Озон қабатын қорғау туралы
Вена конвенциясы
(Вена қ., 1985 жыл 22 наурыз)
ҚР 1997.30.10. № 177-1 Заңымен Қазақстан Республикасы осы конвенцияға қосылды
Кiрiспе
Осы Конвенцияның тараптары,
Озон қабаты өзгеруiнiң адамның денсаулығы мен айналадағы ортаға ықтимал қатерлi ықпалын түсiнiп,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының адамның айналасындағы ортаның проблемалары жөніндегі Конференциясы Декларациясының тиiстi қағидаларына, атап айтқанда, «Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және халықаралық хұқық принциптерiне сәйкес мемлекеттердiң өз меншiктi ресурстарын айналадағы ортаға байланысты өзiнiң саясатына сай игеруге егемендi хұқығы бар және өздерiнiң Заңды иелiгi немесе бақылауының шегіндегі қызметтiң басқа мемлекеттердiң немесе ұлттық заңды иелiгiнiң күшi жүретiн жерден тысқары аймақтардағы айналадағы ортаға залалын тигiзбеуiн қамтамасыз ету үшiн жауап бередi» - деп баяндайтын 21 принципiне сiлтеме жасап,
дамушы елдердiң жағдаяттары мен айырықша қажеттiлiктерiн назарға алып,
халықаралық ұйымдар, сондай-ақ ұлттық ұйымдар жүргiзiлiп отырған жұмыс пен зерттеулердi, әрi, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөніндегі бағдарламасының озон қабаты жайындағы iс-қимылдың бүкiл дүниежүзiлiк жоспарын ескерiп,
сондай-ақ қазiрдiң өзiнде ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған озон қабатын қорғау жөніндегі сақтану шараларын ескерiп,
озон қабатын адам қызметiнiң салдарынан болатын өзгерістерден қорғау жөніндегі шаралардың халықаралық ынтымақтастықты ғылыми-техникалық пайымдауларға негiзделуге тиiс екенiн түсiнiп,
сондай-ақ озон қабаты туралы, әрi оның ахуалының өзгеруiнiң ықтимал терiс зардаптары туралы қосымша ғылыми мағлұматтар алу үшiн бұдан былай да зерттеулер мен үздiксiз байқаулар жүргiзу керек екенiн түсiнiп,
адамдардың денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жағдайындағы өзгерістердiң қолайсыз ықпалынан қорғауға бекем бел байлап.
мына төмендегiлер жайында уағдаласты:
I-бап
Анықтамалар
Осы Конвенциядағы:
1. «Озон қабаты» планетаның шекаралас қабатындағы атмосфералық озон қабатын бiлдiредi.
2. «Қолайсыз ықпал» физикалық ортадағы немесе тiршiлiктегi өзгерістердi бiлдiредi, бұған адамның денсаулығы үшiн немесе табиғи және реттелмелi экожүйелердiң қалпына келтiрушi қабiлетiнiң немесе өнiмдiлiгiнiң құрамы үшiн немесе адам пайдаланатын материалдар үшiн едәуiр зиянды залалы бар климаттағы өзгерістер қосылады.
3. «Баламалық технологиялар немесе жабдық» озон қабатына қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауға қабiлеттi заттардың тасталуын азайтуға немесе мүлде жоюға мүмкiндiк беретiн технологиялар немесе жабдықты бiлдiредi.
4. «Баламалық заттар» озон қабатына қолайсыз ықпалды азайтатын, жоятын немесе болдырмайтын заттарды бiлдiредi.
5. Бас әрiппен жазылған «Тараптар», егер мәнiнде басқаша айтылмаған болса, осы Конвенцияның Тараптарын бiлдiредi.
6. «Экономикалық ынтымақ жөніндегі аймақтық ұйым» осы аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, әрi осы Конвенциямен және оған қосылған хаттамалармен реттелетiн мәселелерде құзырлығы бар, әрi оның iшкi ресiмдерiне сәйкес тиiстi құжаттарға қол қоюға, бекітуге, қабылдауға, мақұлдауға немесе соларға қосылуға лайықты өкiлдiгi бар ұйымды бiлдiредi.
7. «Хаттамалар» осы Конвенцияға берiлген хаттамаларды бiлдiредi.
2-бап
Ортақ мiндеттемелер
1. Тараптар адам денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жәйiн өзгертетiн немесе өзгертуге қабiлеттi адам қызметiнiң салдарынан болатын немесе болуы ықтимал қолайсыз зардаптарынан қорғау үшiн осы Конвенцияның және өздерi қатысушылар болып отырған қолданылып жүрген хаттамалардың қағидаларына сәйкес тиiстi шаралар қабылдайды.
2. Осы мақсатпен Тараптар қолдарындағы құралдармен және өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
а) адам қызметiнiң озон қабатына ықпалын және озон қабаты жәйiнiң өзгеруiнiң адам денсаулығы мен айналадағы ортаға жасайтын залалын тереңiрек пайымдап, бағамдау үшiн жүйелi байқаулар, зерттеулер жүргiзу және ақпараттар алмасу жолымен ынтымақтасады;
b) мұндай қызмет озон қабатының жағдайын өзгертiп немесе өзгерту мүмкiндiгiн туғызып, қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауы мүмкiн екенi анықталған болса, өздерiнiң заңдық аясын немесе бақылауына жататын адам қызметiн бақылау, шектеу, қысқарту немесе оған жол бермеу үшiн заң немесе әкiмшiлiк шараларын қабылдайды және тиiстi бағдарламалық шараларды келісіп алу үшiн ынтымақтасады;
с) хаттамалар мен қосымшалар қабылдау мақсатында осы Конвенцияны орындау үшiн келісіп шаралар, ресiмдер мен стандарттар әзiрлеу үшiн ынтымақтасады;
d) Конвенцияны және өздерi қатысушылары болып отырған хаттамаларды тиiмдi орындау мақсатында құзырлы халықаралық органдармен ынтымақтасады.
3. Осы Конвенцияның қағидаларды қайткенде де тараптардың халықаралық хұқыққа сәйкес жоғарыдағы 1 және 2 тармақтарда көзделген шараларға қосымша мемлекеттік iшкi шаралар қабылдау құқығына қатысты болмайды; бұлар сондай-ақ мұндай шаралар осы Конвенцияның шеңберіндегі олардың мiндеттемелерiмен қабысатындай Тараптар қабылдап қойған қосымша мемлекеттік iшкi шараларға қатысты болмайды.
4. Осы бапты қолдану тиiстi ғылыми-техникалық пайымдалуларға негiзделедi.
3-бап
Зерттеулер және жүйелi байқаулар
1. Тараптар тиiстi тәртiппен мына мәселелер бойынша:
а) озон қабатына ықпал жасауы мүмкiн физикалық және химиялық процесстер;
b) озон қабаты жағдайындағы өзгерiстен, әсiресе тiрi организмдерге әсер ететiн әзiрге күлгiн сәулелерiнiң (ОК-Б) өзгеруiнен туындайтын адам денсаулығына жасалатын әсерлер мен басқа да биологиялық зардаптар;
с) озон қабаты жағдайындағы өзгерiстiң климатқа әсерi;
d) озон қабаты жағдайындағы кез-келген өзгерістердiң және ОК-Б сәулелерi шағырмақтылығын бұдан былай кез келген өзгеруiнiң адам пайдаланатын табиғи және жасанды материалдарға ықпалы;
е) озон қабатына ықпал өте алатын заттар, жұмыс тәжiрибесi, процесстер мен қызмет түрлерi, әрi олардың жинақтала келе жасайтын ықпалы;
f) тиiстi әлеуметтiк-экономикалық мәселелер;
сондай-ақ I және II қосымшаларда егжей-тегжейлi қаралып отырған басқа да мәселелер бойынша зерттеулер мен ғылыми бағамдаулар ұйымдастыруға және оларды өткiзуге тiкелей немесе халықаралық құзырлық органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.
2. Тараптардың өздерi немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ұлттық заңдарды және ұлттық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде жүргiзiлетiн қызметтiң осындай саласын толық ескере отырып, озон қабатының жағдайына және басқа да тиiстi көрiнiстерiне, I қосымшада көзделгендей, жүйелi бақылау жасаудың бiрлескен немесе бiрiн-бiрi өзара толықтырып отыратын бағдарламалары жүргiзiлуiне жәрдемдесуге немесе жүргiзуге мiндеттенедi.
3. Тараптар зерттеу деректерiнiң жинақталуын, тексерiлуiн және тиiстi халықаралық деректер орталығы арқылы тұрақты түрде әрi уақтылы берiлiп тұруын қамтамасыз етуде тiкелей немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.
4-бап
Құқықтық және ғылыми-техникалық салалардағы
ынтымақтастық
1. Тараптар осы Конвенцияға қатысты ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық, коммерциялық және құқықтық ақпараттар алмасуға II қосымша неғұрлым егжей-тегжейлi баяндалған қағидаларға сәйкес жәрдемдесетiн болады және қолайлы жағдай тұғызады. Мұндай ақпарат Тараптар уағдаласқан органдарға берiлiп тұрады. Берiп отырған тарап құпия санайтын ақпаратты қабылдап алушы кез-келген орган мұндай ақпараттың жария етiлмеуiне кепiлдiк бередi, әрi оны бұл ақпарат барлық Тараптардың қарауына табыс етiлгенге дейiн оның құпиялылық сипатын сақтап қалатындай етiп екшейтiн болады.
2. Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарына, нормаларына және iс-тәжiрибесiне сәйкес және атап айтқандай дамушы елдердiң тiкелей немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы берiлетiн технология мен білімдi дамыту және алу жөніндегі көмекке зәрулiгiн ескере отырып ынтымақтасады. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастық:
а) өзге тараптардың балама технологияларды алуын жеңiлдету;
b) оларға балама технологиялар мен жабдықтар туралы ақпарат және тиiстi нұсқаулар мен пәрмендер беру;
с) зерттеулер мен жүйелi байқаулар жүргiзуге арналған қажеттi жабдықтар мен аппаратуралар берiп тұру;
d) қажеттi ғылыми-техникалық кадрлар даярлау жолымен жүзеге асырылады.
5-бап
Ақпарат беру
Тараптар хатшылық арқылы 6 баптан құрылған Тараптар конференциясына осы Конвенция және өздерi қатысушы болып отырған хаттамаларды жүзеге асыру жөнiнде қолданатын шаралары туралы ақпаратты тиiстi уағдаластық құжаттарына қатысушы тараптардың кеңесiнде белгiленетiн нысанада және белгiленетiн кезеңдерге берiп тұрады.
6-бап
Тараптар конференциясы
1. Осы арқылы Тараптар Конференциясы құрылады. Тараптар конференциясының алғашқы кеңесiн 7-бапқа сәйкес уақытша негiзде тағайындалған хатшылық осы Конвенция күшiне кiргеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей шақырады. Алдағы уақытта Тараптар Конференцияның кезектi кеңестерi Конференция алғашқы кеңесiне белгiленген кезеңдерде шақырылып тұрады.
2. Тараптар Конференциясының кезектен тыс мәжілістерi Конференция бұларды қажет деп тапқан кезде шақырылады, немесе Тараптардың бiрiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша, егерде бұл өтiнiштi хатшылық Тараптарға жолдағаннан кейiнгi алты айдың iшiнде оны Тараптардың кем дегенде үштен бiрi қолдаған жағдайда шақырылады.
3. Тараптардың Конференциясы өзiнiң, сонымен бiрге өзi құруы мүмкiн кез-келген көмекшi органдарының ресiм ережесi мен қаржы ережесін, сондай-ақ хатшылықтың қызметiн реттейтiн қаржы қағидасын келiсе отырып, үйлестiредi және қабылдайтын болады.
4. Тараптар Конференциясы осы Конвенцияның орындалуын үнемi қадағалап отырады, әрi сонымен қатар:
а) 5-бапқа сәйкес берiлiп тұруға тиiс ақпараттың нысаны мен беру
кезеңдерiн белгiлейдi, әрi осындай ақпаратты, сондай-ақ кез-келген
көмекшi орган түсiрген баяндамаларды қарап отырады;
b) озон қабатының жағдайы жөніндегі, оның ықтимал өзгеруi жөніндегі және кез-келген осындай өзгерiстiң ықтимал зардаптары жөніндегі ғылыми ақпаратқа шолу жасайды;
с) 2 бапқа сәйкес озон қабатының жағдайында өзгерістер туғызатын немесе туғызуға қабiлеттi заттардың тасталуын барынша азайту мақсатында тиiстi саясатты, стратегияны және шараларды келісіп қабылдауға жәрдемдеседi, әрi осы Конвенцияға қатысы бар басқа да кез-келген шаралар бойынша ұсыныстар шығарады;
d) 3 және 4 баптарға сәйкес зерттеулердiң, жүйелi байқаулардың, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың, ақпарат алмасудың және технологиямен білім берiсудiң бағдарламаларын қабылдайды;
е) қажеттiгiне қарай 9 және 10 баптарға сәйкес осы Конвенцияға немесе оның қосымшаларына берiлетiн түзетулердi қарап қабылдайды;
f) кез-келген хаттамаға, сондай-ақ оның кез-келген қосымшасына берiлетiн түзетулер, әрi тиiстi шешiм болған жағдайда, осындай хаттаманың тараптарына бұларды қабылдауды ұсынады;
g) қажеттiгiне қарай 10 бапқа сәйкес осы Конвенцияға тағы да қоса берiлетiн қосымшаларды қарап, қабылдайды;
h) қажеттiгiне қарай 8 бапқа сәйкес хаттамаларға қарап қабылдайды;
i) осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн қандай көмекшi органдар керек болады деп тапса, сондай органдар тұрады;
j) керек болып қалуына орай ғылыми зерттеулер, жүйелi байқаулар және осы Конвенцияның мақсатына қатысты басқа да қызмет түрлерi саласында халықаралық құзырлы органдар мен ғылыми комитеттердiң, атап айтқанда Бүкiл дүниежүзiлiк метеорология ұйымы мен Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының, сондай-ақ Озон қабаты жөніндегі үйлестiру комитетiнiң қызметiмен пайдаланады, әрi осындай органдармен комитеттерден алынған ақпаратты тиiсiнше пайдаланатын болады;
k) осы Конвенцияның мақсатына жету үшiн талап етiлу мүмкiн кез-келген қосымша шараларды қарап қабылдайды.
5. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерi және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттiк, сондай-ақ осы Конвенцияның Тарабы болып табылмайтын кез-келген мемлекет Тараптар Конвенциясының кеңестерiне байқаушылар болып қатысып отыруы мүмкiн, Тараптар Конференциясының байқаушылар ретiнде қатысып отырмақ ниеттерi туралы хатшылықты хабардар еткен, озон қабатын қорғауға қатысты салаларда құзыретi бар ұлттық немесе халықаралық, үкiметтiк немесе үкiметтiк емес кез-келген органдар немесе мекемелер Тараптардың кеңесiне қатысып отырғандардың аз дегенде үштен бiрi қарсылық бiлдiрмесе кеңеске жiберiлетiн болады. Байқаушыларды кеңеске жiберу мен қатыстыру Тараптар Конференциясында қабылданған ресiмдiк ережелермен реттеледi.
7-бап
Хатшылық
1. Хатшылыққа мынадай мiндеттер:
а) 6, 8, 9 және 10 баптарда көзделгендегiдей кеңестердi ұйымдастыру мен оған қызмет ету;
b) 4 және 5 баптарға сай алынатын ақпаратқа, сондай-ақ 6-бапқа сәйкес құрылған көмекшi органдардың кеңестерiнен алынатын ақпаратқа негiзделген баяндамаларды дайындау және табыстау;
с) кез-келген хаттамалар өзiне жүктейтiн мiндеттердi орындау;
d) осы Конвенцияға сәйкес өз мiндеттерiн орындауға бағытталған қызметi туралы баяндамалар дайындау және оларды тараптар конференциясына ұсынып отыру;
е) басқа тиiстi халықаралық органдармен арадағы қызметтiң қажетiнше үйлестiрiлуiн қамтамасыз ету, атап айтқанда өз мiндеттерiн ойдағыдай орындау үшiн қандай әкiмшiлiк және уағдаластық келісімдер талап етiлсе, сондай келісімдер жасау;
f) Тараптар Конференциясы белгiлеуi мүмкiн басқа да осындай мiндеттердi орындау жүктеледi.
2. 6 бапты атқару мақсатында шақырылған Тараптар Конференциясының бiрiншi кезектi кеңесi тiкелей аяқталғанға дейiн хатшылықтың мiндеттерiн уақытша Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөніндегі бағдарламасы орындайтын болады. Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кезектi кеңесiнде осы Конвенцияға сәйкес хатшылық мiндетiн орындауға әзiрлiк бiлдiрген қазiргi бар халықаралық ұйымдардың iшiнен хатшылық құрады.
8-бап
Хаттамалар қабылдау
1. Тараптар Конференциясы кеңестерде 2-бапқа сәйкес хаттамалар қабылдай алады.
2. Хатшылық ұсынылып отырған кез-келген хаттаманы Тараптарға осындай кеңес өткiзiлерден берi дегенде алты ай бұрын беруге тиiс.
9-бап
Конференцияға немесе хаттамаларға түзетулер
1. Тараптардың кез-келгенi осы Конвенцияға немесе кез-келген хаттамаға түзетулер енгізудi ұсына алады. Мұндай түзетулерде, атап айтқанда, тиiстi ғылыми-техникалық пайымдаулар лайықты түрде ескерiледi.
2. Осы Конференцияға түзетулер Тараптар Конференциясының кеңесiнде қабылданды. Кез-келген хаттамаға түзетулер тиiстi хаттама Тараптарының кеңесiнде қабылданады. Осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға ұсынылып отырған кез келген түзетудiң мәтiнiн хатшылық, егер осы хаттамада өзгедей көзделмеген болса, оны қабылдау ұсынылып отырған кеңес өткiзiлерден бұрын алты айдан кешiктiрмей Тараптарға хабарлайды. Хатшылық сондай-ақ ұсынылып отырған түзетулердiң мәтiнiн Конвенцияға қол қойған елдерге еске салу ретiнде хабарлайды.
3. Тараптар осы Конвенцияға ұсынылып отырған түзетудi мақұлдасу жолымен қабылдау хатында келісімге жету үшiн барынша күш-жiгер жұмсайды. Ал келісімге қол жеткiзiлмей, мақұлдасуға жетудiң барлық амалдары таусылған болса, онда ақтық шара ретiнде түзету Конвенция Тараптарының кеңесте қатысып отырған және дауыс беруге қатысушы төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады, әрi оны Депозитарий бекіту, бекемдеу немесе қосылу үшiн барлық Тараптарға ұсынады.
4. Жоғарыда 3-тармақта айтылған ресми кез келген хаттаманың түзетулерiне, оларды қабылдау үшiн осы хаттама Тараптарының кеңесте отырған және дауыс беруге қатысушы үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысы жеткiлiктi болатын кездерден басқа жағдайларда, қолданыла бередi.
5. Депозитарийге түзетулердiң бекітілгенi, мақұлданғаны немесе қабылданғаны туралы жазбаша құлақтандыру жолданады, жоғарыдағы 3 және 4 тармаққа сәйкес қабылданған түзетулер оларды қабылдаған Тараптар үшiн, егер осы хаттамада өзгедей көзделмеген болса, Депозитарий осы Конвенция Тараптарының төрттен үшiнiң немесе осы хаттама Тараптарының кемiнде үштен екiсiнiң оларды бекiткенi, мақұлдағаны немесе қабылдағаны туралы құлақтандыру алғаннан кейiн тоқсаныншы күшi күшiне кiредi. Түзетулер бұдан былай келесi кез келген Тарап үшiн бұл түзетулердiң бекітілгенi, мақұлданғаны немесе қабылданғаны туралы құжатты осы Тарап сақтауға тапсырғаннан кейiн тоқсаныншы күшi күшiне кiредi.
6. Осы Баптың мақсаты үшiн «кеңесте отырған және дауыс беруге қатысушы Тараптар« деген термин қатысушы және «үшiн» немесе «қарсы» дауыс берушi Тараптарды бiлдiредi.
10-бап
Қосымшаларды қабылдау және оларға түзетулер енгізу
1. Осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға қосымша, тиiсiнше, осы Конвенцияның немесе осындай осындайхаттаманың ажырағысыз бөлiгi болып табылады, әлбетте егер тiкелей көзделмеген болса, онда осы Конвенцияға немесе хаттамаларына сiлтеме жасау сонымен бiр мезгiлде оның кез келген қосымшаларына сiлтеме жасау болып табылады. Мұндай қосымшалар ғылыми-техникалық және әкiмшiлiк мәселелерiмен шектеледi.
2. Егер қандай да бiр хаттамада оған берiлетiн қосымшаға қатысты өзге қағидалар көзделмеген болса, онда осы Конвенцияға қосылатын қосымшаны немесе хаттамаға қосымшаны ұсынудың, қабылдаудың және күшiне енгізудiң мынадай рәсiмi қолданылады:
а) осы Конвенцияға қосымшалар 9-баптың 2 және 3 тармақтарында белгiленген ресiмге сай ұсынылады және қабылданады, ал кез келген хаттамаға қосымшалар 9-баптың 2 және 4 тармақтарында белгiленген ресiмге сай ұсынылады және қабылданады;
b) осы Конвенцияға қосылатын қосымшаны немесе өзi қатысушы болып табылатын кез келген хаттамаға қосымшаны мақұлдайтын мүмкiндiгi жоқ деп санайтын кез келген тарап Депозитарий қабылдағаны туралы хабар жолдаған күннен бастап, алты ай iшiнде жазбаша түрде бұл туралы Депозитарийды хабардар етедi. Депозитарий осындай құлақтандыру алғаны туралы Тараптардың бәрiн кiдiріссiз хабардар етедi. Тарап бұрын жолдаған қарсылық бiлдiрген өтiнiшiн қабылдау туралы өтiнiшiмен кез келген уақытта алмастыра алады, содан кейiн қосымшалар аталған Тарап үшiн күшiне кiредi.
с) хабарламаны Депозитарий жолдаған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн жоғарыдағы тармақшаның (b) қағидаларына сәйкес құлақтандыру бермеген осы Конвенцияны немесе кез келген тиiстi хаттамалардың Тараптарының барлығы үшiн қосымша күшiне кiредi.
3. Осы Конвенцияның немесе кез келген хаттамының қосымшаларына түзетулер ұсыну, қабылдау мен күшiне енгізу Конвенцияға қосымшалар немесе хаттама қосымшалар ұсыну, қабылдау мен күшiне енгізу үшiн белгiленгенге ұқсас рәсiммен реттеледi. Қосымшаларда және оларға берiлген түзетулерде, атап айтқанда, тиiстi ғылыми-техникалық пайымдаулар лайықты түрде ескерiледi.
4. Егер қосылатын қосымша немесе қосымшаға түзетулер осы Конвенцияға немесе хаттамаға түзетулер енгізумен байланысты болса онда қосылатын қосымша немесе өзiне енгiзiлген түзетулерi бар қосымша осы Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға енгiзiлген түзетулер күшiне кiргеннен кейiн ғана барып күшiне кiредi.
11-бап
Дауларды реттеу
1. Осы Конвенцияны түсiну немесе қолдануға қатысты Тараптар арасында дау туа қалған жағдайда мүдделi тараптар оны келiссөздер жолымен реттеуге ұмытылады.
2. Егер мүдделi тараптар келiссөздер жолымен келісімге келе
алмаса, онда олар бiрлесiп үшiншi тараптың игiлiктi қызметiне жүгiне
алады немесе оған делдал болуын сұрап, өтiнiш жасай алады.
3. Осы Конвенцияны бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу кезiнде не болмаса бұдан кейiнгi кез келген уақытта экономикалық ынтымақ мемлекеттi немесе аймақтық ұйымы жоғарыдағы 1 тармақтың немесе 2 тармақтың қағидаларына сәйкес шешiлмеген даудың хақында Депозитарийге жазбаша өтiнiш жолдай алады, онда олар дауды реттеудiң мiндеттi құралдары мына төмендегiнiң бiрiн немесе екеуiн бiрдей мойындайды, бұлар:
а) Тараптар Конференциясы өзiнiң бiрiншi кезектi мәжілісiнде белгiлейтiн ресiмдерге сәйкес төрелiкке жүгiну;
b) дауды Халықаралық Сотқа беру.
4. Егер тараптар жоғарыдағы 3 тармаққа сәйкес ресiмдердiң сол бiреуiн ғана кез келгенiн қабылдамай тастаса, онда дау, егер тараптар өзгеше уағдаласпаған болса, төмендегi 5 тармаққа сәйкес пәтуаласу ресiмi жолымен реттеуге берiледi.
5. Дауға қатысушы тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша пәтуаластыру комиссиясы құралады. Комиссия тараптардың әрқайсысы тағайындайтын мүшелердiң бiрдей санынан және әр тарап тағайындаған мүшелер бiрлесiп сайлайтын төрағадан тұрады. Комиссия ұсыныстық сипаты бар түпкiлiктi шешiм шығарады, оны тараптар мұқият ескередi.
6. Осы баптың қағидалары, егер бұл хаттамада өзгеше көзделмеген болса, кез келген хаттамаға қатысты қолданылады.
12-бап
Қол қою
1. Осы Конвенция экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық үшiн Венада Австрия Республикасының Федеральдық сыртқы iстер министрлігінде 1985 жылғы 22 наурыздан бастап 1985 жылғы 21 қыркүйек бойынша, Нью-Йоркте Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерiнде 1985 жылғы 22 қыркүйектен бастап, 1986 жылғы 21 наурыз бойынша қол қоюға ашық.
13-бап
Бекіту, қабылдау немесе мақұлдау
1. Осы Конвенцияны және кез келген хаттаманы экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық ұйымдары бекітуге, қабылдауға немесе мақұлдауға тиiс. Бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы құжаттар Депозитарийге сақтауға берiледi.
2. Жоғарыдағы 1 тармақта көрсетiлген Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың Тарабы болатын кез келген ұйым, бұл ретте ұйымға мүше бiрде-бiр мемлекет осындай Тарап бола алмайды, тиiсiнше Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын барлық мiндеттемелерге байланысты болады. Осындай ұйымның мүшелерi - бiр немесе бiрнеше мемлекет Конвенциясының немесе тиiстi хаттаманың Тараптары болған жағдайда, бұл ұйым және оған мүше мемлекеттер тиiсiнше Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау жөніндегі өздерiне тиiстi мiндеттерге қатысты шешiм қабылдайды. Мұндай жағдайларда ұйым мен мүше мемлекеттер Конвенциядан немесе хаттамадан туындайтын хұқықтарды қосарласып жүзеге асыруға тиiс емес.
3. Жоғарыда 1 тармақта көрсетiлген ұйымдар бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы өз құжаттарында Конвенция немесе тиiстi хаттама реттейтiн мәселелердегi өз құзырының шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар сондай-ақ өз құзырының шегіндегі кез келген елеулi өзгерiс туралы Депозитарий құлақтандырып отырады.
14-бап
Қосылу
1. Осы Конвенция және кез келген хаттама экономикалық ынтымақ мемлекеттерi мен аймақтық ұйымдарының қосылуы үшiн Конвенцияға немесе тиiстi хаттамаға қол қою тоқтатылған сәттен бастап ашық.
Қосылу туралы құжаттар Депозитарийдiң сақтауына тапсырылады.
2. Жоғарыда 1 тармақта көрсетiлген ұйымдар қосылу туралы өз құжаттарында Конвенция немесе тиiстi хаттама реттейтiн мәселелердегi өз құзырының шегi туралы мәлiмдейдi. Бұл ұйымдар туралы Депозитарийды құлақтандырып отырады.
3. 13-баптың 2 тармағының қағидалары осы Конвенцияға немесе кез келген хаттамаға қосылатын экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдарына қолданылады.
15-бап
Дауыс құқығы
1. Конвенцияның немесе кез келген хаттаманың әр Тарабының бiр дауысы болады.
2. Жоғарыда 1 тармақта көзделген қағиданы айтпағанда, экономикалық ынтымақтық аймақтық ұйымдары өз құзырына кiретiн мәселелерде Конвенцияның немесе тиiстi хаттаманың Тараптары болып табылатын өзiне мүше мемлекеттердiң санында тең дауыс санына ие бола отырып, өз даусының хұқығын жүзеге асырады. Егер өзiне мүше мемлекеттер өз даусының хұқығын жүзеге асырғанда ұйымдар өз даусының құқығынан айырылады және керiсiнше ұйымдар өз даусының хұқығын жүзеге асырған, бұл мемлекеттер даусының құқығынан айырылады.
16-бап
Конвенция мен оның хаттамалары арасындағы байланыс
1. Экономикалық ынтымақ мемлекетi немесе аймақтық ұйымы егер олар Конвенцияның Тараптары болып табылатын болса немесе сол уақытта оның тарабына айналған жағдайда ғана қандай да бiр хаттаманың тарабы бола алады.
2. Кез келген хаттамаға қатысты шешiмдердi тек қана тиiстi хаттамаға қатысушы тараптар қабылдайды.
17-бап
Күшiне кiруi
1. Осы Конвенция бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырмасыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне кiредi.
2. Кез келген хаттама, егер бұл хаттамада өзгедей көзделмеген болса, аталған хаттаманы бекіту, қабылдау немесе мақұлдау туралы оған қосылу туралы он бiрiншi құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi күшiне кiредi.
3. Осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе мақұлдайтын не болмаса бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы жиырмасыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн оған қосылатын әр Тарап үшiн бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы құжатты осындай Тарап сақтауға тапсырғаннан кейiнгi тоқсаныншы күнi Конвенция күшiне кiредi.