4. Кез келген хаттама, егер мұндай хаттамада өзгедей көзделмеген болса, осы хаттаманы бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын, не болмаса 2 тармаққа сай ол күшiне енгеннен кейiн оған қосылатын әр тарап үшiн бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өзiнiң құжатын осындай тарап сақтауға тапсырғаннан кейiнгi тоқсаныншы немесе осы Тарап үшiн Конвенция күшiне кiретiн күнi осы күндердiң қайсысы кешiрек келетiнiне қарай, күшiне кiретiн болады.
5. Жоғарыдағы 1 және 2 тармақтардың мақсаты үшiн экономикалық ынтымақтың аймақтық ұйымдары сақтауға тапсырған кезде кез келген құжат осындай ұйымға мүше мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша ретiнде қаралмайды.
18-бап
Желеулер
Осы Конвенцияда ешқандай желеулерге жол берiлмейдi.
19-бап
Шығу
1. Атаған Тарап үшiн осы Конвенция күшiне кiрген күннен бастап төрт жыл өткеннен кейiнгi кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийге жазбаша құлақтандыру жолдай отырып. Конвенциядан шыға алады.
2. Қандай да бiр хаттамада көзделген жағдайларды айтпағанда аталған тарап үшiн осындай хаттама күшiне кiрген күннен бастап төрт жыл өткеннен кейiнгi кез келген уақытта осы Тарап Депозитарийге құлақтандыру жолдай отырып, хаттамадан шыға алады.
3. Осындай кез келген шығу Депозитарий құлақтандыру алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн немесе шығатыны туралы құлақтандыруда көрсетiлуi мүмкiн осындай неғұрлым кештеу мерзiмде күшiне кiредi.
4. Осы Конвенциядан шығатын кез келген Тарап сондай-ақ өзi Тарабы болып табылатын кез келген хаттамадан шыққан болып саналады.
20-бап
Депозитарий
1. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияның және кез келген хаттамалардың Депозитарийi мiндетiн орындайды.
2. Депозитарий Тараптардан атап айтқанда:
а) 13 пен 14 баптарға сәйкес осы Конвенцияға және кез келген хаттамаға қол қойғаны және бекіту, қабылдау немесе мақұлдау не болмаса қосылу туралы құжаттардың сақтауға тапсырылғаны туралы;
б) 17 бапқа сәйкес Конвенцияның және кез келген хаттаманын кiретiн күнi туралы;
с) 19 бапқа сәйкес жасалған шығу туралы құлақтандырулар туралы;
d) 9 бапқа сәйкес Конвенцияға және кез келген хаттамаға қабылдаған түзетулер, оларды тараптардың және оларды күшiне кiретiн күндерi туралы;
е) 10 бапқа сәйкес оларға жасалатын қосымшалар мен түзетулердi қабылдау мен мақұлдауға қатысты барлық хабарламалар туралы;
f) экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдарының осы Конвенция және кез келген хаттамалар мен оларға жасалған түзетулер реттейтiн мәселелердегi өз құзырларының шегi жайындағы құлақтандырулары туралы;
g) 11 баптың 3 тармағына сәйкес жасалған мәлiмдемелер туралы хабарландырады.
21-бап
Түпнұсқаулық мәтiндер
Осы Конвенцияның ағылшын, араб, испан, қытай, орыс және француз нұсқауларының мәнi бiрдей болып табылатын нағыз түпнұсқасы Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының сақтауына тапсырылады.
Осыны қуаттап, бұған төменде қол қойғандар, осыған деп лайықты түрде өкiлеттiк алғандар, осы Конвенцияға қол қояды.
Венада 1985 жылы наурыздың 22-шi күнi жасалды.
Озон қабатын қорғау туралы
Вена конвенциясына
I Қосымша
Зерттеулер және байқаулар
1. Конвенция Тараптары басты ғылыми проблемалары мыналар деп таниды:
а) озон қабатының өзгеруi, соның салдарынан күннiң тiрi организмдерге ықпал ететiн және Жер бетiне жететiн әсеркүлгiн (ОК Б) сәулеленуiнiң шоғырлылығының өзгерiске ұшырау мүмкiндiгi, әрi адам денсаулығы, организмдер экожүйелер мен адам пайдаланатын материалдар үшiн ықтимал зардаптары;
б) озонның атмосфераның температуралық құрылымын бұзуы мүмкiн тiк бетiнiң өзгеруi, әрi ауа райы мен климат үшiн ықтимал зардаптары.
2. Конвенция Тараптары 3 бапқа сәйкес мынадай салаларда зерттеулер мен жүйелi байқаулар жүргiзуде және бұдан былайғы зерттеулер мен байқаулар туралы ұсыныстарды тұжырымдауда ынтымақтасады бұл салалар:
а) Атмосфераның физикасы мен химиясын зерттеу
I) кешендi теориялық модельдеу, радиациялық, серпiндi және химиялық процесстердiң бiрлескен әрекетiн қарастыратын модельдердi одан әрi әзiрлеу, атмосферадағы озонға адам қолымен жасалған және табиғаттағы әртүрлi заттардың бiр мезгiлдегi әсерiн зерделеу;
жер серiктерiнен және жердегi қондырғылардан алынған телеметрикалық өлшеулердiң деректерiн екшеу;
атмосфералық және геофизикалық сипаттардың қозғалмалылығын бағалау және осы сипаттардың өзгеру себептерiн анықтау тәсiлдерiн әзiрлеу;
II) тропосфералық және стратосфералық химиялық және фотохимиялық процесстердiң өзгеруiнiң, сiңiру қимасының және өзара әрекет жасауының коэффициенттерiн лабораториялық өлшеу; спектердiң барлық тиiстi учаскелерiнде далалық өлшеулердi бекітуге арналған спектроскопия деректерi;
III) далалық өлшеулер: табиғи, сондай-ақ антропаген тектi негiзгi әуелгi газдардың шоғырлануы мен ағыстарын зерделеу; атмосфераның құбылуын зерделеу; in situ датчиктерiн және қашықтан басқару датчиктерiн пайдалана отырып, жер атмосферасы шекарасынан биiктегi фотохимиялық тектес объектiлерiн мезгiлде өлшеу; жер серiгi аппаратурасына арналған номенклатураны үйлестiру мен бiрегейлендiрудi қоса әртүрлi нүктеден және әртүрлi аспаптардан алынған деректердi салыстыру; атмосфералық қосымшалардың, негiзгi iзiнiң, күн радиациясының спектрлiк ағысы метеорологиялық сипаттардың үш өлшемдiк бейнесiн алу;
IV) атмосфералық қосындылардың iзiн, күн радиациясының ағысы мен метеорологиялық параметрлердi өлшеу үшiн жер серiгiндiк және серiгiндiк емес датчиктердi қоса аспаптар әзiрлеу;
б) Озон қабатындағы өзгерістердiң адамның денсаулығына, биосфераға және фотоыдырау процестерiне әсерiн зерттеу.
I. Адамның көрiнеу әсiрекүлгiн күн сәулесiне ұшырауының
а) меланомдық емес, сондай-ақ меланомдық терi рагының өршуiмен әрi b) иммунологиялық жүйесiне ықпалмен байланысы;
II. ОК-Б сәуле шашуының әуедегi толқынның ұзындығына қарай а) ауыл шаруашылығы дақылдарына, ормандарға және құрлықтың басқа да экожүйелерге b) су жүйелерiнiң тағамдық желісі мен балық шаруашылығына ықпалы, сондай-ақ теңiз фитопленктонының оттегiн бөлуiн тежеу ықтималдығы;
III. ОК-Б сәуле шашуының мысқалының қуатының және тiтiркену арасындағы байланысты қоса, биологиялық заттарға, түрлерге және экожүйелерге ықпалының, тетiктерi; фоторепарация, бейiмделу және қорғану;
IV. Әрекеттiң биологиялық спектрлерiн және полихроматтық сәулеленуге спектрлiк тiтiркенудi зерделеу жолымен аумақтардың әртүрлi толқын ұзындығымен ықтималды өзара әрекетiн анықтау;
V. ОК-Б сәулеленуiнiң биосфера балансында маңызды рөл атқаратын биологиялық түрлердiң сезiмталдығы мен белсендiлiгiне; фотосинтез бен биосинтез сияқты бастапқы табиғи процесстерге ықпалы;
VI. ОК-Б сәулеленуiнiң ластанушы заттардың, ауыл шаруашылығы химикаттарының және басқа материалдардың фотоыдырауына ықпалы.
С. Климатқа ықпалды зерттеу
I. Озонның және басқа микроэлементтердiң радиациялық ұтырына және құлық пен мұхиттардың бетiнiң температурасы, жауын-шашынның түрi, тропосфера мен стратосфера арасындағы алмасу сияқты климат сипаттамасына әсерiн теориялық зерттеу мен байқау жүргiзу;
II. Климаттың осындай өзгерістерiнiң адам қызметiнiң әрқилы түрлерiне әсерiн зерттеу;
d) Мыналарды жүйелi түрде:
I. Озон қабатының жағдайын (озонның жалпы құрамының және тiк бiтiмiнiң кеңiстiктегi және уақыт аралығындағы өзгермелiлiгi) байқаудың жер серiгiндiк және жердегi жүйелерiн топтастыруға негiзделген озон қабатын байқаудың ауқымдық жүйесiн түпкiлiктi iске қосу жолымен байқау;
II. Тропосфера мен стратосферадағы әуелгi газдардың шоғырлануын, олардағы НОх, NOx пен CIOx құрамына сондай-ақ көмiртегiлiк қоспаларды байқау;
III. жердегi, сондай-ақ жер серiгiндiк жүйелердi пайдаланып, жер бетiнiң мезосфераға дейiнгi температурасын байқау;
IV. жер серiгiнен алынған деректердi пайдаланып, жер
атмосферасына жететiн күн радиациясы ағысы толқынының құрамын, оны
тастап шығатын жылу сәулесiн байқау;
V. спектрдiң әсiре күлгiн бөлiгiнде жер бетiне дейiн жететiн және тiрi организмдерге (ОК-Ф) әсер ететiн күн радиациясы ағысының толқындық құрамын байқау;
VI. байқаудың жердегi, ұшақтық және жер серiгiндiк жүйелерiн пайдаланып, жер бетiнен мезосфераға дейiнгi қабаттағы аэрозолдердiң қасиеттерiн және таралуын байқау;
VII. жоғары сапалы метеорологиялық үстiңгi өлшеулердi жүзеге асыру негiзiнде климатология үшiн зор маңызы бар ауыспалылықтарды байқау;
VIII. аумақтық деректердi саралаудың неғұрлым жетiк әдiстерiн пайдалан отырып, микроэлементтердi, температураны, күн радиациясының ағысын және аэрозолдердегi байқау.
3. Конвенция Тараптары дамушы елдердiң айырықша қажеттiлiктерiн ескере отырып, осы қосымшада көрсетiлген зерттеулерге және жүйелi байқауларға қатысуға қажеттi сенiмдi ғылыми-техникалық әзiрлiктi көтермелеу жөнiнен ынтымақтасады. Салыстырмалы немесе жүйеленген деректер түзу үшiн аспаптарды қайшыластыра дәлелдеу мен әдiстердi келісіп алуға айырықша назар аудару қажет.
4. Еркiн реттiлiкпен тiзiлiп отырған табиғи немесе антропогендiк тегi бар мына химиялық заттар озон қабатының химиялық және физикалық қасиеттерiн өзгерте алады:
а) Көмiртегi тектес заттар
I. Көмiртегi тотығы (CO)
Көмiртегi тотығының маңызды табиғи және антропогендiк көздерi бар, әрi шамалау бойынша, тропосферадағы фотохимиялық процесстерде тiкелей рөл және стратосфераның фотохимиялық процесттерiнде жанама рөл атқарады.
II. Көмiртегiнiң қостотығы (CО4)
Көмiртегiнiң қос тотығының маңызды табиғи және антропогендiк көздерi болады және стратосферадағы озонға атмосфераның жылу құрылымына ықпал жасау жолымен әсер етедi.
III. Метан (CH 4)
Метанның табиғи, сондай-ақ антропогендiк көздерi болады және тропосфералық та, стратосфералық та озонға әсер етедi.
IV. Көмiрсутегiнiң метандық емес түрлерi
Көмiрсутегiлердiң метандық емес түрлерi көптеген химиялық заттардан тұрады, табиғи, сондай-ақ антропогендiк көздерi болады және тропосферадағы фотохимиялық процесстерде тiкелей рөл, ал стратосферадағы фотохимиялық процесстерде жанама рөл атқарады.
б) Азоттық заттар
I. Азот тотықпасы (N2O)
Сипаты жөнiнен N2O негiздерiнiң басым бөлiгi табиғи болып келедi, алайда олардың антропогендiк әсерi барған сайын зор маңыз алып келедi.
Азот тотықпасы - стратосфералық NOx-тiң негiзгi көзi, стратосферадағы озонның мөлшерiн реттеуде шешушi рөл атқарады.
II. Азот тотықтары (NOx)
Жердегi NOx-тiң көздерi тропосфераның фотохимиялық процесстерiнде ғана тiкелей маңызды рөл атқарып, ал стратосфераның фотохимиясында жанама рөл атқарады, бұл ретте NOx-тi тропопаузаға таяудан енгізу тропосфераның жоғарғы қабаттарында және стратосферада тiкелей өзгерістерге әкеліп соқтыру мүмкiн.
с) Хлорлы заттар
I. Толығымен галиодталған алқандар, мәселен ССI; CFCL3, (CFC-11), CF CI2(CFC-11), CF CI2(CFC-12), C F CI3 (CFC-113), C FCI2 (CFC-114).
Толығымен галоидталған алқандар антропогендi болып табылады, әрi CIOх-тiң көзi ретiнде әрекет жасайды, ол болса, озонның фотохимиясында, негiзiнен 30-50 км биiктiкте түбегейлi рөл атқарады.
II. Iшiнара галоидталған алқандар, мәселен CH3CI, CHF2CL (CFC-22), CH2CCL3, CHFCI2(CFC-21).
Жоғарыда аталған iшiнара галоидталған алқандардың басқалары антропогендер тегiнен шығып отырған уақытта СНәСI-дiң шыққан көздерi табиғи көздер болып табылады. Бұл газдар сондай-ақ стратосфералық СIОх-тiң көздерi ретiнде көрiнедi.
d) Бромды заттар
Толығымен галоидталған алқандар, мәселен CF3Br
Бұл газдар антропогендi газдар болып табылады, әрi BrOx-тiң көзi ретiнде әрекет жасайды, бұлардың әрекетi CLOx-тiң әрекетiне сәйкес келедi.
е) Сутегiлiк заттар
I) Сутегi (Н2)
Табиғи және антропогендiк көзден бастау алатын сутегi стратосферасының фотохимиясында елеусiз рөл атқарады.
II. Cy (H2O)
Табиғи көздерден бастау алатын су тропосфералық, сондай-ақ стратосфералық фотохимияда маңызды рөл атқарады. Стратосферадағы су буының көздерi метанның тотығуы, одан азырақ мөлшердегi сутегiнiң тотығуы болып табылады.
Озон қабатын қорғау туралы
Вена конвенциясына
II қосымша
Ақпарат алмасу
1. Конвенция Тараптары ақпараттар жинау және онымен алмасу Конвенциясы жүзеге асырудың маңызды құралы, әрi қабылдануы мүмкiн кез келген шараның орынды да әдiлеттi болатындығының кепiлi деп таниды. Сондықтан Тараптар ғылыми, техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, iскерлiк, коммерциялық және құқықтық ақпаратпен алмасып отырады.
2. Конвенция Тараптары қандай ақпаратты жинау және қандай ақпаратпен алмасу керек деген мәселенi шешкен кезде ақпараттың пайдалылығын және оны алудың құнын ескеруге тиiс. Тараптар алдағы уақытта осы қосымшада айтылып отырған ынтымақтастық ұлттық заңдармен, қаулылармен және патенттерге, сауда құпиялары мен оңаша әрi патенттелген ақпаратқа қатысты iс-тәжірибесiмен үйлесетiндей болуға тиiс деп таниды.
3. Ғылыми ақпарат
Оған:
а) мемлекеттік немесе жекеше негiзде ғылыми-зерттеу бағдарламаларын үйлестiрудi жеңiлдету және сол арқылы қолдағы ұлттық және халықаралық ресурстарды неғұрлым тиiмдi пайдалану мақсатында жоспарланып, жүргiзiлетiн ғылыми зерттеулер туралы ақпарат;
b) зерттеулер үшiн қажет тастандылар туралы деректер;
с) жер атмосферасының физикасы мен химиясы, оның өзгерістердi сезгiштiгi мәселелерi бойынша, әсiресе озон қабатының жағдайы мен жалпы мазмұндағы немесе кез келген уақыт аралығындағы озонның тiк бетiнiң өзгерістерiнiң адам денсаулығы, айналадағы орта мен климат үшiн зардаптары мәселелерi бойынша арнаулы ғылыми әдебиеттер де жарияланған ғылыми нәтижелерi туралы ақпарат;
d) ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне баға мен болашақ зерттеулер үшiн жасалатын ұсыныстар туралы ақпарат жатады.
4. Техникалық ақпарат
Оған:
а) озон қабатын өзгертетiн заттардың тасталуын қысқартуға мүмкiндiк беретiн химиялық алмастырғыштардың және баламалы технологиялардың барлығы және құны туралы, сондай-ақ осыған байланысты жоспарланып отырған немесе жүргiзiлетiн зерттеулер туралы ақпарат;
б) химиялық және басқа алмастырғыштар мен баламалы технологияларды пайдалануға байланысты шектеулер мен ықтимал тәуекел туралы ақпарат жатады.
5. Қосымшада айтылған заттарға қатысты әлеуметтiк-экономикалық және коммерциялық ақпарат
Оған:
а) өндiрiс және өндiрiстiк қуат ақпарат;
б) өнiмдi пайдалану және пайдалану жосығы туралы ақпарат;
с) импорт/экспорт туралы ақпарат;
d) жанама түрде озон қабатында өзгерiс туғызуы мүмкiн адам қызмет түрлерiнiң шығасысы, тәуекелi мен тиiмдiсi туралы, әрi осы қызметтi реттеу үшiн қолданылып немесе жоспарланып отырған шаралар туралы ақпарат жатады.
6. Құқықтық ақпарат
Оған:
а) озон қабатын қорғауға қатысты ұлттық заңдар, әкiмшiлiк шаралар мен құқықтық зерттеулер туралы ақпарат;
б) озон қабатын қорғауға қатысты екi жақты келісімдердi қоса халықаралық келісімдер туралы ақпарат;
с) озон қабатын қорғауға қатысты патенттердi лицензиялаудың әдiстерi мен шарттары және ондай патенттердiң болуы туралы ақпарат жатады.
Озон қабатын қорғау жөніндегі
Өкiлеттi өкiлдер конференциясының Қорытынды актiнi
қабылдау сәтiнде жасалған
МӘЛIМДЕМЕ
Конференцияда 1985 жылғы 21 наурызда ұсынылған 1-3 тармақтарда баян етiлген мәлiмдеулер, 1985 жылғы 22 наурызда ұсынылған 4 және 5 тармақтарда баян етiлген мәлiмдеулер Қорытынды актiге қосымша
ретiнде қаралуға тиiс деп ұйғарылған болатын.
1. Австралияның, Австрияның, Бельгияның, Германия Федеративтiк Республикасының, Данияның, Италияның, Канаданың, Нидерландияның, Жаңа Зеландияның, Норвегияның, Ұлыбритания Бiрiккен Корольдiгi мен Солтүстiк Ирландияның, Финляндияның, Францияның, Чилидiң, Швейцария мен Швецияның делегациялары Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясында тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша дауларды үшiншi тараптардың мiндеттi түрде реттеуi туралы тиiстi қағиданың болмауына байланысты өкiнiш бiлдiредi. Мұндай ресiмдi дәстүрлiк тұрғыдан қолдау отырып, аталған делегациялар Конвенцияның барлық Тараптарын мүмкiндiктi пайдаланып, Конвенцияның II бабының 3 тармағына сәйкес мәлiмдеме жолдауға шақырады.
2. Египет делегациясы озон қабатын қорғауды қоса айналадағы ортаны сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық күш жiгерге өз үкіметінiң маңыз беретiнi туралы тағы да мәлiмдейдi. Осы себептерден де ол әуелден-ақ Озон қабатын қорғау жөніндегі өкiлеттi өкiлдер конференциясына әзiрлiк және Конвенция мен қарарларды бекітуге қатысты Конвенцияның I бабы бойынша мақұлдасуға қосыла отырып, Египет делегациясы осы баптың 6 тармағын егер олар бапта баяндалған шарттарды қанағаттандыратын болса, атап айтқанда, олар Конвенция реттейтiн мәселелерде құзыретi болса, әрi өз ресiмдерiнiң iшкi ережелерiне сәйкес өздерiнiң мүше мемлекеттерiнен лайықты түрде өкiлдiктер алған болса, Африка бiрлiгi ұйымы мен Араб мемлекеттерi лигасын қоса барлық аймақтық ұйымдарға қолдануға болады деп санайды. Конвенцияның 2 бабы бойынша мақұлдасуға қосыла отырып, Египет делегациясы осы баптың 2 тармағының бiрiншi сөйлемi кiрiспенiң үшiншi тармағының ережесінде ұсынылуға тиiс деп санайды. Ұйымдастыру мен қаржы шаралары жөніндегі N I Қарар бойынша мақұлдасуға қосыла отырып, Египеттiң делегациясы өзiнiң осы қарардың кiрiспесiнiң үшiншi тармағын құптауы мүше мемлекеттер арасындағы жарна бөлiсiнiң әдiсi хақындағы өзi ұсынатын тұғырға қайшы келмейтiнiн мәлiмдейдi; бұл ретте (ШС.94) 13 әзiрлiк құжатын талқылау барысында өзi қолдау көрсеткен 2 нұсқауға назар аудару қажет, оған сәйкес шығыстардың 80 процентiн өнеркәсiбi дамыған елдер жабады, ал қалған 20 процентi Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жарналар деңгейшесiнiң негiзiнде мүше мемлекеттердiң арасында бөлiнедi.
3. Хлорфторкөмiртегi туралы Хаттамаға қатысты № 2 Қарар хақында Жапония делегациясы Хаттамаға байланысты жұмысты жалғастырудың тиiмдiлiгi жөнiнде шешiм қабылдауды Озон қабатын қорғау жөніндегі үйлестiру комитетiнiң жұмыс нәтижелерi алынғанға дейiн кейiнге қалдыра тұру қажет деп санайды. Екiншiден, жоғарыда аталған қарардың 6 тармағына келгенде, Жапония делегациясының пiкiрiнше, хлорфторкөмiртегiнiң тастандысын бақылау тәртібі туралы шешiмдi әр елдiң өзi қабылдауға тиiс.
4. Испания делегациясы Конференция Төрағасының 1985 жылғы 21 наурыздағы мәлiмдемесiне сәйкес өз үкіметі. Хлорфторкөмiртегi туралы Хаттама жөніндегі қарардың 6 тармағының өндiру мен пайдалануға байланысты өз лимиттерiн бақылауға алу ұсынылып отырған жекелеген елдерге ғана айырықша қатысы бар, ал үшiншi елдерге немесе осындай елдерге байланысты аймақтық ұйымдарға қатысы жоқ деп санайтынын атап көрсетедi.
5. Америка Құрама Штаттарының делегациясы Конвенцияның 15 бабы, өз пiкiрiнше, экономикалық ынтымақтың өзiне мүше мемлекетiнiң бiрде-бiр Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға қатысушы болып табылмайтын әрбiр аймақтық ұйымның бiр ғана дауысы болатынын бiлдiредi деп мәлiмдейдi. Ол сондай-ақ 15 бап экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдарының және оған мүше мемлекеттердiң кез келген қосарлас дауыс беруiне рұқсат етпейтiн деп санайды; өзгеше айтқанда, экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдарының Конвенцияға немесе тиiстi Хаттамаға қатысушы болып табылатын өздерiнiң мүше мемлекеттерiне қосымша дауыс беруге ешқашан құқығы болмайды және керiсiнше мүше мемлекеттердiң де ондай құқығы болмайды.
Агенттiк директоры