Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 және 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 313 Қаулысы
ҚР Үкіметінің2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
8-тармақ «1-4-қосымшаларға сәйкес» деген сөздерден кейін «шығыстардың экономикалық сыныптамасына сай» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың сегізінші абзацындағы «міндеттемелер бойынша жеке жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде» деген сөздер алынып тасталсын;
5, 6 абзацтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы қаржы жылында жарғылық капиталды арттыруға жіберілетін жалпы сомаға іс-шараларды орындау мерзімін көрсете отырып, бюджеттік бағдарлама паспортымен өзара үйлестірілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды.»;
14-тармақта:
бірінші абзацтағы «5-8 қосымшаларға сай» деген сөздерден кейін «шығыстардың экономикалық сыныптамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы «міндеттемелер бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта «түсімдер сыныптамасының, шығыстардың ведомстволық және экономикалық сыныптамасының» деген сөздер «бюджетке түсетін түсімдер жоспарының жобасы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органға бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен өтеуді, бағамдық айырманы, бағаның өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыс беру және уақытша еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтуды, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өзгертуді қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып беруге жол берілмейді.»;
67-тармақта «шикі мұнайды және газ конденсатын іске асыратын» деген сөздер «шикі мұнай мен газ конденсатын өндіретін және (немесе) сататын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын барлауға келісім-шарт жасасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-21 абзацтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 22-1-тараумен толықтырылсын:
«22-1-тарау. Акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын төлеуге жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға ақша аудару тәртібі
162-1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға ақша аудару және егер бюджеттік бағдарламаның паспортында олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын арттыру көзделген жағдайда заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу, жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркегеннен және бағалы қағаздар нарығын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның тиісті куәлігін алғаннан кейін жүзеге асырылады.
Төлемді жүргізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттардың тізілімімен, төлеуге берілетін шоттармен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жарғылық капиталды арттырған кезде жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін береді.
Бюджеттік бағдарлама әкімшісі жарияланған акцияларға (бағалы қағаздарға) төлеуге арналған ақша аударылғаннан кейін бір ай өткен соң қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген, іске асыру мерзімі бойынша бюджеттік бағдарламаның паспортымен өзара үйлестірілген сомалар шегінде жарғылық капиталды арттыруға байланысты бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына уақтылы қол жеткізуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуы туралы ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
Жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген міндеттерді орындау мақсатында заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын арттыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын бюджеттік бағдарлама әкімшілері жыл сайын 20 қаңтарға, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер нақтыланған жағдайда 30 күннің ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі ақпаратты осы Ережеге 67-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде жарияланған акциялар (бағалы қағаздар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі болмаған кезде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталдарын арттыруға байланысты төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында анықталған қаражатты төлеуге жол берілмейді.»;
370-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«370. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өзге көзделмеген шығындарға ақша қажеттілігі болған жағдайда тиісті мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есептеулермен бірге орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал мұндай болмаған жағдайларда - мемлекеттік органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам қол қойған ақша болу туралы қолдаухат ұсынады. Егер қолдаухат жергілікті атқарушы органдардың сұрауы бойынша берілсе, онда негіздемелер мен есептеулерге жергілікті атқарушы органның басшысы немесе өзі уәкілеттік берген адам да қол қояды.
Жоғарыда көрсетілген негіздемелер мен есептеулер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолдаухатты қараусыз қайтарады.»;
25-32 абзацтар қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
421-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте қаржы нарықтарының ағымдағы конъюнктурасына байланысты Ұлттық Банктің алты айға дейінгі мерзімге теңгемен Қордың есебінен түсімдерді айырбастауды кейінге қалдыруға құқығы бар.»;
570-тармақта «Үкіметінен қарыз алу» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығару» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 571-1-тармақпен толықтырылсын:
«571-1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының борыш лимитін және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін ескере отырып, Орта мерзімді жоспар негізінде тиісті бюджет комиссиясының қарауына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды ішкі нарықта айналысқа қосу үшін шығару жолымен республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарыз алуы жөніндегі ұсыныстарын жібереді, тиісті жылдарға көзделетін қызмет көрсетуге және өтеуге арналған болжамды көлемін айқындайды.
Тиісті бюджет комиссиясы ұсыныстарды мақұлдағаннан кейін республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы тиісті қаржы жылына арналған республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын белгіленген тәртіппен жасайды.»;
573-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«573. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы қарыз шарты, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды ішкі нарықтағы айналым үшін шығаруы нысанында жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 12-бөліммен толықтырылсын:
«12-бөлім. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік органдар мен өңірлерге арналған бюджеттік үдерістің ерекше тәртібі (бұдан әрі - пилоттық жобалар)
76-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу
689. Мемлекеттік мекемелердің шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасындағы сомаларды азайтуды (арттыруды) талап ететін факторлар туындаған жағдайда, тиісті бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының бекітілген жылдық сомалары шегінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өтінімді қалыптастырмай және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу бойынша бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын мемлекеттік мекемелерге ағымдағы ай бойынша ғана айына кемінде бір рет өзгертуге жол беріледі.
Бюджет кодексінде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды және мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуді және оны өтеуді көздейтін бағдарламаларды бөлген кезде жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер осы Ереженің 6-тарауында айқындалған тәртіппен енгізіледі.
690. Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу үшін мемлекеттік мекеме екі данада осы Ережеге 25-3, 25-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша анықтаманы қалыптастырады. Анықтамалардағы өзгерістер сомалары бөлшек қалдықтары бар, бірақ үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен көрсетіледі.
691. Анықтаманы жасау кезінде мемлекеттік мекеме мынадай талаптарды сақтауға тиіс:
ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше ерекшеліктер сомасын аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар, рұқсаттар мен кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестікті сақтау;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңіне міндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуі тиіс болған кезде міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарлары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынасты сақтау;
қабылданған, бірақ ақысы төленбеген міндеттемелер;
инкассалық өкімдердің болуы;
жоспарлы соманы және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша берілген рұқсаттарды азайту қабылданған міндеттемелерді шегере отырып, жоспарлы тағайындаулардың сомасына жүргізіле алады;
жоспарлы сомаларды бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бір-бір ерекшеліктері бойынша арттыру (азайту) жеке қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасының шегінде басқа ерекшеліктер бойынша жоспарлы соманы азайту (арттыру) есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен қабылданған бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің анықтамасына қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндай болмаған жағдайларда - мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді және қоса берілетін есептеулермен және өзгерістердің негіздемесімен бірге қағаз және магнит тасығыштарында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсету орны бойынша орындау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беріледі.
692. Анықтама аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ағымдағы айдың жетісі күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында оны күніне дейін екі данада беріледі.
693. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекеме анықтаманы бергеннен кейін осы Ереженің 691-тармағында белгіленген талаптардың сақталуын тексеруді жүзеге асырады.
694. Осы Ереженің 689, 690, 691 және 692-тармақтарының нормалары сақталмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша негіздеме бере отырып, анықтаманы орындаусыз қайтарады.
695. Анықтама осы Ереженің талаптарына сәйкес келген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі екі жұмыс күнінің ішінде ҚБАЖ-ға мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі анықтама жүргізеді және анықтама жүргізгеннен кейін бір данасын мемлекеттік мекемеге береді, екіншісін өзінде қалдырады.
696. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі анықтаманы бекіткеннен кейін бір жұмыс күнінің ішінде оны ҚБАЖ енгізу арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақпарат береді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган екі жұмыс күнінің ішінде осы Ережеге 68 және (немесе) 69-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы есепті қалыптастырады және оны электрондық түрде тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жеткізеді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі екі жұмыс күнінің ішінде осы Ережеге 68 және (немесе) 69-қосымшаларға сәйкес жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістер туралы есепті қалыптастырады және оны электрондық түрде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жеткізеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есепті алғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға осы Ереженің 6-тарауында айқындалған тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізуге өтінім ұсынады, соңғылары түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар қалыптастырады.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына енгізілген өзгерістер туралы анықтаманың бір данасын екі жұмыс күнінің ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ережеге 27, 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қағаз және магнит тасығыштарында береді.
77-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттерді пайдалануы
697. Пилоттық жобалар үшін қаржы жылының ішінде жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталған нысаналы трансферттердің жете пайдаланылмаған, оның ішінде конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша үнемдеу есебінен сомасы жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттердің аз көлемін пайдалана отырып, ағымдағы қаржы жылында аяқталған жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкі нәтижелерге қол жеткізген жағдайда жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатпайды.
Бұл ретте тиісті жергілікті атқарушы орган тиісті бюджетті түзету жолымен бюджет комиссиясының шешімі бойынша тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу тиімділігін бағалаудың оң нәтижелері негізінде жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталған нысаналы трансферттердің қалған сомасын басқа жергілікті бюджеттік бағдарламаларға пайдалана алады.
78-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың паспортымен бекітілген индикаторларға қол жеткізген жағдайда бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) арасында қаражатты қайта бөлу тәртібі
698. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) атқару мониторингінің негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың паспортында бекітілген индикаторларға қол жеткізген жағдайда қаражат бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) арасында қайта бөліне алады.
699. Қаражатты бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бір функционалдық тобы мен бір әкімшінің шегінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың арасында қайта бөлген кезде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті негіздемелермен бірге ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
Берілген құжаттарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылатын бөлу осы Ереженің 698-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстарын қайтарады және оны ресми түрде хабардар етеді. Оң шешім болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер енгізеді.
700. Қаражатты бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының бір функционалдық тобы мен бір әкімшінің шегінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілерінің жергілікті бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлген кезде жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы тиісті негіздемелермен бірге ұсыныстарды экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға енгізеді.
Берілген құжаттарды экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылатын бөлу осы Ереженің 698-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстарын қайтарады және оны ресми түрде хабардар етеді. Оң шешім болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулының жобасын әзірлейді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер енгізеді.
701. Қаражатты бір бюджеттік кіші бағдарлама шегінде бюджеттік бағдарламалардың арасында қайта бөлген кезде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулының жобасын, сондай-ақ тиісті негіздемелермен бірге республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге енгізеді.
Берілген құжаттарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылатын бөлу осы Ереженің 698-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсыныстарын қайтарады және оны ресми түрде хабардар етеді. Оң шешім болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобаларын келіседі, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты бекітеді.
702. Қаражатты бір бюджеттік кіші бағдарлама шегінде бюджеттік бағдарламалардың арасында қайта бөлген кезде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын, сондай-ақ тиісті негіздемелермен бірге жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге енгізеді.
Берілген құжаттарды экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ұсынылатын бөлу осы Ереженің 698-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ұсынысын қайтарады және оны ресми түрде хабардар етеді. Оң шешім болған жағдайда экономикалық және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы орган қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасын келіседі, сондай-ақ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықты бекітеді.
703. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 701, 702-тармақтарында көрсетілген бұйрықтардың негізінде осы Ереженің 6-тарауында айқындалған тәртіппен түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді.»;
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 1, 2, 4, 5, 6, 21, 23, 25, 25-2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес 25-3, 25-4, 67, 68 және 69-қосымшалармен толықтырылсын.
2) «2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысында:
1-тармақтың 15), 16), 17) тармақшалары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасының бесінші, алтыншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші және отыз екінші абзацтарын қоспағанда, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 2 сәуірдегі
№ 313 қаулысына
1-қосымша
Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесіне
1-қосымша
Төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені қаржыландырудың
жеке жоспарының жобасы
Өңір_____________________________________________
Бюджеттің түрі___________________________________
Кезең____________________________________________
Өлшем бірлігі____________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі______________
Мемлекеттік мекеме_______________________________
Әкімшінің коды Мемлекеттік мекеменің коды Бағдарлама Кіші бағдар- лама Ерекшелік | Шығыстар- дың атауы | Бір жылға арнал- ған қаржы- лық жоспар | Айлар бойынша жоспар |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр |
|
|
|
кестенің жалғасы
Айлар бойынша жоспар |
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан |
|
|
|