың, заңгерлердің және адамның ар-ождан бостандығына құқығы саласындағы басқа да мамандардың қатысуымен дінтану сараптамаларын, оның ішінде тиісті органдардың сұраулары бойынша діни бағыттағы объектілерге сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау іс-шараларын жүзеге асыру;
азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзушылыққа қатысты мәселелерді қарау;
шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және оларды қолдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың, соның ішінде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсініктемелер беру;
2) мемлекеттік саясатты іске асыруды бақылау жөніндегі функциясы:
мемлекеттік органдардың, діни бірлестіктердің, өзге де заңды және жеке тұлғалардың діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңнаманы сақтауын бақылау.
11. Комитеттің заңнамада белгіленген тәртіппен:
өз құзыреті шегінде азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттің діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласында нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі, сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғалары мен азаматтардан өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
сараптау жұмыстары мен консультацияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның ішінде шет ел мамандары мен сарапшыларын тартуға;
құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комитеттің мүлкi
12. Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншікке жататын оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
13. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
14. Комитетті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.
Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Комитет төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейді.
15. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады.
16. Төраға осы мақсатта:
1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Комитетті мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
7) Комитеттің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
17. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1319 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Діни істер комитетінің құрылымы
Басшылық
Сараптама және тіркеу басқармасы
Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімi
Діни бірлестіктердің қызметін бақылау бөлімi