Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 318 Қаулысы
(2009.13.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамына қатысушы - астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 маусымдағы № 624 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 27, 260-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 318 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2008 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
«2006 - 2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2006 - 2008 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚазАгроКепіл» АҚ».
2. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы, 8-тараудың атауындағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;
52-тармақта:
«Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;
«(бұдан әрі - Кепілдік беру қоры)» деген сөздер «(бұдан әрі - «ҚазАгроКепіл» АҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
53, 54-тармақтардағы «Кепілдік беру қорының», «Кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары» деген 1-бөлімде:
«Қазақстанның 2007 - 2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету» деген 4-тарауда:
«2007 - 2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» деген 3-параграфта:
«Қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту» деген кіші бөлімде:
оныншы абзацтағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген бөлімде:
дамуға берілетін нысаналы трансферттер мен республикалық бюджеттен кредит беру есебінен қаржыландырылатын 2007-2009 жылдарға арналған басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесінде:
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кіші бөлімде:
«Бағдарламадан тыс» кіші бөлімінде:
реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанындағы «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры» деген сөздер «ҚазАгроКепіл» деген сөзбен ауыстырылсын.